ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 29
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Керей, қайда барасың?» толғауында өз жалғасын тапқан.
Керей, қайда барасың?
Сен қашсаң де мен қойман,
Арғымағым жебелеп...
Уа, сен танымай кетіп барамысың?
Мен – Арғын деген арыспын,
Азуы кере қарыспын.
Сен – бұзау терісі шөншіксің,
Мен өгіз терісі талыспын, –
деп, өзін өгіз терісі талысқа, Керейді бұзау терісінен жасалған жарғақ қалта – шөншікке теңеген. Елден бөлініп көшіп кетпек болған Керейді райынан қайтарып, ел бүтіндігін сақтап қалған.
Бұқар толғауларынан Абылай бейнесі ерекше орын алған. Бұқардың «Ай, Абылай, Абылай», «Абылай ханның қасында», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Қалданменен ұрысып», «Қазақтың ханы Абылай», «Ал, тілімді алмасаң» сияқты көптеген толғаулары Абылайға арналған. «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда» толғауында:
...Елу жасқа келгенде,
Үш жүздің баласының
Атының басын бір кезеңге тіредің, –
деп, Абылайдың азаттық жолындағы қолбасшылық ерлігін дәріптеген. Тиісті жерінде Абылайдың кемшіліктерін де батыл айтып отырған. «Сен қамалды бұзған Қанжығалы Бөгенбайдан асқан батыр ма едің? Қабанбайдан бұрын жауға найза сілтеп пе едің?» деп ханның жауды жеңуі батырлардың арқасында екенін, ханның олармен әрдайым санасуы керектігін айтқан.
Бұқар жырау поэзиясы нақылға, өсиетке, ғибратқа құрылған. Жырау толғауларынан мақал-мәтел болып кеткен жолдар да кездеседі. Мысалы, «Шаршы топта сөз бастау қиын», «Ежелгі дұшпан ел болмас», «Әкелі бала жаужүрек», «Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар», «Жақсының аты өлмейді», т.б.
Бұқар жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген – белгілі фольклорист, ақын, ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеев.
Осы бөлім бойынша тест тапсыруКонспектті жүктеп алуТестті жүктеу *
* Тек оқытушылар үшін
СҰРАҚТАР
Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» – деген сөз қай жыраудікі екенін көрсетіңіз.
«Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер» – деген толғауы поэзияның қай түріне жататынын көрсетіңіз.

-
Бос орынға қажет сөзді көрсетіңіз. Жиырма деген жасыңыз – Ағып жатқан _________ . -
Бұқар жыраудың «Сен он бір жасыңда» деген толғауы кімге арналғанын көрсетіңіз. -
Бұқар жырау «Сен – бұзау терісі шөншіксің» деп кімге айтқанын табыңыз. -
Бұқар жырау адам өмірі туралы толғауында отыз жасты неге теңегенін көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың «Тілек» толғауындағы бесінші тілекті белгілеңіз. -
«Ел бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» – деген сөз қай жыраудікі екенін көрсетіңіз.
-
«Сен – бұзау терісі шөншіксің» деген жолдағы «шөншік» сөзінің мағынасын табыңыз. -
Бұқар жыраудың Абылай ханға арнаған толғауын көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың «Тілек» толғауы неше тілектен тұратынын көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың толғауын көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың жақсылық пен жамандықты салыстыра жырлаған толғауын табыңыз. -
Бұқар жыраудың қазақ батырларын жырлаған толғауын белгілеңіз. -
«Бұқар шығармаларынан жыраудың өзі өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады» – деп Бұқар туралы айтқан ғалымды көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың:
«Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер,
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер» – деген толғауы поэзияның қай түріне жататынын көрсетіңіз.
-
ХVІІІ ғасырда қазақ халқы қандай тарихи оқиғаны бастан кешіргенін белгілеңіз. -
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауды көрсетіңіз. -
Бұқар жырауға берілген атауды белгілеңіз. -
Бұқар жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың толғауын көрсетіңіз. -
Жырау өлеңдерін жинап, қағаз бетіне түсірген фольклорист-ақынды табыңыз. -
«Жақсының аты өлмейді, әлімнің хаты өлмейді» деген сөзді айтқан жырауды табыңыз. -
Үмбетей жыраудан кейін Бөгембай өлімін Абылай ханға естірткен жырауды белгілеңіз. -
Бұқар жыраудың адам өмірі туралы толғауын көрсетіңіз. -
«Керей, қайда барасың?» толғауының тақырыбын көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың әкесінің атын көрсетіңіз. -
Бұқар жыраудың: Қиядан қиқу төгілсе, Аттың басын тартпаған, – деген тармақтарындағы «аттың басын тартпау» тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз. -
XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау екенін белгілеңіз. -
Бұқар жыраудың «Ай, Абылай!» толғауынан алынған үзінді