Файл: 5 Экономикалы география 2 леуметтік экономикалы ресурстар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 02.02.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

5 Экономикалық география 5.2 Әлеуметтік- экономикалық ресурстар

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Ауезова Б.Е.

Күні:

27.03.23ж..

Сынып: 8 «Б.Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

§53-54. Экономикалық инфрақұрылым ның элементтері мен функциялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.5.2.1 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді.

Сабақтың мақсаты:

  • экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттау, маңыздылығына баға беру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.Ұйымдастырушылық-мотивациялық кезең







Басы

10 минут

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

\Мұғалім оқушыларды оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бейімдейді, сонымен қатар оқу процесіне ынталандыру үшін жағдай жасайды\.

Сабақтың тақырыбын, мақсаты мен оқу мақсатырын таныстыру


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, оқу мақсатын анықтайды.

Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін қалыптастырушы бағалау.

Оқулық. Атлас. Сызба. Үлестірмелі қағаз және т.б.

Үй тапсырмасын сұрау

«Ыстық орындық» әдісі

Алдыңғы сабақта алған білімді еске түсіу мақсатында өткен сабақты қысқаша қайталау. Сыныптың білім деңгейін анықтау.

Сұрақ-жауап







2. Теория-практикалық кезең







Ортасы

30 минут

Жаңа сабақ

Материалдық игіліктерді өндіру мен халықтың қалыпты тұрмыс жағдайларын қамтамасыз ететін салалар тобын әлеуметтік инфрақұрылым деп атаймыз. Экономикалық инфрақұрылым – тауарлар мен қызмет түрлері, ақша, бағалы қағаздар, жұмыс күшінің қозғалысын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер жүйесі. Ерекшелігі – нақты бір өнім өндірмейді, оларды тарату мен өндіруге жағдай жасайды. Ерекше салаларына брокер, дилер, маклер қаржы сарапшылары сияқты жұмыс орындары кіреді. Экономикалық инфрақұрылым қызметін барлық саланың пайдалана алуы әмбебаптылық ерекшелігіне жатады. Салынып жатқан кез келген инфрақұрылымдық нысанға өндірістік саланың бірнеше түрі бірлесе қызмет етеді. Басты белгілеріне жүйелілік, ресурс сыйымдылық, ұзаққа төзімділік пен әмбебаптылық жатады.

Экономикалық инфрақұрылым элементтерінің қызметі әртүрлі болғанымен, мақсаты – экономикаға қызмет ету. Қор биржасы бағалы қағаздарды реттейді, валюта биржасы валюталардың айналымын жүзеге асырады, еңбек биржасы кәсіпорын мен жұмысшылар қатынасын реттесе, банктер нарықтағы ақша айналымын қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымдық мекемелерде өзіне тән логотипі немесе символы болады. Мәселен, банкте ақша, ломбардта бағалы заттар, еңбек биржасында жұмыс, аукционда шешім мен өсім, дүкенде тауар мен қызмет көрсету белгілері бар.

Түртіп алу стратегиясы бойынша негізгі анықтамаларды дәптерге жазып алады.







Тапсырма.

Жеке жұмыс.


Экономикалық инфрақұрылымның басты белгілерін анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

  • жүйелілік

  • әділдік

  • нақтылық

  • дәлдік

  • әмбебаптылық

  • ұтқырлық

  • демеушілік

  • ұзаққа төзімділік

Инфрақұрылымда түрлі салалар өзара тығыз байланыста жұмыс істейді. Кейбір ірі нысандарды құру шығынды іс болғандықтан жеке кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдауы, демеуі көбіне қажет етеді.

Экономикалық инфрақұрылымның басты белгілеріне жүйелілік, ресурс сыйымдылық, ұзаққа төзімділік пен әмбебаптылық жатады.
Банктік емес мекемелерді анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

  • инвестициялық қорлар

  • шетелмен бірлескен банктер

  • тауар шығарушы зауыттар

  • сақтандыру компаниялары

  • тауар өндірмейтін барлық мекеме

  • трансұлттық компаниялар

  • зейнетақы қорлары

  • білім мен медициналық мекеме

Банктік емес мекемелерге ақшалай қаражатпен жұмыс істейтін, алайда банк мәртебесі жоқ ұйымдар кіреді. Барлығының мақсаты мен қызметі – халықты, экономиканы қаржыландыру, экономикалық тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтау.

Банктік емес мекемелерге сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен несие ұйымдары кіреді.

Дескриптор:
6 балл







Тапсырма.

Топтық

жұмыс.

Нарықтық инфрақұрылымдағы сауда ұйымдарының қызметі туралы

1. Тауар өндірмейді, тек сату мен сатып алу қызметін жүзеге асырады. 

Жалған

2. Сауда жасаумен қатар төменгі деңгейдегі тауарларды өндіреді. 

