Файл: Б. Майлин атындаы 52 мектепгимназиясыны аза тілі мен дебиет пні малімі А. Е. Калиеваны жргізген іс шарасыны есебі б. Майлин атындаы 52 мектепгимназиясында 07 апан кні Сатылай кешенді оыту.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 16.03.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Е.Калиеваның жүргізген іс – шарасының
ЕСЕБІ
Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында 07 ақпан күні «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Кіші ғылым академиясының вице-президенті, Райымбек ауданының және «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы», «Жаңа қазақстанның 100 жаңа есімі» атты байқауы төс белгісінің иегері-Оразахынлва Нұрша Алжанбайқызымен «Тұлға тану» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің жалпы мақсаты: бүгінгі күнде ұрпаққа үлгі-өнеге болып жүрген ұстаздардың ұстазын таныту. Кешке 8 «Е» және 7 «В» сынып оқушылары қатысып, ой бөлісті. Тұлғаны тану әр адамның міндеті, соның ішінде өнегелі, білімді ұрпақ тәрбиелеп жүрген ұстаздардың ұстазын таныту ерекше деп білемін. Кездесу басында Нұрша Алжанбайқызына өнегелі өмір жолдарын таныстыру мақсатында сұрақтар беріліп, тұшымды жауап алынды. Оқушылар тыңдалған өнегелі өмір бойынша, профессорға ғылыми негізде сөздерін арнады. Нұрша Алжанбайқызына берілген сұрақтарға тоқталып өтсем, жалпы ұстаздық жолға қалай келдіңіз?, бұл мамандықты сүюіңізге қандай себептер болды?, балалық шағыңыз жайында айтып берсеңіз. Кез келген ғұлама кісілердің ерекше атап өтетін ата-әжесі, әке-шешесі болады. Сіздің өмірдегі бағыт-бағдар берген ұстазыңыз ... «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы болуыңызға, жалпы осы технологияны қолға алуға не түрткі болды? «Ақырын жүріп, анық бас» деген керемет ұғым бар. Бойыңыздағы ойланып барып сөйлейтініңіз, өзіңізді емес, өзгені ойлап тұратыныңыз, сабырлы мінезіңізді жақсы білеміз. Осындай жақсы мінезге бай болу үшін адам не істеуі керек? Кей адамдар үйлеріне асығып тұрады. Жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатыныңыздың себебі неде? Республикамыздың қанша қалаларында сіздің төл технологияларыңыз оқытылады? т.б. Кездесу төмендегідей бөлімдерден тұрды.
-
Ұстаз - профессордың акмеологиялық моделі. -
Танымдық, тағылымдық ойлар -
Өнегелі өмір белестері -
Көркем сөз-көрікті ой -
Тағылым мектебі -
Әріптестер лебізі
Осы бөлімдер қамтылды.
-
Тұлғалық қасиет. -
Тұлғалық қабілет. -
Тұлғалық ерекшелік. -
Тұлғалық құзыреттілік. -
Тұлғалық мәдениеттілік.
Жүректен жүрекке әдісімен жалғасын тапты. Менің жүрегімнен орын алатын ... деген сөзбен бастап оқушылар ойларын жалғастырды. Көркем сөз-көрікті ой бойынша профессорға өлең жолдарын арнады.