Файл: 3 сынып оушыларыны білім дегейін тексеру барысындаы тест тапсырмалары і нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмалары

І нұсқа

  1. Иіс сезу мүшесін көрсет.

а) мұрын

ә) құлақ

б) тері

  1. Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын қалай атайды?

а) тәжірибе жасау

ә) бақылау әдісі

б) зерделеу

  1. Дені сау адамның тамыры неше минутта неше рет соғады?

а) 2 минутта 40-50 рет соғады

ә) 3 минутта 20-30 рет соғады

б) 1 минутта 60-80 рет соғады

  1. Адамда қанша жұп қабырға болады?

а) 12 жұп

ә) 14 жұп

б) 16 жұп

  1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

а) 35-36

ә) 33-34

б) 23-25

  1. Дене деп нені атаймыз?

а) заттар

ә) тәжірибелер

б) Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрін атаймыз.

  1. Ауаның температурасын қандай аспаппен өлшейді?

а) термометр

ә) сағат

б) метр

  1. Денелер нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 2

б) 4

  1. Белгілі бір заттың өлшемі кішірейтілгенін көрсететін санды қалай атайды?

а) сантиметр

ә) метр

б) масштаб

  1. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін қалай атайды?

а) географиялық карта

ә) физикалық карта

б) саяси карта

  1. Адам, жануар және өсімдік несіз тіршілік ете алмайды?

а) сусыз

ә) ауасыз

б) тамақсыз

  1. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды?

а) боран

ә) тұман

б) жел

  1. Желдің күші мен бағытын ауа райын бақылайтын станцияларда қандай арнаулы құралмен анықтайды?

а) желбағар

ә) ұзындық

б) термометр

  1. Пішініне қарай бұлт неше түрге бөлінеді?

а) 5

ә) 4

б) 2

  1. Жауын-шашынның түрлерін көрсет.

а) тұман

ә) шық

б) жаңбыр, қар, бұршақ

  1. Ауа райының жай-күйін қайда бақылап отырады?

а) метеорологиялық станцияларда

ә) ауа райы карталарында

б) қондырғыларда

  1. Әр адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?

а) 20 литр

ә) бірнеше мың литр

б) 500 литр

  1. Жер бетіндегі ең көп таралған зат - ...

а) құс

ә) топырақ

б) су

  1. Табиғатта су үш күйінде болады. Соны көрсет.


а) сұйық, қатты, газ

ә) ащы, тұщы, сұйық

б) таза, қатты, газ

  1. Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып нені өндіреді?

а) жер асты суын

ә) электр энергиясын

б) жылуды

ІІ нұсқа





  1. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге неше литр су жұмсайды?

а) 2-3 литр

ә) 4-5 литр

б) 10-20 литр

  1. Жер қыртысын толтырып жатқан денелер қалай аталады?

а) топырақ

ә) тау жыныстары

б) құм

  1. Тығыз тау жыныстарына нелер жатады?

а) құм

ә) саз

б) тас көмір

  1. Жерден қазып алынып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын қалай атайды?

а) пайдалы қазбалар

ә) топырақ

б)тамыр

  1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

а) 5

ә) 3

б) 7

  1. Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты қалай аталады?

а) құм

ә) саз

б) топырақ

  1. Топырақтың тау жыныстарынан басты айырмашылығы неде?

а) құнарлылығы

ә) түсі

б) түрі

  1. Бұталар тобын қандай өсімдік құрайды?

а) қырыққұлақ

ә) итмұрын

б) картоп

  1. Өсімдіктің айналасындағының барлығын қалай атайды?

а) ішкі орта

ә) құрғақшылық

б) сыртқы орта

  1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді көрсет.

а) бақбақ

ә) жантақ

б)жолжелкен


  1. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді көрсет

а) беде

ә) жантақ

б) жолжелкен

  1. Суыққа төзімді өсімдіктерді көрсет.

а) жолжелкен

ә) бақбақ

б) бидай

  1. Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап.

а) мақта

ә) бидай

б) жолжелкен

  1. Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тап.

а) өгейшөп

ә) саумалдақ

б) мақта

  1. Көбелек немен қоректенеді?

