Файл: Сабаты таырыбы Мтінмен жмыс жасау.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән   Информатика    Cынып  3   Күні  5.11.2018 ж.


Сабақтың тақырыбы:

Мәтінмен жұмыс жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;

3.2.1.3. құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру, қою;

3.3.3.1. нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламторды қолдану

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар:

Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру, мәтінді ерекшелеу, қиып алу, қаріптерін өзгерту,ғаламторды пайдалану;

Оқушылардың басым бөлігі:

Мәтінді тізім түрінде жазу.

Құжаттағы мәтінді қиып алу, көшіруді білу.

Кейбір оқушылар: Мәтіннің түсін өзгерту, түстер политрасын қолдана аладу. Ғаламтордан ақпарат іздей алу.

Бағалау критерийі


Компьютерде мәтін теруді біледі, мәтінді қиып алады, ғаламторды пайдалана алады.

Мәтінді тізім түрінде жасайды, жазады және түсінеді.

Мәтінді түрлі түспен бояуды меңгереді, сәйкестендіре алады, ғаламторды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар


Мәтінмен жұмыс жасау барысында, тілдерді және қаріптерін өзгерте алады.

Оңға жазу – Напишите в право – Write to the right

Солға жазу- Напишите в лево - Write to the left

Ортасына жазу – Напишите в центр - Write to the center

Текстті өшіру – Очистить текст – Сlear text

Ғаламторды меңгеру – Знание интернета - Knowledge of the Internet

Құндылықтарға баулу

«Цифрлы Қазақстан» жалпыұлттық идеясы бойынша құндылықтарын қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі (мәтіндірді тереді) ағылшын тілі (командалардың ағылшын тілінде аудармасын біледі). орыс тілі (орыс тілі командаларын колданады),

музыка (әуен қойылады)

Алдыңғы білім


Жобаға презентация құру жолдарын біледі, презентация құруды және презентацияда тақырып қорғай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

2 мин

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал орнатамын. Оқушылар жұпта қолдарын ұстап, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Сынапта ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылардың бүгінгі күнгі көңіл күйлерін сұраймын.

«Жасырылған сөздер» әдісі арқылы топқа бөлу

Қорапшада жасырылған сөздерді алу арқылы оқушыларды

2 топқа бөлінеді. 1-топ «Принтер» 2-топ «Сканер»

«Сұрақты қағып ал» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға допшаны лақтыра отырып үй тапсырмасын сұрақ жауап арқылы сұраймын, жауап бермеген топ, басқа топтың оқушыларына жібереді, сонда сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді.

  1. Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?

  2. Мәтінді түрлендіру командалары қалай іске асырылады?

  3. Абзацпен жұмыс жасау үшін қолданылатын батырма?

  4. Мәтін арасындағы абзацтарды табу?

Оқулық, көрсетілімдер


Қорапша,қима қағаздар

«Сұрақты қағып ал» допшасы


Сабақтың ортасы

Тапсырма беру

6 мин

Сергіту сәті

5 мин


Жаңа тақырып.

1.Білу. «Шағын дәріс» әдісі арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Білу «Миға шабуыл»

Сұраққа «ИӘ»немесе «ЖОҚ» жауабын береді.

1.Абзац соңында Enter пернесін басамыз.

2.Бас әріпті енгізу үшін Shift пернесін қолданамыз.

3.Paint мәтіндік редактор.

4.Мәтінді сақтау үшін аз орын талап етіледі.

5.Мәтінді толықтай ерекшелеу үшін Shift+5 пернесін басамыз.
Түсіну

1-тапсырма.

1.Ауысқан сөздерді түзетіп жазу, түзетілген сөздерді қиып алып жаңа бетке орналастыру. Түзетілген сөздердің суреттерін ғаламтордан іздеп табу.

ҚАНШЫТ- РЕТПЬЮКОМ- МАГРАМПРО-

СОРЦЕСПРО-

Оқушының іс –әрекеті

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп өтілген тақырыптарды естеріне түсірді.

Дескриптор:

Ауысқан сөздерді таба алады

Ауысқан сөздерді турасын жаза алады

Ауысқан сөздерді ғаламтордан суреттерін таба алады
2-тапсырма.

1.Мәтінді теріңдер және Маркерді пайдаланып безеңдіріңдер.

Қаріп мөлшері-12пт.

Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск

  • Дискета

  • Лазерлік диск

Дескриптор:

Мәтінді теріп жаза алады және безендіре алады

Қаріп мөлшерін ауыстыра алады.
Сергіту мақалдары. «Мақал-мәтелге қалайсың?»

Бұл кезеңде компьютерге байланысты сөздермен мақал-мәтелдің мағынасы өзгертілген, сол мақал-мәтелдің дұрыс мағынасын табу қажет.

Практикалық жұмыс Тапсырма №1

«Цифрлы Қазақстан» мәтінін теріңіздер. Терілген мәтінмен жұмыс жасау, түстерін өзгерту

«Цифрлы Қазақстан»

«Цифрлы Қазақстан» Цифрлы технология біздің өмірімізге тәуелсіздігіміздің бас­та­пқы жылдары-ақ батыл енгізіле бастады. Ең алды­мен, мек­тептерді жаппай компью­тер­лендіру қолға алынды. Ком­пью­терлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құ­рал ретін­­де пай­­­­дала­ныла бас­та­ды, ақ­паратпен орын­да­ла­­тын кез к­елген жұмыс компьютер көме­гі­­мен жүзеге асырылатын болды. Ақ­па­­рат­­ты сақтау да, тасымалдау да жолға қойылды.

Дескриптор

  • Мәтінді ережеге сай тере алады;

  • Терілген мәтінді түрлі-түске өзгерте алады


Слайд , оқулық, интернет

Электрондық оқулық


Сабақтың соңы

«Ой бөлісу» әдісі

Бағалау

1 мин

Үйге тапсырма

3 мин
Кері байланыс

1 мин

Қортыныды.Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдырады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

- нені білді, нені үйренді;

- не түсініксіз;

- қандай бағытта жұмыс жүргізілуі

Оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмыстарын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды

Критерий арқылы өзін-өзі бағалау.

Үй тапсырмасы: Өз қалауыңыз бойынша пішімдеу командаларын қолдана отырып өзіңіздің өмірбаяныңызды даярлап келу.
Кері байланыс: «Чемодан» Білімді өзіммен бірге әкетіп барамын, «Еттартқыш» Мен бүгінгі тақырыпты толық түсінбедім, әлі де толықтыруды қажет етеді, «Себет» Мен бүгін ештеңе түсінбедім. Оқушылар қолдарындарындағы стикерлерге жұмыстарға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын жазып жапсырады.

Қорап

Қима қағаздар


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақтың басында яғни ұйымдатыру кезеңінде «Жүректен жүрекке» әдісін пайланып оқушыларды бір-біріне жақсы сөздер айтқызып, сабаққа деген қызығушылықтарын ояттым.

Тапсырмалар арасында өзара байланыс орнату үшін «Сұрақты қағып ал» әдісімен жалпы оқушыларды қамтып үй тапсырмаларын сұрадым. Білу және түсіну кезеңінде жаңа тақырыпты «Шағын дәріс» арқылы түсіндірдім. Өзін-өзі бағалау үшін оқушыларға жеке жұмыс ретінде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріп қабілеттерін арттыруға мүмкіндік жасадым. Қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін 3- ші тапсырманы қарастырдым. Сабақты қорытындылап, оқушылардың бүгінгі тақырыптың қаншалықты меңгергеніне кері байланыс жасаттым.

  • Әр тапсырмаға дайындалған дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау

  • Мадақтау.

  • Әр оқушының іс-әрекеті сырттай бақылауға алынып, оқушы білімдері бағдаршам тәсілі арқылы бағаланады.

«Бағдаршам» бағалау.
Белсенді Орта белсенді Белсенді емес

Компьютермен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау ескертілді.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары шынайы болдыма?

Барлық оқушы оқу мақсатына жетті ма?

Егер жетпесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?