Файл: Бл баылауды, тексеруді нтижесін баяндайтын жазбаша жат.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


7. Музыканың оқытылуы (мұғалімі Сулейменова А.)
Мұғалім сабақтары эмоционалды, әдістеме жағынан сауатты. Сүлейменова А. оқытып жатқан материалды жоғары деңгейде меңгерген, аудиторияны өзіне қарата алады, оқушылар мұғалімге, оның сабақтарына қатты қызығады.
8. Технологияны оқыту (мұғалімі Саденова А.)
Саденова А. қыз балаларға аспаздықтың алғашқы дағдыларын үйретуде. Сабақтар эмоционалды көніл-күйде өткізіледі, оқушылар сабақта қызығып жұмыс жасайды, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы.
9. Дене тәрбиесінің оқытылуы (мұғалімі Төребеков Б.)



Б.Төребековтың сабақтары бағдарламаға сай жүргізіледі, енген сабақта өте қызықты сергіту жаттығуларын, жеңіл атлетикалық жаттығуларды өткізді, сабақ мақсатына жетті. Оқушылар қызығып жүгірумен айналысты және спорттың осы түрі бойынша нормаларды тапсырды.
10. Бейнелеу өнерін оқыту (мұғалімі Ахметова Г.)
Г.Ахметова сабақтарында графика, бейнелеу және мүсіндеуді үйретеді. Оқушылар теориялық және практикалық жұмыстарды орындайды, сабақта белсенді, әуестік білдіреді, ізденіс материалдарымен жақсы жұмыс жасайды.
ІІ. Жұмыс дәптерлерін тексеру.

Математика дәптерлері: 2006 жылдың 24 қыркүйегінде тексерілуге 18 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді аптасына бір рет тексереді, бұл 5 сынып талабына сай емес. Оқушылар қатемен жұмыс жүргізбейді.

Қазақ тілі дәптерлері: 2006 жылдың 23 қыркүйегінде тексерілуге 24 дәптер тапсырылды. Дәптерлер ұқыпты, барлығының сыртында қабы бар. Мұғалім дәптерлерді жүйелі түрде тексереді, оқушылар қатемен жұмыс жүргізеді. Қосымша сабақтарға да дәптерлер арналған, олар да тексеріледі, сөздік дәптерлері де бар.

Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, келесі қорытындыларды жасауға болады:

1. Бастауыш сынып мұғалімі Жансейітова А. оқушыларды 5

сыныптағы оқу материалын меңгеруге жақсы дайындаған.

2. 5 сыныптағы мұғалімдер адал жұмыс жасайды, дегенмен,

сабақтарда оқыту технологияларын кеңінен пайдалану керек.

3. Барлық мұғалімдерге сыныпты ұйымдастыру бойынша бірыңғай

талаптарға сай жұмыс жүргізу керек.

4. Үлгерімі нашар оқушыларға аса көңіл аудару қажет, оларды жеке

бақылауға қою қажет.

5. Оқушылардың оқырмандық қызығушылықтарын және

эрудициясын зерттеу (викториналар, әңгімелер, саулнамалар)


бойынша 5 сынып оқушыларының аз оқитындығы анықталды,

оқушылар белгілі балалар шығармаларының авторларын атай

алмайды, кітап оқуға қызығушылық білдірмейді. Осы проблемаға

мұғалімдерге көңіл аудару қажет және әдістемелік кеңесте

мәселе қаралсын.

ҮЛГІ

2005/2006 оқу жылындағы мектептің

әдістемелік жұмысын тексеру бойынша

АНЫҚТАМА



Мақсаты: 1. Әдістемелік жұмыстың деңгейін анықтау.

2. Мектептің әдістемелік жұмысының рөлі.
Мерзімі: 20 – 30.04.2007 ж.
Комиссия құрамы: мектеп директоры, директор орынбасарлары,

мектеп Кеңесінің төрағасы.

Әдістер: - әдістемелік бірлестік жетекшілерімен әңгімелесу;

- әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамаларын

тексеру;

- мұғалімдермен әңгімелесу.
Мектепте бастауыш мектеп, гуманитарлық цикл, математика, жаратылыстану циклы, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері жұмыс жасайды.

Тексеру барысында төмендегілер анықталды:

1. Барлық әдістемелік бірлестіктердің (ӘБ) жылдық жұмыс

жоспарлары бар және олар тоқсан сайын өз отырыстарын

өткізеді.

2. Жоспар бойынша жас мамандармен жұмыс зерттеледі, барлық

бақылау жұмыстары талданады.

3. ӘБ жетекшілерінің басшылығымен пән апталықтары нәтижелі

өткізілді.

