Файл: Input(),split(),map функцияларыны анытамасын біледі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 15.03.2024

Просмотров: 13

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Python тілінде программалау

Педагогтың аты-жөні

Е.Жылқайдаров

Күні

13.02.2023

Сынып 6 а

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мәліметтерді енгізу және шығаруды ұйымдастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Input(),split() ,map функцияларының анықтамасын біледі.

Көптеген оқушылар:

есептің программасын құрастырады

Кейбір оқушылар:

енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажырату үшін іnput() функиясына split() және map әдістерін қолданады


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу

Өткен тақырыпытарда input-ты қарапайым түрде қолдандық. Енді функцияның программада қолданылу жолдарына кеңірек тоқталайық.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.






Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Input() функциясы деректерді программаға енгізеді.Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жұктеуге болады.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=int(input(“engiz:”))

Print(K)

еngiz:1000

1000


Input() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=input().split()

print(K)

1 2 3 4 5 6 7

[‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]

K=input().split(-)

print(K)

1-2-3-4-5-6-7

[‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]


Сандар тізімін оқып отырып, оны бірден бүтін санға түрлендіру үшін, жоғарыдағы құрылымға map функциясын қолдану керек. Бұл жерде list тізімді білдіреді.

Программа коды

Енгізу-нәтиже

K=map(int,input().split())

print(list (K))

1 2 3 4 5 6 7

[1,2,3,4,5,6,7]

print() функциясы деректерді экран бетіне шығарады немесе файлға жол ретінде жазады.
print() функциясының толық синтаксисі:

print(‘Басуға арналған жол’,sep=’’, end=’\n’)

‘Басуға арналған жол’-экранға шығарылатын жол.

sep=’’-айнымалылардың арасын ажырататын символды көрсетеді, үнсіз келісім бойынша бос орынмен ажыратылады.

end=’\n’-жолды қандай символмен аяқтау керектігін көрсетеді.

Егер print() функциясы end=’\n’әдісімен аяқталса, жол келесі қатарға өтумен аяқталады.
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

Оқулық § 3.7, 95-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
Дескриптор:

-есептің программасын құрастырады;

-енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажырату үшін іnput() функиясына split() және map әдістерін қолданады;

-есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға жеке жолдарға шығару үшін end=’\n’әдісін қолданады.
ҚБ: жетон /4 балл/
Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

Практикалық тапсырмада іnput() және print() функцияларының қолданылуына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау үшін программа құрастырыңдар.

  1. 352· 985 · 25 · 3

  2. 352 + 1206 + 215554 + 6957 + 628


Дескриптор:

-берілген өрнектерді орындау үшін программа құрастырады.
ҚБ: жетон/ 3 балл/
Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

Әселдің а теңге ақшасы бар. Бір өшіргіштің құны к-ға және бір қаламсаптың құны с-ға тең. Әсел қолындағы барлық ақшасына қанша өшіргіш немесе қанша қаламсап сатып алады? Есептің программасын жаз.

Мысалы: 100 10 15

Нәтиже: 10 6
Дескриптор:

-есептің программасын жазады.
ҚБ: жетон /3 балл/


Мұғалімді тыңдайды

Input() функциясының анықтамасын дәптерге жазады
split() әдісін қолдану анықтамасын дәптерге жазады

map функциясын қолдану анықтамасын дәптерге жазады

print() функциясының синтаксисін дәптерге жазады

1-тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды


3-тапсырманы орындайды


Жетон

4 балл

Жетон

3 балл

Жетон

3 балл

Интербелсенді тақта/ тақта


Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс:

Өзін-өзі бағалау.




Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

§ 3.7, 96-бет, «Үй тапсырмасы»