Файл: Жетісу облысы Ілияс Жансгіров атындаы Жетісу университеті Таырыбы аза тіліндегі тртс концепциясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетісу облысы
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Тақырыбы:

Қазақ тіліндегі түр-түс концепциясы

Орындаған: Туламбекова Аяжан

Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілінің сөздік қорындағы түр-түс атауларының тілде қолданылу аясы кең екенін, өте ауқымды ұғымды қамтитынын дәлелдеу;
Жұмыстың міндеттері: Түр-түс атауларының түрлі салаға бөлінетіні анықталып, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің мағынасы талданды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.



Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеудің барысында жинактау, талдау, зерттеу әдістері пайдалану. 
Жобаның ұсыну формасы: Зерттеушілік

Жоспар:


  • Кіріспе

  • Негізгі бөлім

  • Түр-түс атауларының мәні мен мағынасы

  • Мақал-мәтелдердегі түр-түс атаулары

  • Тұрақты сөз тіркестеріндегі түр-түс атаулары

  • Поэзиялық шығармалардағы түр-түс атаулары

  • ҚОРЫТЫНДЫ


КІРІСПЕ

Табиғат бізге өзінің ерекше әсемдігімен, көркем сәнімен, бояу-нақышымен қымбат. Оның сұлулығы, көз тартар көркі ең алдымен түрлі-түсті реңкіне байланысты.

Табиғат көркемдігін сүю, сұлулығын сезіну, түрлі түсті ажырата білу жеке адамның өз басына ғана байланысты болғанымен, жалпы қоғам үшін түр-түс жайында мәлімет өте қажет. Осыған орай, басқа да табиғи құбылыстар сияқты, түр-түс табиғатының тым күрделілігіне байланысты онымен бүгінде түрлі ғылым салалары айналысады.

Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының табиғатын зерттеген тілші-әдебиетші ғалымдар Ә.Қайдаров пен З.Ахтамбердиева тіліміздегі негізгі түр-түстердің атауларын санай келіп, олардың санын он бір деп көрсетеді: қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін, қоңыр, қара, сұр, боз, ақ, көгілдір. Бірақ төрт түлік малдың түр-түс атаулары өзінше де, осы атауларға қосымша, қосарлана айтылып және салыстырмалы түрде де жасалып жататынын айтады. Төл әдебиетіміздің қай шығармасын алсаңыз да түр-түс атауларының байлығы арқылы суреттелетін табиғат, адам сұлулығы, төрт түлік малдың әрқайсысына тән түрі мен түсін ажырататын атаулар бұған дәлел бола алады.

Түр-түс атаулары тіліміздің бай сөздік қорының маңызды бір бөлшегі болып табылады. Сондықтан бұл жұмыста түсті білдіретін сөздердің мәні мен мағынасына, қолданылу аясына ерекше мән берілді. Бұл атаулардың ең қызықты жақтары – олардың негізгі мағынасынан бөлек, ауыспалы мағынада қолданылуы. Мәселен, «ақ» тек түс атауы ғана емес, бірде сүт өнімдерін білдірсе, бірде адалдықты, пәктікті, тазалықты, енді бірде әдеміліктің символы бола алады. Сол сияқты «қара» да тек түс атауы болып қана қоймай, сөз тіркестерінің, сөйлемнің құрамына енген кезде әр түрлі ауыспалы мағыналарға ие болады. Мәселен, бірде қарапайымдылықты (қара халық), бірде киелілікті (қара шаңырақ), енді бірде қасірет, уайым-қайғыны (қара жамылу) білдіреді.


Түр-түс атаулары тілімізде әр түрлі тілдік бірліктердің құрамында көрініс тауып отырады. Түр-түс атауларын тұрақты сөз тіркестерінің, мақал-мәтелдердің, жұмбақтардың құрамынан іздеп, қарастырдым.

