Файл: Жыраулар поэзиясында хv хvііі асырдаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

Сарысу болды жүрекке,

 

Он жетіде құрсанып,

 

Қылыш ілдім білекке.

 

Жауға қарай аттандым

 

Жеткіз деп құдай тілекке, –

 

деп өзі жырлағандай, жорық жыршысы болған Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арада болған соғыстарға қатысқан. «Ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап» деп жырлаған Ақтамберді қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен ерлік көрсетеді, талай рет жау қолында қалып, өлім аузынан қайтады. Сонда да мойымаған батыр-жырау өз бейнесін «Салпаң да салпаң жортармын» толғауында:

 

Жапанға біткен терекпін,

 

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,

 

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын

 

Балталасаң да айырылман,

 

Сыртым – құрыш, жүзім – болат,

 

Тасқа да салсаң майырылман! –

 

деген жолдар арқылы шынайы сипаттаған.

 

Ақтамберді толғауларының өзіндік ерекшелігі – батырдың жан серігі ретінде бағаланған жылқы түлігін әспеттей суреттеуі. Жырау «От басар орны отаудай» толғауында:

 

Ор қояндай қабықты,

 

Қиған қамыс құлақты,

 

Сары мысықтай азулы,

 

Саптыаяқтай ерінді,

 

Омырауы есіктей,

 

Ойынды еті бесіктей, –

 

деп, батырға лайық тұлпардың сипатын суреттеген.

 

Жыраудың шығармашылығынан өзіндік орын алатын «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауында Ақтамбердінің елінехалқына деген сүйіспеншілігі, ер-азаматқа тән игі қасиеттер, ел басқаратын әкімдердің қандай болу керектігі жан-жақты жырланған.

 

Көпті көрген көнекөз жырау «Баларыма өсиет» толғауында:

 

Бірлігіңнен айырылма,

 

Бірлікте бар қасиет.

 

Татулық болар береке

 

Қылмасын жұрт келеке.

 

Араз болсаң алты ауыз

 

Еліңе кірген әреке.

 

Ақылың барың ұғарсың

 

Ойың болса сезімді..., –

 

деп, ұрпағын береке-бірлікке, татулыққа, ынтымаққа ұйымшылдыққа шақырған. Жырау толғауларында дыбыстық үйлесімділік шебер қолданылған. Мысалы,

 

Жағалбайлы деген ел болар,

 

Жағалтай деген көл болар,

 

Жағалтайдың жағасы

 

Жасыл да байтақ көл болар, –

 

деген өлең жолдары бірыңғай «Ж» дыбысынан басталып, аллитерацияға құрылған. Ақтамберді жырау Сарыұлының толғаулары: «Жағалбайлы деген ел болар», «Жел, жел есер, жел есер», «Жағама қолдың тигенін», «дұшпаннан көрген қорлығым», «Көк көгершін, көгершін», «Салпаң да салпаң жортармын», «Жауға шаптым ту байлап», «От басар орны отаудай», 
«Күмбір-күмбір кісінетіп», «Ағайының көп болса», «Еділ, Жайық екі өзен», «Балаларыма өсиет».

 

Үмбетей – 1706 – 1778 жылдары өмір сүрген жырау, жыршыБөгенбай батырдың жауынгер серігі. Үмбетейдің әкесі Тілеу қаһармандық жырларды, ескі аңыздарды, билердің шешендік сөздері мен нақылдарын жетік білетін шежіре, халықтың музыка мұрасын да жан-жақты меңгерген дәулескер қобызшы, ел ішінде абыз атанған адам екен. Үмбетейдің өмірдегі де, өнердегі де ұстазы өз әкесі болған. Үмбетей толғауларында сырт жаулармен күресте аты шыққан батырлар тұлғасы ерекше жырланған. Жырау толғауларынан ерекше орын алған тұлға – Бөгенбай бейнесі. «Бөгенбай өліміне» толғауында жырау:

 

Уа, Алатаудай Ақшадан

 

Асып тудың Бөгенбай,

 

Болмашыдай анадан

 

Болат тудың Бөгенбай!

 

Құбыла көшкен байтақтың

 

Ордасындай Бөгенбай!

 

Темір жұмсап, оқ атқан

 

Қорғасындай Бөгенбай!

 

Қолтығы ала бұғының

 

Пәйкесіндей Бөгенбай!

 

Білегі жуан бүркіттің

 

Тегеурініндей Бөгенбай! –

 

деп, Қанжығалы қарт Бөгенбайдың ерлік тұлғасын асқақта жырлап, батырды қорғасынға, тегеурінді бүркітке теңейді. Үмбетей жырау «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» толғауында:

 

Аруағыңа болысқан,

 

Қашпаған қандай ұрыстан

 

Керейде батыр Жәнібек,

 

Қаз дауысты Қазыбек,

 

Қу дауысты Құттыбай,

 

Қаракерей Қабанбай,

 

Қанжығалы Бөгенбай, –

 

деп ел қорғаны болған батырларды дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстауды – бүкіл Сарыарқа атырабын – қазақ жерін – атамекенді жаудан қорғап қалған Бөгенбай батырдың ерлігін жырлай келе, халық ауыз әдебиетіндегі естірту үлгісін пайдалана отырып, оның өлімін Абылай ханға:

 

Жасыңда болған сырласың,

 

Үлкен де болса құрдасың.

