ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.02.2024
Просмотров: 25
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | |
Күні | | |
Класс жетекші: | Сексенбаева Г.Ж | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Елім деп соғар жүрегім | |
Сабақтың мақсаты: | Өз елін,Отанын сүюдің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Шаттық шеңбері Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалімнің: Амансыңдар ма, балалар, Күн сайын өскен сналар. Талапты бол, талантты, Бүгінгі сабақ елімізге арналар. – деген шумақпен сабақ басталады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Мұғалімнің шумағын тыңдайды. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Әңгімелесу 1. «Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі? Туған жер – адамзаттың, кең дүниені есігін ашып, өмірге келген, бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен. Туған ел – «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» – дегендей әркімнің өзінің туған жері, елі, атамекені 2. Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры не деп ойлайсыңдар? Отанға деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры сыйластық, татулық, бауырмалдық, бірлікте болады.Отанды, туған жерді сүю адам өміріндегі ең бағалы құндылық. Өзіңнің кіндік қаның тамып, туып өскен жерің. Жерін басып, суын татып ер жеттік. Сондықтан да елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры деп ойлаймын. Мәтінмен жұмыс Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» (үзінді) Мәтінді мазмұндау бөлімдері: Етікші шыңы Жолаушы Қарт кесімі Қатал сызық Айнабұлақ Тұмар | Оқушылар әңгімелер тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді және өз ойларын ортаға салады. | Аудио тыңдалады. |
Ортасы (20 мин) | Мәтін бойынша сұрақтар - Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді? - Қарияның туған жерге деген сүйіспеншілігі оның 40 жыл бойы туған топырағын бассам деп армандауынан, жолдың қаншалықты қиыншылығын көре тұра алған бетінен қайтпағандығы, заңсыз шекарадан басып өтуі, көзінен аққан жасына, жерді құып сүйгенінен көрінеді. - Қарттың туған жердің топырағын жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едің? - Қарт туған жер топырағын алып, тұмар етіп тағып жүрді. Себебі туған топырақ киелі, сондықтан өмір бойы оған күш-қуат беріп келді. - Қарттың туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар? - Туған жер – қасиетті. Әркімнің туған жері өзіне қымбат. Туған топырақты шалғайда жүрсең аңсап, сағынып жүруіңнің өзі киелілігі. Түйіні: Туған жер – ата-бабамыздың мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз тұрды, өмір сүрді. Бұл жер – ата-бабамыздың кіндігі кесілген жазира жер. Жалқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең. Туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Дәйексөз Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес. М. Шаханов | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. Себебі түсіндіреді | Дәптермен жұмыс |
Соңы | Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік. «Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата-бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер- қасиетті, құдіретті. Сіздер кең байтақ , Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар. | | презентация |
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | |
Күні | | |
Класс жетекші: | Сексенбаева Г.Ж | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Елің үшін еңбек қыл, отыра берме бекерге» (Дулат Бабатайұлы) | |
Сабақтың мақсаты: | Ақын шығармашылығының тәрбиелік мәнін ұғыну. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Шаттық шеңбері Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, мұғалімнің: Амансыңдар ма, балалар, Күн сайын өскен сналар. Талапты бол, талантты, Бүгінгі сабақ елімізге арналар. – деген шумақпен сабақ басталады. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Мұғалімнің шумағын тыңдайды. | мадақтау | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Дулат Бабатайұлы өмірі мен шығармашылығы СҮЛЕЙМЕНГЕ ...Күні өтіп, айы асқан, Енді қазақ ел болмас. Дәрігері дарын болса да, Ауруына ем қонбас. Мүйіз дескен сиырдай, Байласаң, басжіп жетер ме? Еңбегің – еш, тұзың – сор, Қайратың селге кетер ме? Толқынды теңіз заманнан Сенімді кеме болмаса, Желқайықпен өтер ме?! Елің үшін еңбек қыл, Отыра берме бекерге. Көмбеге таяп қалғанда, Жүйрікке керек көтерме | Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады. Өлең шумағын тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді және өз ойларын ортаға салады. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап | https://www.youtube.com/watch?v=fu7lBoA3b7o https://www.youtube.com/watch?v=1uITvnwXJhg |
