ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 16.03.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұлы махаббат

Сусын қылар үмітін шөлдегенде
Осы жерге перзентпіз сен де,
Мен де!
Барлығын да сүйемін,
Сөйте тұра
Махаббатым ерекше ел дегенде!
О дүниеге жер аудар!
Көшір мейлі!
Көшір мейлі!
Өмірден өшір мейлі!
Кешіремін,
Әйтсе де елім жайлы
Жаман айтқан сөзіңді кешірмеймін!
Ел дегенде ар қандай!
Намыс қандай!
Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.
Ел дегенде
Жығылған жалым тұрып,
Айбаттанып кетемін арыстандай.
Жата алмаймын жаманның жасығындай.
Жарқылдаймын найзағай жасынындай.
Ондай кезде кетеді алып болып
Бала Қадыр ешкінің асығындай!
Жерім!— деймін ондайда,
Елім!—деймін.
Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін.
Өзім үшін күресте жеңілсем де,
Елім үшін күресте жеңілмеймін!
Дұшпанға да,
Досқа да табалатпан.
Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан!
Батыр болып тумайсың,
Батыр болып
Кетесің
Елге деген махаббаттан!

Бірінші қыркүйек

Ырғып -қарғып,

Секектеп,

Ойнағаның жетед деп,

Алып барды мектепке,

Апам мені жетектеп.

Осы жерде бас қосқан,

Бас қосқан да достасқан

Бәрімізді

Партаға

Отырғызды қос қостан.
Тыңдамауға бола ма?

Ескертілді балаға:

Қоңыраусыз шығуға

Болмайды деп далаға.
Әрбір сөзде бар маңыз.

Ұқпасаңыз, бармаңыз.

Тырп етпестен отырдық

Тап таза боп формамыз.

  • Нағыз білім ырыс – бақ

Дүниені тұр ұстап.

Ақ терек, көк терек

– Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Елгезек те тіл алғыш
Болса, сондай ұл керек!

– Ақ терек, көк терек,

Бізден сізге кім керек?
– Білімді де тәлімді
Болса, сондай ұл керек!

Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Домбырашы, өлеңші
Болса, сондай ұл керек!

– Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Өзі спортшы, чемпион
Болса, сондай ұл керек!

Ақ терек, көк терек,
Бізден сізге кім керек?
– Сегіз қырлы, бір сырлы
Болса, сондай ұл керек!

- Ермейсіздер, көр десек,...

Көрмейсіздер, көр десек,....

Ондай ұлды,

Болса да,

Біз басқаға бермес ек!

Мұғалима

Мынау менің сезгенім:
Ол — кластың анасы.
Өзінің де,
Өзгенің
Баласы — оның баласы.
Қай кезде де, ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін.
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
Күнде «бестік» алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
Жақсы болсаң шынында,
Қартаймас деп айта алам.
Жаңа оқу жылында
Жасарады қайтадан.

Ана

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.

Ұсыныс

Класкомға лайық
Бір оқушы табайық,
Деп бәріміз жиналдық,
Келісе алмай қиналдық.
Күләш тұрып Ұмсынды
Бірінші боп ұсынды.
Жатып тұрып мақтады,
Жамандығын таппады.
Бірі ұсынды Манапты,
Бірі ұсынды Данапты.
Едім мен де үмітті,
Бірақ мені ұмытты.
Бұған өзім төзбедім,
— Сөз беріңдер, сөз!— дедім.
Бәрі маған қарады,
Көздер тесіп барады.
Алдым да бір жөтеліп,
Даусымды сәл көтеріп:
— Достар!— дедім,— Осыған
Мен өзімді ұсынам!

Аурудың аты



Береке кетіріп,
Ауырдым өтірік.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де —
Бәрі де қиналды,
Жаныма жиналды.
Ұсынып асымды,
Ұстады басымды.
Халатты дәрігер
Келгелі әбігер.
Кеудемді тыңдайды, Сұраудан тынбайды:
— Ішің бе?
— Ішім де!
— Тісің бе?
— Тісім де!
Ауырды бәрі де,
Ем болар дәрі не?—
Әлде не байқады,
Басын ол шайқады.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де
Құлақ сап әр үнге,
Зәре жоқ бәріңде.
— Ауруы қауіпті,
Насырға шауыпты!—
Деп еді дәрігер,
Боп қалдық әбігер.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де —
Бәрі де торықты,
Өзім де қорықтым.
Шын ауру шығармын,
Деп ойлап жыладым.
Көп шыдап тұрмадық,
Жамырай сұрадық:
— Ем жоқ па емдейтін,
Ауру бұл не дейтін?—
— Аты оның — еркелік,
Солай деп тіркелік!—
Қуанып сасқанда
Секірдім аспанға.
Апам да,
Атам да,
Әкем де,
Көкем де—
Бәрі де қуанды,
Өзім де қуандым!

