Файл: Информатика пні малімі Алькенов Данекер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ПОРТФОЛИО(ПРАКТИКА)


Қысқа мерзімді жоспары
Күні: 26.10.2022ж
Сынып: 3


Информатика пәні мұғалімі:

Алькенов Данекер

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

&6. Операциялық жүйелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін клавиштерді пайдалану 3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау

3.2.1.3. мәтінді өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренесің.

Көптеген оқушылар: WordPad мәтіндік редакторы Windows-тың стандартты программасымен танысады

Кейбір оқушылар: Word редакторының терезесі WordPad терезесінен айырмашылығын ұғынады

Бағалау критерийі:

- Операциялық жүйелердің негізгі функциялары мен жұмыс істеу мүмкіндіктерін біледі.


Тілдік мақсаттары:


Пәнге тән лексика және терминалогия.

Операциялық жүйелер- операционные системы-Operating systems

Диолог пен жазу үшін қолданылатын сөздер мен тіркестер

Тақырыпқа қатысты тіркестер мен сөйлемдерді пайдалану.

Құндылықтарға баулу


WordPad мәтіндік редакторы Windows-тың стандартты программасымен танысу тақырыбын түсіндіре отырып оқушыларды ойлау, есте сақтау және алған білімдерін өмірде қолдануға үйрету .


Пәнаралық байланыс:

Ағылшын тілі пәнімен термин сөздерді қолданамын








Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

5мин

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысушыларды тексеру.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

«Амандасу» тренингі. Оқушылар амандасу сөздерін еске түсіріп айтады. Тақтадағы суретке байланысты іс-әрекет жасайды.

«Күлкі» бейнесі болса, бір-біріне күлімдейді.

«Қол» суреті шықса, қол алысып амандасады.

«Жүрек» бейнесі болса, бірін-бірі құшақтайды.

«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды сурет қиындыларын құрастыру арқылы топтарға біріктіру.

1- топ «Программа»

2 -топ «Компьютер»

3- топ «Операциялық жүйе»

Сабақ басында музыка қосып қою. Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. Оқушылар шеңбер құрады. 15-ке дейін санаймыз. «Бір»-айтамыз, «екі»-шапалақтаймыз, «үш»-«Уау» деп айтамыз. (М) «Конверт» әдісі ҚБ: смайлик
Редактор (лат. redactus – ретке келтіру) мәтінді тексеретін, түзету жасайтын маман. Осындай қызметті орындайтын компьютерлік программаларды редакторлар деп атайды. 2-сыныпта танысқан WordPad мәтіндік редакторы Windows-тың стандартты программалар жинағына жатады. Программада күрделірек құжат жасауға керекті құралдар жетіспейді. Мәтіндік редактордың түрі көп. Солардың арасынан мүмкіндігі жоғары Word редакторымен танысайық. Word – мәтіннен тұратын құжаттарды дайындауға ар- налған мәтіндік редактор. Microsoft фирмасының офиске арналған программалық өнімі. Пуск → Все программы → MS Offi ce → MS Word 2010 Іске қосу → Барлық программалар → MS Offi ce → MS Word 2010







Сабақтың ортасы

2 мин


2 мин


8 мин

2 мин

5 мин


2 мин


6 мин

3 мин


Мәтіндік редакторда мәтін теру ережесімен таныстыру. Өнер туралы әңгіменің мәтінін Word редакторында теру 1. Мәтіндік редакторды іске қос. 2. Жаңа құжат құр (3-сурет, қызыл бағыттамалар). 3. Жұмыс алаңының ортасына тінтуірмен шертіп, «Өнер» деп тақырыбын тер. 4. Мәтін теру ережесін сақтай отырып, «Өнер» мәтінін тер. 5. Терген мәтініңді сақта (3-сурет, жасыл бағыттама). Практикалық жұмыс Word пен WordPad редакторларын төмендегі бағыттар бойынша салыстырып, талдаңдар: 1. Терезе құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. 2. Құралдардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Word редакторының терезесі мен құралдары бойынша сұрақтар құрастырып, сыныптастарыңа ұсыныңдар. • Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің? • Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағы қандай үш айырмашылықты атай аласың? Word редакторындағы құралдардың суретіне қарап, қандай қызмет атқаратынын болжа. Кесте құрып, дәптеріңе жаз. Суретте балалар бейнеленген. Балалар- дың іс-әрекетін сипаттайтын 2-3 сөйлем құрастыр. Балаларға ат қой. Сөйлемді мәтіндік редакторда тер. Мәтіндік файл- ды «Мейірімділік» атауымен сақта.
1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады. 2.Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»
Бағалау критерийі: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Бүгінгі өткен сабақты бағала. Қажетті сөздер: Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, есте сақтадым






Компьютер, тәжірибелік тапсырмалар


Сабақтың соңы

3 мин



Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.