а) балмен

ә) шөппен

б) гүл шырынымен

  1. Қоңыз, көбелек, бал арасы қандай топқа жатады?

а) бунақденелілер

ә) сүтқоректілер

б) жыртқыштар

  1. Жүзім ұлуы немесе бақ ұлуы немен қоректенеді?

а) сумен

ә) ағаш жапырақтарымен

б) балықтармен

  1. Денесінің сырты-үнемі ылғалданып тұратын жұқа, жалаңаш тері. Одан ауа жақсы өтеді. Бұл қандай жәндік?

а) өрмекші

ә) жүзім ұлуы

б) шұбалшын

  1. “Қызыл кітап” қашан және қайда шықты?

а) 1996 жылы Қазақстанда

ә) 1999 жылы Ресейде

б) 1994 жылы Орынборда



  1. Теңіз түбінде қандай балық тіршілік етеді?

а) жетісу бақатісі

ә) камбала

б) бекіре

ІІІ нұсқа


  1. Отбасына кімдер жатады?

а) әке, ана, бала

ә) нағашы, ата, бала

б) әже, тәте, апа

  1. “Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 12-бабында

ә) 27-бабында

б) 19-бабында

  1. “Қонақ” деген кім?

а) бейтаныс адам

ә) таныс адам

б) арнаулы шақырылатын жора-жолдас, туыс-туған

  1. “Соғым басы” деген не?

а) қыстық соғымнан дәм татқызу

ә) бесбармақ

б) шілдехана

  1. Төс пен асықты жілікті кімге береді?

а) қызға

ә) күйеуге

б) балаға

  1. Құйымшақты кімге береді?

а) күйеуге

ә) балаға

б) қызға, келінге

  1. Ең мейірімді, сезімтал, нұрлы, шуақты, аяулы жан кім?

а) ұстаз

ә) ана

б) әже

  1. Ертеде баланы неше жастан атқа мінгізген?

а) 10 жастан

ә) 4-5 жастан

б) 8-9 жастан

  1. Республикамызда қаншадан астам Оқушылар сарайы қызмет етеді?

а) 60-тан астам

ә) 90-нан астам

б) 300-ден астам

  1. Бие байлап, алғашқы қымыз ашытылған соң екі-үш күн бойы жинаған қымызға ақсақалдарды, туыс-туғанды, көрші-қолаңды шақырады. “Көпке бұйырсын!” деген тілекпен салтанатты түрде қымыз ұсынылады. Бұл қандай дәстүр?

а) қымызмұрындық

ә) шұбат

б) сусын

  1. “8 наурызды бүкіл әйелдердің тең құқықтық үшін күрес күні” деп атап өтуді ұсынған кім және қай жылы?

а) 1920 жылы Гете

ә) 1910 жылы Клара Цеткин

б) 1846 жылы А. Құнанбаев

  1. Еңбекшілердің халықаралық ынтымақ күнін көрсет?

а) 2 мамыр

ә) 3 мамыр

б) 1 мамыр

  1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін көрсет.

а) 16 желтоқсан

ә) 15 желтоқсан

б) 25 қазан

  1. Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай неше километрге созылып жатыр?

а) 1000 км

ә) 1600 км

б) 2000 км

  1. Қазақстан батыстан шығысқа қарай неше километрге созылып жатыр?

а) 4000 км

ә) 5000 км

б) 3000 км

  1. Кең-байтақ өлкеміздің жер көлемін тап.

а) 3 млн шаршы

ә) 2 млн шаршы

б) 1 млн шаршы

  1. Орыс әскерлері Нұра өзенінің бойындағы Ақмола деген жерге қай жылы келіп тоқтайды?

а) 1910 жылы

ә) 1830 жылы


б) 1890 жылы

  1. Қазақстан Республикасының астанасын көрсет.

а) Алматы

ә) Атырау

б) Астана

  1. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 7-бабында

ә) 12-бабында

б) 15-бабында

  1. “Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы” деп конституцияның нешінші бабында көрсетілген?

а) 14-бабында

ә) 36-бабында б) 19-бабында

3 сынып оқушыларының білім деңгейін тексеру барысындағы тест тапсырмаларының дұрыс жауаптары



Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20


І

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә


ІІ

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә


ІІІ

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә

Б

А

Ә