Файл: Бл баылауды, тексеруді нтижесін баяндайтын жазбаша жат.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

көрсетіп отырсын, дәптер тексеру барысында оқушылар

каллиграфиясын қатал бағаласын.

3. Өзіндік жұмысты үш деңгейде өткізу жоспарлансын.

4. 2 «Ә» және 2 «В» сынып оқушылары дәптерлерін ішінара тексеру

20-30 сәуір аралығында қайта өткізілсін.

15.03.2007 ж. Директор орынбасары: ..................................

Қорытындылай келе, оқушылар дәптерлерін тексеру барысында әкімшілік төмендегілерді анықтай алады:

  • сынып жұмыстарының көлемі;

  • үй жұмыстарының көлемі;

  • сабақта және үй жұмыстарында тапсырмалар дифференциациясы орын ала ма;

  • жеке және шығармашылық үй тапсырмалары беріле ме;

  • дәптер тексерудің жиылығы;

  • қатемен жұмыстың болуы және оның сапасы;

  • бірыңғай орфографиялық режімнің сақталуы;

  • дәптер жүргізудің ұқыптылығы;

  • жұмыстарды және дәптерлерді рәсімдеу эстетикасы.


Оқушылар күнделігі
Күнделік – мектеп және ата-ана арасындағы күнделікті байланыс мүмкіндігін беретін құжаттардың бірі. Ол ата-анаға өз баласының жетістіктері мен кемшіліктерін күнделікті, апта сайын, тоқсан сайын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Оқырмандар назарына күнделіктерді тексерудегі төмендегі мәселелерді ұсынамыз:

  • сабақ кестесінің және үй жұмыстарының жазылуы;

  • сабаққа қатыспауды есепке алу;

  • оқушыларға және ата-аналарға арналған ескертпелер және олардың мазмұнының этикаға сәйкестігі;

  • оқушылар білімінің ағымдағы есебі;

  • оқушылар білімінің қорытынды есебі;

  • сынып жетекшілерінің күнделіктерді тексеру сапасы және жиылығы;

  • оқушы күнделігіндегі ата-ана қолының болуы;

  • күнделікті жүргізу мәдениеті;


Анықтамалардағы ұсыныстардың түрлері:

  1. Күнделіктермен жүйелі, мақсатқа бағытталған жұмысты жүргізетін төмендегі сынып жетекшілері мадақталсын: ..........................................................…………………………. .

  2. 9 оқушының ІІ тоқсандағы бағаларының қойылмағандығы үшін төмендегі сынып жетекшілеріне ескерту берілсін: ....................……………………………………………. .

3. Пән мұғалімдері сабақта оқушылар бағаларын жүйелі түрде

күнделікке қойып отырсын.

4. Сынып жетекшілері оқушылар күнделіктерін апта сайын

тексерсін.

  1. Кемшіліктердің жойылуын бақылау бойынша бір айдан соң

қайта тексеру өткізілсін.
Оқушылардың алфавиттік кітабы
Алфавиттік кітапта мектеп ашылғаннан бері осы мектепке оқуға келген барлық оқушылар жазылады. Осы мектепті аяқтаған немесе басқа жаққа ауысқан барлық оқушылар белгіленеді. Алфавиттік кітаптағы оқушылар саны сынып журналындағы оқушылар санына сәйкес болу керек.

ҮЛГІ
«Оқушылардың алфавиттік кітабын» жүргізілуін

бақылау қорытындысы бойынша

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: «Оқушылардың алфавиттік кітабын»

жүргізілуінің дұрыстығын тексеру.

Мерзімі: 16 - 29. 06. 2006 ж.
Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары.
«Оқушылардың алфавиттік кітабын» тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

  1. Тексеру барысындағы оқушылардың нақты санына қарағанда «Алфавиттік кітап» бойынша оқушылардың жалпы саны 87 оқушыға артық.

2. Ағымдағы жылдың ІІ жартысында келген 9 оқушы тізімге

енгізілмеген.

3. Мектептен кеткен деп көрсетілмеген:

а) ағымдағы жылдың ІІ жартысында басқа мектептерге

ауысқан түрлі сыныптардағы 7 оқушы;

ә) 2005-2006 оқу жылының 11 сынып бітірушілерінен 64 оқушы;

б) 2005-2006 оқу жылының 9 сынып бітірушілерінен 25 оқушы.
Ұсыныстар:

  1. Мектептің хатшысы И. Саховаға хатшы - іс жүргізушінің Қызметтік инструкциясын бұзғаны үшін тәртіптік шара қолданылсын.

  2. 2006 жылдың 15 тамызына дейін көрсетілген кемшіліктер

жойылсын.

  1. Басқа мектепке ауысқан оқушылардың іс-қағаздарын олардың кетуі «Алфавиттік кітапта» тіркелгенге дейін беруге тыйым қойылсын.

  2. Жарты жыл сайын «Оқушылардың алфавиттік кітабындағы» жазулар тексеріліп тұрсын.


Мектеп қызметкерлерінің еңбек кітапшалары
Еңбек кітапшасы – қызметкердің ең негізгі құжаты, ол бойынша оның еңбек өтілі, яғни зейнетақысы белгіленеді. Одан басқа, еңбек кітапшасында оның барлық жұмыс орындары, сонымен қатар марапаттаулары мен мадақтаулары тіркеледі. Енбек кітапшасындағы жазуларды реттеу бойынша арнайы инструкция бар.
ҮЛГІ
Еңбек кітапшаларының жүргізілуін тексеру бойынша

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: еңбек кітапшаларының жүргізілуінің дұрыстығын, жазулардың инструкцияға сәйкестігін тексеру.

Мерзімі: 3 – 5. 01. 2007 ж.
Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, мұғалімдер ..................................... .
2007 жылдың 3-5 қаңтар аралығында комиссия мектеп қызметкерлерінің енбек кітапшаларын тексерді. Еңбек кітапшалары мектеп директорының сейфінің арнайы жәшігінде сақталады. Сейф кілті директор және оқу ісі бойынша директор орынбасарында болады. Барлығы елу бір еңбек кітапшасы, екі мұғалімнің (............, ............ ) оларға енбек кітапшалары 10-күндік мерзімге берілгендігі туралы қолхаты және үш қосымша істейтін (совместитель) мұғалімнің еңбек кітапшаларының көшірмесі бар.


Еңбек кітапшаларындағы жазулар ұқыпты, қара сиямен жазылған. Жұмысқа тағайындау күндері дұрыс қойылған және мектеп бойынша бұйрықтарға сілтемелер жасалынған.

Сонымен қатар тексеру барысында төмендегі кемшіліктер анықталды:

  1. Биология пәнінің мұғалімі А.Қожахметова жұмысқа ауысу тәртібі бойынша қабылданғандығы көрсетілмеген.

  2. Мұғалім Ш.Бәйменова бастауыш сынып мұғалімі болып қабылданған, ал ол үш жылдан бері географияны жүргізеді, яғни оның бастауыш сынып мұғалімі лауазымынан география мұғалімі лауазымына ауысқандығы туралы жазу жоқ. Дәл солай мұғалім Ж.Сабырованың тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары лауазымына ауысқандығы жазылмаған.

  3. Мұғалім Р.Дәндібаеваның тұрмысқа шығуына байланысты

фамилиясы өзгертілмеген.

4. 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мұғалімдердің

мадақтаулары туралы бір де бір жазу енгізілмеген (барлығы

«Бұйрықтар кітабы» бойынша 9 мұғалім мадақталған).

  1. Еңбек кітапшасын қолға берілгендігі бойынша заң бұзышылық орын алған, өйткені қызметкер қолына тек мектеп директоры бекіткен көшірмені алуына құқы бар.



Ұсыныстар:

  1. 2007 жылдың 1 ақпанына дейін мектептің әрбір қызметкері оның еңбек кітапшасындағы жазулармен таныстырылсын.

  2. 2007 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген кемшіліктер

жойылсын.

3. Мектеп директоры еңбек кітапшаларын жүргізуге жауаптының

көрсетілген кемшіліктердегі кінәсінің дәрежесін анықтасын.

  1. 2007 жылдың 24-28 наурыз аралығында қайта тексеру жүргізілсін, мектеп директорына комиссия жұмысына қатысуына өтініш жасалсын.



ІІ. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
Оқыту жұмысы бойынша анықтамаларды көпшілігінде директордың оқу ісі бойынша және бастауыш мектептің оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары жазады. Білім беру мазмұны бойынша анықтамаларға тән төмендегі қасиеттерді ажыратуға болады:

  1. Мұғалім қызметін бағалау және оқушылардың білім, білік, дағдыларын анықтау үшін бақылау жұмыстары немесе тесттер өткізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, оқыту нәтижесі зерттеледі.

  1. Нәтижелер цифрлық кестелерде көрсетіледі, оқушылардың біркелкі қателері анықталады.

  2. Көптеген тексерушілер үрдістің динамикасын көрсету үшін графиктар сызады, ол да дұрыс, өйткені жан-жақты талдау үшін даму тенденциясын, динамикасын бақылау қажет.


Оқыту жұмысы бойынша бір шама анықтамаларды талдай келе, мектеп директорларына төмендегі кеңестерді беруге болады:

  • Мектеп директоры оның орынбасарлары бақылаудың қандай әдістерін қолданатынын талдау керек, өйткені бір әдісті жақсы, жан-жақты меңгеріп, орынбасарлар оны қайта-қайта қолдануға әрекет жасайды. Сондықтан , ең алдымен бақылау мақсатын нақты белгілеп, содан кейін мақсатқа лайық тексеру әдістерін және түрлерін таңдау қажет.

  • Анықтаманың көлеміне көңіл аудару қажет. Кейбір анықтамалар шектен тыс көп бетті болып кетеді, олар жоғарыдан тексерушілерге арналып жазылғандай болады. Анықтамаларды нақты талдау және кемшіліктерді жою үшін жазу керек.


Жалпысыныптық бақылау бойынша анықтамалар
Жалпысыныптық бақылау - бұл бақылаудың ең тиімді формаларының бірі. Жалпысыныптық бақылау арқылы сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайын, оқушылардың түрлі пәндер бойынша дайындық деңгейін анықтауға болады. Бақылау талабы бойынша оқу жоспарындағы барлық сабақтарға ену қажет.
ҮЛГІ
5 «А» сыныбындағы жалпысыныптық бақылаудың қорытындылары бойынша

АНЫҚТАМА
2006 жылдың 16 қыркүйек және 3 ақпан аралығында жалпысыныптық бақылау барысында 5 «А» сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларының деңгейі, сынып ұжымының ұйымдастыру жағдайы, құжаттамалардың рәсімделуі тексерілді. Осы мақсатта төмендегі жұмыстар жүргізілді:

1. Барлық пәндер бойынша сабақтарға қатысу.

2. Қазақ тілінен әкімшілік бақылау жұмысы жүргізілді.

3. Қазақ тілі және математикадан жұмыс дәптерлері тексерілді.
І. Пәндердің оқытылуы

1. Қазақ тілінің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)



Сабақтарға қатысу барысында Г.Ниязбекова сабақты құру әдістемесін жақсы меңгергендігі анықталды. Сабақтарда оқушылардың белсенділігін арттыратын түрлі жұмыс әдістері мен формаларын пайдаланады. Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы, сөйлеу мәдениеті өте жақсы.
Қазақ тілі пәні бойынша әкімшілік тарапынан өткізілген бақылау жұмысының талдауы


Барлық оқушы саны

Жазғаны

Бағалары

Орта балы

Үлгерімі %

Білім сапасы %

2

3

4

5

25

21


2

11

6

2

3,3

90

38



Бақылау жұмысында жіберілген біркелкі қателер:

1. Тасымал – 3 оқушы.

2. Шылаулардың жазылуы – 11 оқушы.

3. Біріккен сөздердің жазылуы – 7 оқушы.

4. Қос сөздердің арасындағы дефис – 5 оқушы.

5. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі – 8 оқушы.

Жіберілген қателер себептері:

Диктант мәтіні күрделі. Көптеген оқушылар шылауларды сөздермен қосып жазған, яғни сабақта бұл ереже бойынша жұмыс аз жүргізілген. «Қанағаттанарлықсыз» сөзі оқушыларға қиындық туғызды, сондықтан оның жазылуын түсіндіріп, тақтаға жазып қоюға болатын еді. Сыныптағы көптеген оқушы гриппен ауырып, 4 сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау сабақтарына қатыспаған. Соның салдарынан 2 оқушы қанағаттанарлықсыз баға алып, жалпы диктант нәтижесі төмен болды.
2. Әдебиеттің оқытылуы (мұғалімі Ниязбекова Г.)
Қатысқан сабақ тақырыбы – «Қазақтың халық ертегілері». Балалар халық ертегілерін жақсы көреді. Сынып қызығушылықпен, белсенділікпен жұмыс істеді. Мұғалім сабақта иллюстрацияларды, оқушылар суреттерін пайдаланды. Бұл тақырыпты оқудың қорытындысы – оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
3. Математиканың оқытылуы (мұғалімі Сапарова Г.)
Математиканың бірнеше сабағына қатысу ұйымдастырылды. Мұғалім бірінші жыл жұмыс істеуде, сондықтан жұмысында жас маманға тән бірқатар қиындықтар кездесуде: жаңа тақырыпты түсіндіру және пысықтауда нақтылық жоқ, әрбір оқушыны деңгейіне қарап оқытуда қиналады, сабақта уақытты тиімді пайдалана алмайды. Дегенмен, мұғалім бойында педагогикалық шеберлікті арттыруға ынта бар.
4. Орыс тілінің оқытылуы (мұғалімі Бейсенбаева Б.)



Мұғалім өз сабағында оқытудың түрлі формаларын, корнекілік және ОТҚ-н тиімді пайдалана біледі. Көпшілігінде сабақта дидактикалық ойындарды қолданып, оқушылардың өз пәніне деген қызығушылығын арттырады. Ата-аналармен тығыз байланыста болып, үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар өткізеді.
5. Ағылшын тілінің оқытылуы (мұғалімі Байтенова Қ.)
Қ.Байтенованың сабақтары қызықты, жылдам қарқынмен өтеді. Оқушылары бағдарламаны орындай алады, үлгермеушілер жоқ. Сабақта көрнекі құралдарды, ОТҚ-н көп пайдаланады. Үлгерімі төмен оқушыларға жеке тапсырмалар беріп, оларды жүйелі түрде тексереді.
6. Тарихтың оқытылуы (мұғалімі Бердешева Р.)
Мұғалімнің сабақтары М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясына сай өткізіледі. Оқушылар пәнге қызығады, сабақта белсенді. Сабақта мұғалім интерактивті әдістерді тиімді пайдаланады. Мұғалімге оқушылар жүктемесін асырмауына көңіл аудару қажет ( үзілісте, сабақтан соң алып қалмау).