Файл: Дріс дріс жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


ДӘРІС




ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

Лабораториялық зерттеу әдістері туралы түсініктер, зерттеу мақсаты мен маңызы, лабораториялық зерттеулерге арналған биологиялық материалдардың түрлері.

-Науқасты зерттеуге дайындау, биологиялық материалды жинау үшін ыдысты дайындау.

-Әртүрлі лабораториялық зерттеу түрлеріне жолдама жазу. Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық жағдайда зәр мен нәжісті жинау ережелерін үйрету.

-Зерттеуге зәрді жинау: жалпы клиникалық сараптамаға, Нечипоренко әдісі бойынша, Зимницкий әдісі бойынша.

-Зерттеуге нәжісті жинау: копрологияға, жасырынды қанға, іш құртының жұмыртқасына.

-Зерттеу үшін биологиялық материалды дұрыс сақтау және клиникалық лабораторияға тасымалдау.

- Биологиялық материалға зәр зарарсыздандыруды жүргізу. Науқастың қолданған күтім заттарына құралдарына, ыдыстарына зарарсыздандыруды және залалсыздандыру алдындағы тазартуды жүргізу
Лабораториялық зерттеу- науқастың биологиялық бөліністерімен ұлпаларының қасиеттері мен құрамының өзгеруін зерттейтін, физико-химиялық, биохимиялық және биологиялық зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.

Лабораториялық зерттеу пациентті тексерудегі маңызды қосымша тәсілдерінің бірі. Кейбір жағдайларда диагноз қоюда, пациенттің жағдайын бағалауда және жүргізілген емді бақылауда маңызды болуы мүмкін.

Лабораториялық зерттеудің нәтижесі көбіне биологиялық материалды дұрыс жинау техникасына және дұрыс зерттеуге байланысты.

Зертеуге қан, биологиялық бөліністерді( зәр, нәжіс,қақырық), асқазан және ұлтабар сөлі, өтті, жұлын ми сүйықтығын, эксудаттар мен транскудаттар, мұрын және ауыз қуысының, тік ішектің шырышты қабатының жағындысы алынады. Кейбір зерттеулер барлық пациенттерге жүргізіледі, басқалары диагнозына байланысты көрсеткіш бойынша.

Лаборатор

иялық зертеулерді бірнеше рет жүргізеді: ауруды анықтау үшін, емдеу кезінде- жазылу процесін бақылау үшін, емдеу аяқталған кезде «баұылау анализі» жүргізіледі, кейбір зерттеулерді диагнозына байланысты көрсеткіш бойынша.

Адамның денсаулық жағдайы туралы ақпараттың 80% лабораториялық зерттеулерден алынады, сондықтан дәрігер мен пациент үшін зерттеудің сапалы , жылдам орындалуы әрқашанда маңызды.

Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау

Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.


Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

Дайындаңыз: кең мойынды қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді,зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құрал-жабдықтарды; қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді. Жолдаманы жазып, контейнердің сыртқы бетіне желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

  4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Науқасқа зәрдіжинау үшін белгі салынған контейнерді беріңіз.

  6. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (стандартты қараңыз).

  7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  8. 100-200 мл зәрді даярланған контейнерге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

  9. Қақпақпен контейнерді жабыңыз.

  10. Лабораторияға жолдама толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз.

  11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде лабораторияға апарыңыз.

  12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

  • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.


Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз (стандартты қараңыз).

  4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

  5. Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

  6. Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз

  7. Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.

  8. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері әдістермен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит түрлерін, науқастарға динамикалық бақылау және жүргізілген емнің әсерлілігін бағалау.
Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

  • лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

  • эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

  • цилиндрлер – жоқ.



Зимницкий байқауына зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік (күндізгі және түнгі) диурездерді анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз:қақпағы бар бір рет қолданылатын8контейнерді, жолдаманы жазып әрбір контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасының №, зерттеу мақсаты,порцияның №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

  • зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

  • бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

  • зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

  1. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

  2. Жеке нөмірленген контейнерлерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін,

№2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін,

№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін,

№4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін,

№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін,

№6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін,

№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін,

№8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін.

  1. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

  2. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын лабораторияға апарыңыз.


Ескерту:

  • Егер де дайындалған контейнерге зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

  • порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос контейнер жіберіледі.

Зимницкий байқауы – бұл бүйрек қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік бойы аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.


Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

  • Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

  • Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

  • Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

  • Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

  • Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.

Диастазаға зәрді жинау

Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, алған күнін көрсетіңіз).

Іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зәрді жинауға контейнер беріңіз.

  2. Таңертең жаңа бөлінген зәрдіңмөлшерін контейнерге жинаңыз.

  3. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

  4. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде лабораторияға апарыңыз.

Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбеюі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
Қантты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді, сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

  2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

  3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  5. Қолғапты киіңіз.

  6. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

  7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

  9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

  10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  11. Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.

Зәрдегі глюкозаны ұзынша сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.
Іс -әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

  3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

  4. Резеңке қолғапты киіңіз.

  5. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

  6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

  7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

  8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту:

  • қалыпты нәтижеде – кері реакцияда, зәрдегі глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).


Розин байқауын жүргізу.

(зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт- ректификатпен белгіге дейін құяды), немесе Люголь ерітіндісімен, таза құрғақ, шыны пробирканы, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

  3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

  4. 4-5 мл зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.

  5. Пробирканың қабырғасы бойымен абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ерітіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

  6. Қараңыз: пробиркадағы ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егер де билирубин болса).

  7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

  8. Қолданған тамызғышты, пробирканы, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.