Файл: Шыармашылы білім беру саласы бойынша ткізілген сурет салу Оашы крсетілімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 17
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МКҚК № 7 «Еркетай» бөбекжай –балабақшасы
Кіші «Құлыншақ» тобының 2022-2023 о.ж.
«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша
өткізілген сурет салу ҰОҚ-ашық көрсетілімі
«Үй жануарлары»
Тәрбиеші: Балжанова А.
Хромтау қаласы -2023 жыл.
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекетінің жоспары
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Бағыты: Балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту, көркемдік қабылдауларын дамыту.
Сурет салудың дәстүрден тыс техникаларын қолдана отырып сурет салу.
Міндеті: балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту.
түстерді ажырату және оларды дұрыс атау;
өзінің салған суретіне қуанып, онда не бейнеленгенін айту;
қағаз бетін бағдарлау;
қағаз бетіне бояулармен сызықтар, жақпалар салу.
Балалар дәстүрден тыс техниканы қолдануы: Трафарет қойып губкамен бояу.
Дайын суретті жетпейтін элементпен толықтырып,құлақ шұқитын таяқшамен бояу.
Файлға бояу тамызылған парақты салып оны скочтап,бояуды саусақпен ысыру.
Майшаммен параққа сурет салып,губкамен бояу.
Шармен сурет салу.
Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті: Сөйлеуді дамыту, сенсорика,музыка.
Шаттық шеңбері:
Қуанамын мен де.
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым.
Арайлап атқан күнге.
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Таңғажайып сәт
Тәрбиеші: - Қараңдаршы, балалар, бізге қонаққа келген кім?
Тышқан:-Сәлеметсіңдер ме ,балалар. Мен тышқанмын. Мен «Жыл он екі ай» ертегісіндегі жануарларды іздеп жатырмын. Маған көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:-Сәлеметсің бе, тышқан . біз саған көмектесеміз.
Түсініктеме жасау арқылы суреттер көру.
Тәрбиеші балаларға жануарларды көрсетіп олардың қалай дыбыстайтынын Bil-bala интерактивті кітапшаның көмегімен айтқызу. https://bilbala.kz/
Дидактикалық ойын:«Қай жануардың басы?»
Шарты :Балалар қыстырғыштарға жапсырылған бастарын денелеріне қыстырады.
Ырғақты жаттығу.
Балалар саусақтарын алақандарына әртүрлі қарқында қағып, әуен ырғағына және сөзіне сай қимылдар жасайды. https://youtu.be/744V_ESD7-Y
Тәрбиеші: Балалардың назарын жануарларды салғанда қолдананатын түрлі –түсті гуашь бояуларына аудару.
- Сурет салу үшін бізге түстер қажет.
Балалар ұнаған үстелге жайғасыңдар. Бес үстелде әр түрлі техникамен сурте салатын боламыз балалар. Бірінші үстелде - Трафарет қойып губкамен бояу.
Екінші үстелде -дайын суретті жетпейтін элементпен толықтырып,құлақ шұқитын таяқшамен бояу.
Үшінші үстелде-Файлға бояу тамызылған парақты салып оны скочтап,бояуды саусақпен ысыру.
Төртінші үстелде-Майшаммен параққа сурет салып,губкамен бояу.
Бесінші үстелде-Шармен сурет салу.
Балалар ұнаған үстелге жайғасып отырады.Сурет салуды бастайды.Барлық балалар суреттерді салып болғаннан кейін тәрбиеші оларды ойынға шақырады.
Құрылымдалған ойын«Бөліктерін жина».
Шарты: балалар текшелерді бір-біріне қосу арқылы жануарлардың бейнесін жинайды..
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылау, рефлексия.
Балалар жұмыстарының көрмесі.
Сурет салып болғаннан кейін, тәрбиеші суреттерді мольбертке орналастырып, безендіреді де балаларды шақырады.
Тәрбиеші:-- Балалар, жақын келіп, қандай керемет суреттер салғанымызды тамашалаңдар. Қараңдаршы, балалар, біз ненің суретін салдық?
- Үй жануарларының.
- Қандай түспен боядық?
- Қоңыр,сұры, түспен.
Тәрбиеші балалардың салған суреттері әдемі салынғанына назар аударуы.
Тышқан балаларға алғысын білдіреді. Жануарларды атап, және дәстүрден тыс техникасы арқылы жануарлардың суретін салуды үйренгеніне өте қуанышты екенін айтады.
Балалар қонақпен қоштасады.
Тәрбиеші:- Жұмысты аяқтадық, Бәріміз де жарадық!