ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күн: 21.02.2023 ж.
Топ: 21 ББТ-1
Пән: ТЖТ
Сабақтың тақырыбы: Кәсіби өзін–өзі білімдендіру педагогтың кәсіби және тұлғалық өсіп жетілуінің құралы ретінде
Жоспар
-
Кәсіби жетілу мен тұлғалық дамудың құрылымдық компоненттері; -
Өзіндік жетілудің негізгі алғышарттары; -
Өзіндік дамуға әсер ететін факторлар.
Қазіргі Қазақстандағы болып жатқан жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдай-лар білім беру жүйесінде міндеттерді ше-шудің тиімді тәсілдерін іздестіру қажетті-лігін тудырып отыр. Білім беру сапасын арттыру Қазақстанның ғана емес дүние-жүзілік қоғамдастықтың өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің шешуі білім беру мазмұнын модернизациялауды, білім беру үрдісін ұйымдастыру тәсілдері мен технологияларын жетілдіруді, яғни білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін қайта ой–елегінен өткізуді талап етеді. Қоғамымыздың болашағы, дұрыс бағытта дамуы жас ұрпақтың іс-әрекетіне, тәлім–тәрбиесіне, сана–сезіміне, дүниетанымына тікелей байланысты. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесі мен білімі мәселесі кезек күттірмейтін, егеменді еліміздің болаша-ғын айқындайтын ең маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті шешу педагогтың енші-сінде. Олай болса, қоғам педагогқа үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып отыр және одан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай күрделі мәселенің шешімін табу жолында педагогика ғылы-мының көптеген ғалымдары талмай ізде-ніп, зерттеулер жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал педагогтар болса, өз педагоги-калық іс-әрекетінде сол жаңалықтарды, инновациялық технологияларды, әдіс–тә-сілдерді жете ұғынып, тәжірибеде ұтымды қолдана білулері керек.
Білім беру субъектілерінің кәсіби құзыреттілігіне қол жеткізу концепцияны жүзеге асырудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Кәсібилік – ұстаздың психолого-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-адамгершілік ұстанымдарыммен үйлесудің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік – өзбетінше және жау-апты әрекет жасауға мүмкіндік беретін бел-гілі бір психикалық жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және арнайы эрудиция-ның болуы, ғылыми-кәсіби дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-әрекетте мін-деттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кә-сіби дайындығы және қабілеті. Ал мұғалім-нің кәсіби құзыреттілігі білім беру нәти-жесін қамтамасыз ететін шешуші фактор, өз кезегінде, тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне әсер етеді. Міне, сондық-тан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығы туралы білуі шарт. Яғни, педагог өз қызметіне қатысты инновацияларды, технология-ларды, өзгерістерді жақсы меңгерген болуы қажет. Ал білім беру мекемесінің жетекшісі білім беру үрдісінде игерілген тәжірибенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін мониторинг технологиясын жақсы меңге-руі керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде мұ-ғалімге деген дәстүрлі көзқарастар өзгерді. Оған білімді механикалық түрде беруші, білім трансляторы ретінде қарамайды. Осы айтылып отырған заңдылықтар мұғалімнен педагогикалық өзара әрекет етудің ерекше кәсіби технологиясын меңгеруді, кәсіби және тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын талап етеді. Кез–келген педагог кәсіби және тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби өзін–өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс. Ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын құрап, шебер-ұстаз болып қа-лыптасуға аса қажет. Біздің осы мәселені көтеріп отырған себебіміз, қазіргі таңдағы көптеген педагогтардың өзінің кәсіби жеті-луіне көп мән бермейтіндігінде. Оны әр-түрлі жағдайлармен байланыстырып жата-ды. Дегенмен, жоғарыда айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің жалпы педа-гогикалық біліміндегі, өзі оқытатын ғылым негізі бойынша біліміндегі кемшілік тұста-рын байқамаса, өз педагогикалық құра-лының жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәр-биелеуі тіптен мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, педагог өз іс-әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау қорытындыларын жасап отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес адамдардың нұсқауларын ескеруі қажет. Кәсіби іс-әрекетінде нақты жетістіктерге жете білген педагогтардың тәжірибесіне сүйенсек, кәсіби өзін–өзі жетілдіруді өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің себеп–салдарларын те-рең талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio – өткенге сүйену) – тол-ғану, өз–өзін байқау, өзін–өзі тану. Кәсіби сана–сезім өзін–өзі тану негізінде қалып-тасады. Осының нәтижесінде педагог білім беру үрдісінің заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі.
Ғалым Е.Н. Волкова педагог субъектілігінің құрылымының негізгі компоненттерін атап көрсетеді. Олар:
1) Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникаль-ность);
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.
Осы аталған компоненттерінің бар-лығы да педагогтың өзін–өзі білімдендіру үрдісінде ерекше орынға ие.
Өзін–өзі білімдендіру кәсіби өзін–өзі жетілдіру мен өзін–өзі тәрбиелеудің жетек-ші компоненті болып табылады. Өзін–өзі білімдендіру дегеніміз педагогтың педаго-гикалық үрдісті жетілдіру үшін қажетті жалпыадамзаттық тәжірибені, әдістемелік және арнайы білімді, кәсіби біліктілік пен дағдыны меңгеруге байланысты мақсатты жүзеге асырылатын танымдық әрекеті. Өзін–өзі білімдендіру – оқытушының маман ретінде өсуінің негізі.
19 ғасырдың ұлы неміс ғалымы, пе-дагог Адольф Дистервег (1790- 1866) педа-гогтардың білімі мен тәрбиесіне үлкен мән берген. Оның осы мәселе бойынша жарық көрген еңбектері де бар. Ол: «педагог өз тәрбиесі мен білімін жетілдіру бойынша жұмыс жасап жүрген кезде ғана басқа-ларды шынайы тәрбиелейді және білім-дендіреді» деп салмақты ой тастаған еді. Үйренбейтін, оқымайтын, ғылыми жетіс-тіктерді күнделікті біліп отырмайтын педа-гог артта қалады деу аз болады: ол артқа тартып, оқу мекемесінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қиындатады, педаго-гикалық ұжымның жалпы қозғалысына кедергі келтіреді. Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетін жан–жақты зерттегендердің бірі. Ол былай деген еді: «мұғалім өзі үйреніп, оқып жүргенде ғана өмір сүреді». Бұдан өз кәсібилігін жетілдіру мақсатында үнемі оқып, үйреніп отыратын мұғалім ғана өз іс-әрекетінен ләззат алып, өмір сүре алады дегенді ұғынуға болады. Егер кәсіби сана–сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына де-ген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Ал К.Д. Ушинскийді «орыс мұға-лімдерінің мұғалімі» деп текке атамаған болар. Олай болса, оның ой астары тереңде жатыр деп айтуымызға әбден болады. Осындай ой тастаған ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев. Ол: «Оқып, үйрену әрқашан керек. Барлық ұлы ғалымдар өмірлерінің соңына дейін оқытып ғана қойған жоқ, өздері де оқыды. Оқуды тоқтатсаң – басқа-ларды оқыта алмайсың. Білім күннен күнге өседі және қиындай береді» деген еді.
Дегенмен, шынайы тәжірибелік өмірде, педагог көп уақытын күйбің тірші-лік міндеттерін атқарумен өткізеді. Осы-лайша, оның кәсіпке деген қарым–қаты-насы – оның кейбір қырларына деген қаты-насымен өлшенеді. Яғни, кәсібін және өзін бағалау туындайтын мәселелермен (тәртіп орнату, ұжымды ұйымдастыру, әкімші-лікпен қарым–қатынас айқындау т.с.с.) байланысты ситуативті сипатта болады. Бұл ерте ме, кеш пе педагогикалық әрекет логикасына қарама–қайшылық тудырады да, мұғалім өзіне кәсіби іс-әрекетте сыни көзбен қарай бастайды, нәтижесінде еңсесін көтеруге алып келеді. Бұл кәсіби әрекет тәсілі рефлексияның пайда болуы-мен немесе Л.С. Рубинштейннің сөзімен айтатын болсақ, кәсіпке деген жалпы–тұтастық қарым–қатынас қалыптастыратын дүниетанымдық сезіммен байланысты.
Өзін–өзі жетілдіруге деген ұмтылыс пен тәжірибе өзін–өзі тәрбиелеуге қажетті өзінің тұлғалық кәсіби маңызды сапаларын үш бағытта дамытуда саналы жұмыс жасау алғышартын құрайды. Олар:
- өзінің жекелік қайталанбас ерекшеліктерін педагогикалық іс-әрекет талаптарына бейімдеу;
- кәсіби құзыреттілігін әрдайым жо-ғарылатып отыру;
- әлеуметтік–адамгершілік және тұл-ғалық басқа да қасиеттерін үздіксіз дамыту.
Осы орайда Р.П. Скульскийдің «мұ-ғалімді мұғалім болуға үйрету керек» деген ой–пікірі тілге оралады. Яғни:
1. Жүйелі түрде әдістемелік біліммен қарулану, философия классиктерінің еңбектерін, өсіп келе жатқан ұрпақты білім-дендіру мен тәрбиелеу туралы мемлекеттік құжаттарды оқу.
