Файл: Халы ауыз дебиеті пні туралы жалпы тсінік.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 130

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәріс 1. Халық ауыз әдебиеті пәні туралы жалпы түсінік.

Ауыз әдебиеті – ауызша таралған халықтық көркем-әдеби туындылардың әдебиеттану ғылымындағы жиынтық атауы. 1896 ж. Вильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш. Folk-халық, lore-білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халық арасында ғылыми атау ретінде орныққан. Фольклор атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Ол байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы даудамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де ауыз әдебиетінде тоғысты. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да саналы болып қалыптасты.

Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім, т.б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи жырлар, қара өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар...-ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түртүрге бөлініп кете береді.

Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі - оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтінін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиял және айдармашының жорамалы болатынын, әсіресе бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан-ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан түйдектетіп қосатын қосымшалардың да мұндай шығармалардан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек. Мысалы, Кенесары жайында ауызша тарих айту шығармаларының бір қатары оны “кедейлердің көсемі”, “үйсіздер үшін баспана, күйсіздер үшін шын пана ” деп жырласа, бір қатар жырлар Кенесарының хандық өкіметін, оның “ақсүйектілігін”, “тектілігін” асқақтата мадақтауға арналса, үшінші жырлар көтерілісшілер қосындағы таптық қайшылықтарға аса мән береді.

Фольклор сарқылмас тіл қазынасы екендігі белгілі. Ана тіліміздің небір шұрайлы сөз оралымдары, сөз саптаудың сан сырлы, сұлу әуезді үлгілері фольклор деп аталатын халықтың ауызша жеткен әдеби асыл мұрасында жинақталған. Алайда фольклорға тек халықтың ауызша жеткен әдеби жинағы, сөз өнері деп қарау жеткіліксіз, фольклорда халықтың салт-санасы, әдеп-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, діні, философиялық ойлары, ұлттық болмысы, дүниетанымы, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынастары барынша мол орын алған. Сондықтан да халықтың бар болмысын, дүниетанымын, ой-зердесін танып білуде оның маңызы зор екендігі талассыз шындық. Түр жағынан да, жанрлық жағынан да бай қазақ фольклоры әр кезде тарихи-әдеби, тарихи-әдебиэтнографиялық, тарихиэтнографиялық зерттеулер нысаны болып, түбіміз бен тегімізді тану тұрғысындағы зерттеулерде ғалымдардың назарын үнемі аударып келеді.


Қазақ ауыз әдебиетінің жалпы мәселелерін қамтыған Байтұрсынов А., Досмұхамедұлы X., Сейфуллин С., Әуезов М., Смирнова Н., Ғабдуллин М., Сильченко М., Соболев Л., Уахатов Б., Н. т.б. еңбектері ауыз әдебиеті жанрларын жүйелеп, саралап жіктеумен маңызды. Дариядай шалқыған мол асыл мұраларымызды 30-40 жылдардан бастап жаппай жинау қолға алынып, жекелеген жанрлар бойынша зерттеу еңбектері дүниеге келді. Қазақ фольклортану ғылымы бойынша жарық көрген "Қазақ фольклорының типологиясы" /1981/, "Қазақ тарихи жырларының мәселелері" /1979/, "Қазақ фольклористикасының тарихы" /1988/, "Фольклор және өнер" т.б. ұжымдық монографиялық еңбектер ұлттық фольклортану ғылымына қосылған қомақты табыс болғаны сөзсіз.

Фольклордың жекелеген жанрларының табиғатын тануға арналған арнайы зерттеулер Уахатов Б., Қасқабасов С., Тұрсынов Е., Садырбаев С., Адамбаев Б., Абылқасымов Б. т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінде қарастырылып, жекелеген жанрлардың, табиғаты, шығу тарихы, көркемдік кестесі кеңінен қарастырылды.

Қазақ фольклорының жанрлық құрамы күрделі әрі сан алуан. Оның ішінде ұлттық фольклорымыздың өмірлік қажеттілік пен атқаратын қызметі жағынан жеке сараланатын бір саласы - ғұрып фольклоры.

Фольклортану ғылымында көркем фольклордан ара-жігі ажыратылған ғұрып фольклоры дүниежүзілік жалпы типологиялық зандылықтарға негізделген ғылыми жүйе бойынша отбасылық ғұрып фольклоры, маусымдық ғұрып фольклор, наным-сенім ғұрпының фольклоры болып сараланып қарастырылып жүр. Фольклордың қай жанры да өмір қажеттілігінен туып, халықтың тұрмыс-тіршілігінен маңызды орын алды, онымен бірге жасасып, ғасырдан ғасырға мазмұны жағынан толысып, түрі жағынан өңделіп, тәлім-тәрбие жағынан байыған халықтың бірден-бір рухани мұрасы ретінде бүгінгі ұрпақ иелік етіп отырған әдеби-мәдени қазынаға айналды.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 1-т. Фольклорлық кезең. Алматы: «Қазақпарат», 2008.

