ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 48
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
А) 150ГПа; В) 200 ГПа; С) 180 ГПа; Д) 160 ГПа; Е) 170 ГПа.
11. Ұзындығы 3 м алюминий сымды созғанда онда 35 МПа кернеу пайда болды. Алюминийдің серпімділік модулы 70 МПа деп есептеп, сымның абсалют ұзаруын табыңыз. А) 1 мм; В) 1,2 мм; С) 1,6 мм; Д) 1,8 мм; Е)1,5 мм.
12. Ұзындығы 30 см, көлденең қимасының ауданы 1 мм2 болат сымның қатаңдығы неге тең? Болат үшін Юнг модулы Е=210 ГПа.
А) 7*105 Н/м; В) 6,3*105 Н/м; С) 63*105 Н/м; Д) 70*105 Н/м; Е) 0,7*105 Н/м.
13. Көлденең қимасының ауданы 2 мм2 сымға 10кг жүк ілінген. Сымға түсетін механикалық кернеу қаншаға тең?
А) 4,1*10 6 Н/м2 ; В) 4,4 *10 6 Н/м2 ; С)4,6*10 6 Н/м2 ; Д) 49*10 6 Н/м2 ; Е) 9,8*10 6 Н/м2 .
14. Төменде келтірілген қасиеттердің қайсысы кез-келген аморф денеге тән қасиет:
А) пластикалық; В) мөлдірлік; С) анизатроптық; Д) изотроптылық; Е) механикалық беріктік.
15. Суретте материалдың созылу диаграммасы көрсетілген. Диаграмманың қай бөлігі материалдың аққыштығына және қай нүктесі оның беріктік шегіне сәйкес келеді?
А) 0-1,3; В) 1-2,6; С) 3-4,5; Д) 2-3,5; Е) 3-4,6.
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Д | С | Е | Д | В | В | А | С | А | В | Е | А | Д | Д | С |
8-тарау. Электростатика
Электростатика бойынша тест сұрақтары
1.Әрқайсысының заряды 1мкКл болатын екі нүктелік заряд 30 см қашықтықта бір-бірімен қандай күшпен әсерлеседі?
А) 1мкН; В) 1нН; С) 10мкН; Д) 0,1 Н; Е)10 Н.
2.Әрқайсысының заряды 3 мкКл болатын екі кішкентай шар бір-бірімен 0,9 Н күшпен әсерлеседі. Олардың ара қашықтығы қандай болған?
А) 30 см; В) 27 см; С) 0,1 м; Д) 0,03 м; Е) 9 мм
3.Заряды 32 мкКл металл шарик бетіне қанша еркін электрон орналасқан?
А) 3*10
13; В) 2*1014; С) 4*1012; Д) 1016 ; Е)5*1012.
4.Кернеулігі 3 кВ/м тең электр өрісіне орналасқан 10нКл зарядқа өріс тарапынан қандай күш әсер етеді?
А) 0,3мкН; В) 3 мкН; С) 3*10-4мкН; Д) 30 мкН; Е) 3 мН
5.20 нКл заряд өрісінің зарядтан 6 см қашықтықтағы нүктедегі кернеулігі қандай?
А) 30 кВ/м; В) 40 кВ/м; С) 50кВ/м; Д)12кВ/м; Е) 60кВ/м.
6.Кернеулігі 4555 В/м өрісте электрон қандай үдеумен қозғалады? Электронның массасы 9,1*10-31кг, электронның заряды 1,6*10-19Кл.
А) 2*10 м/с2 ; В) 3*1015м/с2 ; С) 5* 10 14 м/с2
Д) 6*1014 м/с2 Е) 8*1014 м/с2
7.Кернеулік күш сызықтары вертикаль төмен бағытталаған біртекті магнит өрісінде массасы 2*10-9г, заряды 4*10-15Кл тамшы тепе-теңдікте тұр. Өріс кернеулігі қандай?
А) 4,5 кВ/м; В) 4,9 кВ/м; С) 5,4 кВ/м; Д) 6 кВ/м; Е) 6,4 кВ/м.
8. Сұйық диэлектриктегі 5 нКл эарядтан 3 см қашықтықтағы өрістің кернеулігіә 25 кВ/м. Диэлектрик өтімділігі қандай?
