Файл: Сабаты таырыбы 6 сынып ideмен танысу Сабаты масаты 1 ide интерфейсіні ммкіндіктерін олдану.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 54

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.1. IDE-мен танысу »

Сабақтың мақсаты

6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану.

(Ж) №2 тапсырма: Төменде берілген сөздерден алу программасынан біріккен сөз құраңдар. Nur, alty, Saule, Sultan, su, bakan, ak

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.2. Тіл алфавиті Синтаксис»

Сабақтың оқу мақсаты: 6.3.2.1. Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.3. Деректердің типтері»

Сабақтың мақсаттары: 6.3.3.1. Деректер түрлерін жіктеу.

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.5 Практикалық тапсырмалар.

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.6. Практикалық тапсырмалар.

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.7. Санды енгізу және шығару

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау

РЕФЛЕКСИЯ

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.9. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: 6.3.2.1 рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.1. IDE-мен танысу »

Сабақтың мақсаты

6.1.2.2. IDE интерфейсінің мүмкіндіктерін қолдану.


«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау үшін қолданамын.

 Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

 Қалай ойлайсың программалауды үйрену не үшін маңызды?

 Программалар құрудың интеграцияланған ортасын (IDE) бойынша түсінігіңді сыныптастарыңа қысқаша қалай жеткізген болар едің?

 Программалар құрудың интеграцияланған ортасы қандай бөліктерден тұрады?

Не үшін программалау тілдерінің арасынан Python -ды таңдадық?

 Неліктен көптеген программалау тілдерінің арасынан Python-ды таңдадық?

 Рython программалау тілін компьютерге қалай орнатуға болады.?

 Программалау тілі, программа және интерфейс дегеніміз не?

Рython терезесін пайдаланып ең алғашқы программамызды жазайық. Бұл программалау тілі қазақ әріптерін оқымағандықтан, латын әріптерін пайдаланамыз. Әрине ең алғашқы таныстық сәлемдесуден басталатын сияқты, бізде қарапайым сәлемдесу программасын жазайық. Программаның нәтижесін көру үшін «Enter» пернесін басу керек.

№1 тапсырма. Оқулықта берілген тапсырманың шығарылу жолын пайдаланып программа құрудың алғашқы жолдарын үйренеді.

Дәптермен жұмыс.

«Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездескен термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интерактивті тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.

(Ж) №2 тапсырма: Төменде берілген сөздерден алу программасынан біріккен сөз құраңдар. Nur, alty, Saule, Sultan, su, bakan, ak


№ 3-тапсырма: Еліміздің атауымен, астанасының атуын 4 реттен баспаға бер. Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan Kazakhstan

Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan Nur-Sultan

(Т) №5 -тапсырма: Берілген бөлменің өлшемдерін пайдаланып төмендегілерді есепте:

1. Бөлменің еденінің ауданын;

2. Бөлменің периметрін;

3. Бөлменің төрт қабырғасының ауданын;

4. Бөлменің көлемін;

5. Бөлменің жалпы бетінің ауданын.

РЕФЛЕКСИЯ


«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.2. Тіл алфавиті Синтаксис»


Сабақтың оқу мақсаты: 6.3.2.1. Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.


Ширату тапсырмасы.

«Миға шабуыл» тәсілі арқылы жаңа сабаққа байланысты сұрақтар

 Менің пікірімше,... Достарым айтқандай,... Қорытындылай келе,... Мұғалімнің көрсеткеніндей....

 Алгоритм ұғымы «Информатика» пәні үшін қандай маңызы бар деп ойлайсың?

 Сызықтық алгоритм дегенді қалай түсінесің?

 1-суретте берілген іс-әрекет алгоритм және сызықты алгоритм ұғымдарымен қандай байланысы бар?

 1-суретте берілген іс-әрекеттің орындалуы дұрыс берілген бе? Дұрыс алгоритмі қандай болу керек?

 Тілдің әліппесі құрылымы қандай?

 Прогаммалау тілі мен кәдімгі тілдің қандай айырмашылығы бар?

 Сызықты алгоритм және сызықтық программаны қалай түсіндірген болар едің?

Бөлудің бүтін бөлігі (//) мен бөлудің қалдығының мәні (%) есептеу амалдарының әрбіріне 3 мысалдан келтір.

Оқулықпен жұмыс. Постер қорғау. Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша үш топқа тақырыпшалар бөліп беріледі.

Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, постерге өз ойларын, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді.

Топтар арасында бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді.

1 -топ: «Амалдар мен өрнектер»

2- топ: «Python тілінің әліппесі»

3- топ: «Python тілінің синтаксисі»

Дәптермен жұмыс.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі

(Д) №1тапсырма: Төменде берілген программа кодтарын жазудағы қателерді тап.



1-код

2-код

3-код

a = int input()

b = int intut()

t = А + B

print(c)

a = 8: b =118

с := а + b

print(c)

a = int(input())

k=3*(a+b)-4ab

t=a*b

print(k); print(t)

Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

- 1-кодтың қатесін табады.

- 2-кодтың қатесін табады.

- 3-кодтың қатесін табады

№ 2 тапсырма:

a , b, с бүтін сандары берілген. Осы сандардың қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығар .

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

9

4

2

7

 

9*4*2=72

9+4+2=15

2+5= 7

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

- А, b, c бүтін сандарының қосындысын шығарады.

- A, b, c бүтін сандарының көбейтіндісін шығарады.

- A, b, c бүтін сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің соңғы цифрларының қосындысын экранға шығарады.

(Ж) № 3 -тапсырма: Айдын, Санжар, Асқар үш дос балық аулауға барып, сәйкесінше k, l және m сандағы балықтарды аулады. Достар барлығы әділ болу үшін аулаған балықтарын теңдей бөліп алса, онда оларға қанша балықтан тиеді, қанша балық қалады.



Дескриптор: Жалпы-2 балл.

- Балық санының қосындысын шығарады.

- Соңғы шыққан қосындының санын теңдей үшке бөледі.

- Үшке бөлінген саннан қалған қалдығын шығарады.

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

8

7

11

8

2

 

Барлық аулаған балық саны 8+7+11=26

26- ны 8- ден тең бөліп алады.

2 балық қалады.

РЕФЛЕКСИЯ


«Бір ауыз сөз» әдісі.

Жеке жұмыс:

Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын айтыңдар:
  • Ұнады
  • Пайдалы
  • Үйрендім
  • Ұмтылдым
  • Жасай аламын. т.б.

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Сабақ №3

Сабақтың тақырыбы: 6 сынып «3.3. Деректердің типтері»

Сабақтың мақсаттары: 6.3.3.1. Деректер түрлерін жіктеу.


Ұйымдастыру кезеңі:

“Гүлмен тілек” әдісі .

(Ұ) «Конверт - сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныпқа төмендегі сұрақтар конвертте беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

 Ақпараттың ұсыну түріне қарай қалай бөлінеді? Есіңе түсір (1-сурет).

 Программалау тілінің командаларымен 1-суреттегі ақпарат түрлерінің қайсысын өңдеуге болады?

 Математикада сандар осіндегі сандарды қандай түрлерге ажыратады (2-сурет).

 Айнымалы қабылдайтын мәдердің типі дегенді қалай түсінесің? (3-сурет)

 рython тілінде айнымалылар қабылдайтын деректерді қандай түрлерге жіктеуге болады?

1- топ: «Деректердің типі»

2- топ: «Айнымалылардың типі»

Постер қорғау

Оқулықпен жұмыс.

(Т) Постер қорғау. Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша екі топқа тақырыпшалар бөліп беріледі.

Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, өз ойларын, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді. Топтар арасында бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді.

Практикалық жұмыстар.

(Ж) №1тапсырма: Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң қандай деректер типін аласың?

a=156.78; b=’ata’; c=True; ppp=’stl’; max=-25; min=False; h=0; res=’k’;

r=100; tc=’True’; maxs=’-25’; mins=’False12’; p=101.0; tes=’1500’;

№ 2 тапсырма:

Ұзындық L миллиметрде берілген. Берілген ұзындықты километр, метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жаз.

Дескриптор: Жалпы - 2 балл.

- Берілген ұзындықты километрде өрнектейтін;

- Берілген ұзындықты метрде өрнектейтін;

- Берілген ұзындықты сантиметрде өрнектейтін;


- Берілген ұзындықты миллиметрде өрнектейтін программа жазады.

Мысалы

Нәтиже

1012552

1 km 12 m 5 cm52 mm

(Ж) №3 тапсырма:

Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табатын программа құрастыр

Дескриптор: Жалпы -2 балл.

- Екі таңбалы санның цифрларының қосындысын табады.

- Екі санның цифрларының көбейтіндісін табады.

- Программасын құрады.

