Файл: Фонетика тіл туралы ылымны бір саласы. Онда дыбыстар, екпін жне буын, ндестік заы арастырылады. аза тілінде 42 ріп жне 37 дыбыс бар. Екі белгі бар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, сөйлемнің түрлерін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Сөз тіркесі: есімді сөз тіркесі, етістікті сөз тіркесі. Сөз тіркесі бағыныңқылы сөз(бірінші), басыңқы сөз (екінші) сөздерден тұрады. 1) Есімді сөз тіркесі - басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. 2) Етістікті сөз тіркесі - басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Сөз тіркесі бола алмайтындар: тұрақты тіркестер, күрделі сөздер. Сөйлем - тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлем:жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Сөйлем айтылу мақсатыны қарай: 1) Хабарлы – . 2) Сұраулы – ? 3) Бұйрықты – ! 4) Лепті – ! |

Сөйлем мүшелері. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағаналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз. 1.Тұрлаулы мүшелері (сөйлемнің негізгі мүшелері): бастауыш, баяндауыш 2.Тұрлаусыз мүшелері- толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш Бастауыш. (Тұрлаулы мүше) Сөйлемде заттың атын білдіреді. Сұрақтары кім? не? кімдер? нелер? Асты бір сызықпен сызылады. ___________ Мысалы: Сәуле тоқыды. Баяндауыш. (Тұрлаулы мүше)Сөйлемде бастауыштың, ісін қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға қойылады. М: Сара жазды. Асты екі сызықпен сызылады. ========== Бастауыш та баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін (-) қойылады. Мысалы: Әмір- күйші, Алматы –сәулетті қала. Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз. Тұрлаусызмүшелер. Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін, тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға: қандай? кімге? неге? нені? қашан? қайда? т.б. сұрақтар қойылады Анықтауыш. Сөйлемде басқа мүшелердің сын-сипатын анықтайды. Қандай? қай? қанша? неше? кімнің? нені? Асты ирек сызықтпен сызылады. Толықтауыш. Сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүше. Кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? - - - - - - деп сызылады Пысықтауыш. Сөйлемде іс-қимылдың түрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б.) анықтайды.Қайда? қайдан? қашан? қалай? қайтіп? не үшін? _ ._._._._._ деп сызылады |
Тұрлаусыз мүшелер:
Толықтауыш - - - - - - - - - - - | Б.с. кімге?неге? Т.с. кімді? нені? Ж.с. кімде?неде? Қайда? Ш.с.кімнен? неден? қайдан К.с. кіммен? немен? | Қанат саған хат жазды. Олар Медеуді аралады. Әлияда шана бар. Ол кітапты кітапханадан алды. Әкесі баласымен отыр. |
Анықтауыш ͠ | Қандай? Нешінші? Неше? Қанша? Кімнің? Ненің? | Алмас-озат оқушы. Мен бесінші сыныпта оқимын. Абайдың суреті ілулі тұр. |
Пысықтауыш - . - . - . - . | Қалай? Қайда? Қашан? Қайдан? | Машина тез жүреді. Олар далаға шықты. Қыста күн суық. Біз қаладан келдік. |
Сөйлем құрамына қарай:
Түрлері | Ереже | Мысалдар |
Жақты | Бастауышы бар сөйлем. | Мен ауылға бардым. |
Жақсыз | Бастауышы мүлде жоқ сөйлем. | Оған хабар беру керек. Менің оқығым келеді. |
Жалаң | Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем. | Ол келді. Жаңбыр жауды. Той өтті. Бала оқиды. |
Жайылма | Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлем. | Ол ерте келді. Жаңбыр қатты жауды. |
Толымды | Ойға қажетті мүшелердің бәрі қатысқан сөйлем. | Қыста бұл жердің ауа-райы өте суық болады. |
Толымсыз | Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем. | - Балам, қайдан келдің? - Астанадан. (толымды) |
Атаулы | Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем. | Жаз. Қайнаған күн. Егіс даласы. |
С Т И Л Ь
Стиль – сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы.
Қазақ тіліндегі стильдердің бастылары:
Ауызекі сөйлеу стильдің мақсаты – қатынас жасау | - Мереке құтты болсын! - Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын! |
Ғылыми стильдің мақсаты – заттар мен құбылыстардың ерекшелігін ашып, мәлімет беру. | Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейміз. |
Ресми іс-қағаздар стилі – хабарлау, анықтау, мәліметтер береді. | Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын. |
Публицистикалық стиль – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аударады. | 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңындаЕлбасымыз Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы»атағы берілді. |
Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер етеді. | Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті. |

| |
| |
| |