Файл: азастан Республикасыны денсаулы сатау министрлігі ШО денсаулы сатау басармасыны Семей аласыны Дйсенбі Калматаев атындаы мемлекеттік жоары медицина колледжі шж кмк.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.05.2024

Просмотров: 36

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК


«Келісілді» «Бекітемін»

ШЖҚ КМК Директордың оқу ісі

«Семей ЖМЖА» ШҚО ДБ жөніндегі орынбасары

Бас медбикесі ______Ульбауова А.М.

________ Баспакова Г.С. «__» _____ 2022 ж

«__» ______ 2022 ж


Клиникалық практика

« Педиатриядағы,акушерство және гинекологиядағы,паллиативті көмек кезіндегі мейіргер ісі »
Мамандығы: 0302000 «Мейіргер ісі»

Біліктілігі:: 030204 3 – "Жалпы практика мейіргері"
Жалпы сағат саны/ кредит саны : 180/30
Құрастырған оқытушылар: Сыдыкказы Г ,Кокежанова К.Б , Саянова А.Б

«Арнайы клиникалық пәндер» № 2

бірлестік отырысында қарастырылды

Хаттама № ____________2022ж

Төрағасы ____________


Кәсіптік тәжірибе бағдарламасы құрастырылды:

Сыдыққызы Г - педиатрия және балалар аурулары пәнінің оқытушысы.

Саянова А.Б - терапия және ішкі аурулар пәнінің оқытушысы

Кокежанова К.Б – акушерство және гинекология пәнінің оқытушысы
Оқу-әдістемелік кеңес отырысында қарастырылды және мақұлданды

2022 жылғы ____ ______ № ____ хаттама

ОӘК төрағасы ____________ ____________________

(қолы) ( Аты жөні,тегі )
Әдіскер ____________ ___________________

(қолы) ( Аты жөні,тегі )

Кіріспе


Қоғам дамуының, ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңінде кәсіптік білім беру бітіруші мамандардың кәсіби біліктілік деңгейін арттыруды көздейді және бұл, ең алдымен, қазіргі заманғы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес жұмыс берушілер тарапынан талаптардың артуымен байланысты.

Жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда кәсіби білім, дағдылар мен іске деген көзқарас қана емес, сонымен қатар «құзыреттілік», «білімділік» сияқты ұғымдар да бірінші орынға шығады.

Жоғары білімді адам – бұл өзінің кәсіби саласындағы мінсіз маман ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениетте, басқа салаларда да жақсы бағдарланған тұлға. Жұмыс берушілер үшін командалық жұмысқа бейілділік, тәртіптілік, кәсіби өсуге ұмтылыс, өз жұмысын дәлелді практика негізінде жоспарлай және талдай білу үлкен маңызға ие. Ойлаудың тапқырлығы мен икемділігіне үлкен мән беріледі.

Бұл мәселелерді шешуде білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын клиникалық практикаға үлкен мән беріледі.


Практикалық оқытуды оның барлық кезеңдерінде ұйымдастыру практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес жоғары білікті, практикалық бағдарланған мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде практикалық оқыту кредиттік-модульдік технологияны қолдана отырып, құзыреттілік тәсілге сәйкес мейіргерлік қызметті жетілдіру және дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру үшін әзірленген.

Клиникалық практика – студенттерде білімнің, дағдылардың және медициналық қызметке кәсіби дайындықтың кәсіби бағытын қалыптастыруды мақсат ететін білім беру бағдарламаларының құрамдас бөліктерінің бірі.

Клиникалық практиканың мақсаттары


1. Клиникалық пәндерді оқу кезінде қалыптасатын базалық және кәсіби құзыреттерді дамыту.

2. Практикалық дағдыларды жетілдіру.

3. Медициналық құжаттаманы жүргізумен (КМАЖ-да жұмыс істеу), есептілікпен, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырумен танысу.

4. Жекелеген адамдардың және олардың отбасылары денсаулығы мен әл-ауқатын нығайту мақсатында үйде күтім жасау үшін тиімді санитариялық-ағарту іс-шараларын жүргізу.

Клиникалық практиканың міндеттері


1. Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті ұйымдастыруды зерделеу.

2. Мамандықтың білім беру стандартының біліктілік талаптарына сәйкес базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, дамыту.

3. Теориялық оқытуда алынған практикалық дағдыларды бекіту.

4. Қоғамдық, ұйымдастырушылық және тәрбие жұмысының тәжірибесін алу.

5. Пациенттермен тиімді коммуникация, кәсіби аралық өзара іс-қимыл және командада жұмысты ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру.

Студенттің практикадан өту кезіндегі міндеттері:

  • Кәсіптік практиканы өткізуге жауапты практика бөлімі мен практика тьюторы өткізетін клиникалық практика жөніндегі анықтамалық конференцияға қатысу;

  • Кәсіптікпрактика бағдарламасында көзделген тапсырмаларды адал және белсенді орындау, практикалық дағдыларды меңгеру;

  • медициналық ұйымның ішкі еңбек тәртібінің (практика базасының) қолданыстағы ережелеріне бағыну;

  • қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан өту және қауіпсіздік ережелерін сақтау;

  • атқарылатын жұмыс үшін жауапкершілік;

  • жүргізілген жұмыстың есебін жүргізу;

  • бағалау сұхбатына күнделік-есепті ұсыну.

Практика бағдарламасын орындамаған, бағалау сұхбатында «практика есептелмеді» деп бағаланған студент колледж әкімшілігі белгілеген мерзімде клиникалық практикаға қайта жіберіледі.

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу


Практиканы ұйымдастыруға және өткізуге үш тарап қатысады:

1. тьютор-оқытушы, ол практиканы ұйымдастыруды жүзеге асырады, нұсқаулық береді, бақылайды және ментормен бірге бағалау сұхбатына қатысады;

2. ментор – клиникалық практикадан өту кезеңінде студенттерге теориялық білім мен практикалық дағдыларды клиникалық базада бекітуге ықпал ететін білікті медицина қызметкері.

3. студент.

Тьютордың міндеті

  • медициналық ұйым қызметінің құрылымын, түрін және көлемін біледі;

  • әр білім алушы үшін клиникалық практикадан өту уақыты мен ұзақтығын клиникалық базамен алдын ала келіседі;

  • практика жетекшісіне қажетті құжаттарды ұсынады;

  • клиникалық практиканы дамыту мәселелерінде әртүрлі қатысушылар мен өзара іс-қимыл жасайды;

  • ментормен бірге білім алушының білімі мен іскерлігіне бағалау жүргізеді;

  • клиникалық практиканы бағалауға жауапты.

Ментордың міндеті:

  • практика бағдарламасына сәйкес клиникалық практиканы өткізуді қамтамасыз етеді;

  • білім алушыға эмоциялармен күресуге көмектеседі;

  • клиникалық (практикалық) дағдыларды меңгеруде, теорияны практикада бекітуде көмекші;

  • студенттің кәсіби әлеуметтенуінде, тиімді жұмыс қарым-қатынасын қалыптастыруда көмекші;

  • студенттің клиникалық оқудағы прогресін талдайды және бағалайды;

  • студенттің кәсіби және жеке өсуіне ықпал етеді;

  • практика құжаттамасын жүргізуге көмек көрсетеді;

  • бөлім қызметкерлерінің, тьютордың пікірлерін ескере отырып, клиникалық практикаға (күнделікті, аралық, соңғы) бағалау жүргізеді.

Студенттің міндетті

  • практикадан өтуге рұқсаталады;

  • клиникалық базаның қызметімен танысады;

  • бағдарламаға сәйкес клиникалық практикадан өтеді;

  • практика күнделігінде күн сайын практикада іске асырылатын мақсаттарды, игерілген дағдылар бойынша жұмыс түрлерін көрсететін жазбалар;

  • инфекциялық және техникалық қауіпсіздік, құпиялылық ережелерін,этикалық нормаларды сақтайды;

  • клиникалық практикадан уақтылы өтуге жауапты;

  • практикалық бағдарламад ақарастырылған тапсырмаларды сапалы және толық көлемде орындайды;

  • практикадан өту орны мен мазмұнына байланыстықа жетті медициналық құжаттарды уақытылы және сапалы толтырады;


Өндірістік тәжірибе күнделігін қашықтықтан жүргізу бойынша ұсынымдар
Өндірістік оқыту күнделігі :

1. Титул парағы

2. Мазмұны

3. Бағдарлама БОЙЫНША

4. Күнделікті жазбалар (күнделікті мәтіндік бөлігін фотосуреттермен, суреттермен, схемалармен, сілтемелермен суреттеуге болады)

5. Қорытынды (оқушының тәжірибе кезінде алған білімінің, іскерлігінің, дағдыларының (құзыреттерінің) сипаттамасы)

Педиатриядағы мейіргер ісі
Нәрестелер патологиясы бөлімі
Білім алушы істеу керек:


  1. Көзді тазалау

  2. Кіндік жарасын өндеу

  3. Жаңа туған баланы БАБЖ бағдарлама бойынша жылыту

  4. Шала туған баланы зонд арқылы балаларды тамақтандыру

  5. Метеоризм кезінде көмек көрсету

  6. Дене қызуын өлшеу

  7. Лихорадка кезінде балалардың жағдайын БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау

  8. Оттегіні беру

  9. Құрысып тырысу кезінде көмек көрсету

  10. Антибиотиктерді ерітіп, еңгізу

  11. Апгар шкаласы бойынша бағалау.

  12. БАБЖ бойынша 2 айға дейінгі балаларды жүргізу

  13. Пульсті анықтау, график түрінде жазу

  14. Асфиксия кезінде жедел көмек көрсету

  15. Нәрестелердің гемолитикалық аурулары, күтімі жүргізу

  16. Баланы омырауға дұрыс салу (БАБЖ бағдарлама бойынша)

  17. Науқас балаларды БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізу

  18. Гоннобленореяны алдын алу

  19. Нәрестенің сарғаю , түрлері, емін жүргізу

  20. Туылу кезінде жарақаттарда көмек көрсету


Балалар бөлімінде жұмыс істеу
Бөлімшенің жұмыстарымен және құжаттарымен танысу

1. Ауруханаға түскен балаларды қабылдау; ауру тарихын толтыру,науқастарға өндеу жүргізу,антропометрияны өткізу.