Рефлексия (жеке, жұптық, топтық, ұжымдық)

«Бес саусақ» әдісі.

Оқушыларға сабақ басында кері байланыс парақтары таратылады. Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады. Бұл сөздер оқытудың мақсаттарымен сәйкес келуін ескерту және қадағалау керек.

Үйге тапсырма

§ 17, 65-бет үйде орындайық, жұмыс дәптері Ойлан!Мәтін теруде қандай ережелерді үйрендің? • Word пен WordPad мәтіндік редакторларының жұмысындағықандай үш айырмашылықты атай аласың?







2

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Робототехника. Жоба

Педагогтың аты-жөні

Алькенов Данекер

Күні

18.01.2023




Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Құжатты рәсімдейміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.4 шрифт пен абзацты пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар

Мәтіндік редакторда шрифт пен абзацты қолдануды біледі

Көптеген оқушылар

мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді жазады

Кейбір оқушылар

Мәтіндік редакторда пішімдеу командалардын қолданад



Сабақтың кезені/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың

басы

Сабақтың

ортасы


1.Оқушылармен амандасу. 2.Психологиялық көңіл күй сыйлау (Uca uca өлеңімен) Білу (Адасқан сөздер ретімен орналастыру) Пуск- Все программы- MS Office- MS Word Іске қосу-Барлық программалар- MS Office- MS Word Сөздік жазу дәптерге Қаріп-шрифт- font Азатжол- абзац-paragraph Мәтінді пішімдеу-форматировать текст-format tex



Times New Roman – мәтіннің қаріпі Қаріп өлшемі- 14 Ж- жартылай қалың жазу К –қиғаш жазу Ч- астын сызып жазу А- түсін өзгерту батырмасы Абзац бөлімі



Қолдану Практикалық жұмыс Киіз үй Төбедегі көзінен Күн сәулесі түседі Бұрышы жоқ төрінен Самал еркін еседі


Қазақтың бейнелеу өнері Кескіндеме, мүсін, графика, қолданбалы өнер салаларын қамтитын көркем өнер. Халықтың қолөнері-қазақ халқының бейнелеу өнерінің ежелгі түрі.
ҚБ: Жинақтау Суретке қарап 4-5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастырыңдар. Әңгімеге тақырып қойып, шрифт пен абзац командаларын қолданыңыздар




1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Тапысрманы орындайды

Мұғалімді тыңдайды


Интербелсенді тақта/ компьютер

Карточка

Сабақтың

соңы




Өзін-өзі бағалау.





3

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

7-бөлім. Презентацияны безендіру

Педагогтың аты-жөні

Алькенов Данекер

Күні

23.01.2023




Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Жобаға презентация құру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.2.1.3. құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою; 3.2.3.1. мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым презентациялар жасау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар

Мәтін мен бейнелеуден, безендірулерден тұратын қарапайым презентация құру қолдануды біледі

Көптеген оқушылар

Жобада слайдтар арасындағы ауысуларға уақытпен баптауды енгізуді

Кейбір оқушылар

Мәтіндік редакторда пішімдеу командалардын қолданад



Сабақтың кезені/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың

басы

Сабақтың

ортасы


Ұйымдастырукезеңі. Сәлемдесу, Ерекшежағымдыахуалтуғызу (сыныпқақалыптыенудеөзгерісжасау) Шаттық шеңбері Қуанамын мен де (өзін көрсетеді) Қуанасың сен де (көршісін көрсетеді) Қуанайық достарым (қолдарын ұстайды) Арайлап атқан күнге (қолдарын көтереді)
«Сағаттық белдеу» әдісі Белсенді оқу әдістері Топқа біріктіру (шағын топ) Нұсқау:Берілген сағаттық белдеудегі жабыстырылған сандарды әрбір оқушы өз таңдаулары бойынша үш топқа бөлінеді. Сандардың артқы жағында топ аттары жазылған 1-топ. Презентация 2-топ. Слайд 3-топ. Анимация

Адасқан әріптер» әдісі Нұсқау:Бірінші слайдта көрсетілген адасқан әріптерден оқушылардың сыни ойлау қабілетімен бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.
«Аялдама» әдісі.

Нұсқау:Нұсқаушының бастауымен топқа қойылған сұрақ, сол топтың бірлесе берген жауабынан және дайындалған сұрағынан келесі топқа (аялдамаға) өтеді. Осылайш
Төменде келтірілген сұрақтар шеңберінде жүзеге асады:

1. Слайдтардың түрлі әсермен ауысуы қай мәзірде орналасқан?

2. Нысанға анимацияны қалай қоямыз?

3. Слайдқа ауысу әсері қойылғанын қалай білугеболады?

4. Неліктен слайдтарға ауысу әсерін қоямыз?