Ортасы (20 мин) | «Сүлейменге» – алғаш рет «Өсиетнама» жинағында жарық көрген өлең. 2003 жылы шыққан жинақта жарияланған өлең мәтіні негізінде беріліп отыр. Сүлеймен – ХІХ ғасырда өмір сүрген ел билеушісі. Төре тұқымынан | Ақынның өмірі туралы дайындап келген эсселерін оқиды. | Ұтымды жауап | Дәптермен жұмыс |
Соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | | Кері байланыс тақтайшасы |
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | |
Күні | | |
Класс жетекші: | Сексенбаева Г.Ж | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Жақсымен жолдас болсаңыз, айырылмасқа серт етер» (Бұқар жырау) | |
Сабақтың мақсаты: | Достық, жолдастық туралы білімдерін толықтыру, етістіктің шақтарын қайталау. Оқушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын байыту; дұрыс сөйлем құру, сауатты жазу мәдениетін дамыту. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Мұғалім: Мейірімді жүрекпен, Ақ көңілді ниетпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Көңіл-күй терапиясы. Психологиялық дайындық. Оқушылар: Әрбір сабақ: үйрену, ұлағат, іздену. Әрбір адам: туысым, досым, бауырым. Әр ісіміз: тірек, тірлік, тіршілік. Әр сөзіміз: адалдық, бірлік, шыншылдық. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Мұғалімнің шумағын тыңдайды. | | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Мұғалімнің кіріспе сөзі- Достарың мен жолдастарыңның болғаны қандай жақсы! Олармен бірге жүргенде өзіңе-өзің сенімді боласың! Сен бірде ауырып, оқуға бара алмай қалдың. Бірнеше күннен кейін жалғызсырайсың, зерігесің. Достарыңды көргің келеді, өйткені бірде-бір жан жалғыз өмір сүре алмайды. Дос деген – өзіңмен мақсат-мүддесі, арман тілегі бір адам. Одан жасырар сырың жоқ. Ол да сенен ештеңе жасырмайды. Егер осындай досың болса, сен оны ренжітпе. Оған жәрдем беруге әзір бол. | | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап | Аудио тыңдалады. |
Ортасы (20 мин) | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер Достық дегеніміз не? Еркеш екеуміз қашаннан доссыңдар? Халықта қандай қанатты сөз бар? Сен нені мақтан етесің? Еркеш қандай бала? Достық туралы мақалдарды толықтыр 1) … … жаяу алмас, 2) … жолдас жауға бермес. 3) Жүз сомның болғанша, … 4) Адам … мықты, | Сұрақтарға жауап береді, мақалдарды толықтырады. | Алақан жұдырық | |
Соңы | Кері байланыс -Сабақтың ең қызықты тұстарын ата..... -Сен үшін маңызды ақпарат болды.... | | | Кері байланыс тақтайшасы |
Бөлімі | Парасаттылық және әдеп | |
Күні | | |
Класс жетекші: | Сексенбаева Г.Ж | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | «Ендігі туған балалар, атаңның сөзін бұзбаңдар!» (Шортанбай Қанайұлы) | |
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларға жақсылыққа талаптану арқылы дұрыс әрекет жасауға болатынын түсіндіру. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары | ||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу үш тілде жүргізіледі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар?! - Здравствуйте, дети?! - Hello?! Психологиялық ахуал тудыру. «Ыстық алақан» әдісі арқылы оқушылар шаттық шеңберін құрады, бір-біріне тілек айтады. Мұғалім қима қағаздар арқылы оқушыларды «қазақ тілі», «орыс тілі», «ағылшын тілі» деп топқа бөледі. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушылар топқа бөлінеді. | | Қима қағаз | ||||||||
Сабақ басы (13 мин) | Үй тапсырмасын тексеру. «Ақыл қалпағы» әдісі. Оқушылар бір-бір сұрақтан жазып, қалпаққа салады, қалпақтағы сұрақтарды араластырып, әр оқушы бір сұраққа жауап береді. | Оқушылар сұраққа жауап береді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап | Қалпақ | ||||||||
Ортасы (20 мин) | «Сәйкестендіру» әдісі Оқушылар мақал-мәтелдерді аудиожазбадан тыңдап, мақал-мәтелдердің сыңарын табады.
Аудиожазбадағы мәтін. Анна сабақтан кейін мектептегі қазақ тілі үйірмесіне қатысады. Үйірмеде қазақ тілін үйреніп, ақын-жазушылардың шығармаларымен танысады. Анна «Мұқағали оқуларына қатысты. Жарыстың алдында ол жақсы дайындалды. ... (Анна ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, бірінші орын алды. Осы байқаудан соң, Аннаның қазақ тіліне деген қызығушылығы арта түсті). Анна – өте талапты, ақылды оқушы. Ол поэзияны ерекше ұнатады. Оқу жылының басында Мұқағали Мақатаев шығармашылығы туралы көп мәлімет жинады. Әпкесі жобаға қатысуға кеңес берді.... (Анна жоба жұмысын да жоғары деңгейде дайындады. Ол қалалық байқауға қатысып, терең білімі мен шешендік өнерін көрсетіп, жеңімпаз атанды). «Талаптыға нұр жауар» - деген осы. | Сұрақтарға жауап береді, мақалдарды cәйкестендіреді. Мәтінді талқылайды. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап | Аудио тыңдалады. https://www.youtube.com/watch?v=QU-Y5jtw4B8&t=164s | ||||||||
Соңы | Кері байланыс. «Табыс сатысы» әдісі. 1.... ... білемін. 2.Бүгін ... ... ... білдім. 3.Келесі сабақта ... ... білгім келеді. | | | Кері байланыс тақтайшасы |
Бөлімі | Азаматтық және патриотизм | |
Күні | | |
Класс жетекші: | Сексенбаева Г.Ж | |
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Толеранттылық деген не? | |
Сабақтың мақсаты: | Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту. | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу,түгендеу. Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар. Енді сіздерге 2 минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып, не білдіңіздер сол туралы айтасыздар. | Оқушылар мұғаліммен амандасады. Оқушылар топқа бөлінеді. | | |
Сабақ басы (13 мин) | Тезистер: 1. Толеранттылық-жеке қасиет. 2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам. 3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны түсіне білетін адам. 4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды. Миға шабуыл (5 мин) 1.«Мейірімділік» деген не? 2.Өздерің мейірімді іс атқардыңдар ма? 3.«Төзімділік» деген не? Ол қандай істерде байқалады? 4.«Достық» деген не? 5.Адамдардың барлығы бір – біріне ұқсайтын болса, әлем қалай болар еді | Оқушылар дайындап алып келген эссе оқиды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап Алақан жұдырық | презентация |
Ортасы (20 мин) | Ситуациялық тапсырмалар. 1-ситуациялық жағдай. Мен қалада тұрамын. Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім, есіктің қоңырауы соғылды. Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай келгендіктерін айтты. Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз тигізу еді. Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б. Бұдан кейінгі менің әрекетім: • Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып шығарып салар едім. • Ашуланып, үйден қуып шығар едім. • Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім. Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар едіңдер? 2-ситуациялық жағдай. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар, үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда. Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап қайтарар едің? | Ситуациялық тапсырмалар орындайды. Мәтінді талқылайды. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады Ең үздік жауап | карточка |
Соңы | Рефлекция. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы қорытындылау (оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, тақтаға іледі) | | | Кері байланыс тақтайшасы |