А) 1,8; В) 2; С) 2,3; Д) 2,5; Е) 3.
9.Кернеулігі 1 кВ/м өрісте 40 нКл заряд орын ауыстырғанда 4 мкДж жұмыс істелінді. Зарядтың орын ауыстыруы қаншаға тең? А) 1 см; В) 5 см; С) 10 см; Д) 15 см; Е)20см.
10.Кернеулігі 3 кВ/м өрістің бір күш сызығының бойында бір-бірінен 4 см қашықтықта орналасқан екі нүктенің арасындағы потенциалдар айырмасы неге тең?
А) 120 В ; В)140 В; С) 160 В; Д) 180 В; Е) 200 В
11.300 В-қа дейін кернеу берген кезде астарларына 240 мКл заряд жинай алатын импульстық фотожарқыл шамын қоректендіретін конденсатордың электр сыйымдылығы қандай? А) 640 мкФ; В) 720 мкФ; С) 780кмФ; Д) 800мкФ; Е) 840мкФ;
12.Әрқайсысының ұзындығы 20 м, ені 5 см екі алюминий фольгадан оралып жасалған электролиттік конденсатордың арнайы электролитке батырылған қағаз диэлектригінің диэлектрлік өтімділігі 4, ал қалыңдығы 0,354 мкм болса, оның сиымдылығы қандай?
А) 200 мкФ; В) 180 мкФ; С) 160 мкФ; Д) 120 мкФ; Е) 100 мкФ.
13.Әрқайсысының сыйымдылығы 4 мкФ болатын үш конденсатор схемада көрсетілгендей жалғастырылған. Олардың жалпы сыйымдылығы қаншаға тең?
А) 2,66 мкФ; В) 1,2 мкФ; С) 1,84 мкФ; Д) 3,62 мкФ; Е)6,5 мкФ.
14.Сыйымдылығы 20 мкФ конденсаторға 6 мКл зарюд берілген. Конденсатордың энергиясы қандай болды?
А) 0,8 мкДж; В) 0,9 Дж; С) 900 нДж; Д) 90 мкДж; Е) 8 мкДж.
15.Суреттегі А және В нүктелерінің арасына жалғастырылған әрқайсысының 2 мкФ конденсаторлар батареясының сыйымдылығы неге тең?
А) 8 мкФ; В) 6 мкФ; С) 4 мкФ; Д)2 мкФ; Е)1 мкФ.
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Д | А | В | Д | С | Е | В | В | С | А | Д | Е | А | С | Д |
9-тарау.Тұрақты электр тогы
Тұрақты ток тақырыбына тест сұрақтары
1. Өткізгіш бойымен 10 А ток жүрген кезде оның көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде қанша электрон өтеді?
А) 1,6*10-22; В) 6,25*1020; С) 16*1023 Д) 6,25*1019 Е) 16*102.
2.Өткізгіш ұштарына түсетін кернеу екі есе артқанда оның бойымен қозғалатын еркін электрондардың жылдамдығы қалай өзгереді?
А) өзгермейді; В) 3 есе артады; С) 2 есе артады;
Д) 2 есе кемиді; Е) 3 есе кемиді.
3. Егер кедергісі 8 Ом өткізгіштен 4 мин ішінде 120 Кл заряд өтетін болса, оған түсетін кернеу қаншаға тең?
А) 6 В; В) 4В; С)3 В; Д) 5В; Е) 2В.
4.6 Ом кедергіге арналған мектептің сырғымалы тиекті лабораториялық реостаты ұзындығы 6,7 м, көлденең қимасының ауданы 0,5мм2 сымнан оралған. Сымның меншікті кедергісін анықтаңыз?
А) 47*10-8 Ом*м; В) 110*10-8 Ом*м; С)72*10-8 Ом*м;
Д) 63*10 Ом*м; Е)36*10-8 Ом*м.
5. Суретте көрсетілген электр тізбегінде амперметр 0,015 А ток күшін, вольтметр 6 В кернеуді көрсетеді. Егер R1=800 Ом болса, вольтметрдің R2 кедергісі қаншаға тең?
А) 400 Ом; В) 500 Ом; С) 600 Ом; Д) 700 Ом; Е) 800 Ом.