5. Презентацияға сурет қоюдың екі түрінің айырмашылығы бар ма?
Жаңа сабақ: «Ашық сұрақ» әдісі тиімді оқыту тәсілдері Нұсқаушының оқушылармен қарым – қатынаста ашық сұрақ қою арқылы диалог жүргізу ,нәтижесінде тақырыпты оқушылармен бірлесе отырып, АКТ – ның көмегімен жаңа тақырыпты ашуға ықпал жасалады. Түрткі сұрақтар - Жоба дегенді қалай түсінесіңдер? - Жобаны қандай бағдарламада құрамыз? - Судың қандай маңызы бар? - Су көздеріне не жатады? Бұл әдісте: креативтік, ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу, бірлескен жұмыс. Су-вода-water Дескриптор

1. Жоба дегеніміз не.

2. Жобаны қандай бағдарламада құрады. 3. Судың маңызы.

4. Су көздері. (Қалыптастырушы бағалау +,-) Жұптық жұмыс «Үштік » әдісі (ойлан, жұптас, бөліс) Нұсқау:Топтағы оқушыға тапсырмаларды жұппенорындайды және көрші топтардың бағалауымен тексеріледі. Кестеге жоба құру барысының жоспарын cәйкестендіреді


1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. 4.Тапысрманы орындайды

Мұғалімді тыңдайды








«Аялдама» әдісі. А4 формадағы жолаушылар көлігінің (автобус) сурет



Сабақтың

соңы


Кері байланыс: Бүгінгі сабақты қалай игергенін, бүгін үйренгендердің ішінен не айтарлықтай құнды (білім немесе дағдылар), қандай тапсырма қызықты болғандығын «Бес саусақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Үй тапсырмасына нұсқаулық жасалады. ( оқулық 78- бет)










Күні:27.01.2023

Қатысқан оқушылар саны:




СЫНЫП: 2

Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Дыбыстық әсерлер

Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару;

  • компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.

Сабақтың мақсаттары

  • компьютер программасын дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату үшін қолданады;

  • компьютерлік программада файлдарды ашатын және сақтайтын командаларды қолданады;

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату кезіңде негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылар...

  • цифрлық құрылғылармен жұмыс жасаған кезде негізгі қауіпсіздік ережелерін атайды;

  • файлдарды ашу және сақтау үшін компьютерлік программа қолданады;

  • компьютерлік программа арқылы дыбыстарды жазады, өңдейді және ойнатады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • дыбыстарды жазу, өңдеу және ойнату программалардың жұмыс қағидаларын түсіндіреді;

  • дыбысық редактордың батырмаларын сипаттап береді.

Пәндік лексика және терминалогия:

Дыбысты жазу, дыбысты өңдеу, дыбысты ойнату, .

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөз тіркестер:

  • Дыбысты өңдеу үшін...

  • Дыбысты ойнату үшін ... қажет

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: Топтық / жұптық жұмыс кезінде жылы қарым-қатынасты дамыту.

Академиялық адалдық: академиялық адалдық қағидаларын құрметтеуден тұратын басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Өмір бойы оқу, оқушылар компьютерлік программамен жұмыс істеудің стандартты тәсілдерін қолданады

Пәнаралық байланыс

Оқушылар «Дүниетану» сабағында алған білімін пайдаланады. Оқушылар музыкалық әлемді «Музыка» пәннің дағдылары арқылы үйренеді.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар программамен жұмыс істеу принциптерін түсінеді, программа мәзірін пайдалана алады. Программаны іске қосып жаба алады. Файл және бума туралы түсінігі бар.

Жоспар

Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы
1-2 мин
3-7 мин

8-10 мин

11-12 мин

  1. Ұйымдастыру кезені

Оқушылармен амандасып олардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Сәлемдесу»

Жай әуен қосып қою. Оқушылар бір-бірімен қазақша қол алып, әр елдің амандасуы арқылы амандасады. (CLIL технологиясы).

  1. Білімді жүйелеу

Кеспе қағазында белгіленген дыбыстық редактордың батырмаларын атаңыз. (Қосымша 1) Бір- бірін бағалау

Мәселе тудыру:

Тақтада сурет бейнеленген.

  • Көрсетілген суреттер ішінен дыбысты жазу, өңдеу және ойнатуға арналған программаны атаңыз?

(Қосымша1)

Оқушылар бейнеленген суреттерді талқылайды, талқылап болғаннан кейін өз пікірлерімен бөліседі.

Мұғалім дұрыс жауапты сызып тастау әдісімен көрсетеді

  1. Мақсатты тұжырымдау

  • Оқушыларға сабақтын тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критерийлерін тұжырымдауын ұсынады.

  • Дыбыстарды жазатың және өңдейтін арнайы программаны оқып үйренетіңіне назар аударады.

Презентация

1 слайд

Қосымша 1

Сабақтың ортасы
13-16 минут

17-20 минут

21-24 минут

25-27 минут
28-35 минут


  1. Жаңа тақырыпты алғашқы меңгеру.

«Талқылау»

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Дыбыстық файлды өңдеу дегеніміз не?

  • Қалай ойлайсыз «Windows Media Player» программасыңда дыбысты өңдеуге болама?


Дыбыс эффектілерін пайдалану

AUDACITY дыбыстық редакторындағы аудио файлға түрлі қызықты әсерлерді қолдануға болады.

Барлық әсерлер «Әсерлер» (эффекты) мәзірінде көрсетілген.

Кез-келген әсерді қолдану үшін дыбыстық файлдың фрагментін (немесе бүкіл файлды) бөліп алып, «Әсерлер» мәзірінен қажетті команданы таңдаңыз.

  • «Тегіс әлсіреу» әсері.

Дыбыс деңгейін біртіндеп нөлге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Дыбыс файлының соңында қолданылады.

  • «Тегіс өсу» әсері.

Көлемді біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді. Көбінесе дыбыстық файлдың басында қолданылады.

  • Бір әннен екіншісіне біркелкі өту.

Екі әнді біріктіру өнері «Тегіс қабаттау» деп аталады. Басқаша айтқанда, бір әннің соңы екінші әннің басымен біріктіріледі.

  • «Нормалдау» әсері.

Бұл сүзгі жазылған сигнал деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

  • «Айналым» әсері.

Фильтр сигналдың таңдалған бөлігін кері тәртіпте жазады.

Сергіту сәті

Мұғалім оқушылармен бірге орындайды.

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Практикалық тапсырмаларды орындамас бұрын мұғалім оқушыларға дыбысты жазу, өңдеу және ойнату үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін естеріне салады.

Практикалық жұмыс

Практикалық жұмысты орындамас бұрын, мұғалім оқушылармен бірге бағалау критерилерін есіне түсіріде. Тапсырма беру үшін мұғалім дескриптор тұжырымдау ұсынады.

Дескрипторлар:

1. дыбысты өңдеуге арналған компьютерлік программаны іске қосады;

2. дыбысты ойнату үшін белгілі бір файлды ашады;

3. арнайы әсерлер арқылы дыбысты өңдейді;

4. Файлды жаңа атаумен сақтайды.
1-тапсырма:

«Атамекен» атты файлды ашыңыз. Ең жуан дауыс жиілігін күшейту әсерін қолданыңыз. Бастапқы 15 секундта дыбыстың әсерін тегіс күшеюге (наростание), ал соңғы 15 секундта әлсіреуге (затухание) қойыңыз. Жаңа атаумен сақтаңыз. Аудио жолды мұғалімге ойнатыңыз. Әннің соңындағы дыбыссыз кеуектікті алып тастаңыз.

Оқушылар дифференциация ретінде өз дауысымен авторды әнге қосады.

2*-тапсырма: әннің авторы мен музыкасын жазған композиторды әннің соңында қосыңыз. Әсер(эффект) мәзір қолданып (удаление шума) шуды жою қолданыңыз

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тыңдайды.

Бір-бірінің жұмысын бағалайды.


https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия

«Табыс ағашы»

Сабақтан алған әсерлерін табыс ағашына стикерлер арқылы жабыстырып қояды

Қызыл түс – 3 тен көп қателестім

Сары түс – 1-2 қатем бар

Жасыл түс – Барлығы оп-онай




Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)


Қалыптастырушы бағалау екі түрді қамтиды (кесте түрінде және суреттер түрінде). Бірінші нұсқасы күрделі және қабілеті жоғары оқушыға ұсынылуы мүмкін. Бұл білімнің сапасын арттыруға көмектеседі.

Сұрақтарға жауап алу арқылы.

Басты тапсырманы орындаған кезде сұрақтар қолдану. Интербелсенді тақта. Оқушылардың нәтижесін/қабілетін тексеру үшін сұрақтар қолдану

Оқушылардың сабақта шаршағаның басу үшін сергіту сәтін ортағаға шақырып орындау.


1 Қосымша

Тапсырма:

Кеспе қағазында белгіленген дыбыстық редактордың батырмаларын атаңыз





1..........................................................................................

2........................................................................................

3........................................................................................

4........................................................................................

5........................................................................................

6........................................................................................

Жауабы





1 Жолдын басына өту

2 Ойнату

3 Дыбыс жазу

4.Тоқтата тұру (Үзінді)

5 Тоқтату

6 Жолдын соңына өту

2 Қосымша

Тапсырма:

Көрсетілген суреттердің ішінен дыбысты жазу, өңдеу және ойнатуға арналған программаны атаңыз?