Файл: Мектеп 58 жббомкмм.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пәні: Информатика




Мектеп: «№58 ЖББОМ»КММ

Күні: 14.12.2018ж.




Мұғалімнің аты-жөні: Битенова Г.М

Сынып: 8




Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы




Қолданбалы есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




8.2.2.4- кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу

Сабақтың мақсаты




Барлық оқушы:кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу тәсілдерін біледі;

Көпшілік оқушылар:кестеде берілген функцияның графигін тұрғызуда, кірістірілген функцияларды қолданады;

Кейбірі: қолданбалы есептерді электрондық кесте көмегімен шешуде, мәселені өз бетінше шешу жолдарын түсінгенін бағалайды

Бағалау критерийі




 деректі кестеге енгізуде формуланы қолдана алады;

 функцияның графигін тұрғызуда қолдалданатын диагармма түрлерін ажыратады;

 функцияның графигін нүктелік және графиктік диаграмманы қолданып тұрғызады.

Тілдік мақсаттар





Оқытудың тілдік мақсаты:Практикалық жұмыс жасаған нәтижелерін ауызша жинақтайды.





Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер кіріктірілген функциялар, графиктік, нүктелік диаграммалар, легенда (аңыз)

Құндылықтарға баулу





 Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, белсенді азаматтық ұстанымы бар, өзінің жұмысына жауапкершілікпен қарайды және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге ұмтылады.

Пәнаралық байланыс




Математикада сызықтық, квадраттық функция графигін салуда ,физикада ток күші мен кедергі арасындағы байланысты анықтауда , географияда ҚР облыстары жер көлемі бойынша салыстыруда электрондық кесте көмегімен шешуге болады

Алдыңғы білім





Excel бағдарламасындағы кірістірілген функцияларды, сілтемелерді қолдануды білді және осы сабақта функцияның графигін тұрғызуда диаграммаларды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагог әрекеті


Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

7 мин



І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу Сыныпта жағымды ахуал орнату үшін, «Кубизм » әдісі тренингін ұйымдастыру.

Екзел суреттеріндегі жазулар арқылы 3 топқа бөлу: математика, физика, геометрия
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы тексеріледі.

 Кірістірілген функциялар қай менюде(жапсырмада) орналасқан?

A) вставка; B)формулы; C)главная; D) вид

 Excel программасындағы математикалық функцияны көрсет?

A) если; B)доход; C)корень; D) дата

 Excel програмасында диаграмманың қандай түрлерін құруға болады?

A) жәй; B) қарапайым; C) стандартты және стандартты емес; D) күрделі

 Excel программасында формулалар қай таңбадан бастап жазылуы керек?

A) + ; B) = ; C) - ; D) :=

 Электрондық кестеде адрестерді көрсетудің қандай түрлері бар?

A) абсолюттік; B)салыстырмалы; C)аралас; D) барлығы да

Дескриптер: Кірістірілген функциялар, диаграмма түрлері, формула, сілтеме түрлеріне нақты жауап беріп, өткен тақырыпты еске түсіреді.

ҚБ: «Excel қоржыны» - жетон жинау арқылы бағалау
ІІІ. Ой қозғау. «Суреттер сөйлейді» әдісі
Өтілетін тақырыпқа сай сурет көрсетіледі, көре отыра оқушылар сыни тұрғыда сұрақтар қояды. Нәтижесінде қолданбалы есептерді шешуде электрондық кестені қолдануға, ол арқылы оңай әрі тез орындауға болатының айтады. Олай болса, оқушылармен бірлесе бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты, мақсатқа жету үшін бағалау критерийін анықтаймыз

ҚБ: «Ынталандыру» - мұғалім бағалауы

 Бәрекелді!

 Жарайсың!

 Ұтымды жауап айта алдың!

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді

Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады

Оқушылар қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді

Оқушыларға суреттер беріледі

Суреттер бойынша сұрақтар қойылады.
Суреттерді қарап сойлетіп диаграммаларды айту керек




Wordwall бағдарламасы








Сабақтың ортасы
3минут
«Білу және түсіну» деңгейі
5-минут

10 минут

«Қолдану» деңгейі.

6 минут


«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі жаңа тақырыпты топта талқылайды, пікірлеседі. Кезек- кезекпен бір-біріне түсіндіреді.

  • Функцияның графигі дегеніміз не?

  • Excel-ге функцияның графигін тұрғызуға арналған диаграмма түрлерін ата?

  • Excel-ге график тұрғызу үшін нені анықтау керек?

Дескриптор:

  • Функция және кестеге мәлімет енгізуде формула қолданады

  • Функцияның графигін тұрғызу үшін диаграмманың екі түрі ажыратады.

  • Excel –де график нүктелік диаграмма арқылы тұрғызылатының біледі.

ҚБ: «Басбармақ » - оқушылар тақырыпты түсінулеріне қарай, топтар бір-бірін «басбармақ» көрсету әдісі арқылы бағалайды.

Компьютерде практикалық тапсырма орындау

1-топ. у=2х + 2 және у=х2 функциялары берілген. Осы функцияны салып, қиылысу нүктесін анықтандар.Тапсырманы орындау алгоритмі:

* Кестені жасауда х мәнін мысалы, [-4; 4] дейін 1 қадаммен алайық.

* Берілген х мәнін у=2х + 2 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+2 формуласын В3 ұяшығына енгізіп, В13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.

* Берілген х мәнін у=х2 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес =2*А1+6 формуласын С3 ұяшығына енгізіп, С13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.

* у=2х + 2 функциясының графигін салу үшін А1:А13 және В1:В13 ұяшықтарды көшіріп Кірістіру(Вставка) – Нүктелік(Точечная)-Тегіс нүктелі иір сызық(Точечная с гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, көк түсті сызықтық түзуді аламыз.

* у=х2 функциясының графигін осы диаграммаға кірістіру үшін С3:С13 арасындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграмманы ерекшелеп алып, Кірістіру(Вставить) командасын басамыз. Диаграммада қызыл түсті сызықтық түзу пайда болады. Функцияның графиктерінің қиылысу нүктесін шыққан суреттен қарап анықтауға болады.

Дескриптор:

- орындау алгоритмі арқылы функция графигін тұрғызады.

- Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды
2-топ.Физикалық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану

Тапсырма: Ток күші (I) мен кедергі (R) арасындағы өзара байланыс графигін құрыңдар. Кедергі 1 Оммен 10 Ом аралығында 1 Ом қадаммен өзгереді. Тапсырманы орындау алгоритмі:

* Тапсырманы орындау үшін физикадағы тізбек бөлігі үшін Ом заңының формуласын жазамыз. I=U/R. Формулада байқалып тұрғандай ток күші мен кедергі арасында байланыс бар.

* С1 ұяшығына кернеудің тұрақты мәнін жазайық. Мысалы, U=40B. С1 ұяшығы абсалюттік ұяшығы ретінде пайдаланамыз.

* B2:В12 аралығына кедергі мәндерін қоямыз.

* С2 ұяшығына =$C$1/B2 формуласын жазып, С12 –ге дейін көшірмелейміз.
Дескриптор:

- функция графигін тұрғызуда, диаграмманың графиктік түрін қолданады.

- абсалюттік сілтемені біледі

- Графиктердің қиылысу нүктесін анықтайды

3топ. Геометриялық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану

4топ. Экономикалық есептерді шешуде электрондық кестені қолдану

ҚБ: «Excel қоржыны» - жетон жинау арқылы бағалау

Оқушыларға үш сұрақ жазылған төңірегінде жауап жазады


4 топ 4 тапсырманы Екзелде орындайды.

А4 парағы





Компьютер


Сабақтың соңы

4 минут

«Жинақтау» деңгейі

«Біліміңді жинақта» жеке жұмыс. Әр суретке сәйкес дұрыс жауабын тап
а) гистограмма ә) конустық б) цилиндрлік в) сақиналық г) дөңгелектік д) гафиктік е) нүктелік ж) биржалық к) приамидалық
Дескриптор:

 әр суретке сәйкес дұрыс жауабын табады

ҚБ: «Смайликтерді таңда» - тапсырманы орындап болған соң, дұрыс нұсқасын тексерді.

Үйге тапсырма «8.2.2.4 кестеде берілген функцияның графигін тұрғызу» Тақырыпты оқу

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ өздерінің сабақтағы деңгейлерін екзел диаграммасына процентпен салады.

Кеспе қағаздарға диаграмма түрлері бойынша атауларын дұрыс жазуы керек

Процент бойынша кері байланыс жазып береді.






СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?




Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылардың қажеттілігіне қарай саралау тапсырмалар дайындадым.Сыныптыжағымдыахуалғакелтіру, шаттық шеңберін құру, бір-біріне жақсы тілек айту.

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы тексеріледі.

«Суреттер сөйлейді» әдісі

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі жаңа тақырыпты топта талқылайды, пікірлеседі.

Компьютерде практикалық тапсырма орындау

1-тапсырма А 4 тапсырма 4 топ орындайды

«Біліміңді жинақта» жеке жұмыс.




Әр тапсырманың соңында қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Смайлик, бес бармақ топтар бірін –бірі бағалады.





Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;АКТ-ны уақытында қолдану, байланыс бір-бірін топта тыңдау, сыйластық таныту. Бірлескен жұмыс нәтижесінде қол жеткізу.Психоллогиялық жағымды ахуал туғызу, тренингтер ұйымдастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды деп ойлаймын.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалана білдім.

Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ сабақ өз жоспарында өтті.




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Оқушылар түрлі әдістермен жұмыс жасай алды.

2: Компьютермен тапсырманы дұрыс орындай білді.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Сынып оқушыларының қызығушылығын анықтау мақсатында түрлі тәсілдер орындату керек екендігін байқадым. Жекелеген оқушыларға көптеп жеке жұмыс жасатуды назарға алып отырмын.