6. Суретте көрсетілгендей 120 В кернеу және 2 А ток кезінде әдеттегідей жанатын элетр шамын 220 В-тың электр желісіне қосу үшін қосымша кедергінің қандай шамасын алу қажет?
А)20 Ом; В)30 Ом; С)40 Ом; Д)50 Ом; Е)60 Ом.
7.Суретте көрсетілген схеме бойынша R1=30 Ом кедергіден өтетін ток 4 А. Егер R2 кедергісі арқыл өтетін токтың шамасы 0,5 А болса, оның кедергісі қаншаға тең?
А)120 Ом; В) 160 Ом; С) 220 Ом; Д) 200 Ом; Е) 240 Ом.
8.Суретте келтірілген тізбекке 42 В кернеу түскен кезде амперметр 3 А ток күшін көрсетті. Егер R1=6 Ом, R2=3 Ом болса R3 кедергінің шамасы қандай болғаны?
А) 8 Ом; В)10 Ом; С) 12 Ом; Д) 14Ом; Е) 16 Ом.
9.Кедергісі 18 Ом өткізгіштің бойымен 3 мин ішінде 200 Кл заряд өтті. Токтың жұмысын есептеңдер.
А) 3 кДж; В) 4 кДж; С)5 кДж; Д) 6 кДж; Е)6,4 кДж;
10.220 В кернеуге қосқанда 10 мин ішінде 66 кДж жылу беретін қыздырғыштың кедергісі қандай болады?
А) 440 Ом; В) 280 Ом; С) 360 Ом; Д)460 Ом; Е) 380 Ом.
11.220 В кернеуге арналған қуаты 101 кВт электр қыздырғышының кедергісі қаншаға тең?
А)32 Ом; В) 36 Ом; С) 40 Ом; Д) 44 Ом; Е) 48 Ом.
12.Қалта фонарын ЭҚК-і 4,5 В-қа тең элементтен қоректендіргенде оның шамының қыл сымы арқылы 0,5 А ток өтеді . Шамның 1 мин жануы кезіндегі сыртқы күштердің өндірген жұмысы қаншаға тең?
А) 12 Дж; В) 135Дж; С)125 Дж; Д)140 Дж; Е)145 Дж.
13.ЭҚК-і 12 В ішкі кедергісі 0,9 Ом аккумуляторды кернеу көзінен зарядтаған кездегі зарядтау тогының шамасын анықтыңыз. Өткізгіш сымдардың кедергісін 0,1 Ом деп алыңыз.
А)2 А; В)2,4 А; С)2,8 А; Д) 3,2А; Е)3,6 А.
14.Аккумулятор бір-бірімен тізбектей қосылған 5 элементтен тұрады. Әрбір элементтің ЭҚК 2,1 В және ішкі кедергісі 0,25 Ом. Егер сыртқы тізбек суретте көрсетілгендей жалғастырылған R1=4,5 Ом, R 2= R3=6 Ом кедергілерден тұрса, тізбектің тармақталмаған бөлігіндегі ток күші қаншаға тең?
А) 2А; В) 1,2 А; С) 1,4 А; Д) 1,6 А; Е) 1,8 А.
15. ЭҚК көздерінен тұратын 6 элементтің, суретте көрсетілгендей 4-еуі тізбектей, екеуі параллель қосылған. Әрбір элементтің ЭҚК-і 1,5 В және ішкі кедергісі 0,5 Ом. Сыртқы тізбек кедергісі 12,75 Ом болса, онымен жүретін ток шамасы қаншаға тең?
А)2 А; В) 1,5 А; С) 1 А; Д) 0,5 А; Е) 0,3 А.
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Д | С | В | А | Е | Д | Е | С | В | А | Д | В | А | С | Д |
10-тарау. Электр және магнетизм
Магнит өрісі тақырыбына тест сұрақтары
1.Магнит өрісі қандай жағдайда пайда болмайды?
А) Зарядталған бөлшек қозғалыс болған кезде.
В) Тұрақты магнит тыныштықта тұрған жағдайда.
С) Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде.
Д) Металл атомдары бейтарап күйде болған кезде.
Е) Айнымалы электр өрісі болған жағдайда.