 

Сексеннен аса бергенде,

 

Қайырылмас қаза келгенде

 

Батырың өлді – Бөгенбай! –

 

деп естіртеді де:

 

Бөгенбай сынды батырдың

 

Береке берсін артына-ай,

 

Сабыр берсін халқына-ай

 

Жасаған ие жар болып,

 

Бейіште нұры шалқығай! –

 

деген жолдармен батырдың қазасына ортақтасып, ел қорғаны болған батырынан айырылған еліне 

көңіл айтады.

 

Жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге» деген толғаулары – жаман қылықтан сақтандырып, жақсылыққа, адамгершілікке үндейтін дидактикалық сарындағы шығармалар. Үмбетей жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бекболат биге», «Бөгенбай өліміне», «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» деген толғаулары бар.

Осы бөлім бойынша тест тапсыруКонспектті жүктеп алуТестті жүктеу *

* Тек оқытушылар үшін

СҰРАҚТАР

  1. Ақтамбердінің толғауын көрсетіңіз.

  2. «Дұшпаннан көрген қорлығым

Сары су болды жүрекке» – деп толғаған жырауды көрсетіңіз.

  1. «Он жетіде құрсанып, білекке қылыш ілген» батыр-жырауды белгілеңіз.

  2. Жағалбай деген ел болар,

Жағалтай деген көл болар,

Жағалтайдың жағасы

Жасыл да байтақ ну болар, – деген Ақтамберді толғауында қолданылған көркемдік тәсілді көрсетіңіз.

  1. Ақтамберді толғауларында ерекше жырланған түлікті көрсетіңіз.

  2. Ақтамбердінің жылқы түлігін ерекше жырлаған толғауын көрсетіңіз.

  3. Оңтүстік Қазақстанның Қаратау өңірінде дүниеге келген жырауды көрсетіңіз.

  4. Үмбетейдің ұстазы кім болғанын көрсетіңіз.

  5. Үмбетей толғаулары поэзияның қай түріне жататынын табыңыз.

  6. Үмбетейдің арнау түріндегі толғауын көрсетіңіз.

  7. Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірткен жырауды көрсетіңіз.

  8. «Қаз дауысты Қазыбек», «Қу дауысты Құттыбай», «Қаракерей Қабанбай», «Қанжығалы Бөгенбай есімдері» қай жыраудың толғауында кездесетінін көрсетіңіз.

  9. Бос орынға Үмбетей толғауында кездесетін керекті сөзді көрсетіңіз.

Жасыңда болған сырласың,

Үлкен де болса құрдасың,

__________ аса бергенде,

Батырың өлді – Бөгенбай!

  1. «Бөгенбай сынды батырдың

Береке берсін артына-ай,

Сабыр берсін халқына-ай,

Жасаған ие жар болып,

Бейіште нұры шалқығай!» – деген Үмбетей жыраудың толғауы ауыз әдебиетінің қай жанрына жататынын көрсетіңіз.

  1. «Ел-жұрты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап» деген сөзді айтқан жырауды көрсетіңіз.

  2. Ақтамберді жыраудың әкесінің атын көрсетіңіз.

  3. «Күмбір-күмбір кісінетіп...» деп толғаған жырауды белгілеңіз.

  4. Жиембет жыраудың: «Менің ерлігімді сұрасаң – Жолбарыс пен аюдай», – деп қай ханға айтқанын көрсетіңіз.

  5. Бос орынға Жиембет толғауында кездесетін теңеу сөзді көрсетіңіз.

«...Өрлігімді сұрасаң – Жылқыдағы асау _______ ».

  1. Жиембеттің әкесінің атын көрсетіңіз.

  2. Жиембеттің елінен қуылған себебін көрсетіңіз.

  3. Жиембеттің толғауын көрсетіңіз.

  4. Есім ханның тұсында өмір сүрген жырауды көрсетіңіз.

  5. «Еңсегей бойлы ер Есім» деп толғаған жырауды көрсетіңіз.

  6. Жиембет жырау қай ғасырда өмір сүргенін көрсетіңіз.

  7. «Жатқан жері даладай, Екі өркеші баладай» (Үмбетей жырау).


Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз.

  1. Үмбетей өнерден де, өмірден де дәрісті кімнен алғанын белгілеңіз.

  2. «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауында Жиембет жырау өзінің ерлігін неге теңейді?

  3. Жыраулар поэзиясының өкілі (-дері)

ХVІІІ ғасыр – қазақ халқы үшін ең бір қиын кезең болды. Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басып алу мақсатымен талай шабуыл жасады. Қалмақтардың шабуылына төтеп бере алмаған қазақ халқы ата жұртын тастап, босып кетуге мәжбүр болды. Бұл кезең «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен тарихта қалды. Бұқар шығармалары осындай қиын-қыстау кезеңде туып, қазақ әдебиетінде өзіндік өрнекпен сақталып қалды.

