Файл: 15 Д. И. Менделеев атындаы мектеплицей Кні 23. 02. 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1 «А»


15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп-лицей

Күні: 23.02.2023

Мұғалім: Берикбай А.А


Сабақтың тақырыбы:

Жыл мезгілдері

Сабақтың мақсаты


Білімділігі:

– Жыл мезгілі туралы түсінік беру.

– Мағынасына қарай топтай білуді үйрету, туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:

– Оқушылардың сөз таптары туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі:

– Кішіпейілділікке, жылдамдыққа, мәнерлеп сөйлеуге, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының әдістері, түсіндіру, тест жұмысы, топпен жұмыс, ойын түрлері, сұрақ-жауап әдісі.

Пайдаланылатын ресурстар, көрнекіліктер

Оқулық, компьютер, жыл мезгілдерінің суреті,интербелсенді тақта , қима қағаздар, жұмбақ, бағалау парағы, сызба, стикер, смайликтер, т.б


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі



  1. Сергіту сәті.



Күн шуағы

Бір екі үш

Дем аламыз жинап күш

Әдемі етіп жазамыз

Ондық баға аламыз
Бір,екі ,үш.

Демаламыз жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз

– Балалар, көңіл күйлерің қалай? – Керемет! (бас бармақпен көрсету)

– Сабаққа дайындықтарың қалай? –Тамаша! (алақан шапалақтау)

– Ынталарың қалай? – Ғажап! (қол көтеру)

2. Топқа бөлу.

Оқушылар пазл суретін құрап жыл мезгілдері бойынша 4 топқа бөлінеді.Топ басшысын сайлайды. Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды.



Алтын ереже

Бір-бірімізді тыңдай білу. Сабаққа белсенді қатысу. Ұйымшыл болу. Қол көтеру. Көмек беру.

ІІ Өткен тақырыптарға қысқаша шолу


Жаратылыстану пәнінен үйге берілген тапсырмаларды сұрау.

ІІІ Жаңа сабаққа дайындық

 


ІV Жаңа сабақ



Білім алушылардың жағымды қасиеттері арқылы сабақ тақырыбын ашу
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жыл мезгілдері» деп аталады.

2. Ой қозғау.

1. Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
2. Қазір қандай жыл мезгілі?
3. Бір жылда неше ай бар?

4. Көктем айлары қандай?
5. Жаз айлары?
6. Көктемде ауа райы қандай?

7. Жазда күн қандай болады?


Ереже шығарайық.
Заттың сынын, сапасын, түрін, пішінін білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай? қай? сұрақтарына жауап береді.
Интерактивті тақтадан   http://www.imektep.kz/syn-esim «Жыл мезгілдері» тақырыбындағы  бейнероликті көрсету.

Жұмбақ жасыру
Шанамен зырлап жететін
Шаңғы,коньки тебетін
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Қыс)

Бұлтты айдай желдеткен
Нөсерлеткен,селдеткен
Шалшық кешіп ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Көктем)


Қойының толы жеміске
Көк майсалы егісте
Көбелек қуып ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? ( Жаз)

Жиып-теріп болатын
Қамбаға астық толатын
Қызыл қырман ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)


1. Топтық жұмыс

 

1-жаттығу. Артығын тап. Берілген суреттердің ішінен жыл мезгіліне қатысы жоқ суретті алып тастап, қалған суреттерді қағазға жабыстыру.








2. Жеке жұмыс




2-жаттығу. Ай атауларын бірге айту
Попкорн әдісі
Таңдап алынған оқушы бір попкорн тілімін алып ондағы ай атауын оқи отырып, оны мезгіліне қарай сипаттап бөлу.



3-жаттығу. Сәйкестендір
Әр оқушыға сәйкестендіру парағы беріледі. Өзі жекелей орындай отырып ай аттарын мезгілімен бірге сәйкестендіруі керек






Сергіту сәті

Бейнетаспа арқылы әуенмен қимыл-қозғалыс жасап сергіту.

5. Ой қозғау

V Интербелсенді тақтамен жұмыс



4-жаттығу. Апта күндері мен танысу
Біріншісі - дүйсенбі
Екіншісі - сейсенбі
Үшіншісі - сәрсенбі


Төртіншісі -бейсенбі

Бесіншісі - жұма

Алтыншысы –сенбі

Жетіншісі - жексенбі

Сендер жеті күннің бес күні мектепте боласыңдар.

5-жаттығу. Поезд ойыны
Поездге апта күндерін дұрыс ретпен жалғау.








Джунгли әдісі

Экранда жыл мезгіліде қатысты сөйлем беріледі. Сөйлемнің ішінен қалып кеткен сөзді орнына қояды. Бұл тапсырмамен оқушының сабақты түсінгенін, меңгергенін аңғара аламыз

VІ Сабақты қорытындылау



Тақырыпты қайталау арқылы сабақты қорытындылау.



VІІ Үйге тапсырма

Міндеттері: Оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.
Жыл мезгілдерінің суретін салу.

Кері байланыс

Ойымды аяқта: