Файл: Биология пні бойынша pisa тапсырмалары 1 тапсырма. Аралар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 249

Скачиваний: 18

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

СОДЕРЖАНИЕ

Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары

1 – тапсырма. Аралар

2 – тапсырма НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР

4-сұрақ. Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?

3 – тапсырма ТЕМЕКІ ШЕГУ

4-сұрақ Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.

4 – тапсырма ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

1-Сұрақ. Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

3-Сұрақ.Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?

5 – тапсырма СІЗДЕР ТІСТЕРІҢІЗДІ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙСЫЗДАР?

1-Сұрақ. Бенте Хансен кеңес бергендей, неге тілді де тазалау керек?

6 – тапсырма АУЫЗ СУ

3-Сұрақ. Суды тазалаудың 4 ші кезеңінде хлор қосады. Не себепті суға хлор қосады?

4-Сұрақ .Лас суды қолдану келесі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін бе? «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарын айналдыра сызыңыз

Биология пәні бойынша PISA тапсырмалары


1 – тапсырма. Аралар


Аралар туралы мәтін

Осы және келесі бетте көрсетілген ақпарат аралар туралы булеттен алынды. Сұрақтарға жауап беру үшін осы ақпаратты пайдаланыңыз.

Шірне жинау


Аралар өмір сүру үшін бал жасайды. Олар үшін бұл басты тамақ. Егер омартада 60,000-ға жуық ара болса, олардың үштен бір бөлігі шірне жинайды, ал олан омартадағы аралар бал жасайды. Аралардың шағын мөлшері жинаушы немесе іздеуші ретінде жұмыс жасайды. Олар шірненің көзін іздейді, одан кейін омартасына қайтып, ол туралы басқа араларға айтады.

Жинаушылар би арқылы басқа араларға шірненің көзі орналасқан жер туралы білуге көмектеседі, сол би арқылы аралар ұшып өтетін бағыт пен қашықтықты түсінеді. Осы би кезінде аралар, 8-суретте көрсетілгендей, іштерімен бір жақтан екінші жаққа қарай қозғалып, шеңбер болып айналады. Бидің реті тура келесі суреттегідей болады.




Суретте бал ұясының тік жағында омартаның ішіндегі аралардың биі көрсетілген. Егер суреттің ортаңғы бөлігі жоғары қарай нұсқаса, онда бұл аралар күн жаққа қарай ұшса, тамағын таба алады дегенді білдіреді. Егер суреттің ортаңғы бөлігі оң жақты нұсқаса, онда тамақ күннен оңға қарай орналасқан дегенді білдіреді.

Аралар іштерімен қозғалатын уақыттың ұзақтығы тамақтың омартадан бастап орналасқан қашықтықты көрсетеді. Егер тамақ жақын жерде болмаса, онда ара гүлдің ішін біраз уақыт қозғайды

Бал жасау


Аралар омартаға шірнемен ұшып келгенде, олар оны омартадағы араларға береді. Омартадағы аралар шірнені омартаның жыл және құрғақ ауасының әсеріне ұшыратып, төменгі жақтарымен жылжытады. Жиналған шірненің құрамында 80% сумен араласқан минералдар мен қант болады. 10-20 минуттан кейін, артық су буға айналып кеткен кезде, омартадағы аралар шірнені бал ұясының ұяшығына қояды, онда булану үдерісі жалғасады. Үш күннен кейін ұяшықтағы балдың құрамында шамамен 20% су болады. Бұл уақытта аралар ұяшықтарын балауыздан жасалған қақпақтармен жауып қояды.

Әдетте, аралар шірнені бір типті гүлдерден және бір жерден жинайды. Шірненің негізгі қайнар көздері жеміс ағаштары, беде және гүлденген ағаштар болып табылады.
Глоссарий

  • Омартағы ара омартаның ішінде жұмыс істейтін жұмысшыара

  • Төменгі жақ ауыздыңбөлігі



1– сұрақ. Аралар биі не үшін қажет?

    1. Балдың табысты дайындалғанын атап өту үшін.

    2. Жинаушылар тапқан өсімдіктің түрін көрсету үшін.

    3. Жаңа ұрғашы араның тууын атап өту үшін.

    4. Жинаушылар тапқан тамақтың қайда екенін көрсету үшін.

Дұрыс жауап: D.

2– сұрақ. Шірненің негізгі үш көзін жазыңыз.

1.
2.
3.
Дұрыс жауап: Сұрақтың мақсаты: ақпарат алу: бұратын ақпаратсыз, әріп тіркесі abc, abe, bde (кез-келген ретпен)
a:жеміс ағаштары

b: беде

c:гүлденген ағаштар d:ағаштар

e: гүлдер

3– сұрақ. Шірне мен балдың арасындағы негізгі айырмашылық қандай?

    1. Заттың құрамындағы судың мөлшері.

    2. Заттағы қанттың минералдарға қатынасы.

    3. Зат алынатын өсімдіктің түрі.

    4. Затты өңдейтін аралардың түрі.

Дұрыс жауап: А.


4– сұрақ. Аралар би арқылы тамақтың омартадан қаншалықты ұзақ жерде орналасқанын көрсеткісі келеді ме? ...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

Дұрыс жауап:


  • Араның ішін қозғайтынын және қозғаудың ұзақтығын айтады.

  • Ара ішін қанша уақыт қозғайды.

  • Ол белгілі бір уақыт бойы ішін қозғайды.

  • Араның ішін қозғайтынын ғана ескереді.

  • Ол ішін қозғайды.

  • Ол ішін қозғау арқылы тамақтың қаншалықты алыста екенін көрсетеді.

  • Ішін қозғау уақыты ескерілмей, қозғалудың ұзақтығы ескеріледі.

  • Араның қаншалықты ұзақ билейтіні.






2 – тапсырма НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР



Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.


  1. сұрақ.Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?

А.Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады

В.Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді



С. Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады

D.Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады

Дұрыс жауап: С


2- сұрақ . Бірнеше сағаттан соң аспазшы қамырды өлшеп, оның салмағы біршама азайғанын байқады.Суретте көрсетілген әрбір 4 тәжірибенің басында қамырдың салмағы бірдей. Аспазшы ашытқының қамыр салмағының жеңілдеуіне себепші екенін білу үшін қай екі тәжірибенің қорытындыларын салыстыруы қажет?





A

Аспазшы 1 мен 2 тәжірибені салыстыруы керек

B

Аспазшы 1 мен 3 тәжірибені салыстыруы керек

C

Аспазшы 2 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек

D

Аспазшы 3 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек

Дұрыс жауап: D


3-сұрақ. Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады. Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.

Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.

Иә / Жоқ

Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының құрамына кіреді.

Иә / Жоқ

Кейбір көміртек атомдары судан шығады

Иә / Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ,жоқ.


4-сұрақ. Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?


А.Олардың молекулалары көбейеді

В.Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады

C Молекулалар саны көбейеді

D Олардың молекулалары сирек соқтығысады
Дұрыс жауап:В

3 – тапсырма ТЕМЕКІ ШЕГУ


Темекіні сигара және трубка арқылы шегуге болады. Зерттеулердің қорытындыларына сүйенсек жылына әлемде 13500 адам темекі шеккеннен пайда болатын аурулардан өледі. Болжамдар бойынша 2020 жылы әлемдегі адам өлімінің 12%
шылым шегуден болған аурулардан болады.Темекі түтінде никотин, смола, улы газ сияқты зиянды заттар бар.
1-сұрақ.Темекі түтіні өкпеге тыныс алу арқылы сіңірледі. Түтін смоласы өкпеге жиналып оның дұрыс жұмыс жасауына кері әсер етеді.Төменде берілгеннің қайсысы өкпенің қызметі болып табылады?