Жалған

3. Қаржылық операцияларды жүзеге асырады, несие береді. 

Жалған

4. Кейде тауар өндірушілерді құралдармен, технологиялармен, шикізатпен қамтамасыз етеді. 

Ақиқат


5. Тауарлар мен валюталардың сатылымын жүзеге асырады. 

Жалған

6. Өндірілген тауарларды сақтайды, сатады, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. 

Ақиқат

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) – халықаралық сауда ережелерін еркіндік принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым. Ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Ал Қазақстан 2015 жылы осы ұйымға кірді.

Сауда ұйымдарының қызметі: тауар өндірмейді, өнім саудасын жүзеге асырады, тауар өндірушілерді құралдармен қамтамасыз етіп, өндірілген тауарларды сақтауды, сатады, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді

Дескриптор:

тұжырымдардың ақиқат не жалған екенін анықтайды.

6 балл







Тапсырма Жұптық

жұмыс.

Еліміздегі еңбек биржасының міндеттерін анықта.

Дұрыс жауап саны: 3

  • жұмыс күштеріндегі мамандықтарға сұранысты, ұсынысты зерттеу

  • бағалы қағаздар мен акциздік маркаларды нарыққа шығарады

  • тауар өндірушілерге қаржылық жағдай жасау

  • тауар бағасының деңгейі мен сатылымын анықтайды

  • жұмыссыздарға ай сайын қосымша еңбекақы төлеу

  • жұмыссыздар немесе жұмыс ауыстырғандарға жұмыс іздеу

  • тауарларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау

  • сұранысқа ие жаңа мамандықтарды қайта оқыту және меңгерту

Еңбек нарығында елімізде 9 млн-нан астам адам жұмысқа жарамдылар қатарында. Жұмыс түрлері мен орындарының көбейгендігіне қарамастан оның 5-6%-ы жұмыссыздар қатарында. Жұмыс күшіне деген сұранысты жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер және мемлекет анықтайды.

Еліміздегі еңбек биржасының міндеттеріне жұмыссыздар немесе жұмыс ауыстырғандарға жұмыс іздеу, жұмыс күштеріндегі мамандықтарға сұранысты, ұсынысты зерттеу және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды қайта оқыту және меңгерту жатады.

Дескриптор:

Еліміздегі еңбек биржасының міндеттерін анықтайды.

3 балл


.




3.Рефлексивті-қорытындылаушы кезең







Соңы

5 минут

Кері байланыс:

Сабақта жаңадан не үйрендіңдер?

Өтілген тақырып бойынша қандай қиындықтар кездесті, неліктен?

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.







Үйге тапсырма:

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап әзірлеу.

Күнделіктеріне жазып алады.








Банктік емес мекемелерге сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар мен несие ұйымдары кіреді. Елімізде банк саласының әлеуметтік инфрақұрылымға ықпалы жоғары. Онда қаржы аударымдары, сатып алу мен сатулар жүзеге асырылады. Жалақы, несие алады, депозит ашады, әлеуметтік әлсіз салаларға несие бөліп дамытады.

Сауда ұйымдарының қызметі: тауар өндірмейді, өнім саудасын жүзеге асырады, тауар өндірушілерді құралдармен қамтамасыз етіп, өндірілген тауарларды сақтайды, сатады, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етеді. Елімізде тауарлық сауда экспортында мұнай мен газ Қытайға, түсті металдар Италия мен Қытайға, бау-бақша дақылдары Ресейге сатылады. Негізгі тауар түріне мұнай мен газ кіреді.

ҚР Президентінің Жолдауларында инфрақұрылым салалары ішінде көлік пен байланысты, көлік тасымалы қызметін жақсартуға басымдық береді. Ел инфрақұрылымындағы көлік қызметінің түрлері ерекше. Есіктен есікке дейінгі көлік түрі автокөлік болса, ең жылдам әрі қымбат көлік түрі әуе жолы болып саналады. Ал аймақаралық жүк тасымалының 3/5 бөлігі теміржолға тиесілі. Еліміздің Алматы қаласында әлеуметтік инфрақұрылым салаларының білім, медицина, сауда салалары жоғары дамыған.

Еліміздегі еңбек биржасының міндеттеріне жұмыссыздар немесе жұмыс ауыстырғандарға жұмыс іздеу, жұмыс күштеріндегі мамандықтарға сұранысты, ұсынысты зерттеу және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды қайта оқыту және меңгерту жатады.

Қазақстанның тауар биржаларындағы мәселелеріне инфрақұрылымның әлсіздігі, сауда-саттық процесіне кәсіпорындардың енуіндегі қиындықтар және өндірушілер мен тұтынушылардың ережелерден толық хабардар болмауы тән. Бұл экономикалық инфрақұрылымдағы шешімінің табылуы басты мәселе болып отыр.