Сонымен бірге, қазақ халқының ұлттық мәдениетін де түр-түссіз елестетуге болмас. Себебі, тарихтан белгілі Көк түрік, Ақ Орда, Көк Орда, бала алғаш жүргенде аяғына ала жіп байлау – бәрі түр-түспен байланысты болып табылады. Тіпті, тұрмысқа жаңа шыққан қыз бала ата-анасына орамал тігіп, өз мұңын, жағдайын, қуанышын, шат көңілін, жіптің түр-түсімен жеткізіп отырған. «Егер орамал қызыл жіппен кестеленсе, оның әке-шешесі бұл хабарға өте қатты қуанып, барған жеріне риза болған. Өйткені қызыл жіп қуанышты, шат көңілді, бейбіт өмірді білдіреді де, ал сары жіп – керісінше, уайым-қайғының белгісі болғандықтан, қыздың әке-шешесін сағынып жүргендігін білдірген» - дейді Н.Аитова.

Түр-түс атауларының мәні мен мағынасы

Тіліміздегі барлық сөздер сияқты түр-түс атауларының да өздеріне тән мағынасы болады. Олар өздерінің түсті білдіретін негізгі мағынасымен қатар, көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалып жатады. Оны көркем мәтіндерден, тұрақты сөз тіркестерінен, мақал-мәтелдерден жиі байқаймыз. Бірақ олардың бәрі бірдей ауыспалы мағынада қолданыла бермейді. Әсіресе малдың түр-түстері тек өз мағынасында қолданылуды қалайтын сияқты. Мәселен, торы, жирен, құла, кер, шабдар, т.б.

1. Ақ – қараға қарама-қарсы түс. Бұл – ақ түстің негізгі түстік, реңктік мағынасы. Мәселен, «Ақ жаулығы ананың, ақ көрпесі баланың» деген сөйлемдегі ақ атауы өзінің негізгі түстік мағынасын аңғартып тұр. Бірақ бұдан басқа жағдайларда ақ атауы тек түсті ғана білдіре бермейді. Оны біз халықтың ұлттық болмысымен, тұрмысымен байланысты тіркестерден көре аламыз. Енді ақ сөзінің басқа да мағыналарына тоқталайық:

Ақ – сүт, сүт тағамдары. Сүт тағамдарына төрт түлік малдың сүтінен өндірілетін (айран, қатық, сары май, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат, т.б.) тағам, сусындар енеді. «Ауылға барып, ақ ішіп демалып қайттым» дегендегі ақ жалпылама сүт және сүт тағамдарын білдіріп тұр. Ақсырау – сүт және сүт тағамдарын сағыну.

Ақ – адал, таза, күнәсіз, пәк мағынасында. Мысалы: Аққа құдай жақ.

Ақ – ізгі тілек, жақсылық, бақыт. Мысалы: ақ тілек – шын көңілден айтылған ізгі тілек; ақ жол тілеу – сапардың, саяхаттың оң болуын, аман-есен оралуын тілеу; ақ босаға, ақ отау, ақ дастархан, ақ жаулық – осының бәрі игіліктің, жақсылықтың нышаны ретінде қолданылатын тіркестер.



Ақ – хан, бек, төре тұқымына тәндігін, елден ерекшелігін, олардың байлығын, дәулетін, сәулетін аңғартады. Мысалы: ақ сүйектер – хан, төре тұқымдары, ақ орда – билеуші қауымның мекені, ел басқаратын орталығы; ақ үй – дәулет нышаны, бай адамдардың отыратын үйі, ертеректе ел киіз үйлердің ақ-қара түстеріне қарап-ақ, байдың үйі ме, жоқ кедей-кепшіктің үйі ме, бірден анықтай алған; ақ саусақ – қара жұмыс істемей, өзін өзі күтумен ғана шұғылданатын адамдар.

Ақ – әйел адамдарға тән әдемілікті, келбеттілікті аңғартады. Мысалы: ақ дидар, ақ жүзді, ақша бет, т.б.

2. Қара – бұл түстің анықтамасы түсіндірме сөздікте «ақтың қарама-қарсы» түсі деп берілген [5, 335]. Қара көмір, қара күйе, қара түтін, қара шаш, қара айғыр деген тіркестерде қара сөзінің негізгі тура мағынасы көрінеді. Ал қазақ тілінде қара сөзінің ауыспалы мағынасы өте көп.

Қара – алыстан бұлдырап, қарауытып көрнетін бейне, жанды және жансыз зат тұлғасы. Мысалы: Алыстан бұлдырап бір қара көрінді.

Қара – хан, ақсүйектер, төре тұқымына жатпайтын жалпы халық не сол халықтың өкілі. Мысалы: Қарадан шығып хан болған; қара қазақ – мұнда да түр-түсінің қаралығы емес, қарапайым қазақ деген мағынада айтылып тұр. Қара халық, қара тобыр, қара шаруы (мал бағып күн көретін шаруа адам), қара бұқара, қара жұрт, т.б.

Қара – майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас (ет, көже, сорпа, нан, шай). Мысалы: қара сорпа – майсыз сорпа, қара көже – құрт, айран, қатық қатпаған көже. Халықта «Қайғысы жоқ адамға қара көже балмен тең» деген мақал бар. Қара шай – сүт қатпаған шай.

Қара – өлім-жітім, қайғы-қасірет, ылаң. Мысалы: Мынаған не қара көрінді? дегенде біз «басыңа не күн туды, қандай қасіретке душар болдың?» мағынасын аңғарамыз. Ұлы Отан соғысы кезінде пайда болған «қара қағаз» атауы «өлім, қаза жайындағы хабар» деген мағына бергені елдің бәріне аян.

Қара – қою, қалың, тығыз. Бұл мағына көбіне орманға, тоғайға байланысты айтылған тіркестерде көрінеді. Мысалы: қара орман – қалың оран, ит тұмсығы өтпетін жыңғыл.

Қара – киелі, қасиетті, байырғы орын. Мәселен, қара шаңырақ тіркесі ата-бабадан, әке-шешеден қалған киелі мекен, отбасы дегенді білдіреді. Үлкен ұл қара шаңырақта қалды.

Қара – күшті, екпінді, тегеурінді: қара дауыл – жер бетіндегі заттарды қиратып, бұзып кететін, қатты соғатын дауыл; қара күш – тепсе темір үзетін адамның, күшті хайуанның, басқа да заттардың зор күші.

3. Қызыл. Бұл түстің анықтамасы да бәрімізге белгілі. Ал ауыспалы мағыналарына келер болсақ, қызыл – жас нәресте, балапан, оның әлі қатаймаған кезі. Мысалы: қызыл шақа, қызыл қарын, т.б.


Қызыл – шебер, көркем, жылтыр, айшықты деген мағынада көбіне тілге, өнерге байланысты тіркестерде қолданылады. Мысалы: Толғауы тоқсан қызыл тіл; қызыл сөз – шебер де шешен айтылған, бірақ тиянақсыз, пәтуасы жоқ сөз.

Қызыл түстің мағыналық шеңбері, әрине, осылармен ғана шектелмейді. Жалпы қызыл түстің өзі о баста күннің, оттың түсіне байланысты қабылданып, күні бүгінге дейін көптеген халықтар үшін солардың символы ретінде қасиетті түс болып саналады. Мәселен, қызыл іңір, қызыл арай сияқты тіркестер соны аңғартып тұр.

4. Көк – қазақ халқы үшін, ең алдымен, аспан, аспан әлемі деген мағынаны білдіреді. Мысалы: төбесі көкке жету (ерекше қуану, мақтану), көкке көтерілу (аспанға көтерілу), т.б.

Көк – шөп, көгеріп тұрған өсімдік, көкөніс. Мысалы: көк майса, көк шөп, көк орай шалғын, көк балауса, көкке аузы ілігу.

5. Сары түстің де қазақ және басқа халықтарда өзінің негізгі мағынасынан басқа бірқатар ауыспалы мағыналары бар.

Сары – кейбір іс-әрекет, құбылыстардың ұзаққа созылуын, заттың ұзын, созылыңқылығын сипаттайды. Мысалы, сары күз – ұзаққа созылған күз; сары төсек, сары жамбас – аурудың ұзаққа созылуы; сары уайым – уайым-қайғыға қатты беріліп, ұзақ уайымдау; сақылдаған сары аяз – ұзаққа созылған қатты суық.

Сары – жас балаға, балапанға байланысты айтылады. Мысалы: сары жілік, сары ауыз балапан, сары мойын бала.

Сары – көп сақталып сарғайған, сүрленген не әбден қалыптасқан зат жайында. Мысалы: сары май, сары майдай сақтау – ұзақ уақыт сақтау.
Мақал-мәтелдердегі түр-түс атаулары

Мақал-мәтелдер – халық даналығы. Олар белгілі бір халықтың дүниетанымын, табиғат құбылыстарын бағалауға, салт-сананы, қоғамдық құбылыстарды анықтауға арналған сан ғасырлық тәжірибенің жиынтығы. Сондықтан да мақал-мәтелдердің мәдени, рухани өмірімізге қатысы жоқ саласы кездеспейді.

