Файл: 1 А. 1000 клеміндегі сандар. осу жне азайту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




Бөлім: Жанды табиғат

1 А. 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:

6 09 2022

Сынып: 3

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.5.2.4** қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық 1бірліктердің жалпы санын анықтайды, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктей алады.

Көптеген оқушылар: санды мәліметтерді өзгертіп, есептер құрап шығара алады.

Кейбір оқушылар: логикалық тапсырманы орындай алады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.

Оқу материалын жариялау «Сұрақтар ілмегі» әдісі арқылы жүреді:

-Тақтадағы математикалық жазулардың арасынан үш таңбалы сандарды қосуға берілген өрнектерді көрсет.

- Үш таңбалы сандарды кемітуге берілген өрнектерді оқы.

- Үш таңбалы сандарды салыстыруға берілген тапсырмаларды көрсет.

744+150 618-325 551*787 35*55 875*578 351*135

408-108 364-100 34*54 тсс Ендеше бүгінгі сабағымызда тапсырмалар орындауды жалғастыратын боламыз.

Ширату жаттығуларын жасайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашады.


«От шашу» әдісі

Үй жұмысын тексертеді 1б




Сабақтың ортасы

10 мин

1 мин

12 мин

13 мин


(Ұ) 1- тапсырма «Орындап көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

1) Ондықтар разрядында нөлі бар үш таңбалы сандарды теріп жаз. Сонда ҚР шөл даласында тіршілік ететін жануарларды білесің. Сандарды кему реті бойынша көшіріп жаз.

509,308,105,907

Кесіртке, тасбақа, қосаяқ, кірпі.

2) Толық жүздік, толық ондық және бірліктер жазылған қима қағаздар дайында. Олардан сандар құрастыр. Алдыңғы санды және келесі санды ата. Алдыңғы сан нешеге кем? Келесі сан нешеге артық?
Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әуенімен билеп сергиді.
(Т) 2- тапсырма «Есептеп көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

3) Есептеу тәсілін түсіндір.

636+121=(600+100)+(30+20)+(6+1)=

=700+50+7=757

757-121=(700-100)+(50-20)+(7-1)= =600+30+6=636

4) Есептеуді түсіндіре отырып орында.

241+124=(200+100)+(40+20)+(1+4)=565

957-120=(900-100)+(50-20)+(7-0)=837

792-371=(700-300)+(90-70)+(2-1)=421

854-423=(800-400)+(50-20)+(4-3)=431

640+237=(600+200)+(40+30)+(0+7)=877

897-521=(800-500)+(90-20)+(7-1)=376

908-103=(900-100)+(8-3)=805

405+208=(400+200)+(5+8)=613

650+207=(600+200)+(50+0)+(0+7)=857
(Д) 3- тапсырма «Есепті шығар» әдісі арқылы жүзеге асады.

6) Есепті шығар.

Бұлыңғыр-60 к

Ашық – 250 365к

Бұлтты-?

Ш: 365- (60+250)=365-310=55

Ж: Әлия 55 бұлтты күнді белгіледі.

7) Әріпті өрнектердің мәнін тап.

d+150, d=6,7,8,9

6+150=156 7+150=157

8+150=158 9+150=159

k*9, k=6,7,8,9

6*9=54 7*9=63

8*9=72 9*9=81

Саралау тәсілі: «Қарқын» әдісі арқылы жүзеге асады

Қарқыны жоғары оқушыға:

Сандарды жазуда цифрлар қайталанбайтын болса, 3,5,7, 9 цифрларынан қанша үш таңбалы сан құруға болады? Осы сандарды жаз.

Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.

- Ондықтар разрядында нөлі бар үш таңбалы сандарды теріп жазады.

- Сандарды кему реті бойынша көшіріп жазады.

- Қима қағаздардан үш таңбалы сандар құрастырады.

-Алдыңғы санды және келесі санды атайды.

-Алдыңғы сан 1-ге кем екенін айтады.

-Келесі сан 1-ге артық екенін айтады.

Билеп сергиді.

- Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды есептеу тәсілін түсіндіре отырып шығарады.

- Есептің шартын жазып, шешуін, жауабын табады.

- Әріпті өрнектердің мәнін табады.



Дескриптор:

- Ондықтар разрядында нөлі бар үш таңбалы сандарды теріп жазады.

- Сандарды кему реті бойынша көшіріп жазады.

- Қима қағаздардан үш таңбалы сандар құрастырады.

-Алдыңғы санды және келесі санды атайды.

-Алдыңғы сан 1-ге кем екенін айтады.

-Келесі сан 1-ге артық екенін айтады.
4 балл


Дескриптор:

- Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды есептеу тәсілін түсіндіре отырып шығарады.


3 б

Дескриптор:

- Есептің шартын жазып, шешуін, жауабын табады.

- Әріпті өрнектердің мәнін табады.
2 балл


Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер


Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия: «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша өтеді.

Оқу тапсырмасы: 3 –тапсырма 13 б

Рефлексия жасайды.

ҚБ қойыла-ды.