Файл: Кн 21. 02. 2023 ж. Топ 21 ббт1 Пн.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


1) Салмақты болу;

2) Сөзде де, істе те тура болу;

3) Ойланып әрекет ету;

4) Тәуекелдік;

5) Өзі туралы қажет болмаса айтпау;

6) Санасыз бос уақыт өткізбеу;

7) Тек қажетті және жағымды істі жасау;

8) Әр кеш өз іс-әрекетің туралы есеп беру;

9) Ешқашан өткен іспен, болғанға, болар іспен мақтанбау.

Өзін–өзі білімдендіру мен өзін–өзі тәрбиелеудің тағы бір жолы – жұмысты жоспарлау. Ұзақ уақыт бойына және қысқа уақытқа іс-әрекетті бөліп жоспарлау керек.

Педагогтың кәсіби жоспарына мына-лар кіреді:

- мәселелер мен қарама–қайшы-лықтарды айқындау;

- мақсаттар мен міндеттерді белгілеп, оны жүзеге асырудың жолдары мен құрал-дарын анықтау;

- әдістемелік және диагностикалық инструментарияны өңдеуді жоспарлау;

- күтілетін нәтижені болжау.

Педагог өзін–өзі тәрбиелеуде алдына мақсат қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білуі керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткендей, өзін–өзі танудың маңызды әдісі – өз тәжірибесінің жағымды және жағымсыз жақтарын талдау қажет. Енді бір жолы – басқалармен салыстыру.

Шеберлігін жетілдіру және құзырет-тілігін дамытуда педагогтың алдында көп-теген тұлғалық, сол сияқты кәсіби даму міндеттері тұр. Педагогтың тұлғалық, мо-ралдық және ақыл–ой даму деңгейлері кә-сіби–педагогикалық әрекет жетістігін қам-тамасыз етеді.

Өзін–өзі білімдендіруді реттеу мақса-тында қазіргі таңда педагогтар арасында портфолио дайындау кең таралып жүр. Портфолионың негізгі мақсаты – педа-гогтың өзін–өзі білімдендіруі бойынша жұмысын, оның іс-әрекет сипатын бағалау, педагогтың шығармашылық және кәсіби өсуін қадағалау, рефлексия дағдысының қалыптасуына жағдай жасау болып та-былады. Портфолионың жобасын құру әр педагогтың жекелік ерекшеліктеріне байла-нысты. Маңыздысы, педагог өз жұмысын, өзінің нәтижелерін талдай отырып, педаго-гикалық жетістіктерін жалпылай және жүйелей алуы қажет, өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалап және қиыншылықтарды жеңу тәсілдерін көре білуі керек, сонымен қатар одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге тырысқаны дұрыс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Синенко В.Я. Профессионализм учителя // Педагогика. – 1999. - № 5. - С. 45-51.

2. Маркова А.К. Психологический анализ профессиональной компетентности учителя // Советская педагогика. - 1990. - № 8.

3. Лотова И.П. Психологические условия эффективности профессиональной деятельности работников социальных служб. – М.: Издательство МГСУ «Союз», 1999.- 127 с.


4. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности. - М., 1998.

5. Коджаспирова Г.М. Культура профессионального самообразования педагога. - М., 1994.