2. Өз іс-әрекетінде психологияның және педагогиканың жетістіктерін, озық тәжірибені қолданып және өзінің ғылыми–педагогикалық зерттеуін жасай отырып, күш–жігерін мұғалімнің кәсіби педаго-гикалық функциялары жетік жүзеге асатын оқыту үрдісін жетілдіруге бағыттау.
3. Жүзеге асырылып отырған білім беру үрдісінің жағдайын, оның оқыту үрді-сінің жалпы даму тенденциясымен сәйкес-тендіре отырып, әрдайым талдау, бағалау критерийі ретінде өзінің мұғалімдік еңбе-гінің педагогикалық тиімділігінің аралық және соңғы көрсеткіштерін алу.
4. Өзінің педагогикалық әрекетін сол жүйеде оқу–тәрбие міндеттерінің мазмұнына қарай шығармашылықпен әртүрлі шешу үрдісі ретінде терең ұғыну.
5. Өзін–өзі білімдендіру арқылы өзінің кәсіби педагогикалық квалифика-циясын үздік жетілдіру, ғылымның жетіс-тіктерін оқу және оны тәжірибеде қолдану, сонымен қатар өзінің педагогикалық ізде-ністерінің нәтижелерін енгізу.
6. Барлық дидактикалық қағидаларды жетекшілікке ала отырып, өзін–өзі тәр-биелеу және өзін–өзі дамыту арқылы шы-ғармашылық әрекетке жетелейтін өзінде кәсіби–педагогикалық сапаларды қалып-тастыру, біртіндеп педагогикалық міндеттерді шығармашылық сипатта шешудің зерттеу біліктері мен тәсілдерін меңгеру.
Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеудің негі-зінде, басқа да әрекеттер сияқты, белсен-діліктің көздері мен мотивтерінің жүйесі жатыр. Педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуінің қозғаушы күштері өзін–өзі жетілдіруге де-ген қажеттілік болып табылады. Осы тұста қажеттіліктің, яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның бойындағы қалыптасқан кәсіби–тұлғалық даму деңгейіне қойылатын талаптар арасындағы қарама–қайшы-лығын шешу қажеттілігінен, өзінен–өзі қа-лыптаспайтынын айта кету керек. Қоғам-ның педагогқа қоятын талабы «оны өзін өзгертуге бағытталған жұмысын не ынталандырады, не сол қайшылықты шешу үшін барлық мүмкін емес әрекетке баруға итермелейді». Психологтар мұндай құбылысты компенсаторлық механизмдерге (рационализациялау, инверсия, проекция) балайды.
Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеу негізінде, мұғалімнің іс-әрекетінің негізіндегідей, мотив пен мақсат арасындағы қарама–қайшылық жатыр. Мотивті мақсатқа бағыт-тауды қамтамасыз ету – яғни, өзін–өзі тәр-биелеуге қажеттілікті тудыру. Осылайша педагогтың өзін–өзі тәрбиелеуге қажет-тілігінің болуы кейін тұлғалық белсенділік көздерінен (сенім, парыздық сезім, жауапр-кершілік, кәсіби ар–ождан т.с.с.) қолдау табады. Осының барлығы өзін–өзі жетіл-діру бойынша әрекет жүйесін тудырады. Ол кәсіби идеал мазмұнынмен айқын-далады. Басқаша айтқанда, педагог педа-гогикалық әрекетті тұлғалық, терең саналы құндылық ретінде түсіне бастағанда ғана, өзін–өзі жетілдіру қажеттілігі туындайды да, өзін–өзі тәрбиелеу үрдісі басталады.
Ғылым өзін–өзі бағалауды қалыптас-тырудың екі тәсілін белгілейді: біріншісі, өзінің талабының деңгейін жеткен нәти-желермен сәйкестендіру, екіншісі, әлеу-меттік салыстырумен, яғни қоршаған орта-ның өзі туралы пікірлерімен сәйкестендіру. Дегенмен, бұл тәсілдерді қолдануда әрқа-шан дұрыс өзін–өзі бағалау бола бермейді. Талабы жоғары емес педагогты мұндай тәсілдер тым жоғары өзін–өзі бағалауға алып келуі мүмкін, жұмыста өзінің алдына үлкен міндеттер қоя білетін педагогтар ғана қиналады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогты өзін және өзінің нәтижелерін басқа қызметтес адамдардың нәтижелерімен салыстыру қанағаттандыр-майды.
Сондықтан педагогтың өзін–өзі баға-лауын қалыптастырудың басты тәсілі – ол, өзінің нәтижелерін тұлға және педагог әрекетінің идеалымен салыстыра өлшеу. Мұндай жұмысты ерте, әу бастан бастаған дұрыс. Кәсіби идеалды қалыптастырудың ең жеңіл, әрі тиімді тәсілі – өзін–өзі білім-дендіретін арнайы әдебиеттерді оқу, өзінің идеал–педагогын табу мақсатында ұлы педагогтардың өмірімен және шығарма-шылықтарымен танысу. Бұл – оның өзін–өзі тәрбиелеудің тиімділігінің басты шар-ты. Бұл орайда үлгі боларлық идеал обра-зын тапқан дұрыс. Мысалы, педагогикалық жоғары оқу орнында Л.Н. Толстой өмірі үлгі боларлықтай. Оның өзін–өзі тәрбиелеу жұмысына қатысты жазып қалдырған күн-деліктеріндегі үлгілер таптырмас асыл қазына. Ол мынандай ережелерді орындау өте маңызды деп санаған: «Белгіленгенді, ешқандай сылтаусыз міндетті түрде орын-дау. Орындаған екенсің, оны жақсы дең-гейде орында. Кітапқа түртіп қоюдың орнына өзің жадыңда сақта, еске түсір, сөйтіп, ақыл–есіңді үнемі мүмкіндігінше жаттықтырып отыр». Ал өз–өзіне есеп беру мен өз–өзін талдауда күнделік толтыру жақсы әдет, себебі, сол арқылы өзін–өзі тәрбиелеу субъектісі өзінің қабілеттерінің дамуын қадағалай алады.
Ал өзін–өзі тәрбиелеу үрдісінің сырт-қы факторына педагогикалық ұжымды жат-қызуға болады. Егер педагог қызметтестері шығармашылық ізденіске жоғары назар аударып, оның тапқырлығына, жаңалық-тарына шынайы қуанатын, педагогтың кә-сіби жоғарылауын қалайтын педагогикалық ортаға түссе, кәсіби идеалдың талаптарына сәйкестенуге тырысады. Ал керісінше, педагогтар арасында ұжымшылдық жоқ болса, шығармашылық ізденіске нем-құрайлы қараса, өзін–өзі жетілдіруге деген қажеттілік жоғалады.
Осындай құбылыс оқу орнының же-текшілеріне де байланысты. Педагогтың өзін–өзі білімденуі мен өзін–өзі жетілді-руіне деген қажеттіліктің болуы тікелей басшылыққа қатысты. Егер басшылар педа-гогтың жеткен жетістіктеріне шынайы қуанып, оны қолдап, ынталандырса, педагог-тағы өзін–өзі тәрбиелеу қажеттілігі арта түседі. Осыған мысал ретінде, өзіміздің жоғары оқу орнындағы сыртқы фактордың алатын орнының жоғары екенін айта кету керек. Бұл құбылыс жүйеленген деп айтуға болады. Педагогтарды кез–келген жетіс-тіктері үшін әкімшілік үнемі марапаттап отырады. Оқытушылардың өзін–өзі білім-дендіру үрдісін оңтайландыру мақсатында үнемі семинарлар, конференциялар ұйым-дастырылады. Басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасу да шешімін тапқан. Яғни, педагогтың өзін–өзі жетілдіруіне біздің оқу орнының басшылары тиісті жағдайлар жасап отырады.
Келесі бір маңызды фактор – ол, уа-қыт. Ол педагогқа көркем әдебиетті, ара-лық басылымдарды оқу, мұражайларға, театр мен көрмелерге бару, танымдық фильмдер мен телебағдарламаларды көру және арнайы, психологиялық–педагоги-калық әдебиеттерді оқу үшін қажет. Ол фактордың тиімді жүзеге асуы тікелей педагогтың өзіне байланысты. Егер педагог күн тәртібін ұтымды жоспарлай білсе, уақытты үнемді пайдаланса, өзін–өзі білім-дендіру үрдісін дамыта алады.
Кәсіби өзін–өзі тәрбиелеу үрдісінде өзара байланысты үш кезеңді бөлуге бо-лады: өзін–өзі тану, өзін–өзі бағдарла-малау, өзін–өзі әрекеттендіру.
Педагогтың өзін–өзі тануына пси-хология курсы көмектеседі. Себебі, өзін–өзі бағалауда ғылыми дәлелденген, дәс-түрлі әдістеме қолданылуы керек.
Тұлғаның дамуының өзін–өзі бағдар-ламалау үрдісі өзінің болжамын материали-зациялау деген сөз. Оған «өмірлік ере-желер» жатады. Мысалы, ешқашан еш-қайда кешікпеу, «иә» немесе «жоқ» деп салқын жауап берудің орнына басқа фор-мадағы жауаптар іздеу, ешқашан біреуге қол ұшын беруден бас тартпау т.с.с.
К.Д. Ушинский өзін–өзі тәрбиелеуде мына «ережелер» көмектесті дейді: