Файл: БОж таырыбы Апоптоз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  

 

                                                           

                БОӨЖ

 

Тақырыбы:Апоптоз

 

 

                                                                                                          

 

 

 

 

 

 

                                                                  Орындаған:Қожалым Ерасыл 

Тексерген: Орынбаева Гулжазира

Факультет: Стомфак

                                                                            Группа: 105Б

Жоспары

1.Апоптоз

2. Жасуша ішілік факторлар салдарынан болатын апоптоз

3. Сыртқы фактор салдарынан болатын апоптоз

4. Апоптоз қарулары

Апоптоз– бұл генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Апоптоз дегеніміз «қоңыр күз» немесе

«жапырақтың түсуі» деген мағыналарды білдіреді.Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Табиғат клетканы қорғану мен репарация механизмдерімен ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі өлтіру немесе суицида механизмімен де қамдандырды. Клетканың ескіруі катабиозға («ката» -төмен, «био»- өмір) және клетканың өліміне алып келеді. Клетка өлімі – бұл тіршілік әрекеті құбылысының жаңадан кері айналмайтын өсуге, көбеюге қабілетін жоғалтқан тоқтауы. Клеткаларда өмір сүру ұзақтығы әртүрлі болады. Ұзақ өмір сүретін клеткалар бар, олар ерекше қызмет атқара отырып ағза өмірінің соңына дейін болады. Басқа клеткалар, белгілі міндетті орындауда пайда болады. Мысалы: метаморфоз кезінде, ит балық желбезектері мен құйрығын жоғалтады. Бұл мүшелер клеткаларының өмір сүру ұзақтығы белгіленіп бағдарланған. Осындай клеткалардың жойылуына арнайы генетикалы бағдарланған клеткаішілік механизмдер белсенді роль атқарады.

Апоптоз – ол өте қызықты феномен.

Әрбір клеткада өзіндік жеке «гильотинасы» болады. Егерде жасушаның өзінде немесе оның айналасында экстраординарлық шұғыл жағдайлар орын алса, жіп үзіліп гильотин төменгісі жасушаның «ұқыпты» өліміне соқтырады. Бұл «ұқыптылықта» айта кететін нәрсе көрші клеткалар зардапқа ұшырамауы тиіс.


Жалпы айтқанда, ағзадағы жеке клеткалардың өлімі бұрыннан белгілі. Бірақ алғашында бұл құбылыс дегенеративтік құбылыс ретінде қабылданып келді.Яғни бұл процесс терминальдық дифференцировка нәтижесіндегі жасушаның біртіндеп өлімі ретінде қарастырылды. Бұл көзқарастағы өзге тұжырымдар тек «Өмірге қабілетті жасушалар да өлімге ұшырайды» деген тұжырым анықталғаннан кейін белгілі болды. Әрине, бұл клеткаларды басқаша қалай сипаттауға болады. Мысалы үшін эмбриогенез барысында өлімге ұшырайтын жасушалар пронефрос немесе саусақ аралық қалқалық клеткаларын келтіруге болады.

Қалай айтқанда да жасушалар өлімге ұшырайды, былайша айтсақ жасуша өмірін микроқоршаудың жасушаны өмірге қажетті заттармен қамтамасыз ете алмауынан өледі. Мысалы, қоректік заттардың және оттегінің жасуша түсуі төмендейді және ортаның тотығуы тез басталады.Бұдан басқа көзқарасқа келу үшін мынадай қорытындылар пайда болды.Жасушаның өлімінде негізгі рольді жасушаның өзі атқарады деген көзқарас пайда болды. Міне осы көзқарастың арқасында апоптоз немесе жасушаның бағдарланған өлімі туралы болжамдар қалыптаса бастады.Жасушаның бұл өлімінің негізінде арнайы және генетикалық бағдарланған клетка ішілік механизмдер активті роль атқарады.

Қашан және қандай жағдайда жасушада апоптоздың бағдарламасы іске қосылады?

А) жасушаның өзіндік қанағаттанарлықсыз жағдайы, яғни жасуша ішілік фактор салдарынан;

Б) жасушаның арнайы рецепторлары арқылы берілетін жағымсыз сигнализация, яғни сыртқы фактор салдарынан.

Жасуша ішілік факторлар салдарынан болатын апоптоз

Бұл жағдайда «жасушаның қанағаттанарлықсыз жағдайы» орын алады.

–Бірінші кезекте хромосоманың зақымдануы: ДНҚ-ның көптеген үзілістері, оның конформациясының бұзылысы, тізбектер арасындағы тігістер және хромосоманың бұрыс сегрегациясы.

–Жасуша ішілік мембрананың зақымдануы – липидтердің асқын тотығуының нәтижесінде пайда болады.Ал бұл зақымданулар: иондаушы сәулелер, температуралық өзгеріс, химиялық қосылыстар, сондай-ақ ДНҚ құрылымына орналасатын заттар, топоизомеразаның ингибиторлары жатады. Бұлардың барлығы ДНҚ-ның конформациясын бұзады. Эндогенді қосылыстар түзетін – азот оксиді, супероксидтік радикал және басқалар жасушаға қауіпті. Стрестік ситуациялар бұл қосылыстардың түзілуін жылдамдатады. Сондай-ақ әртүрлі зақымданулар жасушаның қоректенуі бұзылғанда дамиды. Келтірілген типтің апоптоздың мысалы ретінде – жас ұлғайған сайын бас миындағы нейрондардың прогрессивті төмендеуі жатады.



Жасуша бөлінуі де апоптоздың мүмкіншілігін жоғарылатады.Мұнда «сапасыз» геномы бар жасушалар жойылады. Мысалға, овогенез барысында полярлы денешіктердің түзілуін айтуға болады.

Барлық жағдайлардан көріп отырғанымыздай апоптоздың атқаратын қызметі – ол дефектісі бар клеткаларды жою болып табылады.

Егер де клетканың зақымдануы аса жоғары болса – жасуша өлімі бақылаусыз сипатқа ие болып, некроз даму қаупін тудырады.Зақымданушы әсердің сипаты мен интенсивтілігіне қарай жасуша өлімінің апоптотикалық немесе некроздық жолмен жүруі анықталады.

Сыртқы фактор салдарынан болатын апоптоз

Апоптоздың бұл типі сыртқы ортаның негативті сигнализациясы арқылы пайда болады.Ол мембраналық және клетка ішілік рецепторлармен беріледі. Бұл жағдайда жасушаның өмірлік қабілеті жоғары, бірақ біртұтас организм тұрғысынан алғанда – ол зиян және оның пайдасы жоқ болуы мүмкін.

1)Апоптозға онтогенездің кейбір кезеңдері мысал бола алады:

-жәндіктердің метоморфоз барысында қуыршақ клеткаларының өлімі;

-омыртқалылар эмбриогенезінде пронефрос және хорданың редукцияланып жойылуы.

-эмбриональдық морфогенез барсындағы саусақ аралық жарғағының жоғалуы.

2)Апоптоз мысалдарына иммундық жүйенің жетілуі мен функциясын қарастыруға болады:

-Т және В лимфоциттердің аутореактивті клондардың жойылуы.

-антиген ұзақ уақыт болмаған кездегі стимулданған лимфоциттердің өлімі.

-гликокортикоидтардың көп бөлінуі нәтижесінде лимфоциттердің өлімі.

Гликокортикоитардың әсеріне келсек, ол созылмалы стрессті материалдық және энергетикалық қамтамасыздандыру болып табылады. Мысалға, бауырдағы ағзаға маңызды органдарға қажет глюкозаның жаңадан түзілу процесі.

Fas-Fas-L өзара әрекеттесуі апоптозды іске қосады. Нысана жасушаларының бетінде – Fas рецепторлық ақуызы, ал Т-киллердің бетінде Fas-лиганд орналасады. Мысал ретінде аталық без арнашықтарын алайық. Мұнда сперматогенді жасушалардың 4 түрін ажыратады:

-сперматогониялар

-сперматоциттер

-сперматидтер

-сперматозидтар

Ұл балаларда жыныстық пісіп жетілу кезеңіне дейін – ұрықтық арнашықтарында сперматогониялар мен сперматоциттер кездеседі. Бірақ осы кезде тимуста және басқа лимфоидты органдарда лимфоциттердің аутореактивті клондарында сұрыпталу процесі жүреді. Сондықтан да қалыптасып келе жатқан сперматида мен сперматозидтарды «иммундық жүйеде» өздік ретінде саналмай, шабуылдануы мүмкін.Мұнда Т-лимфоциттер бетінде Fas-рецептор, ал аталық бездің түрлі жасушаларында Fas-лиганд болады. Егер қауіпті Т-лимфоцит осы жасушаларға жақындаса Fas-Fas-L әрекеттесуі Т-лимфоциттерде апоптозды қосады.


3)Апоптоздың мысалдар тобына қан түзуші жасушалардың дамуы үшін колониястимульдаушы фактор қажет. Егер осы фактор болмаса, жасуша өлімге ұшырап, апоптоз механизмі басталады.

4)Апоптоздың келесі анық мысалы ретінде әйел ағзасының репродуктивті жүйесінен алуға болады:

-сары дене жасушаларының өлуі;

-менструация алдында эндометрийдің функционалдық қабат жасушаларының өлуі;

-лактациядан кейін сүт безінің лактоциттерінің өлуі.

5)Патологиялық жағдайда туындайтын апоптоз.

Апоптозды іске қосатын «жағымсыз» факторды 2 топқа бөліп қарастыруға болады:

-«жағымсыз» негативтік сигналдар әрекеттері, оған лимфоциттермен байланысқан Fas-Fas-L кешені мен жасушалардың контактты тежелуі кезінде кодгериндерден басталатын сигналды да жатқызуға болады. Бұл кезде апоптогендік р53 ақуызының мөлшері көбейіп, апоптозға ұшырайды.

-позитивтік сигналдардың әрекетінің тоқталуы, оған КСФ-тің қантүзуші жасушаларға әсері және әйелдердің репродуктивті жүйесін жатқызуға болады.

