Файл: Дарынды оушылармен жмыс бастауыш сынып малімі Зиятдинова Айгерим Бактияровна.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС



Бастауыш сынып мұғалімі:

Зиятдинова Айгерим Бактияровна

2018-2019 оқу жылы

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі





Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесінің моделі.











Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры ДОІЖО

Б.С.Сембаев А.Ш.Есимханова

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

2015 – 2016 ОҚУ ЖЫЛЫ




ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ

МЕРЗІМІ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

1

Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру

03.09

Жоспар

2

Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті

(өте ерекше) оқушылар тізімін алу.

07.09

Тізімін құру

3

Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау

10.09

Оқушылардың ерекшеліктері

4

Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу

Жеке жоспар бойынша

Жоспар

5

Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу (рефераттар, суреттер,  шығармашылық жұмыстар)

Жоспарға байланысты

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары

6

Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.

Жоспарға байланысты

Сабақ жоспарлары

7

АКТ технологиялар элменттерін пайдалану

Қажеттілігіне қарай

Презентациялары

8

Деңгейлік тапсырмалар дайындау

Қажеттілігіне қарай

Деңгейлік тапсырмалар

9

Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту

Қажеттілігіне қарай

Тест тапсырмалары

10

Сабақ сайын озық тапсырмалар беру

Жыл бойы

Тапсырмалар

 

11

Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру

 

Сабақ сайын

 

Өздік бағалау



5-7   СЫНЫПТЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.

2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ
І модуль: «Логикалық тапсырмалар»




Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

«Математика» сөзі қалай пайда болды? Ауызша есептеу әдістері. Алғашқы адамдардың есептеулері

1




2

Кесте көмегімен шешілетін логикалық тапсырмалар. «Қателеспеймін» математикалық ойыны

1




3

Ауызша есептеу әдістері: екі таңбалы сандарды 11-ге көбейту. Әртүрлі халықтардың сандары. Логикалық тапсырмаларды шешу.

1




4

Көбейтудің қызықты тәсілдері. Үлкен сандар әлемі.

1




5

Арифметикалық әдіс арқылы олимпиадалық есептерді шешу.

1




6

5-ке аяқталатын сандарды квадраттарға жіктеу. Биографиялық миниатюра. Пифагор

1




7

Олимпиадалық есептерді бөлуді шешу.

1




8

Өлшемнің метрикалық жүйесі. Олимпиадалық есептерді геометрияның алғашқы түсініктерін қолданып шешу.

1




9

Гулливер геометриясы. Геометриялық басқатырулар.

1




10

Олимпиадалық есептерді шешу (натурал сандарды қолдану арқылы). Лабиринттер.

1




11

Логикалық есептерді матрицалық әдіс арқылы шешу. Жеңілмеу үшін қалай ойнау керек?

1




12

25-ке аяқталатын үш таңбалы сандарды квадраттарға жіктеу. Олимпиадалық есептерді әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы шешу.

1




13

Қосындының және көбейтіндінің жұптылығы. Олимпиадалық есептерді жұптылыққа шешу.

1




14

Көбейту белгісі.

1




15

«Кенгуру» ойын тапсырмаларын шешу.

1




16

Жұптарға бөлу. «Кенгуру» ойын тапсырмаларын шешу.

1




17

Олимпиада есептерін шешу. Қорытынды.

1






ІІ модуль: «Қызықты математика»




Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Жай сандар. Олимпиадалық есептерді шешу (математикалық ребустар)

1




2

Биографиялық миниатюра. Архимед. Олимпиадалық есептерді шешу (бірлесе орындауға жұмыс)

1




3

Ежелгі өлшемдер.

1




4

Биографиялық миниатюра. Ферма. Олимпиадалық есептерді шешу (сандардың бөлінгіштігіне байланысты).

1




5

Ауызша есептеу әдістері. Математикалық белгілеулердің пайда болуы.

1




6

Олимпиадалық есептерді шешу.

1




7

155 және 175-ке көбейту. Биографиялық миниатюра. Б. Паскаль.

1




8

Геометриялық иллюзиялар.

1




9

100-ге жақын екі таңбалы сандарды көбейту. Олимпиадалық есептерді шешу (инварианттар)

1




10

Ауызша есептейміз. Олимпиадалық есептерді шешу (бассейндер, жұмыс және т.б.)

1




11

5 (50), 25 (250) –ке бөлу.

