Файл: Реферат Таырыбы Миды атты жне торлы абытарыны туындылары. Орындаан студент Тлеуберген Камила Тобы В086105.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

КеАҚ “Астана Медицина Университеті”

Ә.Б.Әубәкіров атындағы “Адам анатомиясы” кафедрасы



Реферат

Тақырыбы: Мидың қатты және торлы қабықтарының туындылары.

Орындаған студент: Тлеуберген Камила

Тобы: В086-105

Қабылдаған: Медицина ғылымдарының кондидаты, доцент- Қайрат Мұқаметжан

Факультет: Жалпы медицина

Астана қаласы

2023 жыл

Жоспар

І. Кіріспе

Ми қабықтары

ІІ. Негізгі бөлім

Мидың қатты және торлы қабықтарының туындылары.

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ми-адам ағзасындағы ең маңызды органдардын бірі.

Ми қабықтары

Ми қабықтары, meninges, жұлынның үш: қатты, торлы, жұмсақ қабықтарының жалғасы болып табылады.

Мидың қатты қабығы, dura mater encephali, тығыз, дәнекер тінді қабық, бассүйекке тікелей жанасып жатады да, оның сүйек қабығы (periosteum) болып табылады. Сондықтан жұлындағы сияқты -қатты қабықүстілік (эпидуралды) қуысы болмайды. Қатты және торлы қабық арасында аз мөлшердегі ми-жұлын сұйықтығы бар саңылаутәрізді - қатты қабықастындағы кеңістік, spatium subdurale, орналасады. Қатты қабық кей жерлерде екі жапырақшаға бөлініп, үш бұрышты қуыстарды – мидың қатты қабығының қойнауларын, sinus durae matris, түзеді.

Бұл қойнауларда мидан шығатын веналық қан және торлы қабық астындағы кеңістіктен келетін ми-жұлын сұйықтығы ағады.

Мидың қатты қабығынан төрт өсінді кетеді:

1. Үлкен ми орағы, falx cerebri, үлкен ми сыңарларын бір-бірінен бөліп тұрады.

2. Мишық шатыры, tentorium cerebelli, горизанталды жазықтықта орналасып, үлкен мидың шүйделік үлестерін мишықтан бөліп тұрады

3. Мишық орағы, falx cerebelli, мишық сыңарларын бір-бірінен бөліп тұратын кішкене өсінді.

4. Ертоқым көкеті, diaphragmа sellae, түрік ертоқымын горизонталды жазықтықта үстіңгі жағынан жауып тұрады. Көкеттің астындағы гипофиздік шұңқырда, эндокриндік без – гипофиз жатады. Көкеттің ортасындағы тесік арқылы гипофизді гипоталамуспен (аралық ми) жалғастыратын құйғыш, infundibulum , өтеді.



МИДЫҢ ТОРЛЫ ҚАБЫҒЫ

Мидың торлы кабығы, arachnoidea encephali, жүлынныңосы аттас кабығы сияқты эндотелиймен

жабылған, мидың жүмсак кабыгымен торлы кабыкасты трабекулалармен байланысады.

Торлы кабык пен ми арасында саңылаутәрізді катты кабыкасты кеңістік болады, шамалы жүлын сүйыктығымен толтырылған. Мидын торлы қабығының сырткы беткей! оған тиісті жақтан қатты кабықпен бітіспеген. Алайда кей жерлерде жоғарғы сагиталді койнау жағынан жэне аз молшерде

көлденең қойнау жерімен жэне басқа қойнау маңында оның түрлі өлшемдегі\ өсінділері торлы қабықтың грануляциялары деп аталатын, granulationes arachnoidales, ми торлы кабығына жэне бассүйектерінің немесе қойнаулардың ішкі беткейіне енеді. Бүл жерлерде сүйектерде үлкен емес грануляция шүңкырлары пайда болады, олар эсіресе бассүйек күмбезінің сагиталді

жігі аймағында көп кездеседі. Ал торлы кабықтың грануляциялары өз алдына мүше іспеттес, сүзілу жолымен жүлын сүйықтығының веналық ағынына түсуіне

жағдай жасайды. Торлы кабықтың ішкі беті миға караған. Ми денгейлерінің шығыңкы болік-терінде мидың жұмсак кабығымен тығыз байланыскан, алайда саңылау жэне жүлге

артынан енбейді. Осылайша, мидың торлы қабығынан жүлгелері копір сияқты байланысады,

ал бітісіп кеткен жерлер жок болса кеңістікте калып отырады. Олар торлы кабыкасты кеңістіктер деп аталады (cavitates subarachno ideale). Мидың барлық беткейлерінін торлы кабыкасты кеңістігі бір-бірімен байланысып жатады. Кей жерлерде бүл кеңістіктер біршама үлкен болып келеді жэне торлыасты цистерна, cisternae subarachnoideale, деп аталады, келесі ірі цистерналар бар:

1. Мишык-ми цистернасы, cisterna cerebellomedullaris, ол мишык пен сопакшами арасында орналасады.

