Файл: 54 мектеплицейіні тарих пні малімі НрСлтан аласы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

54 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ергешова Сауле Анарбековна, №54 мектеп-лицей, Нұр-Сұлтан қаласы

Пән/Сынып:

Дүниежүзі тарихы, 7 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

7 апта, 7 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жаңа заман тарихы бойынша қорытынды сабақ

Оқу мақсаты:

Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау

Бағалау критерийі:

Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталайды

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма


Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

2 минут

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, жаңа сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру.

Не меңгеретінін білу үшін




Презентация № 1-2 бет

https://www.youtube.com/watch?v=YjL3LjIXVTU


5-6 минут


Жаңа сабақ

Жаңа заман – қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Жаңа заман тарихы XVI-XIX ғасырлар аралығын, Ұлы географиялық ашылулар заманынан бастау алып, XX ғ-ң басындағы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан айырмашылығы өте айқын байқалады. Ортағасырлық аграрлық өркениеттің біртіндеп индустриялық өркениетке ауыса бастағанын көреміз. Аграрлық өркениет мыңдаған жылдар бойы жер шарының әр түпкірінде – Еуропа мен Америкада, Африка мен Азияда өркендеп дамыды. Ал индустриялық өркениет алғаш рет Еуропада дами бастады. Индустриялық өркениеттің отаны деп ХVIII ғасырдағы Англияны санайды.

Жаңа тақырыпты меңгеру





Презентация № 4-20 бет


8 минут


Тәжірибе

Терминдермен жұмыс жасау

Аграрлық қоғам –(жер өңдеу немесе мал шаруашылығы) бағыттағы қатаң қауымдық иерархиялы және дәстүрге негізделген қоғам.

Урбандалу-қалалар мен қала халқының санының артуы, модернизацияға тән ерекшелік.

Индустриализация - ірі машиналық өндіріс құру, экономикадағы өнеркәсіп өндірісінің маңызын арттыру процесі.

Модернизация – барлық салада индустрияға дейінгі (дәстүрлі) қоғамның индустриалды қоғамға айналуы жүзеге асатын ұзақ және қүрделі өзгерістердің үдерісі.
1-тапсырма: Cәйкестендіру

1

1839-1870жж

А

Адам және азамат құқықтарының декларациясы

2

1789ж 26 тамыз

B

Бірінші жапон-американ келісімшарты

3

1769-1821

С

Танзимат реформалары

4

1854 ж 13 наурыз

D

Декабристер көтерілісі

5

1861-1865 жж

E

Бірінші Апиын соғысы

6

1857-1859 жж

G

Наполеон Бопанарт

7

1825 ж

H

Бородино шайқасы

8

1840-1842 жж

E

Бастилияны басып алу

9

1789 14 шілді

K

Үндістандағы ұлт-азаттық көтеріліс

10

1812 ж

L

Азаматтық соғыс


2 тапсырма Көп нүктенің орнын толтыр
1.Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені.....

2. «Тәуелсіздік Декларациясы» ..... қабылданды.

3.Бұл құжаттың авторы.....

4. 1882 жылы АҚШ пен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы келісімшартқа қол қойған мемлекет......

5.Біреудің жеріне өз бетінші қоныстану.....


Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 3 бет

Презентация № 21 бет

Презентация № 22 бет


3 минут


Бекіту

3 тапсырма.





Тақырыпты меңгергенін анықтау

Бағалау критерийлерін ұсыну

Презентация № 23 бет

1 минут


Қорытынды

Сабағымызды қорытындылайық.

Жаңа заманда 18 ғас-ң соңындағы Ұлы Француз төңкерісінен кейін бостандық, теңдік пнн бауырмалдық идеялары пайда болып , көне құрлық -Еуропада ескі тәртіптік жүйені күйрету заманы басталды.

Ұлы географиялық ашулар еуропалық отаршылдық саясатты дүниеге әкелді. Шығыс елдері еуропалық қатігез отаршылдар алдында дәрменсіз болып, қарсылық көрсете алмады.

Шығыс елдері метрополияның аграрлық шикізат көзіне айналды. Бұл елдерде, негізінен, жергілікті шикізатты өңдеуден өткізетін өнеркәсіп салалары дамыды. Отаршылдар Азия мен Африка елдерінің артта қалған, нашар дамыған жағдайын өзгерткісі келмеді, олар халықты қанаудың ең ауыр әдістерін қолданып, саяси бытыраңқылықтарын барынша сақтауға тырысты. ХVІІ ғасырдың соңы мен ХVІІІ ғасырдың басында қоғамдық санада күрделі өзгерістер болып өтті. Жаратылыстану ғылымдарының дамуы, қоршаған дүниені игерудегі жетістіктер көптеген оқымыстыларды адамның таным мүмкіндіктері туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті. Нақты және гуманитарлық ғылымдардың көмегімен алынған білім қоғамды жақсартуға қабілетті күш деп жарияланды. Діни көзқарастар теріске шығарыла бастады.

Рефлексия

Мен барлығын түсіндім.

Мен орташа түсіндім.Мен ешнәрсе түсінбедім.








Презентация № 24-25 бет