  1. Оттегімен қаныққан қанды сіздің бойыңызға таратады

  2. Сіз демалған кезде қаныңызды ауамен қамтамасыз етеді

C Қанды өмірқышқыл газынан тазартады

D Көмірқышқыл газ молекулаларын оттегіге айналдырады

Дұрыс жауап:В
2-сұрақ .Темекі шегу өкпенің ісік ауруына және басқа да ауруларға шалдығу қауіпін жоғарылатады.Темекі шегу төмендегі аурулардың қайсысының пайда болуына қауіпі бар? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.



Темекі шеккен кезде келесі аурулардың қайсысысының пайда болу қаупі жоғарлайды?

Иә немесе Жоқ

Бронхит

Иә/Жоқ

ВИЧ-инфекциясы немесе ЖҚТБ

Иә/Жоқ

Шешек ауруы (оспа)

Иә/Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ,жоқ.


3-Сұрақ. Кейбір адамдар темекіні тастау үшін никотин жапсырмаларын қолданады. Жапсырма теріге жабыстырылып қанға никотин бөледі. Бұл темекі шегуге құштарлықты азайтып, темекі шегуді тастауға көмектеседі.
Никотин жапсырмаларының тиімділігін зерттеу үшін 100 ерікті темекі шегуші адамдар тобы таңдалып алынды. Бұл топ 6 ай бойы зерттеуден өтті. Зерттеу аяқталғаннан кейін осы топтың ішіндегі қайта темекі шегуді бастамайтын адамдар санымен никотин жапсырмаларының тиімділігі анықталды.

Тәжірибенің келесі жоспарларында қайсысы ең тиімдісі?

А.Топтағылардың барлығы жапсырмаларды қолданады

В.Бір адамнан басқа, топтағылардың барлығы жапсырманы қолданады. Бұл адам темекіні жапсырманың көмегінсіз тастағысы келеді

С.Қатысушылар өз еркімен темекіні тастау үшін жапсырмаларды қолдану немесе қолданбауларын өздері шешеді

D Кездейсоқ таңдалған топтың жартысы жапсырманы қолданады, келесі топ қолданбайды

Дұрыс жауап: D


Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады?

Иә немесе Жоқ

Темекі бағасының жоғарлауы

Иә/Жоқ

Никотин тәуелділігінен арылғысы келетін адамдарға көмек ретінде никотин жапсырмаларын өндіру

Иә/Жоқ

Әлеуметтік жерлерде темекі шегуге тыйым салу

Иә/Жоқ

4-сұрақ Темекі шегуді тастату үшін адамға көптеген ықпал ету жолдары бар.



Техника және технология саласының жетістіктері темекі шегумен күресу мәселелерін шешуге қай әдісті қолдануына болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Дұрыс жауап: жоқ, ия,ия.

4 – тапсырма ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ


Біздің денсаулығымызға жүйелі, бірақ қалыпты денешынықтыру жаттығулары пайдалы.


1-Сұрақ. Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.





Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма?

Иә немесе Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары жүрек және қан тамыры жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы

Иә/Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға үйретеді

Иә/Жоқ

Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуға көмектеседі

Иә/Жоқ


Дұрыс жауап: ия,жоқ,ия.


2-Сұрақ. Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.

Бұлшық етті жаттықтыру барысында төмендегілер болады ма?

Иә немесе Жоқ

Бұлшық еттің қан айналымы жақсарады

Иә/Жоқ

Бұлшық етте май жиналады

Иә/Жоқ

Дұрыс жауап: ия,жоқ.

3-Сұрақ.Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?


..................................................................................................................................

...................................................................................................................................

...................................................................................................................................

Дұрыс жауап: -сіз дене шынықтырумен айналысқанда, сіздің ағзаныз оттегіні көбірек қажет етеді, сондықтан көмірқышқыл газын көбірек шығарады. Бұл тыныспен жүзеге асырылады.