Файл: Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар Химия 8сынып Жиынты баалау тапсырмаларыны жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 76

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Химиялық элементтердің периодтық жүйесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Оқу мақсаты

8.2.1.1 Топ, период, атом нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру;

8.2.1.3 Топтар мен периодтарда элементтер қасиеттерінің заңдылықпен өзгеретінін түсіндіру;

8.2.1.4 Периодтық жүйедегі орны бойынша химиялық элементті сипаттау;

8.2.1.6 Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын білу және сілтілік металдар, галогендер, инертті элементтердің ұяластарына мысалдар келтіру;

8.2.1.7 Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.

Бағалау критерийі

Білім алушы:




● Топ,период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды;

● Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді;

● Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды;

● Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады;

● Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут


Тапсырма

1. Элементтердің келесі қатары берілген. Берілген тұжырымдар мен химиялық элементтер арасындағы сәйкестікті анықтаңыз.

Тұжырымдар

Химиялық элементтер

1) элементтің 6 электроны бар

A) Ag

2) элементтің 7 нейтроны бар

B) Al

3) элементтің 5 энергетикалық деңгейі бар

C) N

4) элементтің протон санының мәні 3-ке тең

D) Li

5) элементтің соңғы энергетикалық деңгейінде 3 электрон бар

E) C

1)___ 2)___ 3)___4)____ 5)___

[2]

2. a) Берілген кесте бойынша дұрыс жауаптарды анықтаңыз.




Период бойынша (солдан оңға қарай)

Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)

1) Энергетикалық деңгей саны

А) өзгермейді

B) 1 энергетикалық деңгейге артады

C) өзгермейді

D) 1 энергетикалық деңгейге артады

2) Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны

А) 1-ге артады

B) тұрақты

C) 1-ге артады

D) тұрақты



1) _______________

2) _______________

[2]

b) Берілген химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты өзгеруіне байланысты тұжырымдардың бос орындарын қажетті сөздермен толықтырыңыз.


Период бойынша (солдан оңға қарай)






1.Салыстырмалы атомдық масса _______________

2. Атом радиусы ______________


Топ бойынша (жоғарыдан төмен қарай)




3. Металдық қасиет ___________

4. Оттекпен қосылысындағы валенттілігі ____________


[2]

3. Химиялық элементтің нейтрон санының мәні 12-ге тең. Бұл элемент ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады. Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы тұрғысынан химиялық элементке сипаттама беріңіз.

1. Элементтің атомдық нөмірі __________________________________________

2. Периодтық жүйедегі орны ___________________________________________

3. Атом құрамы _____________________________________________________

4. Элементтен түзілген жай заттың қасиеті _______________________________

[4]

4. Берілген химиялық элементтерді табиғи ұялас топтарына топтастырыңыз және әр топты екі мысалмен толықтырыңыз.

Na, Cl, He, Li, Br, Ne, Rb, I, Kr


Табиғи топтар

Ұялас элементтер

Мысалдар

Сілтілік металдар







Галогендер







Инертті газдар







[3]

5. Кестеде бірінші топтың негізгі топша элементінің физикалық және химиялық қасиеттері берілген. Литий элементі үшін бос орындарды өз болжамыңызбен толықтырыңыз.


Химиялық элемент

Валенттілігі

Физикалық қасиеті

Сумен әрекеттесуі

Натрий

І

Ашық металдық жылтыры бар

Шабытты













[3]

Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Ескерту

Білім алушы

Топ,период, атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды


1

Атом нөмірінің физикалық мәнін сипаттайды

Периодтың физикалық мәнін сипаттайды

1
1




Элементтер қасиеттерінің топтар мен периодтарда заңдылықпен өзгеретінін түсіндіреді

2 а)

Энергетикалық деңгей санының периодты өзгеруін анықтайды

1




Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон санының периодты өзгеруін анықтайды

1




2 b)

Химиялық элементтердің период бойынша өзгеретін қасиеттерін сипаттайды

1




Химиялық элементтердің топ бойынша өзгеретін қасиеттерін сипаттайды

1




Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттайды

3

Химиялық элементтің атомдық нөмірін анықтайды

1




Периодтық жүйедегі орнын сипаттайды

1




Атом құрамын анықтайды

1




Элемент түзетін жай зат қасиетін сипаттайды

1




Химиялық элементтердің табиғи ұяластарын атайды және олардың таңбасын жазады

4

Сілтілік металдарды анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Галогендерді анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Инертті газдарды анықтайды, мысалдар келтіреді

1




Периодтық кестеде орналасуына байланысты химиялық элементтің қасиетін болжайды

5

Химиялық элементтің валенттілігін анықтайды

1




Химиялық элементтің физикалық қасиетін сипаттайды

1




Химиялық элементтің сумен әрекеттесуін сипаттайды

1




Барлығы

16





«Химиялық байланыс түрлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 8.1.4.1 Электртерістілік ұғымы негізінде атомдар

арасындағы ковалентті байланыстың түзілуін

түсіндіру;

8.1.4.2 Иондық байланыстың түзілу механизмін

сипаттау және иондық қосылыстардың

қасиеттерін болжау;

8.1.4.3 Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне

тәуелділігін түсіндіру.
Бағалау критерийі Білім алушы


  • Берілген формулалардағы электртерістігі үлкен элементті анықтайды

  • Атомдар арасындағы ковалентті байланыстың

түзілуін сипаттайды

  • Иондық байланыстың түзілу механизмін сипаттайды, иондық қосылыстардың қасиеттерін болжайды

  • Заттар қасиеттерінің кристалдық тор типтеріне тәуелділігін түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Білу және түсінудеңгейі Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындалу уақыты 20 минут

Тапсырма

1.Берілген формулалардағы электртерістілігі жоғары элементті анықтаңыз.

А)KCl

В) CuS

С) HF

D)CaO

Е) HI[1]

2. а) Атомдар арасында ковалентті байланыстың түзілуін электрондардың ортақ жұбы арқылы түзілуін көрсетіңіз.







сутегі сутегі

Ковалентті байланыстың бұл түрі электртерістілігі қандай атомдар арасында түзіледі ?
Ковалентті байланыстың бұл түрін қалай атайды?

______________________________________________________________________[2]
b )

сутегі йод
Ковалентті байланыстың бұл түрі электртерістілігі қандай атомдар арасында түзіледі ?

Ковалентті байланыстың бұл түрін қалай атайды?