Файл: ыса мерзімді жоспар Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні:

Уалиханова П.Б.

Пән/Сынып:

Дүниетану 2 «Ә» сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

23-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі адамдардың өндірістік шаруашылыққа өтуі

Оқу мақсаты:

2.3.1.1.Шаруашылық дегеннің не екенін білу.

Өңдейтін және өндіретін шаруашылықты ажыратуды үйрену.


Бағалау критерийі:

  1. Шаруашылық дегеннің не екенін біледі.

  2. Өңдейтін және өндіретін шаруашылықты ажыратуды үйренеді.

Құндылықтарға баулу

Жaс жеткiншектердi еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

  • Сәлеметсіздерме балалар!

Онлайн сабағымызға қош келдіңдер!

Дүниетану сабағын бастаймыз. «Дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімін әрі қарай жалғастырамыз.

Бүгінгі тақырыбымыз: Ежелгі адамдардың өндірістік шаруашылыққа өтуі.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты

Сен

- 1.Шаруашылық дегеннің не екенін біледі.

2.Өңдейтін және өндіретін шаруашылықты ажыратуды үйренеді.







Презентация № 2

7-8 минут

Жаңа сабақ

-Ежелгі адамдардың өмір сүруі өте қиын болған.Олар жеуге жарамды өсімдіктермен аң құстарды аулаған.Бірақ оларды табу қиынға соққан.

Жеуге жарамды өсімдіктер кез келген жерде өсе бермеген.Аулайтын аң-құс та солай болды.Бұл жағдай адамдардың өмір сүруіне, азық табуына қиындық туғызды.

Ежелгі адамдар өмір сүру үшін алғашында табиғаттағы дайын дүниелерді пайдаланды.



Жер игеру,-жерді жырту-қопсыту,егінмен айналысу.Әйелдер терімшілікпен айналыса жүріп,жерге түскен дәннің өсіп-жетілетінін байқады.Оларды қопсытқан топыраққа егіп,күтіп баптау арқылы мол өнім алуға болатынын білді. Осылайша егін-шаруашылығы пайда болды.





Ондағы егін шаруашылығына керекті құралдар; кетпен, қолорақ.

Кетпен–ауыл шаруашылық жұмыстарында, тұрмыста қолданылатын құрал. Кетпен Орт. Азияда тұратын халықтарда өте ерте заманнан белгілі. Оны, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарда көбірек қолданады. Кетпен жүзінің жалпақтығына байланысты әр түрлі болып келеді. Кейде салмағын жеңілдету мақсатымен кетпеннің ортасын ойып тесік жасап қояды.


Орақ – егін оруға арналған еңбек құралы. Онымен жабайы дәнді дақылдар немесе қолдан өсірілген егін орылды. Ол кездегі орақ Адам баласы өнім өндіре бастаған неолит дәуірінде пайда болған. Алғашқыда микролит тастар таңдап алынғанда, ағашқа немесе сүйекке ұзына бойына орнатылып, қара маймен бекітілген.


Аң аулағанда аңшылар үнемі олжамен

орала бермеген.Адамдар аштықты да басынан өткерді. Аңшылықтан малшаруашылығы келіп шықты.Ер адамдар аң аулап жүріп,жабайы жануарлардың құлын, бұзау,қозы-лақ сияқты төлдерін әкелді.

Оларды өсіріп,қолға үйретті.Осылайша қой,ешкі,жылқы, сиыр қолға үйрене бастады.Адамдардың тұрмыс-тіршілігі жақсара түсті.

Мал шаруашылығы-мал өсіру,мал бағу,оны көбейту дегенді білдіреді.

Жаңа тақырыпты меңгеру
1.Ежелгі адамдардың өмір сүруі жайлы айтады.

Еңбек –құралдарының неден жасалғанын біледі.

Мал шаруашылығымен қалай айналыса бастағанын біледі.






Презентация № 3

Презентация № 4

Презентация № 5

Презентация № 6

Презентация № 7

3 минут





Бекіту

Егін егіп,мал өсіру өндірістік шаруашылық деп аталады.Осы өндірістік шаруашылық арқылы адамдар өзіне қажетті азық-түлікті алады.

  • Қазіргі күні аңшылық пен терімшілік сақталған ба?

Аңшылық бар, бірақ оны саят ету дейміз.

Егін егу де бар, бірақ біз оларды арнайы техникалармен өндіріп, жинаймыз.

кері байланыс жүргізу)

1.Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздан не үйрендік?

2.Сабағымыздың мақсатына жете алдық па?
Үйге тапсырма: Шағын әңгіме құра.

1.Егіншаруашылығы қалай пайда болды?

2.Адамдар мал шаруашылығымен қалай айналыса бастады.


Тақырыпты меңгергенін анықтау

Дескриптор

Білім алушы
Қазіргі күні аңшылық пен терімшілік сақталғанын айтады.



Презентация № 8


Презентация № 9