Файл: Жргізуші андай жасы шыршамыз, н шырайы, баршамыз. Тапа айтып, би билеп, Жаа жылды бастайы рметті онатар, ріптестер кптеп кткен мерекеміз жаа жылда келіп жетті..docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жаңа жылда жаңа нұр»

Жүргізуші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық
Құрметті қонақтар, әріптестер көптеп күткен мерекеміз жаңа жылда келіп жетті. Биылғы жаңа жыл баршамыздың отбасыларымызға бақыт, береке, ынтымақ алып келсін дей отыра ортаға «Құлыншақ» тобының кішентай бүлдіршіндерін қарсы алайық.

Балалар әуенмен ішке кіреді.

Жүргізуші

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жананда

Жадырап барлық бала жүр осындай өлең шумақтан кейін балалардың шырша әнімен «Жаңа жыл,жаңа нұр» атты ертеңгілігімізді бастасақ.

Ән «Шырша,шырша шыршамыз»

Жүргізуші Жарайсыңдар балапандар орындарына жайғасындар.

Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.
Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле - шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.
Ақшақар: Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.
Аяз Ата: Айналайыным - ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсың ба өзі?
Ақшақар Жоқ, жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.
Аяз Ата: Қызым - ау, не айтып тұрсың!
Қарашы, біз тойға келдік!
Кәне, балалармен амандасайық.

Қазір балапандардың өнерін көреміз. Көңілді кеш болады,көңілін көтеріліп қалады.

Ақшақар: Жарайды Ата

Балапандар қандай әдемі болып кеткен. Залда әсем безендіріліпті мен осында қаламын.

Жүргізуші: Аяз ата ,Ақшақар қош келдіңіздер төрлетіңіздер балапандардың өнерін тамашалап біздің кеште қалыңыздар.Балапандардың сіздерге арнаған өлең шумақтары қабыл алыңыздар.

Тақпақ

Айару Аппақ тонға оранып

Базарлығын мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Бейбарыс Аяз ата ақ сақал

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата

Медина Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынғын

Сәлем берді жұртына


Жүргізуші :Жарайсыңдар балалар орындарына жайғасыңдар. Келесі кезекте бүлдіршіндердің биіне кезек берсек.

Би: Шығыс биі

Жүргізуші :Жарайсындар балалар биші өнерлі екенсіңдер ғой өздерін орындарына жайғасындар балаандар.Ой балалар бізге тағыда қонақ келген сияқты,қане кім келді көрейікші.

Музыка әуенімен сайқымазақ кіреді.

Сайқымазақ: О,о,о мен қайда тап болдым. Бұнда не болып жатыр балалар,бәрін әдемі болып кетіпсіндер,шырша да әсем безендірілген екен. Мен адасып кеткен сияқтымын ғой.

Жүргізуші: Сайкымазақ қош келдін қайдан жүрсін бұнда қалай тап болдың.Мен адасып кеткен сияқтымын қайда тап болдым.Бізде жаңа жылдық кеш өтіп жатыр. Біздің қадірлі қонағымыз болып балапандардың өнерін тамашалап,көңілді кешімізді көріп көнілінді көтеріп отыр. Бұл жерге жай келмеген шығарсын.

Сайқымазақ: Жарайды жаңа жылдық концерт көрейін.

Жүргізуші: Олар болса келесі кезекте балапандарымыздың « Айдай Шырша» әніне кезек берсек.

Ән: «Айдай шырша»

Музыка әуенімен ортаңға қоян келеді

Қоян: сыртта бәрі есіліп тұр. Көнілді кеш болып жатқан сияқты ғой. Менде осында отырып балалардың өнерін тамашалап,көңіл көтерсем бола ма?

Жүргізуші: Әрине Қоянжан қош келдің дәл уақытында келдін.Балалардын өзіне арнап дайындаған билері бар.Балапандарымызбен қосылып өзіңде билесен болады Қоянжан.

Би: «Қоян биі»

Қоян: Балалар коп ракмет билерің маған қатты ұнады. Биші екенсіңдер ғой өздерін.

Жүргізуші: Жарайсындар балалар орындарына жайғасындар.

Музыка әуенімен ортаға пенгвин кіреді

Пенгвин: Менің ішім пысты ойын ойнағым келіп тұр. Балалар менімен ойнайсындар ма? 2топқа бөлініп жарысып ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар.

Ойын:Сынарын табу.

Сыйлықтар таратылады

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.
Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Сайқымазақ, Қоян, Пенгвин Балалар меніңде кететін уақытым жетті. Аяз ата мен ақшақардан қалмай менде кетейін бәрі ұнады. Көңілім көтеріліп қалды. Сау болындар балалар.


Балалар: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар. Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Жаңа жылда,Жаңа нұр!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет. Жаңа жылымыз құтты болсын!Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.