Әттеген ай

Ойнадым, ойнадым,
Ойынға тоймадым.
Шегім де бұралды,
Сонда үйге оралдым.
Мен жоқта үй іші
Екі рет шәй ішіп,
Тамағын пісіріп,
Табаққа түсіріп,
Өздері тойыпты,
Маған аз қойыпты.
Ет екен демедім,
Өкпелеп жемедім.

Ал апам күлді де,
Майлы шек, тілді де
Қалдырмай жеп қойды,
— Тәтті екен!— деп қойды.
Өйтерін білмедім,
Өйтерін білгенде
Өзім-ақ жейтін ем,
— Аз емес!— дейтін ем!

Не үшін?

 Екі көзің не үшін керек?
— Жақсыларды көру үшін!
— Екі қолың не үшін керек?
— Елге көмек беру үшін!
— Құлақ деген не үшін керек?
— Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
— Жүрек деген не үшін керек?
— Жауларымнан қыңбау үшін!
— Тіл мен жағың не үшін керек?
— Ақиқатты айту үшін!
— Ал аяғың?..
— Шетте жүрсем,
Туған жерге қайту үшін!

Домбыра

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!

Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:

Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.

Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.

Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.

КӨКТЕМ
Көктем келді: құс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.
Көктем келді: су ақты,
Күннің көзі шуақты.
Көктем келді: гүл өсті,
Көбелектер гулесті.
Көктем келді: көл үсті
Көңілді де келісті.
Көктем келді: іс келді,
Күн ұзын, түн қысқа енді.



ЖАЗ
Жаз да келді пейілді:
Жан-жануар сейілді.
Жаз да келді: аптапта
Жан-жаққа ұшты бақ-бақта.
Жаз да келді найқалып:
Жатыр егін жайқалып.
Жаз да келді: шаттанып,
Жұмыла іске аттанып,
Тындырып бар жұмысты,
Тоя жедік жемісті.



КҮЗ
Күз де келді, күз келді:
Күдерін жаз үзген-ді.
Күз де келді, күз келді:
Көкте бұлттар жүзді енді.
Күз де келді, күз келді:
Құстар мекен ізденді.
Күз де келді, күз келді:
Қондырмады түзге елді.
Күз де келді, күз келді:
Керек оқу бізге енді.



ҚЫС
Қыс келді, қыс иықтап,
Қалды аюлар ұйықтап.
Қыс келді, қыс мұз-қарлы,
Қыраулы да, ызғарлы.
Қыс келді, қыс боранды:
Қырат көрпе оранды.
Қыс келді, қыс мықты анық,
Қайтсе де біз ықпадық.
Қыс келді, қыс уайым ба?
Қандық біздер ойынға!

Диктант

Кеше біздер класта
Диктант жаздық отырып.
Көшірдім мен Күләш тан
Бір парақты толтырып.
Үзілісте мен іште

Асыр салып ойнадым.
Құрығанда бір «үшке»
Жаздым-ау деп ойладым
Сөйтсем, мойны ұп-ұзын
«Бір» алыппын, құрысын
Дәптер беті қып-қызыл,-
Ұялған ғой мен үшін

Тазалық

Сыпырғыш aп сыбанып,
Шаң-тозаңды қудым кеп.
Шүберек ап, су алып,
Сырлы еденді жудым кеп.
Бір дақ таппай бөлмеден,
Әне, күліп тұр әпкем.
Жалтырайды сырлы еден
Сылағандай лакпен.
Бір жалған жоқ сөзімде,
Еден айна сияқты.
Үйге енді өзім де
Сүртіп кірем аяқты.

Кім қайда барады?

– Қасқыр, қайда барасың?
– Қой қырғалы барамын.
– Қарсақ, қайда барасың?
– Қаңғырғалы барамын.
– Түлкі, қайда барасың?
– Тауық іздеп барамын.
– Маймыл, қайда барасың?
– Сауық іздеп барамын.
– Аю, қайда барасың?
– Бал тапқалы барамын.
– Майлан, қайда барасың?
– Мал баққалы барамын!

Кімге не артық?

Тәкәппарға көз артық —
Көріп тұрып көрмейді.
Жарымеске сөз артық —
Жөн сөйлеуді білмейді.
Не істесе де оңдырмас —
Артық қолы олақтың.
Тілазарға тыңдамас
Қажеті жоқ құлақтың.
Ғұмырында, әр уақта,
Түк істемес құмартып,
Жалқауларға
Құлақ та,
Көз де,
Қол да,—
Бәрі артық!

Ішік

Апаммен келісіп,
Алып ек бір ішік.
Көкеме ол ұнады,
Қиылып сұрады:
— Бір киіп көрейін,
Бағасын берейін!—
Деп алып, бермеді,
Қолын бір сермеді.
Айтқанға көнбеді,
— