Файл: Сынаптай сырып тіркесіні маынасына сас траты сз тіркесін крсетііз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
96- мәтін
Үшеуі бала кезден дос болатын. Бір сыныпта оқыды, бір ауылда өсті, бір қалада жоғарғы оқу орнын бітірді. Елдегі Жегішбек деген бастықтың тілін тапқан соң Сынапбек пен Жағымпаздың жолы болып, аттарына сай біткен мінездерінің арқасында қызметтері тез көтеріліп, дөңгеленген дүние бітіп, өмірде жолы болыңқырамай жүрген Шындықбекті шетке қағыңқырап, онымен барыс-келісті доғарып, «бала кезден бергі досымыз еді»- деп айтуға намыстаныңқырап жүрген кездері еді.
Бірде елге Тазабек деген адам бастық болып келді де сынаптай сырғанаған Сынапбек пен Жағымпазды орнынан алып, шындық үшін шырылдап жүрген Шындықбекті жоғарғы қызметке қойды. Жетімді жебеп.,жұмыссызға жұмыс тауып, ашты тойындырып, асқақтағанды сабасына түсіріп Шындықбегіңіз біраз жұмыстың басын қайырды.
Қазыналары ортайып, қызметтен шеттетілген Сынапбек пен Жағымпаз бала күндегі достары Шындықбекке келіп біреуі сынаптай сырғып, екіншісі жағымпазданып, араларында ештеңе болмағандай күй танытты.
Шындықбек бала кездегі достарын жылы қабақпен қарсы алып, келешекте дос болып қалуды құп көрсе Сынапбек пен Жағымпаз деген аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деп өзгертулерін өтініп, сол атқа лайық болуды сұранды. «Енді өзгереміз»-деп Шындықбектен шыққан Сынапбек пен Жағымпаз елдің патшасы Түгел Сатқышбекке жоғарғы қызметтегі Шындықбектің үстінен жоқты-барды теріп, «ішіп-жеді»- деп, ең ақырында өздерінің Сынапбек, Жағымпаз деген керемет аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деген қайдағы аттарға күштеп өзгертіп жатқаны туралы арыз жазуға кірісіп кетті…
-
«Сынаптай сырғып» тіркесінің мағынасына ұқсас тұрақты сөз тіркесін көрсетіңіз
A) Көзді ашып-жұмғанша
B) Қас пен көздің арасында
C) Ит өлген жер
D) Ит арқасы қиянда
E) Алды- артын орап
2. Мәтіннің соңғы бөліміндегі оқиғаға қатысты жауапты көрсетіңіз
A) Тура мағынада
B) Астарлы мағынада
C) Қарама-қарсы мағынада
D) Салыстырмалы мағынада
E) Келтірінді мағынада
97- мәтін
Құлын
Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Оны ана ағашқа байлап қойды. Биенің қасында ойнақтап жүрген құлын әдемі — ақ.Жанына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекел еттім. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, қарап тұрды. Қайта келіп, есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. «Жануар — ай, шөлдеген екенсің ғой» деп ойладым.
Көшедегі су құбырының суын ағызып қойдым. Құлын жасқана басып суға жақындады. Аузын тосып еді, су танауына кіріп кетіп, пысқырынып шегінді. Суды азайтып ағыздым. Құлын суға тұмсығын тосып, ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. Жалынан сипасам, сүйсіне қарап тұрады.
-
Құлынға қатыты шақыру одағайын белгілеңіз
A) құрау-құрау
B) моһ-моһ
C) пұшайт-пұшайт
D) әукім-әукім
E) көс-көс
2. Біраздан кейін тәуекел еттім. Берілген сөйлемнің мазмұнынаи сай мақал- мәтелді көретіңіз
A) Тәуекелге тәубе ет.
B) Нар тәуекел- ер ісі.
C) Тәуекел түбі- желқайық.
D) Тәуекел тас жарады.
E) Мір тәуекел бұзады.
98- мәтін
Екі дос ағаштың арасымен келе жатып бір аюға кездесті. Олардың біреуі әлсіз, ауру екен. Аюды көрген кезде сауы ауру жолдасын тастап, жүгіріп барып, бір ағаштың басына шығып кетеді. Ауру, әлсіз досының ағашқа шығуға дәрмені болмайды. Ол жерге етпетінен түсіп, өлген кісідей, дем алмастан жата қалады. Өйткені аю өлген кісіге тимейді екен. Аю жатқан адамның қасына келіп, иіскелеп, дыбысы білінбеген соң, жөніне кетеді.
Аю кеткен соң, ағаштың басындағы жолдасы жерге түсіп,ауру досынан:
— Аю сенің құлағыңа не деп сыбырлап кетті?- депті.
— Басыңа қиыншылық түскенде, сені жалғыз тастап кеткен жолдасың жаман екен деді,- деп досы жауап беріпті.
-
Мәтін мазмұнына сай тақырыпты белгілеңіз
A) Қорқақ дос
B) Ақылды аю
C) Жаман жолдас
D) Аюдың ақылы
E) Ауру дос
2. Мәтіннің түрін анықтаңыз
A) әңгімелеу
B) суреттеу
C) пайымдау
D) сипаттау
E) зерттеу
99- мәтін
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз.
“Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып:
— Қолқанатым менің!- дейді.
-
Мәтіннің мазмұнына сай сөйлемді белгілеңіз
A) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.
B) Ата көрген оқ жонар.
C) Мінез тәрбиеге байланысты қалыптасады.
D) Тәрбие- тал бесіктен басталады.
E) Жақсы бала еліне бас болады.
2. “Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деген тіркестің мағынасына сай ойды көрсетіңіз
A) Тап- таза болғандықтан
B) Аппақ киініп келе жатқандықтан
C) Судан келе жатқандықтан
D) Қаздарға ұқсатқандықтан
E) Қатар- қатар тәртіппен келе жатқандықтан
100 – мәтін
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “Ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды. 1723 жылы солтүстік-шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік-батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақ диаспорасының әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен.
-
Мәтіннің стилін анықтаңыз
A) Публицистикалық стиль
B) Көркем әдебиет стилі
C) Ресми стиль
D) Ғылыми стиль
E) Іс қағаздар стилі
2. Қазақ диспорасының ата жұрттан ығысуы неше ғасырға созылды?
A) Үш ғасырға
B) Бес ғасырға
C) Екі ғасырға
D) Бір ғасырға
E) Төрт ғасырға