 

Бұқар Қалқаманұлы 1668 жылы Баянауылда дүниеге келіп, 1781 жылы Далба тауында дүние салған әйгілі жырау, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында хандық құрған Абылайдың ақылшы, кеңесшісі болған. Сондықтан ол Абылайға батыл тіл қатып, оған «Абылайшам», «Абылайша» деп еркін сөйлеген. Бұқар өзінің «Ей, Абылай» деген толғауында:

 

Ей, Абылай, Абылай!

 

Сені мен көргенде –

 

Тұрымтайдай ұл едің,

 

Түркістанда жүр едің.

 

Әбілмәмбет төренің

 

Қызметінде тұр едің, –

 

деп, Абылайды он бір жасынан білетінін тілге тиек еткен.

 

Бұқар шығармаларында жақсылық пен жамандықдостық пен қастық, адалдық пен арамдық туралы баса жырланған. «Жар басына қонбаңыз» толғауында:

 

Жаманмен жолдас болсаңыз

 

Көрінгенге күлкі етер.

 

Жақсымен жолдас болсаңыз,

 

Айырылмасқа серт етер, –

 

деп, жақсылық пен жамандықты психологиялық параллелизм арқылы салыстыра суреттесе, «Алыстан қызыл көрінсе» толғауында:

 

Айтқан сөзге түспеген

 

Жаман емей немене,

 

Сұрағанда бермеген

 

Сараң емей немене,

 

Кісі ақысын көп жеген

 

Арам емей немене, –

 

деген жолдармен жамандықтың белгілерін тарқатып айтқан.

 

Бұқар жырау замана, өмір жайлы көп толғанған. «Асқар таудың өлгені» толғауында табиғатта бәрі өшіп, өніп, өзгеріп отыратынын айта келіп, «Өлмегенде не өлмейді?» деген сұрақ қойып, оған 
«Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді» – деп жауап беріп, бүкіл саналы ғұмырын адамзаттың жақсылығы үшін жұмсаған адамның өзі де, сөзі де өлмейді деген тұжырым жасаған. Жыраудың «Жиырма деген жасыңыз», «Атам болған жиырма бес», «Сен он бір жасыңда», «Ей, Абылай, Абылай» деген толғаулары адам өмірінің кезең-кезеңіне арналған. Бұқар жырау «Жиырма деген жасыңыз» толғауында:

 

Жиырма деген жасыңыз

 

Ағып жатқан бұлақтай,

 

Отыз деген жасыңыз

 

Жарға ойнаған лақтай,

 

Қырық деген жасыңыз

 

Ерттеп қойған құр аттай... –

 

деп адам өмірінің әр кезеңінің ерекшеліктеріне тоқтала келе, жастық шақты «ағып жатқан бұлаққа», «жарға ойнаған лаққа», «ерттеп қойған құр атқа» теңейді. Кәріліктің дәрменсіз шақтарын:

 

Сексен деген жасыңыз

 

Қараңғы тұман түн екен,

 

Тоқсан деген жасыңда

 

Ажалдан басқа жоқ екен, –

 

деп жастық шаққа қарама-қарсы суреттейді. Адамның жастық шағы мен кәрілік кезеңін бір-біріне қарама-қарсы суреттеу арқылы жырау жас ұрпаққа шастық шақты өз мәнінде өткізу керектігі туралы өсиет тастаған.

 

Бұқар толғауларының басты тақырыбы – ел бірлігі. Жоңғар шапқыншылығынан кейін тоз-тоз болған елдің басын бір тудың астына жинау мақсатын терең түсінген Бұқар жырау:

 

Ағайынның аразы

 

Елдің сәнін кетірер,

 

Абысынның аразы

 

Ауыл сәнін кетірер, –

 

дей келе,

 

Айнала алмай ат өлсін,

 

Айыра алмай жат өлсін,

 

Жат бойынан түңілсін,

 

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз, –

 

деп, ел-жұртын береке-бірлікке, татулыққа, ұйымшылдыққа шақырған. Бұқар жырау бұл ойын өзінің «Тілек» өлеңінде одан әрі нақтылай түскен.

 

Бірінші тілек тілеңіз,

 

Бір Аллаға жазбасқа.

 

Екінші тілек тілеңіз,

 

Пиғылы жаман залымның

 

Тіліне еріп азбасқа.

 

Үшінші тілек тілеңіз

 

Үшкілсіз көйлек кимеске.

 

Төртінші тілек тілеңіз

 

Төрде төсек тартып жатпасқа.

 

Бесінші тілек тілеңіз

 

Бес уақытта бес намаз

 

Біреуі қаза қалмасқа... –

 

деп, еліне тек жақсылық береке, ынтымақ, татулық беретін он бір тілек тілейді. Бұл тілектің орындалуы елдің бірлігіне байланысты деген ой түйеді.

 

Бұқардың ел бірлігін сақтау мәселесі