Файл: Жетіген ауылы 11 орта мектеп бастауыш сынып малімі Есжан Айгл Мсіркепызыны 4 ші В сыныбымен ткізгелі отыран 20212022 оу жылы бастауышпен оштасу сыныптан тыс ісшарасыны жоспары Сабаты масаттары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 27.03.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жетіген ауылы № 11 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Есжан Айгүл Мүсіркепқызының 4- ші «В» сыныбымен өткізгелі отырған 2021-2022 оқу жылғы бастауышпен қоштасу сыныптан тыс іс-шарасының жоспары
Сабақтың мақсаттары:

Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл,ой өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: слайд

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп қол соғайық

4 Б сыныбы тұр ортамызда!
Сахнада: Бекболат Тілеухановтың «Елім менің» ән күй табақта ойналып «Бастаушылар» тақпағы кезінде ақырын естіліп барып тоқтатылады.

1-бастаушы:

Армысыздар,мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан.

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби,бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2- бастаушы:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз,өр тұлғалы әкелер,


Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.

Бастаушылар қосыла Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Салтанатты іс –шараны ашуға мектеп директоры шақырылады.

ЖАНЕЛЬ

Жүзің жылы, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

АБДУЛЛАХ

Ақылшы асыл ұстазым

Өзіңе мен де ұқсармын.

Жеткенше қайрат күш-әлім

Биікке самғап ұшармын.

ДАУЛЕТ

Шәкірттердің тыңдап жауап сұраған

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып, жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан- мұғалім.

МЕДИНА

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіпсендесөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойыата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

УМИДА

Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

ЕСКЕНДІР

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

БЕКЗАТ

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Ұстаздарға арналады бұл әнім
АЙЫМ Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз- ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

Бастаушы: 1-жүргізуші

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып, басымызды иеміз. «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар . Хор

БАЛАРДЫҢ ОРЫНДАУЫНДА «ҰСТАЗЫМ» ӘНІ

САНДУҒАШ

Арманым боп аңсаған

Мәңгілік қалдым мекендеп

Өзіңе арнап ән айтам

Ардақтап ұстаз өтем деп

МИРАС

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

НҰРАЯН:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

ЗАЙНАБ

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,


Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты

Басса бұрыс жол сілтеп, қате дейсің

Әр балаға сен ана әкедейсің

Болашақтың көктеген жас шыбығын

Бағбанындай аялап мәпелейсің

ІҢКӘР

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген

Шәкірттерін сүйген таза көңілден

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

ЕРДАУЛЕТ

Мектеп – үйім ,ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

ЖӘНІБЕК

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы

Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан

МАДИНА

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

ЕЛАМАН

Алтын ұя мектебім аялаған

Бар балаға білім беріп,сая болған

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жанға да, жақсыға да пана болған

НҰРАСЫЛ

Мектеп деген білім кені ,жыр кені

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені

АРСЛАН

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты
НУРСАЛИМ

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті .

Медина 2 :

Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің

Жан жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің

Қиялымды кездірді

Таптым ойдың тұрағын

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын

МАДИНА2:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің білімменен күш толады

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс –істесең оң болады

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап:

УМИДА 2

Бастауышым – балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып білім алып

Рахметімді жаудырамын

Бастауышым-балқұрағым

Лаулап жансын шамшырағым

Өзің берген біліммен

Самғап ұшты тау қыраным
2- ЖҮРГІЗУШІ


Айгерім Қалаубаеваның әні «Көңілді күн» орындайтын оқушылар!
2- ШІ ЖҮРГІЗУШІ

Келесі тамашалайтындарыңыз кавказ биі . Орындайтындар

Вальс биі


Мұғалім:

Түлектер сендер енді 5 сынып оқушысыңдар.Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде ,достарыңа ,ұстаздарыңа тік қарап тұрып ,осы антты бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?

-дайынбыз

-тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды да , оңайды да қағып алуға,орындауға ант етесіңдер ме?

-бір-біріңе бауырдай қарап,дос болуға,қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?

-мұғалімді ашуландырмауға,арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?

-мектеп коридорында үзілісте тек 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?

-аптасына кем дегенде 1 рет 18 кабинетке келіп тұруға ант етесіңдер ме?

-білімнің тұңғиық,түбіне сүңгуге ант етесіңдер ме?

Мұғалім:Ендеше түлектерге ақ жол тілей отырып , марапаттауларымызды ұсынуға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын ортаға шақырамыз

Мадақтамалар ұсыну

1 бастаушы:

Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
2-ші бастаушы:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Бастаушы: 1-жүргізуші

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатты, хат танытты, еңбек ете білуге үйретті, білімге жетеледі, әдептілікке үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып, басымызды иеміз. «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар . Хор

Ендеше білім берген мектебімізге жыр арнаймыз .Асия мен Аяулымның орындауында «Мектебім әні»

2-ші жүргізуші:

Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты,

Салтанат : -балалар айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар,өзіміз жайлы айта кетсек артық болмас еді.......

Жанерке 4 сыныпты 22 бала бітіргелі отыр

Айзада: Сыныптың орта жасы- 9 жас

Дарын: Бойлары -130 см шамасы

Айна: 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті

Махамбет:4 кг салмақ қосты.

Айқын:
сынып оқушылары көңілді,қайырымды,ұйымшыл

Әділет: 14 қыз бен 16 ұл, 10 оқу озаты мен 10 екпінді

- 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыды.

-ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.

- басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр

- үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.

Фариза:- 6560 дәптер жазып тастаппыз

- қосымша парақтарды айтсаңшы

-шпаргалканы ма.

Аяулым-- 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4жыл еңбектендік.

Анель-Ал ол дегеніміз - 2 904 сабақ

- 102 сынып сағаты

- 2 433 шулы, көңілді үзілістер

- тау-тау оқылған кітап беттері

- реніштер мен қуаныштар,қызықты оқиғалар.

Оқушылар хормен : Бұған тек мықтылар ғана шыдайды.

Медина 2 :

Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің

Жан жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің

Қиялымды кездірді

Таптым ойдың тұрағын

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын

МАДИНА2:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің білімменен күш толады

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол

Ақылмен іс –істесең оң болады

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап:

УМИДА 2

Бастауышым – балбұлағым

Алдым сенен балдың дәмін

Әріп танып білім алып

Рахметімді жаудырамын

Бастауышым-балқұрағым

Лаулап жансын шамшырағым

Өзің берген біліммен

Самғап ұшты тау қыраным
ЕЛАМАН

Тәуелсіз Қазақстан байтақ жерім,

Қуаныш құшағында бүгін елім.

Балалар аманатын алға тартар

, Жас ұрпақ алдарыңда міне, бүгін.

АЙЫМ

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
БЕКЗАТ

Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.
САНДУҒАШ

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай


Бастаушы: