Файл: Тыныс жне жрек жмысыны тотауындаы кмек Халыаралы дегейде мойындалан реанимацияны (жандандыру) арапайым реанимацияны ліппесі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 14
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тыныс және жүрек жұмысының
тоқтауындағы көмек
Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген.
-«А» -сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуға болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.
-«В» -ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?)
-«С» -тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен
-
кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз; -
тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз; -
өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз.
-«Д» -қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?)
-
пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы
анықталатын жері-иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақ пен иықтың ортасынан іздеу қажет. Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың сыртқы бетін ұстап тұру қажет.
Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз. Пульсті сезіну үшін мойынды басыңыз.
Назар аударыңыз:
-
егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз- «жүрекке жанама массажын» жүргізу керек. -
«Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу.
Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға» әдісімен жүргізудің айырмашылығы бар.
Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек:
-
ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз. -
емшек жасындағы баланың мойының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте сақтаңыз-басын шалқайтқан кезде абай болыңыз. -
нәрестенің тыныс алу жолдарына өзіңіздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін.
Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды тыныс алдыруды жүргізу
Сатылары | Негіздеу |
1.Баланы тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу. 2.Иықтың астына валик орналастыру. 3.Баланың басын абайлап шалқайтып, иекті көтеру. 4.Жоғарғы тыныс жолдарын кілегейден және бөгде денеден босату. 5.Баланың аузына және мұрнына салфетка орналастыру. 6.Тыныс алу қимылын жасап өз аузыңызды тығыз байланыс жасайтындай етіп баланың мұрнына және аузына орналастыру. 7.Кеуде клеткасы жәймендеп көтерілуіне қажет мөлшерде баланың тыныс жолдарына ауа үру. Ескерту: бала неғұрлым кішкентай болса,солғұрлым өкпесіне үрілетін қажетті ауа мөлшері аз болады. 8.Үзіліс жасап, баланың кеуде клеткасы орнына келгенге дейін күту. 9.6-8 пунктті өздігінен тыныс алу пайда болғанға дейін немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін немесе мәйіт дақтары пайда болғанға дейін қайталау. | -тыныс алу жолдарының өткізгіштігі жақсарады -тыныс алу жолдары түзеледі -нәрестенің мойны қысқа, нәзік-тілдің түсіп кетуінің алдын алу. -тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету. -инфекциялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі -өткізілген шаралардың тығыздығы және нәтижелілігі қамтамасыз етіледі. -баланың өкпесі ауаға толады-альвеолалар жыртылуының алдын алу. -пассивті тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. -өкпеге оттегінің пассивті түрде түсуі қамтамасыз етіледі. |
Әртүрлі жастағы балаларға жүректің тікелей емес массажының жүргізілуі
Сатылары | Негіздеу |
1.Баланы тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу. Баланың оң жағына орналасу. 2.Қолдың сәйкес бөлігін (немесе екі қолдың) төстің төменгі 1/3 бөлігіне орналастырады (бірақ семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес) А)жаңа туған нәрестеге үлкен саусақтың бірнеше фалангасының алақандық беті (немесе екі қолдың үлкен саусақтарымен қалған саусақтарды) баланың жауырының астына орналастыру Б)1 айдан 12 айға дейінгі балаларға сұқ және ортаңғы саусақпен В)1-7 жастағы балаларға қол басының проксимальды бөлігімен Г)жастан асқан балаларға екі қолды айқастырып «көбелек» түрінде орналастыру 3.Кеуде клеткасына оны мына тереңдікке енетіндей етіп басу. А)1-1,5 см ЖТН-жаңа туған нәресте Б)1-2,5 емшек жасындағы балаларда В)3-3,5 см ересек балаларда. 4.Кеуде клеткасын бастапқы қалыпқа келу үшін қысымды азайту. 5.Жүректің тікелей емес массажын жасанды тыныс алдырумен бірге өткізген кезде тыныс беру мен кеуде клеткасына қысу 1:5 қатынасымен егер көмекті 2 адам көрсетіп жатса немесе 2:10; 3:15-егер жалғыз адам болса. 6.Реанимациялық шараларды 1 минут өткізгеннен кейін өмірлік функциялардың қалпына келуін тексеру(қарапайым реанимацияның әліппесін өткізу) 7.Реанимациялық шараларды өмірлік функциялар пайда болғанға дейін немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе мәйіт дақтары пайда болғанға дейін қайталау. | Реанимациялық шаралардың максимальды нәтижесін қамтамасыз ететін негізгі жағдай -қажетті қысым алаңын камтамасыз ету. -семсер тәрізді өсінді жеңіл жарақаттанады. -кеуде клеткасына әлсіз басу қанның толық қанайналым шеңберлерінен жасанды систола фазасына өтуін қамтамасыз етпейді, қатты басу қабырғалардың, төстің сынуына алып келуі мүмкін. -жасанды диастола қамтамасыз етеді. -ТАЖ(тыныс алу жүйесі) мен жүректің соғу жиілігінің ең тиімді қатынасын қамтамасыз етеді. -шаралардың нәтижелілігін бағалау. -мәйіт дақтары биологиялық өлімді дәлелдейді. |
Қызба – патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене қызуының көтерілуіне әкелетін, организмнің табиғи реактивтілігін күшейтетін терморегуляция үрдісінің өзгеруімен сипатталатын, организмнің қорғаныс-бейімделу реакциясы.
