Файл: бизнесжоспарлау негіздері.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«БИЗНЕС-ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ»

7.1. Бизнес-жоспар туралы түсінік пен оның түрлері

7.2. Бизнес-жоспар құрылымы мен бөлімдері

7.3. Бизнес-жоспардың маркетингілік, ұйымдастырушылық, өндірістік бөлімі

Марк Стивенс

Бизнес-жоспар – кәсіпкерлік қызметтің барлық негізгі аспектілері, кәсіпкерге кездесуі мүмкін басты мәселелер талданатын және осы мәселелерді шешудің басты әдістері сипатталатын құжат.

Бизнесті бастағанда бастапқыда барлығы жақсы көрінеді. Бірақ ертеңге, болашаққа жоспар жасап үйрену қажет.

Бизнес-жоспар кім үшін және не үшін қажет?

2

Бизнес жоспар:
  • кәсіпкерлер үшін
  • кредит алу үшін
  • инвесторлардың қаражаттарын тарту үшін
  • біріккен кəсіпорын үшін
  • жаңа қызметкерлер тарту үшін
  • басқа компаниямен бірігу үшін керек

Бизнес-жоспар – болжамды бизнестің қысқаша, нақты, қолайлы және түсінікті сипаттамасы, неғұрлым келешегі бар табысты нәтижені таңдауға және оған қол жеткізу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды құралы. Бизнес-жоспар бизнесті басқаруға мүмкіндік беретін құжат болып табылады, сол себепті оны стратегиялық жоспарлаудың ажырағысыз элементі және орындау мен бақылаудың нұсқаулығы деуге болады.

Бизнес-жоспар кәсіпорынның мақсаттары тұжырымдалатын, негіздемелері берілетін, тәсілді іске асыруға қажетті қол жеткізу жолдары және соңғы қаржылық көрсеткіштер анықталатын құжат. Әдетте ол жылдарға бөлініп, бірнеше жылдарға (көбінесе үш-бес жылға) әзірленеді. Бұл ретте бірінші жыл бойынша мәліметтер айларға бөлініп, келесі жылдар – жылдық есептеумен беріледі

Бизнес-жоспардың міндеті

Бизнес-жоспардың міндеті – бизнес идеяны іске асырудың нақты мүмкіндіктерін көрсету. Ол мүмкіндіктер мен тәуекелдің шынайы бағасын беріп қана қоймай, қосымша инвестицияларды тарту, несие желілерін ашу қажеттілігін (не қажеттілік жоқ екендігін) көрсетеді. Шын мәнінде, бизнес-жоспар алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның даму жолдары мен басқарудың жетістігін көрсетеді.

Бизнес-жоспарды пайдаланушылардың екі тобы бар – ішкі (бизнес-идеяның бастамашысы, құрылтайшылар мен фирма қызметкерлері) және сыртқы (әлеуетті инвесторлар, кредиторлар, серіктестер).

Бизнес-жоспардың негізгі мақсаттары

Бизнес-жоспар мынадай үш негізгі мақсатқа қызмет етеді:
  • ол инвесторға нақты инвестициялық жобаға қаражат салу керек па екендігіне көз жеткізеді;
  • жобаны тікелей іске асыратын адамдар үшін ақпарат көзі болып табылады;
  • кредит беруші кредит беру туралы шешім қабылдардың алдында қарыз алушының бизнесі және кредитті алғаннан кейінгі бизнестің дамуы туралы толық ақпарат алады.


Бизнес-жоспарлар келесі түрлерге бөлінеді:
  • инвестициялардың бизнес-жоспары – маркетингтік зерттеудің нәтижелерін әлеуетті серіктеске немесе инвесторға баяндау, болжамды нәтижелердің нарықты игеру стратегиясын негіздеу;
  • компания мен фирманың дамуының бизнес-жоспары – алдағы жоспарлы кезеңге арналған ұйымның даму жоспары;
  • кәсіпорынның жеке бөлімшесінің дамуының (құру) бизнес-жоспары;
  • банктен несие алуға немесе грант алуға арналған бизнес-жоспар.

Бизнес-жоспар бірқатар талаптарға жауап беруі тиіс:
  • қысқа және айқын анықтамаларды пайдалану арқылы қарапайым және түсінікті тілмен жазылуға тиіс;
  • оның көлемі машинамен басылған 20-25 беттен аспауы тиіс;
  • барлығын қамтитын сипатта болуы тиіс, яғни жоба бойынша инвестор үшін қызықты болып табылатын барлық ақпаратты қамту;
  • шынайы фактілерге және дәлелді ұсыныстарға сүйену;
  • аяқталған сипатта болу, яғни алға қойылған мақсаттарға жету стратегиясын ұстану;
  • жинақтылық болу, яғни өндірістік, маркетингтік, ұйымдастырушылық, қаржылық қамтамасыз етуді ұстану;
  • перспективтік сипатта болу, яғни даму сабақтастығын сақтай отырып, одан арғы жоспарлардың негізінде әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
  • әзірленген бағдарламаға түзетулер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге икемді болу керек;
  • жұмыс кестесінің нақты сипаттамасымен, қадағалау мерзімдері және көрсеткіштерімен байланысты бақылаушы сипатта болуы тиіс.

Ең кең таралған бизнес-жоспар жасау стандарттары:
  • тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы экономикалық реформалардың үрдісін жеделдетуге жәрдем көрсету бойынша бағдарламалардың аясындағы Еуропалық Одақтың стандарты (TACIS);
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымның стандарты (UNIDO);
  • Аудиторлық, салық және консультациялық қызмет көрсететін фирмалардың халықаралық желісі (KMPG);
  • Еуропа қайта құру және даму банкінің стандарттары (ЕҚҚДБ);

Бизнес-жоспардың UNIDO стандарттары бойынша құрылымы мен мазмұны

Құрылымы

Мазмұны

Резюме

Жоба инициаторы туралы, жоба мәні мен жоба тиімділігінің маңызды экономикалық көрсеткіштері туралы қысқаша ақпарат

Кәсіпорынды немесе саланы сипаттау

 

Кәсіпорын туралы жалпы ақпарат; Кәсіпорын қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері; Басқару құрылымы мен қызметкерлер құрамы, Сала экономикасы мен оның даму болашағы; Серіктестік байланыстар мен әлеуметтік белсенділігі

Өнімді (қызмет көрсетуді) сипаттау

 

Өнімнің қысқаша сипаты, негізгі сипаттамалары; Өнімнің (қызмет көрсетудің) бәсекеге қабілеттілігі; Авторлық құқықтар мен патент; Лицензия; жеткізу шарттары, қауіпсіздігі; Сервис пен кепілдік; Пайдалану мен утилизация

Маркетинг және өнімді (қызмет көрсетуді) сату

Тұтынушылардың өнімге қоятын талаптары; Бәсекелестікті сипаттау; Өнімді өткізу нарығын сипаттау; Тауар жеткізілімін сипаттау; Тұтынушыларды тарту стратегиясы

Өндірістік жоспар 

 

Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер; Технология және орындаушылардың біліктілігінің деңгейі; Кадрлық қамтамасыз ету; Өндіру көлемі; Қызметкерлерге, шикізаттарға, ағымдағы шығындар сметасына жұмсалатын шығындар; Өзгермелі және тұрақты шығындарды есептеу

Ұйымдастырушылық жоспар

Басшылық топтың сипаттамасы; Ұйымдық құрылым; Қолдау және ынталандыру механизмі; Құқықтық қамтамасыз ету

Қаржылық жоспар

Дайындық кезеңінің шығындары; Ағымдағы (басты) кезеңнің шығындары; Жоба түсімін есептеу; Несиеге (лизинг) қызмет көрсетумен байланысты шығындар; Салық төлемдерінің есебі, Өзге түсімдер мен төлемдер; Пайда мен зиян туралы есеп;Нақты ақшалар ағыны; Болжамды баланс

Жоба тиімділігі мен бағыттылығы

Жобаның бағыты мен маңыздылығы; Оны іске асыру тиімділігінің көрсеткіштері; Жобаның сезімталдығын талдау

Тәуекелдер мен кепілдіктер

Кәсіпкерлік тәуекелдер және ықтимал форс-мажор жағдайлар; Серіктестер мен инвесторларға қаражатты қайтарудың кепілдіктері

Қосымшалар


Бизнес-жоспар мұқаба парағынан басталады және онда жобаның аты, мазмұны бойынша суреті, кіммен жасалған, қай қалада жүзеге асады және жасалған жылы жазылады. Содан кейін бизнес-жоспардың мазмұны, құрылымына қарай беттері қойылып жасалады.

1.Түйіндеме

2.Өнімнің сипаттамасы

3.Маркетинг жоспары

4.Өндірістік жоспар

5.Ұйымдастырушылық және басқару жоспары

6.Жобаны жүзеге асыру

7.Қаржылық жоспар

8. Тәуекелдер

9. Қосымшалар

Бизнес-жоспардың құрылымы

1.Түйіндеме


Түйіндемеде келесі ақпараттар болуы қажет:
  • кәсіпорынның толық атауы, мекен-жайы мен телефоны;
  • жобаның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттары, қандай өсімге жетуге болады, қандай кіріс алу жоспарлануда, қандай уақыт кезеңінде;
  • жобаның жалпы құны, инициатордың жобаға инвестицияландыратын қаржы көлемі;
  • жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.

Мысал

1. Қарыз алушы туралы жалпы мәліметтер

Аты-жөні

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Мекенжайы

Жеке куәлігінің №

 

Туған жері мен күні, айы, жылы

ЖСН

Отбасылық жағдайы мен еңбекке қабілетсіз балаларының саны

Білімі

Мамандығы

Мүгедектігі бар ма, жоқ па

Байланыс деректері

Қарыздың мақсатты бағыттылығы:

"Игiлiк" бағдарламасы бойынша ІҚМ өсіруді ұйымдастыру

Валюта:

теңге

Жобаның жалпы сомасы, мың теңге:

2 000

Соның ішінде қарыз қаражаты, мың теңге:

2 000

Соның ішінде өз қаражаты, мың теңге:

0

Мысал

Қазақстанның малшаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 43% құрап отыр. Мал шаруашылығы Қазақстанның негізгі стратегиялық экономикалық мәселелердің бірі және ауыл халқының негізгі жұмысбастылық көзі, азығы мен табыс көзі болып табылады.

Табиғи жем-азығы жерлердің даму сипаты, ең алдымен мал шаруашылығы, етті бағыттағы малға келеді, оның үлесі Қазақстандағы өндірілген еттің, сонымен бірге сүтті бағыттағы мал шаруашылығының шамамен 65% үлесі тиесілі. Жоба тұжырымдамасы "Игiлiк" бағдарламасы бойынша ірі қара мал өсіруді ұйымдастыру бойынша ферма ашуды көздейді.


Қарыздың мақсатты бағытталуы

Атауы

Саны

Бағасы, тг

Сомасы, тг

Сатып алынатын аналық сиырлардың саны

8

250 000

2 000 000

Сатып алынатын бұқалардың саны

0

-

-

Жем-шөп пен айналым құралдарын алу

1

-

-

Барлығы

 

 

2 000 000

Кәсіпорынды немесе жобаны сипаттау


Инвестициялық шешімдер қабылдайтын тұлғаларда, инвестициялық жобаны іске асыруда инвестициялық объект ретінде көрінетін кәсіпорын немесе оның серіктестері туралы нақты пікір қалыптастыру мақсатында кәсіпорын мен сала сипатталады.

2. Өнімді сипаттау


Бұл тарауда ұсынылатын өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Өндірілетін өнімнің соңғы 5-10 жыл ішіндегі нақты және құндық көрсеткіштері, оның құрылымы жөнінде де мағлұматтар берілгені жөн. Бизнес – жоспарда өнімнің суретін көрсету, оның безендірілу сапасын жоғарлатады.

2. Өнімді немесе қызмет көрсетуді сипаттау

1. Өнімнің немесе қызмет көрсетудің атауы.

2. Қолдану аясы.

3. Өнімнің /қызмет көрсетудің тұтынушылық сапасын қысқаша сипаттау.

4. Өнімнің /қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттігі .

5. Өнімді шығарудың лицензиялау/сертификаттаудың бар болуы немесе қажеттілігі

6. Өнімнің /қызмет көрсетудің шығарылымға мен сатуға дайындық дәрежесі.

7. Өнімнің /қызмет көрсетудің зиянсыздығы мен экологиялығы.

8. Өнімнің /қызмет көрсетудің шығару жағдайы мен қораптау қажеттілігі.

9. Сатылымнан кейінгі қосымша кепілдіктер мен сервисі .

10. Өнімнің /қызмет көрсетудің пайдаланудан кейінгі утилизация қажеттілігі .

11. Өнімнің /қызмет көрсетудің даму стратегиясы, кеңейту жоспары мен модернизациясы.

Өнімнің/қызмет көрсетудің сипаттамасы

Бұл тарауда ұсынылатын өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Қазіргі жағдайда шағын бизнес нарығында монополист болу екіталай. Сондықтан өз өніміңіздің ерекшелігіне көп мән беру керек. Басқа өнімге қарағанда, сіздің өніміңіз неге және немен ерекшеленетінін көрсету қажет. Жеке ерекше сипаттарды көрсете отырып, нарыққа шығуға және клиенттерді тартуға оңай болады. Мұндай ерекшеліктерді ерекше сатылым ұсынысы (ЕСҰ) деп аталып, оны жасап үйрену қажет.


Мысал, біздің бизнес-жобамыздың мысалы бойынша орындаушы Қазақстанда кеңінен таралған отандық Қызыл дала сиырын сатып алуды көздейді.

Бұл тұқымның ерекшелігі Қазақстан климатына, жем-шөбіне жерсінуі, сонымен қатар қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз).

ЕСҰ қалай жасауға болады?

Бастапқыда 2 сұраққа жауап беріңіз:

1. Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда несімен жақсы?

2. Сіздің тауар/қызмет көрсету бәсекелестерге қарағанда неге жақсы?

Тауар аты



+ Бәсекелестерден Сіз несімен жақсысыз? 

+ НЕГЕ?



Қызыл дала сиыры  

қансорғыш кенелерге, ауруларға қарсы тұра алуы (тейлериоз и приоплазмоз), жоғары өнімділік

Себебі Қазақстан климатына, жем-шөбіне жерсінуі

Есте сақтаңыз, ең төмен баға сіздің ЕСҰ болмайды. Сіздің бәсекелестеріңіз сізді нарықққа кіргізбес үшін бағасын төмендетіп жіберу мүмкін.

3.«Маркетингтік жоспар»

Бизнесті бастағанда бастапқыда барлығы жақсы көрінеді. Бірақ ертеңге, болашаққа жоспар жасап үйрену қажет.

Марк Стивенс

Маркетинг жоспары


«Маркетинг жоспары» нарық құрылымы, бәсекелестердің ұқсас өнімдері, сауда және қызмет көрсету, баға, жарнама салаларының бизнестің барлық кезеңдеріндегі - өнімнің пайда болуынан сатуға дейінгі және сатқаннан кейінгі стратегиясын анықтайды.

Өткізу нарығын сипаттау

1.Жоспарланған компанияны ашу / жобаны жүзеге асыру

саласын анықтау ( саладағы бәсекелестік жағдайы,

болашаққа болжам, маусымдылық және т.б.)

2. Өткізу нарығын сипаттау (нарықты сегменттеу)

3. Бәсекелестерді сипаттау

4. SWOT-талдау

5.Нарыққа кіру кедергілері.

6. Сатып алушыларды тарту стратегиясы

Маркетинг ережелері
  • Бизнесте ең алдымен- нарықты зерттеңіз!
  • Адамдардың қажеттіліктерін біліп отырыңыз!
  • Өз бәсекелестеріңіздің кім екенін жақсы біліңіз!
  • Баға саясатын дұрыс қолдана біліңіз!
  • Өз тауарыңызды ілгері жылжытуды жоспарлап отырыңыз!

«Маркетингтегі жеті P» ережесі
  • Product (Өнім). Сіз не сатасыз
  • Place (Орналасқан орны). Сіз қай жерде сатасыз
  • Price (Баға). Қандай бағамен сатасыз
  • Promotion (Өткізу). Тұтынушыларды қалай ақпараттандырасыз және сатып алуға қандай жағдай жасайсыз
  • People (Адамдар). Бизнесте Сізге кім көмектеседі
  • Process (Процесс). Сату немесе қызмет көрсету кезінде қандай әрекет жасау керек
  • Physical Evidence (Материалдық куәлік). Қандай жағдайда сатылады немесе қызмет көрсетіледі