2. Әр түрлі аурумен ауруған балаларды күту

  • Тыныс алу жүйесі

  • Асқорыту жүйесі

  • Жүрек қан тамыр жүйесі

  • Бүйрек және зәр шығару жүйесі

  • Қан және қан түзу жүйесі

  • Эндокринді жүйесі

3. Дене қызуын өлшеу, график түрінде жазу. Гипертермияда БАБЖ бағдарламасы бойынша көмек көрсету.

4.Асқазанды жуу

5. Жүйені құрастыру

6. Қан қысымын өлшеу

7.Пульсті санау

8.Баланы жалпы зәр анализына дайындау

9. Зимницкий және Нечипоренко әдістері бойынша зәрді жинау

10.Қанды биохимиялық зерттеугеалу

11. Мұрыннан қан кеткен кезде көмек көрсету

12.Естен тану кезінде көмек көрсету

13. Коллапс кезінде көмек көрсету

14.Стеноздаушы ларингитте жедел көмек көрсету

15.Құсу кезінде көмек көрсету

16.Асқазаннан қан кеткенде көмек көрсету


17.Оттегі беру

18. Көктамырға, тері астына, бұлшық етке инъекция жасағанда қатысу.

19.Науқас балаларды (анемия ауруында , жөтелген кезінде,жұтқынщақ ауырғанда, құлақ ауырғанда, диарея кезінде, тыныс алуы қиындаған кезінде)БАБЖ бағдарламасы бойынша жүргізу

Емхана жұмыс істеу

Білім алушы білу керек:

1.Ана мен балаға емдік-алдын алу көмекті ұйымдастыру. Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі қағидалары.

2. Балаларды диспансеризациялау

3.Алдын алу шараларын жүргізудегі мейірбикенің іс әрекеті

4.Бір жасқа дейінгі балалардың салмақ және бой көрсеткіштері

5.Деңсаулық топтары

6.Балаларды шынықтырудың негізгі ережелері

7.Ана мен балаға омыраумен тамақтандырудың маңызы

8. Омырауға дұрыс салу техникасы

9. Аралас және жасанды тамақтандыруға ауыстырудың себептері

10.Бақылау өлшеу жүргізу техникасы

11. Баланы шөлмекпен, қасықпен тамақтандыру

12. Босануға дейінгі патронажды ұйымдастырудың негізгі қағидалары

13. Жаңа туған нәрестенің алғашқы патронаж жүргізу,мерзімі,міндеттері

14.Дені сау және науқас баланы зерттеу әдістері:шағымдарды жинау, анамнез жинау,тексеру,пальпация,аускультация, қорытындыларды бағалау,мейірбике үрдіске жоспар құру, мейірбике диагнозын қою

15. Екпе кестелерінің құрастыру

16. Егу кабинетінде жұмыс жүргізу. Егу күнтізбесі. Егу құжаттармен жұмыс жасау.

17.Антропометрия жүргізу, баланың физикалық дамуын БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау

2 қосымша

Студенттің жұмыс кестесі

Рабочий график студента

Студенттің ТАӘ____________________________________________Модуль атауы/Наименование модуля_______________________________

Ф.И.О. студента

Практикадан өту кезеңі ______________________________________________________________________________________________

Период прохождения практики

Студенттің байланыс деректері (е-mail. тел)___________________________________________________________________________________

Контактные данные студента

Тьютордың Т.А.Ә. _____________________________________

Ф.И.О. тьютора

Тьютордың байланыс деректері (е-mail. тел)

Контактные данные тьютора

Ментордың Т.А.Ә. _____________________________________

Ф.И.О. ментора

Ментордың байланыс деректері (е-mail. тел)

Контактные данные ментора




Дс

Пн.

Сс

Вт.

Ср

Ср.

Бс

Чет.

Жм

Пт.

Сн

Сб.

Жн

Вс.

Дс

Пн.

Сс

Вт.

Ср

Ср.

Бс

Чет.

Жм

Пт.

Сн

Сб.

Жс

Вс.

Сағат

Часы

Жұмыс күндерінің саны / Количество рабочих дней

Күні

Дата

















































Жұмыс сағаты

Рабочие часы




















































Дс

Пн.

Сс

Вт.

Ср

Ср.

Бс

Чет.

Жм

Пт.

Сн

Сб.

Жн

Вс.

Дс

Пн.

Сс

Вт.

Ср

Ср.

Бс

Чет.

Жм

Пт.

Сн

Сб.

Жн

Вс.







Күні

Дата

















































Жұмыс сағаты

Рабочие часы

















































Б=ауырғаны себепті босатқаны / отсутствие по болезни

О=басқа себептермен босатқаны / отсутствие по иным причинам

У= оқу күні / учебный день

Барлығы

Итого

Барлығы

Итого