4. Мектепішілік пән олимпиадалары өткізілген, алты аудандық

олимпиада жеңімпазы бар (оқушылар фамилиясы, мұғалімнің

аты-жөні, пәні).

5. Математика пәнінің мұғалімдері деңгейлік дифференциация

бойынша инновациялық жұмысты жалғастыруда және

гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігі модульдік оқыту

технологиясын сабақтарға енгізуде.

6. Өзара сабаққа ену кестесі толық орындалған.
Сонымен қатар мектептің әдістемелік жұмысында бірқатар кемшіліктер де анықталды:

1. Мектептің жалпы әдістемелік тақырыбы, ӘБ тақырыбы және

мұғалімдердің өз білімін жетілдіру тақырыптарының

арасында байланыс жоқ.

2. Әрбір ӘБ тек өз жұмысымен шектеледі, әдістемелік

бірлестіктер жұмысының арасында байланыс жоқ.

3. Бастауыш сынып және жаратылыстану әдістемелік


бірлестіктерінде инновациялық жұмыс жеткіліксіз.

4. Дарынды оқушылармен жұмыс, аудандық пән олимпиадаларына

және интеллектуалдық марафондарға қатысуға оқушыларды

дайындау жұмысының дәрежесі төмен. Мектеп физика,

биология, шет тілдері бойынша аудандық олимпиадаларға

қатыспаған.

5. Пән мұғалімдерімен әңгімелесу барысында олар өз білімін

жетілдіру тақырыптарын ат үсті таңдағаны анықталды.
Ұсыныстар:

1. Әрекеттерді үйлестіру және әдістемелік жұмысты жоғары

деңгейде жоспарлау мақсатында жалпымектептік әдістемелік

кеңес құрылсын. Әдістемелік кеңестің төрайымы болып

жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысы бойынша директор

орынбасары тағайындалсын.

2. Мектептің әдістемелік кеңесі жалпы әдістемелік тақырыпты

және оқу жылының міндеттерін ескере отырып әр әдістемелік

бірлестіктің әдістемелік тақырыптарын анықтасын.

3. Пән апталықтарын өткізу практикасы жалғастырылсын.

4. Оқушылары аудандық олимпиада жеңімпаздары болған

мұғалімдер грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен

марапатталсын:...................................... ( алты фамилия).

5. Физика ......., биология....., шет тілі.... мұғалімдері оқушыларды

олимпиадаларға дайындау жұмысына көңіл аударсын.

6. Осы мұғалімдердің аудандық олимпиадаға қатысу

қорытындылары бойынша есептері 2008 жылдың наурыз

айында директор жанындағы кеңесте тыңдалсын.

7. Осы анықтама мектеп Кеңесінің отырысында және директоры

жанындағы кеңейтілген отырыста талқылансын.


ІІІ.. СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
ҮЛГІ
................... бойынша пән апталығын өткізу

қорытындылары бойынша

АНЫҚТАМА



Тексеру мақсаты: пән апталығының оқушылардың пәнге

қызығушылығының дамуына, білім деңгейінің

жоғарылауына, оқушыларды дербестікке және

шығармашылыққа үйретуіне, дарынды және

қабілетті балаларды анықтауға әсерін тексеру.
Мерзімі: 14 – 21. 11. 2007 ж.
Комиссия құрамы: жоғары сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі

бойынша директордың орынбасарлары,

әдістемелік бірлестіктер жетекшілері.
....................... бойынша пән апталығының барысында келесі іс-

шаралар өткізілді:

  • пән бойынша сыныптық олимпиадалар;

  • мектепішілік пән олимпиадасы өткізіліп, аудандық олимпиадаға қатысатын оқушылар анықталды;

  • оқушылар үшін кино көрсету ұйымдастырылды;

  • сынып газеттерінің, суреттерінің, плакаттарының, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының байқаулары өткізілді;

  • оқушылар және ата-аналар үшін ең үздік жұмыс көрмесі ұйымдастырылды;

  • оқушылардың барлық жұмыстарын бағалау үшін төмендегі құрамда қазылар алқасы құрылды: .................................................... ;

  • төмендегі оқушылар олимпиада жеңімпазы болып аталды: ..................................... (оқушының аты-жөні, сыныбы)




  • төмендегі оқушылардың жұмыстары сыйлықтармен марапатталды: ...................................................................... .

Аптаның өтілуіне ата-аналардың қызығушылығын атап өтуге болады.
Ұсыныстар:

1. Апталықтың дайындығы мен өткізілуіне белсене қатысқан

келесі мұғалімдер грамоталармен марапатталсын:

......................... .

2. Оқушылары І орын алған мұғалімдер ақшалай сыйлықпен

марапатталсын.

3. Жүлделі орындарға ие болған оқушылар грамоталармен және

сыйлықтармен марапатталсын.

  1. Келесі оқу жылында апталықты өткізу барысында:

  • апталық күндері нақты жоспарлансын;

  • әрбір күннің өтілуіне жауаптылар белгіленсін;

  • шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде кеңінен оқушыларға реферат жаздыру талап етілсін.


ҮЛГІ
Мектептегі үйірме жұмысының жағдайы туралы

АНЫҚТАМА
Мақсаты: мектептегі үйірме жұмысының жағдайын зерттеу;

үйірме жұмысының тиімділігін және оның

оқушылардың шығармашылық потенциалына әсерін

бағалау.
Мерзімі: 1 – 22.01. 2007ж.
Комиссия құрамы: директордың тәрбие жұмысы бойынша

орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп

Кеңесінің мүшесі, кәсіподақ комитетінің

мүшесі.

Келесі мәселелер қарастырылды:

  • оқушыларды үйірме жұмысына қамту;

  • оқушылардың сабақ кезіндегі белсенділігі;

  • жұмыстың нәтижелілігі (кештер, көрмелер, аудандық байқауларға қатысу, т.б.)


Тексеру барысында барлық үйірме сабақтары екі реттен тексерілді, үйірме сабақтарының жоспарлары тексерілді, барлық үйірме жетекшілерімен және оқушылармен әңгіме жүргізілді.

Оқушылардың ең қызығатыны спорт секциялары екендігі анықталды: волейбол, баскетбол, күрес. Сабақтарда тексеру кезінде балалардың тізім бойынша 98 % қатысты. Сабақ басында мұғалімдер нақты мақсат қойып, сабақ соңында қорытынды шығарылады. Оқушылар тек ойынға емес, спорт түрінің жаңа әдістерін меңгеруге ықыласты.

Көптеген оқушылар, әсіресе 7-8 сыныптардан, мектеп музейінің ізденіс жұмысына қамтылған. Соңғы жылдары музей өз жұмысын тоқтатпаған. Ізденіс жұмыстарына ата-аналар мен ардагерлер де тартылған. Музей секциясы сабақтарында оқушылар құжатпен жұмыс істеуді, стендтерді рәсімдеуге, оқушылар және мектеп қонақтары үшін экскурсиялар өткізуді үйренуде.


Мектеп хоры және музыкалық студияға да оқушылар қызығып қатысады. Барлық аталған үйірмелер аудандық байқауларда жоғары нәтижелерге ие.

Фотоүйірме сабақтарында тексеру барысында тек үш оқушы қатысып отырған. Жұмыс жоспары жоқ, жетекші үйірме журналын жүргізбейді.
Ұсыныстар:

1. Спорт секциясы, мектеп музейі, хор және музыкалық студия

жетекшілерінің жұмысы жақсы деп атап өтілсін.

2. Өлкетану үйірмесін құруға мектеп әкімшілігі материалдық

мүмкіндіктерді қарастырсын.

3. Фотоүйірме жетекшісінің есебі директор жанындағы кенесте

тыңдалсын.

4. Осы анықтама сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің

отырысында талқылансын.


ІV. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛАР
Соңғы жылдары балалар денсаулығы барлық ата-аналарды да, бүкіл қоғамды да айрықша ойландырады. Балалар денсаулығына түрлі факторлар әсер етеді: экологиялық жағдай, тамақтандыру, күн тәртібі, мектептегі психологиялық асқын жүктеме, стрестік жағдайлар және т.б. Мектеп әкімшілігі балалардың өміріне әсер ететін мектепішілік өмірдің факторларын бақылауды күшейту керек.

ҮЛГІ
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

ережелерін сақтауды тексеру бойынша

АНЫҚТАМА
Мақсаты: еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері

бойынша журналды және оның толтырылуының

дұрыстығын тексеру.

Мерзімі: 9 – 21. 11. 2007 ж.

Комиссия құрамы: мектеп директоры, мектеп Кеңесінің

төрағасы, директордың әкімшілік-

шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары,

медбике, ӨҚН мұғалімі.
Аталған мәселе бойынша келесі құжаттар тексерілді:

1. Оқушылармен болған келеңсіз жағдайларды тіркеу журналы.

2. Қоғамға пайдалы еңбекті және сыныптан, мектептен тыс іс-

шараларды ұйымдастыруда еңбекті қорғау және қауіпсіздік

техникасы бойынша инструктаж журналы.

3. Физика, химия, техникалық енбек, қызмет көрсету еңбегі,

информатика, ӨҚН, дене тәрбиесі кабинеттеріндегі