2. Үлкен ми латералді шүнқырының цистернасы, cisterna fossae lateralis, мидын латералді шүңкырына сэйкес орналаскан.

3. Аякшаларарасы цистернасы, cisterna interpeduncularis, ми аякшалары арасындаорналаскан

4. Қиылыскан цистерна, cistema chiasmatis, көру нервімен маңдай үлесі арасында

орналасқан. Сонымен катар, ірі торлы кабыкасты кеңістіктер кездеседі: ол сүйелді дененің жоғарғы бетімен тізесі аркылы өтетін сүйелді дене цистернасы, үлкен мидың көлденең саңылауының түбінде орналаскан,

ми сыңарларының шүйде үлесімен жэне мишыктың жоғарғы беті арасында


айналып өтетін цистерна орналасады. Ол өзектәрізді ми аралшығының бүйірімен жэне орталык мидың төбесінен өтеді. Көпірдің бүйір цистернасы – мишықтың орталық аяқшаларының астынан өтеді, жэне ең соңғысы көпірдің базилярлы жүлгесі аймағында - ортаңғы көиір цистернасы

орналасады. Мидың торлы қабықасты кецістігі бір- бірімен төртінші карыншанын куысы, ортаңғы жэне латералді апературасы аркылы,

ал соңғысы мидыц баска қарыншаларымен байланысады.

Торлы кабыкасты кецістігінде мидың эр бөлігінен жүлын-ми сүйықтығы, liquor сегebrospinalis, жиналады. Сұйыктык периваскулярлы, периневрал-

ді саңылау жэне торлы қабыктың грануляциялары арқылы лимфатикалык жэне веналык жол мен ағып келеді.

Қатты қабық
Қатты қабықтың ішкі бетінен 4 өсінді шығады:

1.үлкен ми орағы(falx cerebri),

2.мишық шатыры(tentorium cerebelli),

3.мишық орағы(falx cerebelli)

4.ертоқым көкеті(diaphragma sellae).

Торлы қабық цистерналары
Жұмсақ және торлы қабық арасы сұйыққа толы торлы
қабықастындағы(cavitas subarachnoidalis) кеңістік түзеді.Осы кеңістіктер күшті дамып сұйықтығы бар кең де терең цистерналар түзеді.

Цистерналардың 4 түрі бар:

  1. Мишық-ми цистернасы(cisterna cerebellomedularis),
  2. аяқшааралық цистерна(cisterna interpeduncularis),

  3. қиылыс цистернасы(cisterna chiasmatis),

  4. мидың латералды шұңқырының цистернасы(cisterna fossa lateralis cerebri).
Торлы қабықтың ерекшелігі
Торлы қабықтың ерекшелігі-оның түйіршіктері(granulationes arachnoidales).Ол сұр қызғылт түсті торлы қабықтың кішкене өсінділері.Олар балаларда да,
ересектерде де болады,бірақ қартайған кезде олар көбейіп ұлгаяды,бассүйекке қысым жасап шұңқыршалар түзеді(foveolae granulares).


Орналасуы:
1.Мишық-ми цистернасы мишықтың артқы жиегімен ми арасында жататын
ең үлкен цистерна.
2.Аяқшааралық цистерна ми аяқшалары арасында орналасады.
3.Қиылыс цистернасы көру қиылысы алдында орналасады.
4.Мидың латералды шұңқырының цистернасы мидың латералды бөлігінде орналасады.





Қорытынды

Ми қабығы – ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық.Ми қабығы — қатты,торлы және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. . Ортаңғы торлы қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық.Ішкі жұмсақ қабық миға тығыз жанасып тұратын қабық. Осылай адам ағзасындағы ең маңызды орган жақсы, берік қапталған.







Пайдаланылған әдебиеттер


  • “Нерв жүйесі” Шакенов Бауыржан Шакенұлы, 2018 басылым

  • “Адам анатомиясы” 4-том, Ә. Әубәкіров, М. Шайдаров, Ф. Сүлейменова, Қ. Сарсембаев, Ғ. Хайрли, Т. Досаев, 2012 жыл

  • Мидың құрылысы (findtheslide.com)