ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Мұғалімнің аты-жөні: |
Нұр-Сұлтан қаласы Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп гимназияның география пәнінің мұғалімі | |
Пән/Сынып: | Жаратылыстану 5 сынып | |
Қай аптаның нешінші сабағы | 4-ші тоқсан 1-ші сабағы | |
Тарау немесе бөлім атауы: | Бөлім: Экология және тұрақты даму | |
Сабақтың тақырыбы: | Экожүйелер | |
Оқу мақсаты: |
| |
Бағалау критерийі: |
| |
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Сабақ мақсатымен таныстыру, негізгі үйренетін ақпараттар. | Презентация № 1,2бет |
Сабақтың басы | Сабақ мақсатына жету үшін: Экожүйе ұғымын, оның қалыптасуын түсіну. Экожүйенің құрамдас бөліктерін білу керек. Сабақтың басы: «Мағынаны ажырату» Экожүйе-жансыз табиғатта белгілі бір жағдайда өмір сүріп, онымен энергия алмасуға қатысатын тірі организмдер қоғамдастығы. “Экожүйе” терминін 1935 жылы британдық ботаник А. Тенсли ұсынған. Экожүйе анықтамасын мысалдар келтіре отырып түсіндіру. Ғаламшарымыздағы кез келген экожүйенің негізі- күн сәулесінің энергиясы. Оқушылармен бірге кун энергиясына сәйкес экожүйелердің қалыптасуын талдау. Шөл, арктикалық шөлдер мысалында қарастыру. Экожүелердің құрамдас бөліктерін жанды және жанысыз бөліктерге топтастыра отырып талдау жүргізу. Экожүйе компоненттері өзара байланыса отырып, тіршілікке қажетті жағдайды қалыптастырады, олар өзара тәуелді болады. Жетелеуші сұрақ: Экожүйені анықта, компоненттерін ата. Экожүйенің кез келген бір компонентін алып таста, экожүйе өзгере ме? Өзгерсе қалай өзгереді? Талдау жасалады. Жаңа материалды толықтырып, талдау үшін бейнесюжет көру ұсынылады. | Презентация № 3-8 беттер twig-bilim.kz |
Сабақтың ортасы | Оқушылардың білімін бекіту, өздерін тексерулері үшін тапсырмалар орындалады. 1 - тапсырма Төмендегі экожүйенің жанды және жансыз компоненттерін ата, олардың өзара байланысын түсіндір. 2- тапсырма Мағынасы бойынша берілген сөздерден экожүйе құрам бөлігін анықтаңыздар.
Тапсырманың жауабы:
3 Тапсырма : Ұғымдарды жауаптарымен сәйкестендіріңіз: Өсімдіктер-өндірушілер Экожүйелердің негізі-күн энергиясы Экожүйе ұғымын енгізген-Тенсли Жануарлар-тұтынушылар Оқушылар сәйкестендіру тестін орындайды. | Презентация № 8-12бет |
Сабақтың соңы | Қорытынды: ББҮ стратегиясы арқылы. | 13 бет |