Файл: .араш атындаы мектепгимназиясында цифрлы білім беру ресурстарын білім беру процесінде олдану туралы млімет.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясында цифрлық білім беру ресурстарын білім беру процесінде қолдану туралы мәлімет.

2021-2022 оқу жылы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары сонымен қатар технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылған болатын. Осыған байланысты барлық білім беру ұйымдарында цифрлық білім беру ресурстары кеңінен қолданысқа еніп келеді. Көп жағдайда білім беру ресурстарының авторлары мектеп мұғалімдері деуге болады.

Жаңа ақпараттық технологиялар терминіне тоқталатын болсақ, білім беру жүйесінде ақпараттарды дайындап, оны білім алушыға (оқушыға) беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа дидактикалық және әдістемелік мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағында оқушының сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін, жауапкершілігін арттырып, бүгінгі заманның талабына сай етіп білім беруі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Жаңа ақпарттық технологияны, цифрлық білім беру ресурстарын сабақта пайдаланудың тиімділігі оқушылардың емін-еркін ойлануларына мүмкіндік ашады, сонымен қатар, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық бірлесіп отырып жұмыс жасауға тәрбиелейді.

Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелеп, үйретеді.

Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтай өзгертеді. Оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы болып табылады.

Жалпы интернет жүйесін, электрондық көмекші құралдарды, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану мектептерде ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға мүмкіндік береді.


Цифрлық білім беру ресурстары білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде келешек жастардың цифрлық білім беру ресурстарын белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі.

Заманның қарқынды өзгеруіне байланысты білім беру саласы да жылдан-жылға барынша жылдамдықпен дамып, алға басып келеді. Осы орайда жаңадан пайда болған бағдарламалар мен көптеген білім беру ресурстарын атауға болады. Жалпы ғаламторда блім ресурстарының түрлері өте көп. Оқу үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы өзімізге қажетті ресурсты таңдай білу керек.

Цифрлық білім беру ресурстары білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізі болып табылады. Сонымен қатар, оқу және тәрбие беру процесінде біртұтас ресурс ретінде пайдаланылуы мумкін.

Жалпы цифрлық білім беру ресурстары дегеніміз – бұл міндетті түрде сандық форматта бізге ұсынылатын картографиялық материалдар, фотосуреттер, инфографикалар, бейнежазбалар мен бейнефргаменттерден үзінділер, көптеген жазба материалдары, символдық объектілер, графикалық материалдар, мәтіндік құжаттар сонымен қатар көптеген оқу процесін ұйымдастыруға қолданылатын басқа да оқу материалдары.

Цифрлық білім беру ресурстарына үлес қосу мақсатында робототехника үйірмесіне арналған лабораториялық жұмыстардың жинағын және информатика пәніне арналған интерактивті тест жұмысын құрастырылды.


Сурет 1. Компьютерлік графика пәнінен лабораториялық жұмыстар жинағы


Сурет 2. Информатика пәнінен интерактивті тест жұмысы
Тест жұмысы Borland Delphi бағдарламасында құрастырылды. Бағдарламада RadioButton, Label, Button, Menu, Panel т.с.с. батырмалар қолданылды. Тест жұмысының негізгі мақсаты, оқушының информатика пәнінен бір бөлім бойынша алған білімін бағалау үшін қосымша ұсынатын материал.



Сонымен қатар, информатика пәніне арналған презентациялық жұмысты цифрлық білім беру ресурсы ретінде қолдануға болады. Гимназиямызда интерактивті модельдеу обьектілері, дыбыс жазбалары, дидактикалық материалдар, фотосуреттер, бейнефрагменттер, виртуалды шындық және өзге де цифрлық оқу материалдары туралы мәлімет жинақталып, папка жасақталды.