Файл: Дріс дріс жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Билирубинді ұзынша сопақ тестімен анықтау

Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).

Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.

Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, пробирканы.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

  2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

  3. Ораудан ұзынша-сопақтестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

  4. Қолғапты киіңіз.

  5. Зерттейтін зәрді пробиркаға құйыңыз.

  6. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

  7. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

  8. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.
Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу.

(әйелдер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған бір рет қолданылатынконтейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар контейнерді қойыңыз.

  3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.


Науқастың іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз.

  3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

  4. Салфеткаларды кауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

  6. Зәрді жинауға арналған контейнерді зәр шығаратын түтіктің тесігі жанынан ұстаңыз.

  7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

  8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

  9. Контейнерді қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

  10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

  11. Киініңіз

  12. 3әрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.



Ескерту:

  • зәрді биксте жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

  • материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

  • зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

  • егер де зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.


Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

(еркектер үшін)
Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған контейнерді, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Медбикенің іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

  2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

  3. Науқастан дәретхана бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.


Науқастың іс-әрекет алгоритмі:
4. Қолыңызды сабындап,жылы суда жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

5. Жыныс мүшесінің басын артық теріден босатып, сабындап сумен жуыңыз.

6. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

7. Салфеткаларды қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

8. Зәрді жинауға арналған контейнерді алыңыз,оның ішкі бетіне және қақпағына тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

9. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдың тесігіне жақын ұстаңыз.

10. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

11. Контейнерді қойып зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 10-15 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

12. Контейнердің қақпағын жабыңыз, қағаз сүлгісінің үстіне қойыңыз.

13. Қолыңызды жылы суда сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

14. Киініңіз.

15. 3әрі бар контейнерді мейірбикеге беріңіз.
Ескерту:

  • бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

  • материалды лабораторияға апарғанға дейінтоңазытқышта 4-60С температурада сақтайды;

  • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және қарқынды несеп бөліп шығаруға (диурез) дейін қалыпты су ішу тәртібінде тағайындайды;

  • егер де табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.



Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: кең мойынды бір рет қолданылатынконтейнерді, судноны, шыны қалақшаны, этикетканы жазып контейнерге жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  2. 3 күн бұрын зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады; Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кеңуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады деп науқасқа мәлімет беріңіз, 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

  3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу мақсатқа арналған емдәмді, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге дейін 5 күн қалғанда қолданылады, 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

  4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

  5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

  • нәжісті алар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

  • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

  1. Науқас қолғапты шешіпконтейнерге салады, қолын жуып, құрғатады.

  2. Контейнерді нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз. Жолдамада көрсетіңіз (бөлімшені, палата №, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін, мейірбикенің қолын).


Ескерту:

  • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

  • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.


Іш құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртының түрін анықтау.

Дайындаңыз:қақпағы барбір рет қолданылатынконтейнерді,судноны, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнерге желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2.Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

3.Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

4.науқас нәжісті алар алдында қолғапты киюі қажет;

5.үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, науқас нәжістің әртүрлі үш жерінен 3-5 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған контейнерге салып, қақпағын жабады.

6.Науқас қолғапты шешіп, контейнерге салады, қолын жуып және құрғатуы қажет.

7.Контейнер ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз(30 минуттен кешіктермей).

Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.
Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу

Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындағы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

Дайындаңыз:қақпағы барбір рет қолданылатынконтейнерді, қалақшаны (ағаш, шыны), этикетка жазып, контейнердің сыртына желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
Іс-әрекет алгоритмі:

1.Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет (рационнан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

2.Науқасқа түсіндіріңіз: нәжіс зерттейтін күні таңертең алынады.

3.Науқастан немесе жанұя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кету, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір келу), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

4.Егер де жауап дұрыс болса нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын нұсқау беріңіз:

    1. күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

6.егер науқастың мұрнынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

7.Нәжіс жинау алдында резеңке қолғап киіңіз.

8.Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

9.Үлкен дәретке отырған соң нәжістің қара әртүрлі учаскесінен 5-10 г нәжісті қалақшамен алып, контейнерге салып, қақпағын жабыңыз.


10Контейнерді ішіндегі нәжіспен лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

  1. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті қоректі ортасы бар Петри табақшасына алу

Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

Дайындаңыз: қоректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробирканы ішіндегі залалды тік ішектік ілгекті, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

  2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.Халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

  3. Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

  4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

  5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

  6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

  7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

  8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

  9. Петри табақшасының қоректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті қоректі ортаның бетіне 1,5-2 см көлемді «тегістік жер» жасап, (ептеп, қоректі ортаны тырнамай) бір қалыпты жағыңыз.

  10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» қоректіортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бұрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

  11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 37°С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

  12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

  13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.

Ескерту:

  • нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

  • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

  • материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;

  • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.