Файл: География пнінен тосан бойынша жиынты баалауа арналан спецификация 8сынып.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.02.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.

7. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:

КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;

ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;

ТЖ –толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.

Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.

Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
1–тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

Тапсырма № *

Тапсырма түрі*

Орындалу уақыты, мин*

Балл*

Бөлімге берілетін балл саны

Географиялық зерттеу әдістері

Зерттеу және зерттеушілер


8.1.1.1 География ғылымының салаларға бөлінуін графикалық түрде көрсетіп түсіндіреді

Қолдану


1

3

ҚЖ

4

4

13

8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы маңызды зерттеулерді анықтайды

Қолдану

1

4

ҚЖ

3

3

8.1.1.4 Сандық және сапалық географиялық деректерді өңдеп, талдайды

Жоғары деңгей дағдылары

1

8

ТЖ

10

6

Картография және деректер базасы Географиялық карталар

8.2.1.1 Тақырыптық карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді құрастырады: профиль, диаграмма, график, кесте

Қолдану


1


5


ҚЖ


4


3



9

8.2.1.2 Географиялық шартты белгілер мен карталарды сипаттайтын қосымша элементтерді қолдана отырып, тақырыптық карталарды оқиды

Қолдану

1

6

ҚЖ

4

3

8.2.1.3 Географиялық номенклатура нысандарын кескін картадан көрсетеді

Қолдану


1

7

ҚЖ

3

3

Физикалық география Литосфера

8.3.1.2 Жер бедері түрлерін жіктейді

Білу және түсіну


1

1

КТБ

1

1

8

8.3.1.5 Тау жыныстары мен минералдарды түрлі белгілері бойынша жіктейді

Білу және түсіну

1

2

КТБ

1

1

8.3.1.10 Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді

Жоғары деңгей дағдылары


1

9

ТЖ

10

6

Барлығы







9







40

30

30

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


География пәнінен 1 тоқсан №1 ТЖБ. 8

Күні: __________. Сыныбы: _______. Оқушының шартты белгісі: (код) ____________________


1. Жер бедерінің негізгі түрлерін анықтаңыз.

А) тау, жазық

В) үстірт, тау

С) ойпат, үстірт

D) қырат, ойпат

Е) жазық, ойпат

[1]

2. Шөгінді тау жынысын анықтаңыз.

А) гнейс

В) мәрмәр

С) кварц

D) әктас

Е) гранит [1]


3. Берілген мәтінді оқып шығыңыз.

(а) Осы мәтін негізінде география ғылымының салаларын графикте көрсетіңіз. [2]

(b) Мәтіннен ғылым салаларының зерттейтін аумағын анықтаңыз.____________ [2]
География – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Ол бүкіл Жер бетінің және оның жеке бөліктерінің табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді. География негізінен физикалық география және  экономикалық география болып екіге бөлінеді. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ өсімдік және жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды. Экономикалық география (грекше экономия – шаруашылық басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.
4. Берілген суреттер арқылы маңызды географиялық зерттеулердің негізгі түрлерін анықтаңыз.



1-сурет 2-сурет 3-сурет

1-сурет ______________________________________________________________ [1]

2-сурет ______________________________________________________________ [1]

3-сурет ______________________________________________________________ [1]
5. Картада Қазақстан территориясында жауын - шашынның таралуы мен буланушылықтың орташа мөлшері берілген. Осы тақырыптық картаны толықтыру үшін 2 қосымша элемент қосып, себебін жазыңыз.



(a) Қазақстанда жауын - шашын ең көп түсетін жерді анықтаңыз._________________ [1]

(b) Қазақстанда жауын - шашын ең аз түсетін жерді анықтаңыз.__________________ [1]
(c) Картада берілген ауа райы элементі мен құбылысын оқудың маңыздылығын түсіндіріңіз._____________________________________________________________ [1]
6. Қазақстанның тектоникалық және сейсмикалық карталарын қолдана отырып:

(а) Шығыс-Еурропа платформасының еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз. ____________________________________________________________________________ [1]

(b) Батыс-Сібір плитасының еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз. ____________________________________________________________________________ [1]

(с) Еліміздің қай бөлігінде жер сілкінісі 9 балдық күшпен болатынын анықтаңыз. ____________________________________________________________________________ [1]
7. Кескін картада көрсетіңіз.


(a) Дүниежүзінің ең биік тау шыңын. ________________________________________ [1]

(b) Дүниежүзінің ең төмен жерін. __________________________________________ [1]

(c) Дүниежүзіндегі ең үлкен көлді. __________________________________________ [1]
8. Х. Колумбтың саяхаты бойынша берілген карта-схемаға талдау жасаңыз.


(a) Х.Колумб саяхатының негізгі мақсатын жазыңыз. ______________________________

__________________________________________________________________________ [1]

(b) Х.Колумб саяхатында экспедицияның өз бағытынан ауытқуына себепші болған жағдайды анықтаңыз. ______________________________________________________________________

___________________________________________________________________________ [1]

(c) Х.Колумбтың 2-саяхатында Испанияға үлкен байлық табудың орталығы болған «алтын» қоры мол аралды анықтаңыз. ________________________________________________ [1]

(d) Х.Колумбтың 3-саяхатындағы сәтсіздік неге байланысты болғанын анықтаңыз.___ [1]

(e) Х. Колумтың 4-саяхатқа бару себебін жазыңыз. ______________________________ [1]

(f) Қателіктеріне қарамастан Х.Колумб саяхатының маңызын жазыңыз. ___________ [1]
9. Өз аймағыңыздағы жер бедерінің бір түрін таңдап алыңыз және төмендегі жоспар негізінде талдаңыз.
(a) Жер бедерінің түрін анықтаңыз. _____________________________________________ [1]

(b) Басым дамыған шаруашылық түрін анықтаңыз._______________________________ [1]

(c) Қалыптасқан қосалқы шаруашылықтың түрін жазыңыз._________________________ [1]

(d) Жер бедерінің шаруашылық салаларын дамытуға қолайлы және қолайсыз тұстарына баға беріңіз._________________________________
____________________________________ [2]

(е) Қорытынды жасаңыз. ____________________________________________________ [1]

Балл қою кестесі



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

a. Тау, жазық

1




2

d. Әктас

1




3

  1. География




физикалық экономикалық

  1. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді.

Экономикалық география (грекше экономия – шаруашылық басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады, табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді

1

1
1


1





4

1. Ғарыштық зерттеулер

2. Географиялық ақпараттық зерттеулер (ГАЖ)

3. Далалық (саяхатшылар) зерттеулер

1

1

1




5

a. Жауын-шашын ең көп түсетін жер – Алтай,

b. Жауын-шашын ең аз түсетін жер – Арал маңы шөлдері (Үлкен Борсық құмы)

c. Себебі климаттық картада жекелеген аймақтардың ерекшеліктерін нақтылау маңызды болып табылады

1

1
1




6

a. Еліміздің шығысында

b. Еліміздің солтүстігінде

c. Еліміздің оңтүстігінде

1

1

1




7

Кескін картада белгілейді:

a. Джомолунгма шыңын

b. Өлі теңізді

c. Каспий теңізін

1

1

1




8

a. Батыс жолымен Үндістанға жол ашу

b. Қатты желдердің әсерінен пайда болған теңіз толқындары негізгі бағытты өзгертіп алуына себеп болды

c. Испаньола аралы

d. Испан каролі тарапынан пайда болған саяхатшының саяхат жұмыстарына сенімсіздігі

e. Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу туралы жасаған ұсынысы

f. Адамзатқа жаңа жерді ашып беруі, бірақ өзінің білмеуі

1
1

1
1
1

1




9

Жер бедерінің түрін анықтайды

Басым шаруашылық түрін атайды

Қосалқы шаруашылық түрін жазады

Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайлы жағын бағалайды

Шаруашылықты дамытуға жер бедерінің қолайсыз жағын бағалайды

Қорытынды жасайды

1

1

1
1
1

1

Өз аймағының жер бедерінің бір түрін таңдайды




Жалпы балл

30