Апоптоз қарулары

Апоптоз процесіне арнайы ферменттер – каспазалар қатысады. Ол – апоптоздың ең маңызды «қаруларының» бірі болып келетін цитоплазмалық протеазалар. Каспазалар активті орталығында болатын аминқышқылының түріне байланысты сериндік және цистеиндік болып бөлінеді. Қалыпты жағдайдағы жасушаларда олар активті емес прокаспазалар түрінде кездеседі. Бұл ферменттің активтенуі жасушаның құрылысы немесе қызметі бұзылған кезде байқалады. Каспаз туыстасына 10 ферменттер кіреді, олар белгілі бір бірізділікпен бірін бірі активтендіріп тармақталған каскад пайда етеді. Плазмолеммадан басталатын сигнал әсерінен ең алғаш каспаза 8 активтенеді.

Каспаз активациясын митохондриядан шыққан (олардың мембраналарының жоғары өткізгіштігі әсерінен) факторлар каспаза 9-ды белсендіреді. Каспаздың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар: клеткада каспазды ингибирлейтін ерекше ақуыздардың болмауы (ІАР).

Каспаз нысаналары болып:

1 – цитоплазмалық және ядролық ақуыздар (гистон Н1, ламина);

2 – репликация және репарация ферменттері (топоизомераза);

3 – реттеуші ақуыздар (клеткалық циклді бақылаушы);

4 – эндонуклеаз ингибиторлары.

Каспазалардың әрекетіне байланысты апоптоз процесінде арнайы «апоптоздық» ядролық эндонуклеазалар қатынасады. Олар ДНҚ молекуласын бұзып, фрагменттерге ыдыратады және құрылысы мен қызметтері бойынша басқа ядролық эндонуклеазалардан ерекшеленеді. Оларды апоптоз процессінде негізгі рөл атқаратын Са, Мg-тәуелді эндонуклеазалар деп айтады. Апоптоз кезінде эндонуклеазалар (апоптаза) линкерлі аймақтарға әсер ете отырып ДНҚ-ны фрагменттерге (үлкен және ұсақ) бөледі. Апоптазаның молекулалық салмағы 18000Д құрайды. Индукторлардың әсерінен апоптпза бөлініп шығып, активті қызмет атқарады.


Каспаз және эндонуклеаздан басқа, апоптозға мүмкіндік беретін клеткада күшті тотықтырғыштар жинақталады, оларға жасушада өте көп мөлшерде жинақталған азот оксидін (NO) және оның басқа да белсенді өнімдерін – супероксидтік және гидрооксидтік радикалдарды, пероксиниттерді, нитриттерді, нитраттарды т.б., жатқызуға болады. Бұл тотықтырғыштарға, әсіресе митохондрия, ядро мембраналары өте сезімтал болады және олар тез өзгереді. Олардың мембраналарының өткізгіштігінің жоғарлауы – апоптоздың маңызды элементі болып табылады. Шынында да, митохондриялардың бұзылған мембраналары арғылы протеза AIF және цитохром-С цитоплазмаға шығады, ол каспаза-9-ды активтендіріп каскадты іске қосады. Ал бұзылған ядро қабықшасы арқылы каспазалар ядроға еніп эндонуклеазаларды активтендіреді.Апоптоздың тағы бір «қаруына» плазмолемма құрылысының өзгеруіне жауапты ақуыздардыда жатқызуға болады.

Апоптоздың тікелей «қаруларынан» басқа, жасшада қосымша факторларда болады.Олардың қызыметі осы «қаруларды» басқару болып табылады. Апоптоз үдерісінде бұл факторлардың маңызды қызмет атқаратындығы сөзсіз, оған митохондриялық факторлар жатады.

Митохондрияда каспаза-9-ды активтендіріп, каспаздық каскадты іске қосатын 2 ақуыз–AIF және цитохром-С, болатынын білеміз. Бұл ақуыздардың митохондриядан цитоплазмаға босанып шығуы тек мембрана өткізгіштігі жоғарылаған кезде ғана жүзеге асады.

а)Митохондрия мембраналарының арналары. Жоғарыда аталған фактордың мембранадан цитоплазмаға өтуі мембранада арнайы арналардың болуына байланысты. Бұл арналардың күйі (ашылуы не жабылуы) бірнеше ақуыз тобының -Bcl-2/Bax, күрделі бақылауында болады. Олардың негізгі өкілдері:

ә)Bcl-2 ақуызы, Bcl-x, A1/Bfl-1 т.б., қалыпты жасушаларда митохондрия мембранасында кездеседі және арнаны жабады, сөйтіп жасушаны апоптоздан қорғайды.

б)Bax,Bad,Bak,Bid т.б. ақуыздары жоғарыда келтірілген ақуыздармен қосылып кешкен пайда етеді де олардың әрекеттерін (арнайы жабу) бастырмалайды,нәтижеде арна ашылады. Осылайша олар апоптозды стимулдайды.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. https://medkenes.kz/mikrobiologiya-entsiklopediya/apoptoz

  2. https://stud.kz/referat/show/28734

Процессинг
1.Процессинг дегеніміз не?

2.Процессингтің ерекше түрі?

3.Сплайсинг табылған жері?