Гипертермиялық синдромды қызбаның патологиялық түрі деп санауға болады, ол кезде дене қызуының жылдам және оқыс көтерілуі байқалады да, микроциркуляциялық, метаболикалық бұзылыстармен және өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің үдемелі бұзылуымен өтеді.
Баланың дене қызуы көтерілу деңгейіне қарай:
-
Субфебрильді -37,2-38,0 градус -
Фебрильді – 38,1-39,0 градус -
Гиперергиялық -39,0 градус және одан жоғары температураны ажыратады.
Балалардағы қызба диагностикасы барысында қызыл және ақ гипертермияға ажыратылған. Балаларда, көбінесе, болжамы қолайлырақ болып келетін қызыл гипертермия кездеседі.(жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді).Баланың терісі шамалы гиперемияланған, ыстық, ылғалды, аяқ қолы жылы, пульс пен тыныс жиілеуі дене қызуының көтерілуіне сәйкес келеді. (37 градустан жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия минутына 20 рет соғуға артады).
Ақ гипертермия келесі белгілермен сипатталады:
-
Терісі бозарған, «мәрмәр тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң. -
Аяқ-қолдары суық. -
Шамадан тыс тахикардия, ентігу -
Баланың жүріс-тұрысының бұзылуы:немқұрайлық, сылбырлық, қозуы, сандырақтау, тырысулардың болуы мүмкін.
Ақ гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз болады.
Гипертермиядағы шұғыл көмек
Сатылары | Негіздеу | Мөлшері |
1.Баланы төсекке жатқызу | - температура жоғарлауы интоксикация белгісі | |
2. Денені қысып тұрған киімдерден босату | - өкпенің экскурсиясын жеңілдетеді. | |
3.таза ауаның келуін қамтамасыз ету. | - гипертермия кезінде гипоксия дамиды. | |
4. Гипертермияның түрін анықтау (ақшыл немесе қызғылт).Егер ақшыл болса қызғылт түріне ауыстыру (баланы жылытып, спазмолитик болып табылатын но-шпа немесе никотин қышқылын немесе папаверин енгізу) | - ақшыл гипертермия шеткі тамырлардың таралуымен байланысты. Осы жағдайда жылу шығаруды нашарлатады. | |
5. Температураның көрсеткіштеріне қарай шаралар жүргізу: А) 37,0-37,5С кезінде салқындатудың физикалық әдістерін жүргізу; В) 38,0-38,5С кезінде энтеральды қызу түсіретін дәрілер енгізу (панадол, парацетамол, нурофен, қызу түсіретін балауыздар (цефекон) және т.б) Ескерту: Балаларға парацетамол, цефекон балауыздарын қолданған жөн | | папаверин немесе ношпа 1 мг/кг мөлшерде ішуге.1 жасқа дейінгі балаларға 2% папаверин ерітііндісін 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқан балаларға 0,1-0,2 мл/өмірнің әр жылына. |
6.Оттегі терапиясын жүргізу | - гипертермия кезінде тіндердің оттегі қажеттілігі жоғары | |
7. Шараларды бастамастан 20-30 минут бұрын балада зәр шығаруды шақырту | - ағзадан токсиндердің шығуын қамтамасыз ету. | |
8. 20-30 минуттан кейін термометрияны қайталау | - орындалған шаралардың нәтижелілігін бағалау | |
9. Қайталама термометрияның нәтижесін ескере отырып орындалған шараларды түзеу | - 20-30 минуттан кейін дене қызуы 0,2-0,3 С азаюы керек. | |
Ерте жастағы балаларда гипертермия болған кезде стационарға тасымалдау!
Құрысу дегеніміз дененің пішіні мен аяқ қолдарының сіресуін шақыртатын бұлшықеттің еріксіз жиырылуы.
Фебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балаларда жоғары температура фонында дамиды. Афебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелерде туу жарақаты немесе миының зақымдалуы нәтижесінде дамиды. Аяқ-қолдардың ырғақты құрысулары эпилепсияға тән белгілер болып табылады.
Құрысулар жергілікті (белгілі бір бұлшықеттер тобына таралады) және жайылмалы (құрысу ұстамасы) болып бөлінеді.
Құрысу-тырысу кезінде көмек көрсету
Мейірбике әзірлейді: диазепам, туберкулин (1 мл) шприцтер, дәкелік сүлгілер, шпатель.
-
Анасын жайландыру. -
Баланы қатты, тегіс жерге жатқыныз. -
Қысып тұрған киімдерден босатыныз. -
Таза ауамен қамтамасыз етініз. -
Тілін шайнап тастамас үшін мақтамен немесе бинтпен оралған шпатель немесе дәкелік сүлгілерін ауызына салыныз. -
Құрысу-тырысуға қарсы туберкулин шприцке диазепам дайынданыз. -
Ампуладан туберкулин шприцке баланың жасына қарай диазепамді сорып алыныз, содан соң инені алып тастаныз. -
Шприцті тік ішекке 4-5 см теренділікке салып, диазепам ерітіндісін енгізініз. -
Баланың бөксесін бір неше минутқа қысыныз.
Ескерту: дәрігерге хабарланыз.
| Диазепам тік ішекке 10 мг/2мл ерітіндісі | Паральдегид тік ішекке |
Жасы/ салмағы | Мөлшері 0,1 мл/кг | Мөлшері 0,1 мл/кг |
2 апта-2 ай (4 кг) | 0,3 мл (1,5 мг) | 1,0 мл |
2-4 ай (4 - 6 кг) | 0,5 мл (2,5 мг) | 1,6 мл |
4- 12 ай (6-10 кг) | 1,0 мл (5 мг) | 2,4 мл |
1-3жас (10-14 кг) | 1,25 мл (6,25 мг) | 4 мл |
3-5 жас (14-19 кг) | 1,5 мл (7,5 мг) | 5 мл |
Ескерту: ерте жастағы балаларды құрысуда, алғашқы көмектен кейін ауруханаға тасымалдау!
Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок - аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін тез дамитын, жедел түрдегі аллергиялық реакция.
- тамыр мембраналарының өткізгіштігін жоғарлатады,соның нәтижесінде шоктың жедел клиникалық көрінісі дамиды;
- АҚҚ төмендейді, соның салдарынан есінен танады,тахикардия, тері жамылғысының бозаруы, жіп тәрізді пульс пайда болады;
- бронхоспазм,ауыр тыныс алу анықталады. Тыныс алу жетсіпеушілігі белгілерінің үдемелі өсуі: ентігу, көгеру, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.
Анафилактикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек
Сатылары | Негіздеу | Мөлшері |
1.Аллергеннін түсуін тоқтату | - анафилактикалық шок. Аллергиялық реакция | |
2.Науқасты жатқызу керек: А) тегіс қатты жерге шалқасынан Б) Аяқтарын жоғары көтеріңкіреп қою В) басын жанына қарай бұрып | - реанимациялық шараларды талап ететін тыныс, жүрек тоқтауы болуы мүмкін. - шок кезінде АҚҚ төмендейді, бронхоспазм пайда болады,нәтижесінде гипоксия дамиды. Оттегінің жетіспеушілігіне ең сезімтал тіндері, сондықтан міндетті түрде ми максималды қанмен қамтамасыз етілуі керек. - құсу және құсық массасымен аспирация бақалуы мүмкін. | |
3.Аллергенді енгізген жерге салқын басу, егер қолайлы жағдай болса, аллерген енгізген жерден жоғары бұрау салу. Иньекция алған жеріне натрий хлордың изотониялық ертіндісіне қосылған адреналинді бұлшық етке «крест» тәрізді енгізіміз. | | 5 мл натрий хлорға 0,1%-0,1мл/жасына адреналин |
4.Денені қысып тұрған киімдерден босату | | |
5.Таза ауаның келуін қамтамасыз ету | | |
6.Көк тамырға немесе бұлшық етке(көктамырға түсе алмаған жағдайда)мына препараттарды енгізу: Преднизолон Адреналин Супрастин, тавегил | -преднизолон - «күйзеліс препараты»-күшті аллергияға қарсы әсері бар. - адреналин тамырларды тарылтып, АҚҚ жоғарылатады - супрастин, тавегил антигистаминді препараттар | 3-5 мг/кг (1мл=30мг) 0,1%-0,1мл/жасына 2% - 0,1мл/жасына |