  2. А.Байтұрсынов Әдебиет танытқыш. А., 2003

  3. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  4. М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  5. С.Садырбаев Халық ауыз әдебиеті. Алматы, 1993


Дәріс 2. Қазақ фольклортануының тарихы Қазақ фольклорының Қазан төңкерісіне дейін зерттелуі.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинау жұмысы 18 ғ-дан басталды. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі экспедициялар фольклорлық және этнографиялық фольклорлық деректерді жинады. Алайда фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғ-да жүзеге асты. В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е.Алекторов, А.В.Васильев сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстологиясына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, нанымсенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. 20 ғ-дың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден фольклор үлгілерін жинау ісі бүгінге дейін жалғасып келеді. 19-20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақ халқының батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді. «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір – Шәкірат», т.б. жыр-дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. 20 ғ-дың 2жартысынан бастап қазақ ауыз әдебиетінің тарихы мен методолиясы жан-жақты зерттелді. М.Әуезов, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұлов, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С.Қасқабасов, т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, теарт, кино, кескіндеме, т.б.) үшін қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ операларынан («Қыз Жібек», «Айман-Шолпан»), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттар дамуда; айтыс, беташар, жар-жар, т.б.



Фольклодың тарихилығына арналған ойлар мен тұжырымдардың тарихнамасы. Орыс фольклортану ғылымындағы сан түрлі методологиялық қисындар. Ізденістер мен жетістіктер. Фольклорлық жанрлардағы тарихи шындықтың бейнеленуіне арналған монографиялық еңбектер.

Аса белсенді жұмыс жасап, мол еңбек сіңірген адамдар қатарына Л.Ф.Костенко, А.К.Харузин, И.И.Крафт, И.А.Кастанье, В.Радлов, М.В.Готовицкий, А.Е.Алекторов, А.Н.Харузино, И.Ибрагимов, Л.Ф.Баллюзек, Н.Ф.Катанов, И.Аничков, А.Самойлович, И.С.Колбасенко, Г.Н.Потанин сияқты орыс оқымыстылары мен Ш.Уәлиханов,

Ы.Алтынсарин, Т.А.Сейдалин, С.А.Жантөрин, Ж.Ақпаев, К.Құстанаев, М.Бекимов, Г.Балғынбаев, М.Букин, Ә.Диваев, М.Көппев, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, С.Сейфуллин сияқты қазақ зиялыларының есімдерін атап айтқан жөн. Жазба әдебиеті көркем сөз өнерінің түп тамыры негізі арғы ғасырлар қатпарында ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы бір сыпыра ақын-жыраулар өмірі мен шығармашылығында тіпті одан да ерте Қазақ жазуларда ХҮ-ХҮІІ ғасырларды өмір сүрген сөз зергерлерінің шығармалары зерттеліп, ғылыми арнаға салынуы қазақ әдеби тарихының негізгі міндеті болып отыр. ХІҮ-ХҮ, ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ жерінде болған ірі тарихи оқиғалар осы аймақтардың жүз жылдық материалдық рухани өмірі мен тарихына әсер еткен. Сол себептен сонау ежелгі ескерткіштерден қазақ ру-тайпаларының көркемдік ой-жүйесін іздеу, сөз өнері тарихи негіздерінің ғасырлар қатпарынан басталу заңдылықтарын ашу елеулі міндет болып табылады.

ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда ежелгі қазақ жерінде қазақ хандығының қалыптасу процесі тәмәмдалып, халық ретінде ортақ тіл, ортақ жазу қалыптасты. ’’Қазақ отауы’’ орнығып, тарихи құжаттарда да көрші елдерде де осы аймақ тұрғындарын ’’қазақтар’’ дейтін дәрежеге жетті. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы поэзия осындай тарихи кезеңде қалыптасып, дамыды.


Дәріс 3. Қазақ фольклорының кеңестік кезеңде және тәуелсіздік дәуірінде зерттелуі.

40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов,

Б.Кенжебаев,Қ.Жұмалиев, кейіндеуМ.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап
, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саясиөрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды. Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады.

Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауғастуденттерменаспиранттарда араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп,Р.Бердібаев,

О.Нұрмағамбетова,С.Қасқабасов,Е.Тұрсынов,А.Сейдімбек,Ш.Ибраев,Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеугеБақытжан Уәлиқызы Әзібаева, Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихижырлар, дінидастандарғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясыныңӘдебиет және өнер институтықазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.

Әдебиеттер:

  1. Ғабдулин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы. 1994.

  2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, 1991.

  3. Ыбыраев Ш. Бастау. Алматы, 2011

  4. Байтұрсынұлы А. Шығармалары, Алтытомдық. 1-том. Алматы, 2013

  5. Фольклорлық мұралар /жиналу, жариялану тарихы/. Алматы, 2014.