Файл: Таырыбы Кмелетке толмаандарды тнде жруі туралы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

« Қостанай гуманитарлық колледжі»мекемесі

Бекітемін:

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

______________ Жангужина З М..

«___» _________________ 2019 ж


Тақырыбы:

«Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі туралы»

Орындаған:Досмағанбетов С Ж.

3МДТ-17-тобы.


Қостанай 2019 ж

Кәмелетке толмағандардың түнде жүруі туралы


Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты екі мыңға жуық қылмыс тіркелді. Соның жеті жүзден астамы жыныстық тиіспеушілігіне қарсы (зорлау, жас балаларды азғындық жолға түсіру, он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас). Балаларды түнгі уақытта көшеде немесе қоғамдық орындарда жүру кезінде болуы мүмкін қауіпті жағдайлардан қорғау үшін «коменданттық сағат» енгізілген.

1.Бұл тыйым кімге қатысты?

01.01.2015 жылдан бастап Қазақстанда балаларға арналған «коменданттық сағат» қолданыста келеді. Оған сәйкес 18 жасқа толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салынады.

Нақтырақ айтқанда:

ойын-сауық мекемелерінде – 22:00 – 6:00

тұрғынжайдан тыс жерде сағат – 23:00 – 6:00

* Тұрғынжай заңды өкілдерінің тұрғылықты жерi болып танылады

(ҚР Азаматтық кодексі 16-бап)


2.Түнгі уақытта қайда жүруге болмайды?

Ойын-сауық мекемелеріне ойын мекемелері, түнгі клубтар, дәмхана-барлар, мейрамханалар, интернет-дәмханалар, компьютер, бильярд, боулинг-клубтары мен кинотеатрлар, театр-ойын-сауық мақсатындағы нысандар және көңіл көтеру-демалыс, театр-ойын-сауық, спорт, мәдени-демалыс мақсатында қызметтер көрсетілетін өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар жатады. (ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 422-бап)


3.Баламен кім болуы керек?

Полиция қызметкерлері көптеген қылмыстың алдын алу үшін жұмыс істейді, сондықтан олар сізден құжат сұрауы мүмкін.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске сәйкес, бала заңды өкілімен болуы тиіс, яғни ата-ана, асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-аналар, патронат тәрбиелеуші немесе олардың орнындағы басқа да адамдар.

Ал егер түнгі уақытта ата-анасы жұмыстан босамай, баланы мектептен немесе жаттығудан туыстарының біреуі алып кетсе ше? Бұл жағдайда нотариусқа барып, баламен сағат 22:00-ден кейін болатын адамның атына қажетті түсініктемемен сенімхат рәсімдеу қажет.


4.Айыппұлдар туралы

«Коменданттық сағатты» бұзу дерегі бойынша ұсталған кезде кәмелетке толмаған бала полиция бөлімшесіне жеткізіліп, жеке басы анықталады және ата-анасына хабар беріледі. Бұл ретте, бала ойын-сауық мекемесінде ұсталған болса, ата-анасы 3 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды. Ал далада ұсталса, бірінші рет ескерту жасалады. Бірақ тәртіп сақшыларының көзіне қайтадан түссе 7. АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.




Орындаған: Досмағанбетов С.Ж.

3МДТ-17тобы