Файл: Тыныс жне жрек жмысыны тотауындаы кмек Халыаралы дегейде мойындалан реанимацияны (жандандыру) арапайым реанимацияны ліппесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 15

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Ескерту: жұғыл түрде баланы ауруханаға тасымылдау!


Құсу

Себептері:

  • Улану.

  • Ас қорыту жүйесінің аурулары.

  • ОЖЖ аурулары.

Жедел көмек алгоритмі:

  • Баланың басын жоғары салып,мойнын жанына салып жатқызу.

  • Қысатын киімдерден босату.

  • Таза ауамен қамтамасыз ету.

  • Асқазанын жуу.

  • Келесі препараттарды енгізу: (әр препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) 0,25% новокаин ерітіндісін қасықпен ішкізу, реглан (церукал) /1мг/кг(1мл-5мг).

  • Құсықтан соң – ауызды қайнаған сумен шайқау.

  • 2-4 сағатқатағайындау.

  • Құсықты зертханаға жіберу.

  • Құсудын себебін анықтап, жою.



Құсу кезінде көмек көрсету.

Мейіре әзірлейді: сүлгіні, қасық, қайнатылған су.

  1. Анасын жайландыру.

  2. Баланың басын жанына немесе төмен бұрыныз аспирация болдырмау үшін.

  3. Баланың ауызына қарай сүлгіні немесе салфетканы жақындатыныз.

  4. Баланың мандайына қолынызды салып оның басын ұстаныз.

  5. Құсқаннан кейін баланың бетің жуыныз, ерінді және ауыз бұрыштарын сұртыныз, ауызын таза қайнаған су мен шайыныз.

  6. Ерте жастағы балаларға бір неше қасық қайнатылған суды ішкізініз.

  • Құсықты зертханаға жіберу.

  1. Құсудын себебін анықтап, жою.

Ескерту: құсу болған кезінде баланың жағдайы ауыр деп саналад


Астмоидтық тыныс – дем шығарғанда катты музыкалық патологиялық тыныс.

Астмоидтық тыныста көрсетілетін көмек

Мақсаты: Тез әсер ететін бронхолитикті қолдану, баланың дем алуын жақсарту және қақырықты түсіруге көмектеседі

Қажет: Сальбутамол, пластикалық бөтелке, медициналық лейкопластырь, өлшем кружкасы

  • 1л пластикалық бөтелкеге өлшемді кружкамен 750мл су құйып, сыртынан белгілейміз де суды төгіп тастап, белгіленген жерден қиямыз, лейкопластырь ораймыз – жарақат алмас үшін баланы анасы немесе көмекші алдына алып отырады (спейсер жасадық)

  • Аэрозол, сальбутамонды қолымызға алып, кесілген пластинаны бөтелкенің (спейсер) кең жағын баланың аузына тығыз орналастырамыз

  • Баллондағы сальбутамолды араластырамыз

  • Бөтелкенің мойны арқылы сальбутамолды 3 рет шашамыз

  • 40 секунд қолымызбен бөтелкенің мойнын басып тұрамыз

  • Бұл іс шараны 4 сағат ішінде арасына 20 мин салып, 3 рет қайталауға болады

  • Баланың тыныс жиілігін санаңыз



Жіті ларингит кезінде көрсетілетін көмек.

Стенозды ларингит (жалған круп)- көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс алу жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.

Даму механизмі:

1. Дыбыс саңылауы маңының тарылуы.

2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі

3  Көмей қуысында қақырықтың жиналуы.

Клиникалық белгілері:

-  Дауыстың қарлығуы.

-  «ит үрген» тәріздес жөтел.

-  Тыныс тапшылық белгілері.

-   Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.).

Жедел көмек алгоритмі:

1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.

2. Қысатын киімдерден босату.

3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету.

4. Тыныштық жағдай жасау.

5.  Алдандатушы шараларын өткізу (Қыша қағазын балтырға жапсыру, ыстық аяқ ваннасын жасау (экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады)

6. Ингаляция жүргізіңіз (эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіретін дәрілер) дауыс қуысының ісінуін төмендетеді.

  • Жылу мен эуфиллин дауыс саңылауы аймағының ісінуін басады.

  • Сода – қақырықты сұйылтады

7. Бұлшық етке немесе көк тамырға лазикс – 1–2мг/кг (1мл-10мг)

- зәр айдайтын қасиетіне байланысты байлама асты кеңістігінің ісінуін азайтады

(Бұл шаралар тиімді болмағанда –көк тамырға 2,4 % эуфиллин 1мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде енгізу.)

8. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз 3-5 мг/кг тәулігіне (1мл -30мг) - қабынуға, аллергияға қарсы әсері бар

9. Десенсибилизациялық ем - тавегил, диазолин т.б.

10.Оттегі беріңіз.


Мұрыннан қан кету

Себептері: қан аурулары (гемофилия, Верльгоф ауруы, гипо-апластикалық анемия, лейкоз), мұрын жарақаты, ісік аурулары, бас ми ішілік қысымы көтерілу.

Мұрыннан қан кеткендегі көмек

Сатылары

Негіздеу

1.Баланың басын еңкейтіп отырғызу.

- қанды және қанды құсықты жұтудың, аспирацияның алдын алу.

2.Денені қысып тұрған киімдерден босату

-өкпенің экскурсиясы жеңілдейді

3.Таза ауаның келуін қамтамасыз ету

- тыныс алу жақсарады.

4.балаға тыныштық жағдай туғызу

- бала қозған,үрейленген болып келеді.

5.Қан кеткен жақтан мұрын қанаттарын мұрын пердесіне қарсы жағынан қысу

- механикалық түрде қан кетуді тоқтату

6.Кеңсірікке салқын басу,аяққа жылытқыш қою.

-мұрын қуысына қан келуді азайту

7.Сәйкес мұрын қуысына мақта тампонымен (3%-сутек асқынған тотығымен,адреналин ертіндісіне, викасол, гипертониялық ерітінді, ана сүтінде ылғалдауға болады) тампонада жасау.

- адреналиннің тамыр тарылтатын әсері бар.

-викасол қан тоқтататын әсерге ие

- ана сүтінің құрамында «қан тоқтататын» витамин К бар.

8.Бұлшықетк викасол салу,кальций глюканатын енгізу.

- қан тоқтататын әсері бар

- қан тоқтататын және тамыр қабырғасын қатайтатын әсері бар.

9.Мұрыннан қан кетудің себебін анықтау және оны жоюға тырысу.

- мұрыннан қан кету диагноз емес, белгі.




Мұрынан

қан кету кезіндегі

көмек
Баланы қан сынамасын тексеруге жіберу (тромбоциттер саны, ұю уақытына).


Гипогликемиялық кома кезіндегі көмек

- Қандағы қан мөлшерінің тез төмендеуі.

Себептері:

  • Диета кемшіліктері (инсулиннен кейін тамақ ішпеу)

  • Баланың бір себептермен тамақтанудан бас тартуы

  • Инсулинді артық мөлшерден енгізу

  • Физикалық күш түсіру

Белгілері:

  • Кома жылдам дамиды

  • Науқас қозғыш, тез қозып кетеді

  • Есін жоғалтады;

  • Пульсі жиі немесе сирек;

  • Терісі ылғалды (терлеу), құрысады.

Көмек:

  • Егер есі жоғалмаса тәтті шай, ақ нан, компот, карамель кәмпиті немесе қант беру;

  • Егер есін жоғалтса көк тамырға 20-50 мл 20-40% глюкоза ерітіндісін тез енгізу;

  • 10-15 минут бойы науқастың есі болмаса көк тамырға 5-10% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгізу науқас есін жиғанша.


Гипергликемиялық комада көрсететін жедел жәрдем.

Себептері:

  • Диагноздың кешігіп қойылуы

  • Егуді уақытылы істемеу

  • Инсулин дозасын дұрыс есептемеу

  • Стресс

  • Басқа аурумен ауырып қалу

  • Диетаны бұзу

Белгілері:

  • Жалпы шаршау

  • Лоқсу, құсу

  • Полиурия, одан кейін олигурия, кейде анурияға дейін

  • Ішінің ауруы

  • Бұлшық еттерінің төс артының ауырғандығы

Осы белгілер біртіндеп өседі:

  • Науқас тежелгіш (заторможен), әрі есін жоғалтуы мүмкін

  • Тамыр соғысы жиі, қан қысымы төмен

  • Аузынан ацетон иісі шығады

  • Тері жамылғысы құрғақ

  • Көз алмасы жұмсақ

Көмек:

  • Тез ауруханаға жеткізу.

  • Асқазанын 5% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен (сода) немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен жуу (ерітіндінің шамалы бөлігін асқазанға қалдырады)

  • 4% натрий гидкрокарбонат ерітіндісімен тазарту клизмасын жасау.

  • Оттегі терапиясы.

  • Көктамырға натрий хлор изотоникалық ерітіндісін тамшылатып енгізу – 20 мл/кг, (жүйеге ККБ, аскорбин қышқылын, гепарин қосады).

  • Инсулин 0,1 ЕД кг/час 150 – 300 мл натрий хлор ерітіндісімен алғашқы 6 сағатта бар сұйықтықтың 50% құяды.

  • Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құйыңыз (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

  • 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

  • Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеріңіз.


Метеоризм – іштің кебуі.

Метеоризм- ішекке жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.

Жедел көмек алгоритмі:

1.      Баланы шалқасынан жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату.

2.      Таза ауамен қамтамасыз ету.

3.      Жайлап сағат тілінің бағыты бойынша ішке массаж жасау.

4.      Тікішекке газ шығаратын түтік қою.

5.      Шара тиімсіз болғанда келесі препараттарды енгізу: (әркелесі препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) Карболен /активтендірілген көмір/ 1мг/кг немесе смекта 1мг/кг/1мл-5мг/, прозерин 0,1 мл/жасына тағайындау.

6.      Тамаққа газ түзуші тағамдарды қолданбауын ескерту: сүт, газдысусындар, бақша өнімдері, қара нан.

Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою



Мақсаты: ішектегі газды сыртқа шығару.

Көрсеткіші: метеоризм, тоқ ішекке ауаның жиналуы.

Кері көрсеткіш: жоқ.

Керекті құралдар: Вазелин майы.Резеңке қолғап, алжапқыш.  Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.Сүлгі.Жел шығарғыш түтікше.Суы бар ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.      Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2.      Керекті құралдарды дайындау.

3.      Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4.      Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

5.      Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау.

6.      Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

7.      Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

8.      Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында1-2 см. енгізу, өткен соң омыртқа жотасына қарай жылжыту.

9.      Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу.

10.  Баланың іші сағат тілінің бағытында сипалау.

11.  Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтаған соң, түтікшені салфеткамен ұстап шығару.

12.  Клеенка, жөргекті дез.ерітіндіге салу

13.  Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, табиғи қыртыстарын майлап баланы киіндіру.

14.  Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.

15.  Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі жаңа туған нәрестеге - 6-8 см.

Нәтижесін бағалау: баланың іші басылып, бос демалады.

Естен тануда көмек


Естен тану- мидың ишемиясынан, қысқа уақытқа есінің жоғалуымен жүретін қантамырлық жетіспеушілігінің көрінісі.

Көмек сатылары:

  1. Баланың аяғын жоғары көтеріңкіреп тегіс жерге жатқызу немесе отырғызып басын еңкейту – миға қанның келуін қамтамасыз етеді

  2. Денені қысып тұрған киімдерден босату – өкпе экскурсиясын жеңілдетеді

  3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету – естен танған оттегінің жетіспеушілігі дамиды

  4. Баланың бетіне, денесіне салқын су шашу немесе мүсәтір спиртін иіскету (сірке қышқылы) – рецепторларды тітіркендіру ОЖЖ-ның тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына қоздырғыштық әсер етеді

  5. Кордиамин 6 айға дейінгі балаға -0,1мл/жасына, 6-12 ай-0,1-0,2 мл/жасына , 1 жастан жоғары-0,3-0,5 мл/жасына тері астына енгізу - ОЖЖ –не қоздырғыш әсер етеді