Файл: Жетісу облысы Ілияс Жансгіров атындаы Жетісу университеті Таырыбы аза тіліндегі тртс концепциясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қара таудың басынан көш келеді,

Қара жорға шайқалып бос келеді.

Қара күнді жамылып қара қазақ

Қара түнді басынан кешкен еді.

Қара қайғы көрсетпей ештеңені,

Қара жауы қанатын кескен еді.

Шұлғау болып қыздардың төсектері

Талай қара шаңырақ өшкен еді

Қара күн, қара түн, қара қайғы, қара жау деген тіркестерде қара сөзі қайғы-қасіретті, елге төнген қауіп-қатерді, жаманшылықты сездіртсе, қара шаңырақ деген тіркесте талай түтіні түзу шығып тұрған, мамыражай отырған отбасыларды меңзейді.
ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмысты қорытындылай келе, түр-түс атаулары қазақ тілінің бай сөздік қорының ерекше маңызы бар бір бөлшегі екеніне көзім жетті. Бүгінгі күні қазақ тілінің жалпы лексикасын зерттеу қаншалықты маңызды болса, ондағы түр-түс атауларын зерттеп, зерделеу де соншалықты маңызды. Өйткені сол арқылы біз күнделікті өмірде қолданатын қарапайым сөздердің бізге белгісіз мән-мағыналары мен беймәлім қырларын ашамыз.

Түр-түс атауларына жан-жақты талдау жасау барысында олардың мақал-мәтелдердің құрамында, тұрақты сөз тіркестерінің құрамында, поэзиялық туындылардың құрамында кездесу жиілігі мен ерекшелігі айқындалды. Алайда, түр-түс атауларының қолданылу аясы мұнымен шектеліп қалмайды. Бұлардан басқа, тіліміздегі түрлі сөздердің, атап айтсақ, жан-жануар, өсімдік атауларының, жер-су аттарының, тарихи ошақтардың, ру-тайпа атауларының, адам аттарының құрамында кездеседі. Ол атауларда да кездейсоқ қолданыла салмаған, белгілі бір мақсатпен, мән-мағынамен байланысты алынған.

Тағы бір маңызды жайт, қазақ тілінің сөздік қоры оның шаруашылығымен, айналысып отырған кәсібімен тікелей байланысты екені белгілі. Мұны түр-түс атаулары да дәлелдей түсті. Қазақ тілінде тек малға қатысты айтылатын көптеген түс атаулары бар екен. Мысалы: боз, бурыл, жирен, кер, құба, құла, қылаң, тарғыл, теңбіл, шабдар, шұбар, кер құла, т.б. Қазақ халқы жартылай отырықшылықпен айналысқаны да тарихтан мәлім. Соның бір көрінісі адамның бет-жүзіне қатысты бидай өңді, селеу түстес, екі беті алмадай қып-қызыл сияқты сипаттамалар.

Жеке адам үшін мән-маңызы зор түр-түс атаулары қоғам үшін де аса маңызды. Қазақ тілінің байлығын, көркемдігін ашып көрсететін сөздер тобының бірі – түр-түс атаулары – тіліміздің бай қазынасы. Түр-түс тануды арнайы ғылым ретінде қарастырып, бүгінгі қоғам өмірі мен өндіріс саласындағы түр-түс атауларының қолданысын зерделеу тіл білімінің кезек күттірмес маңызды мәселесі деп білемін.