Файл: аза тілі мен дебиеті пні бойынша оожбм 9 сынып Т2 і нса 1 мтін Зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулыкл.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ақсу Жабағылы» — Қазақстанның ең көне қорығы. Ол — Орталық Азиядағы
ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық.
«Іле-Алатауы» ұлттық табиғи саябағында 1 мыңнан астам өсімдік түрі бар. Бұл
өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Есік өзенінің маңынан ХХ ғасырдың 70 жылдары алтын киімді сақ жауынгері
табылған. Жауынгердің басына күн құдайының символы қанатты аттар бейнелен-
ген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Ұзын қылышы мен қысқа
қанжары бар. Жауынгердің жанына саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз,
кесек-кесек ет салынған асаяқтар, күміс пен қоладан жасалған қымбат құтылар
қойылған.
Антропологтардың анықтамасы бойынша, Есік қорғанында жерленген адамның
жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІV ғасырдың аяғында өмір сүрген.
1. Қандай өзендері бар өңір «Жетісу» деп аталып кеткен?
A) Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу.
B) Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу.
C) Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Қаратал және Көксу.
D) Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал, Көксу.
E) Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Есіл, Ертіс.
2. Қазақстанның ең көне қорығы?
A) «Ақсу Жабағылы»
B) «Алтынемел»
C) «Жетісу»
D) «Наурызым»
E) «Қорғалжын»
3. Жетісу жерінде тарихи-мәдени қанша ескерткіш бар?
A) 1520
B) 1519
C) 1518
D) 1517
E) 1516
4. Қай ұлттық табиғи саябағында 1800-ге жуық өсімдік түрі бар?
A) «Ақсу Жабағылы»
B) «Алтынемел»
C) «Жетісу»
D) «Наурызым»
E) «Қорғалжын»
5. Қай ұлттық табиғи саябағында өсімдіктердің 36 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген?
A) «Іле-Алатауы»
B) «Алтынемел»
C) «Жетісу»
D) «Наурызым»
E) «Қорғалжын»
ІІІ- нұсқа
5 мәтін
Бөгелек - жарғаққанаттылар отрядына жататын жәндіктер. Олар - соналар тобының бір түрі. Еуропалық бөгелектер Американың шығыс жағына алғаш рет 1800 жылдары келген.
Аналық бөгелектің ұзындығы - 5,5 см. Аталықтары жұмысшы қызметін атқарады және дене тұрқы кішірек болады. Бөгелектердің көздері тереңдей шұңқырлана орналасқан. Қанаттары сарғыш бурыл түсті, құрсағы қызғылт сары түсті. Денесінің үсті қоңыр жолақтармен көмкерілген. Бөгелектің шаққаны адамдарда ауырсыну сезімін тудырғанымен, оның уының әсері бөгелектердің түріне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ шаққан жерінің қаншалықты терең болуына байланысты уының мөлшері де әртүрлі таралады. Соның әсерінен туындаған аллергиялық реакциялар медициналық көмек көрсетілмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Бөгелек түнде белсенділік танытып, түнде ұшатын жәндіктерді аулап, дернәсілдерін қоректендіру үшін ұяларына тасиды. Бөгелек уын жәндіктерді өлтіру үшін қолданады. Қауіп төнген жағдайда ұяластарына белгі беріп, көмекке шақыра алады.Оның ұясы жақын жерде болса, жануарлар үшін де, адамдар үшін де үлкен қатер туғызады. Ұяларын қағаз және ағаш қойыртпақтан ағаш қуыстарына, шатырларға салады. Шіріген ағаш діңгектері мен бұталарын пайдаланатындықтан, қоңыр түсті болады. Ересек аталықтары ұя салуға қатыспайды, олар дернәсілдерді бағумен айналысады.
-
Бөгелектің ұясының адамдарға жақын орналасуы неге зиян саналады?
А) улы болғандықтан
В) бірден аллергия тудыратындықтан
С) түнде ұшатындықтан
D) ағаштарды шірітетіндіктен
Е) қатты дыбыс шығарғандықтан
-
Аналық бөгелектің ұзындығы неше см?
А) 5,2 см.
В) 7,3 см.
С) 8,1 см.
D) 4,7 см.
Е) 5,5 см.
-
Қанаттары қандай түсті?
А) сары түсті
В) қызғылт сары түсті
С) сарғыш бурыл түсті
D) қоңыр түсті
Е) ақ сары түсті
-
Еуропалық бөгелектер 1800 жылдары қай жерді мекендеген?
А) Американың шығыс жағына.
В) Американың батыс жағына.
С) Американың солтүстік жағына.
D) Американың оңтүстік жағына.
Е) Американың оңтүстік- шығыс жағына.
-
Бөгелек уын не үшін қолданады?
А) жануарларды өлтіру үшін
В) жәндіктерді өлтіру үшін
С) адамдарды өлтіру үшін
D) құстарды өлтіру үшін
Е) өсімдікті өлтіру үшін
6 мәтін
Найзағай – табиғаттың керемет, тылсым құбылыстарының бірі. Ата-бабаларымыз найзағайды құдіретті күш деп санап, аспан әлемінің қаһарына балаған. Мұның шындығы да бар.Қазіргі ғылым дамыған уақытта найзағайдың қуатты заряд күші бар құбылыс екені белгілі болғанда, одан адамзаттың қорқынышы көбеймесе, сейілген емес. Сондықтан оған қызықтап қарауға, үрейімен қауышуға үйірміз.
Жануарлардан тұратын жаңбыр – әлемнің көптеген елдерінде тіркелген болса да, өте сирек кездесетін метеорологиялық феномен. Алайда Гондурас халқы үшін бұл үйреншікті құбылыс ретінде қалыптасқан. Әр жылдың мамыр, шілде айларында аспанда қара бұлттар пайда болып, найзағай жарқырап, күн күркіреп, қатты жел соғып, 2-3 сағат жаңбыр жауады. Жаңбыр аяқталысымен, жерде жүздеген тірі балық денелері жатады. Кейін халық оны жинап, қуырып жейді.
Кататумбо найзағайы – бұл таңғажайып құбылыс жарқырауды бірде- бір дыбыссыз шығарады.Найзағай шамамен жерден 5 километр биіктікте пайда болады. Аталған найзағай сағатына 280 рет, күніне 10 сағат бойы, жылына 140-160 рет түседі. Бұл құбылыс Кататумбо өзені, Венесуэладағы Маракайбо көліне құйылатын жерінде, дәл өзеннің сағасында байқалады.
-
Кататумбо найзағайы неге таңғажайып құбылыс деп саналады?
А) биіктікте болғандықтан
В) дыбыссыз болғандықтан
С) өзен жанында болғандықтан
D) қатты жел болғандықтан
Е) күн күркірегендіктен
-
Қай айларда қара бұлт пайда болады?
А) наурыз, мамыр айларында
В) шілде, тамыз айларында
С) мамыр, шілде айларында
D) мамыр, маусым айларында
Е) шілде, маусым айларында
-
Жерде неше тірі балық денелеріжатады?
А) жүздеген
В) екі жүздей
С) елудей
D) жүз елудей
Е) жетпістей
-
Найзағай шамамен жерден неше километр биіктікте пайда болады?
А) жеті км.
В) сегіз км.
С) алты км.
D) бес км.
Е) үш км.
-
Жаңбар неше сағат жауады?
А) 2-6 сағат жаңбыр жауады...
В) 2-4 сағат жаңбыр жауады...
С) 3-5сағат жаңбыр жауады...
D) 2-5 сағат жаңбыр жауады...
Е) 2-3 сағат жаңбыр жауады...
І- нұсқа
1 мәтін
Жауап кілті:1) С, 2) D, 3) А, 4) С, 5) D
2 мәтін
Жауап кілті: 1) С, 2) D, 3) В, 4) А, 5) Е
ІІ- нұсқа
3 мәтін
Жауап кілті: 1) В, 2) D, 3) Е, 4) D , 5) А
4 мәтін
Жауап кілті: 1) А, 2) А, 3) В , 4) В , 5) А
ІІІ- нұсқа
5 мәтін
Жауап кілті: 1) А, 2) Е, 3) С, 4) А , 5) В
6 мәтін
Жауап кілті: 1) В, 2) С, 3) А, 4) D , 5) Е