Файл: Мектеп Ухуд жекеменшік жалпы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 30

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Мектеп:

«Ухуд» жекеменшік жалпы орта мектебі

Бөлім:

6.4А Статистика. Комбинаторика

Педагогтің аты-жөні:

Артукова Дияна Бахтияровна

Күні:

29.03.2023

Сыныбы: 6-«А», «Б»




Сабақтың тақырыбы:

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.3.1бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;

Сабақ мақсаттары:

1.Бірнеше сандардың мода, медианасының анықтамасын біледі және статистикалық санды сипаттамаларды есептейді.

2.Сандардың арифметикалық ортасын, құлашын (өзгеріс ауқымын), модасын, медианасын анықтайды;

деректерді есептер шығаруда қолданады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І Ұйымдастыру

Сәлемдесу;

Оқушыларды түгелдеу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру



Сабақтың

ортасы

15 мин

10 мин


ІІІ Жаңа тақырыпты ашу. Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі. Халық шаруашылығындағы қайсы бір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Халық шаруашылығында, тұрмыста кездесетін шамалардың өзгерістерін сипаттауда жиі пайдаланатын статистикалық сипаттамалар: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода және медиана.

Арифметикалық орта дегеніміз не? Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады. Проблемалық ситуация: Оқушыларға кез келген сандар қатарын құрастырту. Осы қатардың ең кіші санын және ең үлкен санын анықтап, олардың айырмасын; осы қатарда жиі кездесетін санды; осы қатардың ортасында орналасқан санды табу керек. Осы сандардың арифметикалық ортасын табу керек. Осыдан келіп бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын шығару.

№ 1. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 5, 7, 10, 12, 16; Ш: (5+7+10+12+16)/5=50/5=10. 2) 14, 18, 17, 23; Ш: (14+18+17+23)/4=72/4=18. 3) 45, 58, 76, 81; Ш: (45+58+76+81)/4=260/4=65. 4) 3, 6, 12, 10, 9; Ш: (3+6+12+10+9)/5=40/5=8.

№ 2. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 1; 2; 5; 7; Ш: 7 – 1 = 6. 2) 3 1/5; 2 1/8; 4/5; 1/5; Ш: 3 1/5- 1/5=3. № 3. Сандардың модасын табыңдар: 1) 2,1; 3,5; 4,6; 2,1; 0,3; Ш: мода – 2,1. 2) 3/5; 1 1/7; 2 1/3; 3/5; 1; 3/5; Ш: мода – 3/5. 3) 5,1; 7,5; 8,3; 10,2; 20; Ш: мода – жоқ. 4) 6,1; 7,5; 7,5; 5,9; 6,1; Ш: мода – 6,1 және 7,5. Дескриптор: Білім алушы: Бірнеше сандардың арифметикалық ортасын табады; Сандардың өзгеріс ауқымын табады. Модасын табу жолы

Сандар тізбегінің модасын табу жолы аса қиын емес. Бар жоғы ең көп кездесетін санды ғана табу керек. Мына жиында 4, 5, 66, 5, 12 мода неге тең? Егер сізге моданы бірден табу қиын болса сандардың ұшырасуын жеке жеке етіп жазыңыз:

4 бір рет кездесті;

5 саны бір рет;

66 саны бір рет;

5 саны екі рет кездесті;

12 саны бір рет.

5 саны екі рет қайталанды. Қалғандары қайталанбады. Демек 4, 5, 66, 5, 12 жиынының модасы 5 тең. Кейде мода екі не одан да көп санға тең болады. Мысалы 1, 2, 2, 3, 3, 4 сандар жиынында екі мода бар. Ол 2 және 3 сандары. Ал 1, 2, 2, 3, 3, 4, 4, 5, 6, 7 сандар жиынында бақандай үш мода бар. Оларды жазып беріңіз.{\displaystyle {\overrightarrow {BA}}}

Жұмыс

дәптері




10 мин

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгендегі шыққан бөліндіні айтады.

Мысалы, 5,3, 5,2, 4,8 сандарының арифметикалық ортасы:

5,3+5,2+4,83=15,33=5,1.

Сандардың өзгеріс ауқымы деп, берілген сандар қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәннің айырмасын айтады.

Мысалы, 5,3, 5,2, 4,8 сандарының өзгеріс ауқымы: 5,3 – 4,8 = 0,5.

Шаманың модасы – оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.

Мысалы, оқушының орыс тілінен алған бағалары: «5», «4», «3», «2», «3» болса, онда оның модасы «3».
Медиана дегеніміз.Мына 1, 2, 3 сандар жиынының медианасы 2 саны болады. Медиана дегеніміз реттелген сандар жиынының ортасында орналасқан элемент. Тағы бір мысал келтірейік. 2, 4, 6, 55, 123 сандар жиынының мединасы 6 саны болады. Ал мына 2, 8, 3 жиынының медианасы қаншаға тең? Сегізге тең бе? Оны табу үшін алдымен жиынды реттеп қоямыз: 2, 3, 8. Ортасында 3 саны тұр. Сол медиана болады.Егер санды жиынның элементтерінің саны жұп болса ортасында орналасқан екі санның орташа мәні медиана болады. Мысалы 1, 2, 4, 5 сандар жиынының ортасында екі сан бар. Ол 2 және 4. Осылардың орташа мәнің есептейік: (2+4)/2 = 3. Демек 1, 2, 4, 5 сандар жиынының медианасы 3 болады. Оқулық есептерін шығару.

1169-1170 есептерді шығару.




Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы 1173 есепті шығару.