Айта кететін жайт, олар өздеріне тән тура мағынасы, яғни түр-түс атауын білдірумен қатар, көбінесе ауыспалы мағынада қолданылады.

Ақ түске байланысты мақал-мәтелдер

 Ақ серке қой бастайды,

Ақын жігіт жол бастайды.

 Ашамай нарға жарасар,

Ақ түйе барға жарасар.

 Аққа зауал жоқ.

 Ақ сұңқар ұшар жем үшін,

Ер жігіт туар ел үшін.

 Жауын бар жерде қақтың қадірі жоқ,

Қауын бар жерде ақтың қадірі жоқ.

Қара түске байланысты мақал-мәтелдер


 Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкіге жан қайғы.

 Өрмекшінің торы –

Қара шыбынның соры.

 Қарадан туған жігіт бар, ханға күнін салғысыз.

 Қазанға жолама, қарасы жұғар,

Жаманға жолама, жаласы жұғар.

 Жаман адам – құлқынның қара қабы,

Жақсы адам – адалдықтың алтын тағы.

 Жақынды жаралама,

Алысты қаралама.

 Қарын ашқанда қара нан да май татыр,

Шөлдегенде қара су да бал татыр.

Қызыл түске байланысты мақал-мәтелдер

 Қызыл тілден ашығанда у тамар,

Басылғанда бал тамар.

 Қыздың көзі – қызылда.

 Қиядағы қызыл түлкіні

Қияннан соққан бүркіт алар.

 Өнер алды – қызыл тіл.

 Қисық бұтаққа да қызыл жиде бітеді.

Қызғанған қызыл итке жем болар.

Тұрақты сөз тіркестеріндегі түр-түс атаулары

1. Ақ түске байланысты фразеологизмдер: ақ арулап қою, ақ бата, ақ жаулық, ақ кебінге орану, ақ киізге көтеру, ақ көбік қылу, ақ қар, көк мұз, ақ неке, ақ сирақ жұт, ақ түйенің қарны жарылу, көзі ағару, көзінің ағы мен қарасы, толғамалы ақ найза, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығу, т.б.

2. Қара түске байланысты фразеологизмдер: қара басу, қара дүрсін, қара тану, қара күш, қара жамылу, қара терге түсу, қара көріну, қара сирақ, қара ниет, т.б.

3. Қызыл түске байланысты фразеологизмдер: қызыл шұнақ аяз, қызыл кеңірдек болу, қызыл отау, қызыл жем, қызыл бастырық, қызыл көрген бүркіттей, алтайы қызыл, қызыл табан болу, қызыл иек, т.б.

4. Көк түске байланысты фразеологизмдер: көк айыл, көк мылжың, көк ала дауыл, көк дауыл, көйлегі көк, тамағы тоқ, көк аяз, көк бақа, көк ала қойдай, көк өрім, көк сабын болу, көк соққан, көк жамбас, көк желке, көк соқпа болу, көк тайғақ, т.б.

Поэзиялық шығармалардағы түр-түс атаулары

Ақын-жазушыларға да, сазгерге де, суретшіге де өз туындысын шығаруда шабыт беретін, көркем сөздің көркіне, музыканың сиқыр сазына, қыл қаламның сан алуан бояуына арқау болатын дүние – ең алдымен бізді қоршаған табиғаттың өзі.

Қазақ әдебиетінде ақын-жазушыларымыз сол табиғатқа тән түр-түстерді қолдану арқылы қаншама көркем образ, әсем бейнелерді жасап шығарды. Кейбір қаламгерлердің туындыларын оқып отырып, ондағы түр-түс атауларының керемет бай мүмкіншілігіне, өлеңді құбылтып, құлпыртатын қасиетіне қарап таң қаламыз.

Түр-түс атауларын өз шығармасына арқау еткен ақындарымыздан Мұқағали Мақатаев пен Жұмекен Нәжімеденовтерді ерекше атар едім. Мысалы, М.Мақатаев өзінің «Райымбек, Райымбек!» атты поэмасында қара түсті білдіретін атауларды былайша қолданады: