ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Жексенаева Салтанат Бримжановнаның сабағына
ПІКІР
Сынып: 4 «Б»
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 4.4.2.1 күрделі сөздердің түрлерін ажырата алу (біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз)
Жоспарға сәйкес 4 «Б» сыныбының қазақ тілі пәнінен 13.12.2022 жылы Қос сөздер тақырыбында сабақ өтті. Сабақ басында, психологиялық ахуал жасалып,оқушылардың сабаққа деген ынтасын,қызығушылықтарын арттырып алынды. «Саққұлақ» ойыны ойналды.оқушылар ойынға белсене атсалысты. Өткенді пысықтау барысында «Сиқырлы сөйлемдер» ойыны ойнатылды.Ойын барысы бойынша оқушыларға бірнеше сөйлемдер берілді, сөйлем түрлеріне қарай оқушылар жұппен жұмыс жасады.Сабақ тақырыбына байланысты «Білім ленд» сайытынан видеоролик көрсетіліп,ұжыммен талданды. Оқушылармен сабақ мақсатына жету үшін оқулықпен, тақтамен,жеке,жұппен,топпен жұмыстар жүргізілді.деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушылармен сергіту сәті жасалды.Оқушылармен әр тапсырма сайын кері байланыс жасалып, оқушылар бағаланып отырылды.Сабақ соңында Сөздерден мақал құра ойыны арқылы сабақты қорытындыанды.
Қорытынды: Осы тақырып бойынша оқушылар қос сөздер мен бірккен сөздерді ажырата алды. Осы сөздерге қарай,әңгіме құрастыра алды.Сабақ мақсатына оқушылар жете алды..Өз беттерінше жеке,жұппен,топпен жұмыстар жасап әр тапсырмадан кейін қорытынды жасап отыра алады.Сабақ қызықты өтті.Сабақ оқушыларға ұнады.
Пікір жазушы: Директордың ОІМ
Баянбаева Әсем Бекмуханбетқызы
«Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Жексенаева Салтанат Бримжановнаның сабағына
ПІКІР
Сынып: 4 «Б»
Пән: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Алатау–тау атасы.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 2.2.8.2мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация,мультфильм) нұсқасымен салыстыру
2.1.5.1өз ойымен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.
Жоспарға сәйкес 4 «Б» сыныбының әдебиеттік оқу пәнінен 23.12.2022 жылы Алатау–тау атасы сабағы тақырыбында сабақ өтті. Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, оқушылар психологиялық ахуал жасады.Оқушылар топқа бөлінді. Оқушыларға тақырыпқа сай видеоролик көрсетілді. Оқушылар сабақ тақырыбымен, мақсатымен танысты. Оқулықпен жұмыс жасалды. Оқулықтағы мәтінді бірінші оқушылар барлығы іштей оқып шығып, жұппен мәтінен не түсінгендері бойынша, жұпта талдады.Оқушыларға топпен тапсырма берілді. Топпен жұмысты оқушылар тақтаға шығып талдады. Суретпен жұмыстар жүргізілді. Оқушылар әр тапсырма сайын қалыптасытрушы бағалаумен бағаланып отырылды. Кері байланыс жасалды. Оқушылар мәтін бойынша өз ойларын ортаға салды, талдады.
Қорытынды: Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай алды, топпен,жұппен берілген тапсырмаларға талдау жасап,өз ойларын еркін жеткізе алды.Сабақта оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасы жақсы, оқушылар өздерің еркін ұстайды. Сабақ оқушыларға ұнады.
Мектеп директорының м.а: С.С.Изатова
«Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Жексенаева Салтанат Бримжановнаның сабағына
ПІКІР
Сынып: 4 «Б»
Пән: Математика
Сабақтың тақырыбы: Ақиқат және жалған.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 4.3.3.2 нысандардың бастапқы орны мен қозғалыс бағытын (бір – біріне қарама қарсы, бірінен – бірі қарама – қарсы бағытта) анықтау
4.3.3.1 қозғалыстың басталуы мен бағытын пайдалана отырып, нысандар қозғалысы сызбасын құру, сәйкес есептеулер жүргізу.
Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Санау» әдісі арқылы топқа бөлінді.Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа тақырыпты ашу үшін «Жасырын сөз» әдісі бойынша анықталды. Жасырын сөздер арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.
Сабақта «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі, дәптермен жұмыс орындау арқылы жүргізіліп тақырыпқа сай тасырмалар ұтымды пысықталды. Сергіту сәтінде оқушылар «Жаяу» әуенімен билеп сергиді.
Саралау тәсілі «Тапсырма» арқылы жүзеге асырылады. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды қалыптастырушы бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.
Сабақ тиянақты көрнекілікпен арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
Пікір жазған: Сейлханова Ғалия Тұрсынтайқызы
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің
жетекшісі
Көктөбе жалпы орта білім беру мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Жексенаева Салтанат Бримжановнаға
Пікір
Салтанат Бримжановна менің балам Иманшәріп Нұрайдың сынып жетекшісі әрі сабақ береді. Ол сынып жетекші ретінде де пән мұғалімі ретінде де жауапкершілікгі мол ұстаз. Әрбір оқушының мінезін, болмысын, жанұя жағдайын, қабілетін ескере отырып жұмыс жасайды.
Бастауыш сынып оқушылары өз ұстаздарын шынайы түрде бар болмысымен қабылдайды. Менің балам Салатнат апайының еңбегін өте жоғары бағалайтынын байқадым. Әрбір сабағын қызықтыра отырып өткізеді, баланың жан –жақты дамуына өз үлесін қоса біледі. Жадыра апай ата-аналармен де тығыз байланыста болып, баланың жақсы тұлға болып қалыптасуына көп еңбек етеді. Сынып жиналыстары, тәрбие сағаттары және ата-аналар жиналысын жиі өткізіп, мектеппен тығыз байланыста болуына жұмыс жасайды. Ата-ана ретінде Салтанат Бримжановна ұстазға рахмет айтып, шығармашылық табыс тілеймін.
Ата – ана Иманшарипова Самал