1




12

Олимпиадалық есептерді шешу (геометриялық фигуралардың қасиеттерін пайдаланып).

1




13

Мәтін есептер

1




14

Математикалық ребустар. Олимпиадалық есептерді шешу.

1




15

Геометриялық тапсырмалар

1




16

Тест тапсырмалары

1




17

Логикалық тапсырмалар. Қорытынды.

1









Түсінік хат

Сабақтан тыс жүргізілетін дарынды балалармен жұмыс ерекше дарындылық қабілеті енді қалыптасып келе жатқан, дамытуды қажет ететін, алдағы уақытта жақсы жетістктерге үміттенетін балалар үшін маңызды болып табылады.

Дарынды балалармен жеке жұмыс жоспары екі бөлімнен тұрады: «Логикалық тапсырмалар» және «Қызықты математика». Бағдарлама тақырыптары негізінен 5 сынып математика бағдарламасына негізделіп бастау алады. Бағдарлама нәтижесінде оқушылар әртүрлі тақырыптардағы қиындатылған есептерді, сонымен қатар олимпиадалық дәрежедегі есептерді шеше білулері тиіс.

Дарынды балалармен жұмыс жоспарындағы тақырыптарды меңгеру арқылы оқушылар әртүрлі олимпиадаларға немесе математикалық конкурстарға қатысуларына болады. Сабақ әңгімелесу, дәріс, ойын түрлерінде өтуі мүмкін. Басты назар қиындатылған есептерді шешуге аударылады.

Бағдарлама құрылымы:

Бағдарлама 34 сағатқа негізделген, соның ішінде теориялық мағлұматтар, есептер шығару, деке жұмыстар. Сабақ жетісіне (аптасына): 1 рет. Әрбір сабақ екі бөлімнен тұрады: тапсырмалар, мұғаліммен бірге және жеке орындалатын (немесе үй жұмысына) тапсырмалар. Қатысушылар сандардың қызықты қасиеттерімен, көптеген математиктер өмірбаяны мен олардың математикаға қосқан үлестері туралы білетін болады. Сабақтың басым бөлігі олимпиадалық есептерді шешуге бағытталған.

Бағдарлама жоспарындағы тақырыптар мектеп оқулықтарында кездеспейді. Міне, сондықтанда дарынды балалармен жұмыс жүргізуде, оларды олимпиадаларға дайындауда олар мағызды рөл атқарады.

Бағдарлама мақсаты:

  • Математикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

  • Математикалық білім, білік, дағдыларын нығайту, бекіту

  • Қатысушылардың математикалық мәдени-тарихи құндылықтардың маңызы, ұлы математиктермен, олардың математикаға қосқан үлестері туралы білім аясын кеңейту

Бағдарлама міндеттері:

  • Оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру

  • Оқышуның дарындылық қабылетін ашу, дамыту

  • Қатысушының ғылыми әдебиеттермен жеке жұмыс істеу қабылетін дамыту

  • Мақсатқа жету жолында шыдамдылыққа, нақтылыққа тәрбиелеу

  • Қатысушыларға геометрияны өмірмен байланыстыра отырып пәннің маңыздылығын түсіндіру

  • Пәндік олимпиадалар мен конкурстарға дарынды оқушыларды дайындау

БАҒДАРЛАМА КОНЦЕПЦИЯСЫ




"Қазақстан тағыдыры келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылыуына тіреледі, мектебіміздің сау, берік және өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізгі құра алмасақ: келешегіміз күңгірт".

М. Жұмабаев.
Адам өмірге өзіндік қасеттері мен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның "өзгелер" сияқты болып қалып қоюуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру мектеп ұжымының басты міндеті деп санаймыз.

Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу,оның одан әрі дамуына бағыт- бағдар бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы.

Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің алдында тұрған басты талап.


Дарынды оқушы-бұл жақсы оқитын оқушы ма?

Бұл пікірді белгілі ағылшын психологі П.Торранс зерттеп,шындығында бұл пікірдің ұстаздар қауымы арасында жиі кездесетінін дәлелдеді.Дегенмен, П.Торранстың пайымдауы бойынша мұғалімге көп қисынсыз сұрақ қоятын,көбіне түсінбеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге өз көзқарасы бар, яғни дәл осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететінін айқындаған. Сондықтан осы қағиданы естен шағармаған жөн.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.

Оқушылардың шығармашылық  қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1.     Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2.     Сабақты түрлендіріп өткізу;

3.     Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;