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

89

17

72

8+9=17

8*9=72

1. Деректердің типі туралы қандай мәліметтер білдің?

2. Программалау барысында сандық деректерді емес, айнымалыларды қолддану алгоритмнің қайсы қасиетімен байланысты де ойлайсың?

3. 12 және 25 бүтін сандарынан 1258 санын құрастырудың ауызша алгоритмін қалай сипаттаған болар едің?

4. float(input()) қолдауда мақсат не?

«Конверт-сұрақ» әдісі

РЕФЛЕКСИЯ


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен

....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Сабақ №4

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері


Ширату тапсырмасы. «Миға шабуыл» тәсілі арқылы жаңа сабаққа байланысты сұрақтар

(Ұ) «Кинометафора» әдісін пайдаланып "Арифметикалық амалдардың жазылу ережелері" тақырыбы бойынша интерактивті тақтадан бейнеролик көрсетіп, ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау жүргізіледі. Сыныпқа төмендегі сұрақтар эранда беріледі. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

 Scratch программасында арифметикалық амалдарды қолдану мен жазуда қандай ережелер бар? Есіңе түсір.

 Математикада арифметикалық амалдарды қолдану мен өрнектерді жазуда қандай ережелерге сүйенесің?

 Рython тілінде арифметикалық амалдардың жазуда қандай ережелерді басшылыққа алу керек деп ойласың?

Оқулықпен жұмыс.

(Т) «Еркін талқылау» әдісі бойынша постер қорғау. Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша екі топқа тақырыпшалар бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, өз ойларын бөлісіп, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді. Топтар арасында бір-біріне түсіндіру, талқылау жұмыстары жүреді.


1- топ: «Инкремент және декремент».

2- топ:«Арифметикалық амалдарды орындау ережелері».

(Т) 1-топ:

Өрнектің мәнін табатын программа құр.

y= a=4; b=3,5; c=2;

(Т) 2-топ:

Өрнектің мәнін табатын программа құр (2-код).

y=

№ 3 тапсырма: Кірпіштің a, b, c өлшемдері берілген. Осы кірпіштің жартысының, кірпіштің 1/3 не қосындысын табатын программа құрастыр (2-сурет).

№ 4 тапсырма: Кірпіштің a, b, c өлшемдерін пайдаланып, оның көлемінің толық бетінің ауданына қатынасын тап. Толық беттің ауданы деп кірпіштің барлық беттерінің, аудандарының қосындысын айтады (2-сурет

1. Программалау тілінде арифметикалық амалдарды жазудың қандай ережелері бар?

2. Арифметикалық амалдарды орындауда олардың бір- бірінен қандай басымдылықтары бар?

3. Амалдарды жазу ережелерін сақтау не үшін маңызды деп ойлайсың?

4. int() және round() функцияларының қызметінде қандай айырмашылығы бар?

«Конверт-сұрақ» әдісі

РЕФЛЕКСИЯ


«Еркін микрофон» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма:

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Сабақ №5

Сабақтың тақырыбы: 6 – сынып 3.5 Практикалық тапсырмалар.


«Миға шабуыл» тәсілі арқылы жаңа сабаққа байланысты сұрақтар

Программа құрастыруда операторлар мен арифметикалық амалдарды қалай тиімді қолдануға болады?

Сараланған практикалық тапсырмалар:

(Д) №1 тапсырма.

Квадраттың қабырғаларының сандық өлшемі берілген. Осы квадраттың ауданы мен оның периметрін табатын программа кодын құрастыр.

(Ж) №2 тапсырма. а және b сандары берілген. Осы сандардың мәндерін бір-біріне ауыстыр. Мысалы: a=40, b=50 болса, онда ауысқаннан соң нәтижеде a=50, b=40 болады.

(Д) №3 тапсырма. ‘Nur’ және ‘Sultan’ сөздері берілген. Осы сөздерден еліміздің астанасының атын құрастырып, 3 рет экранға шығар.

Мысалы

Нәтиже

Nur

Sultan

Nur-Sultan

Nur-Sultan

Nur-Sultan

№5 тапсырма. Шеңбердің радиусы берілген. Радиусты пайдаланып, шеңбердің ұзындығы (L) мен дөңгелектің ауданын (S) табатын программа кодын құрастыр. Бұл жерде Пи=3.14 (2-сурет).

Мысалы

Нәтиже

5

 

L=31.4

S=78.5

 

 

Мысалы

Нәтиже

Түсініктеме

8596

11

5+6 =11