Файл: Жеке жмыс Жашаны ашып, аударып, сйлемдерді жазыдар. (Дени, Гоша).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жеке жұмыс

Жақшаны ашып, аударып, сөйлемдерді жазыңдар. (Дени, Гоша)

(Глобализация) мәселелерін (пути решения) зерттеуде (два направления) қалыптасты. Олар: технооптимизм және технокүйректік.

Жаһандану (национальный) құндылықтарды сақтай отырып, ғаламдық қатынастарға (адаптироваться) деген үлкен мәселені күн тәртібіне қойып отыр.

Жаһандану (на экономику государств)  ғана емес, адамдардың ішкі дүниесіне, ақыл-парасатына, ұлттық болмысын билеуге  дейін қол жеткізді, ол тіпті үйреншікті жағдайға айналып барады.

Сөздікді қолданып, тақырыпқа сай сөйлемдер құру.

Үрдіс – процесс

Тұрақты – постоянный

Сияқты – кажется

Бірде-бір – ни один

Қарқын – темп

Бейімделу – адаптация

Нышан – символ

Сіңіру – поглощать, впитывать

Серпін – динамика, размах, рывок, ритм, темп

Пессимизм - күйректік;  түңілутүңілушілік

Берілген сөздерді тақырыппен байланыстыру (Амира, Арлан, Аима)

1 Үрдіс, сауда.

2 мәдениет, бейімделу.

3 көлік, қоғам.
Сұрақтарға жауап береді (Дамир, Виткор)


  1. Біздің елімізде жаһанданудың белгілері бар ма? Қандай?

  2. Жаһандану заманауи мектептердегі оқу үрдісіне әсер етеді ме? Қалай?

  3. Жаһандану жағдайында ұлттық тәрбиеміз өзгере ме?


Сұрақтарға жауап береді (Әшім, Диляра)

  1. Жаһандану себептеріне не жатады деп ойлайсыздар?

  2. Жаһанданудың қозғалыс күші не?

  3. Мемлекеттің дамуы үшін не керек?



(Елнұр, Дамили)

Мәлімен оқып, компресия жасап, оқушыларға жеткізу

1. Мәдени Жаһандану

2.Экономикалық Жаһандану

3. Ақпараттық-коммуникакациялық Жаһандану

1.«Мәдени Жаһандану — дәстүрлердің,  діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен,  6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық,  америкалық,  шығыстық,  мұсылмандық  және  үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді.


2.Экономикалық жаһандану — екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,  корпорациялардың  іріленуімен түсіндірілед

Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы.

3.Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану— қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді.

Сөздік

Үрдіс – процесс

Тұрақты – постоянный

Сияқты – кажется

Бірде-бір – ни один

Қарқын – темп

Бейімделу – адаптация

Нышан – символ

Сіңіру – поглощать, впитывать

Серпін – динамика, размах, рывок, ритм, темп

Пессимизм - күйректік;  түңілутүңілушілік
Оқылым тапсырмасы
Жаһандану үрдісі

         ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында «жаһандану идеясы» бүкіл адамзаттың жан дүниесінде тұрақты орын алған сияқты. Бірде-бір мемлекет жаһандану үрдісінен тыс қалмауда. Жаһандану дегеніміз қашықтықтың қысқаруы, бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс.



          Қазір барлық елдер мен мемлекеттер жаһандану жағжайында өмір сүруге бейімделу үстінде. Соңғы жылдары жаһанданудың бір тетігі – батыстану. Бірақ батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік жақсылықтың нышаны емес. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан, өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Бұл белгілі мәселе. Жаһандануды әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіру керек.

         Жаһанданудың қазіргі заманғы қоғамдарға экономикалық, әлеуметтік және мәдени тұрғыда тікелей жаңа серпін беретіні баршаға аян. Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу, бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен алмасуға әкеледі. Сонымен қатар, жаһандану үрдісі бәршама бүкіладамзаттық теріс салдары бар проблема тудырады. Ең бірінші орында ядролық соғыс қаруының жетілуі мен халықаралық шеңберінен шығып кетуі. Екінші үлкен мәселе – бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыты негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстардың өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі.

Сұрақтарға жауап беру

  1. Жаһандану деген не?

______________________________________________________________________________

  1. Ол қалай жүріп келе жатқан үрдіс?

______________________________________________________________________________

  1. Жаһанданудың бір тетігі не?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қазақ қоғамы жаһандануды қабылдады ма?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Жаһандану неге әкеледі?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жаһанданудың оң және теріс жақтарын атап шығыңыздар

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________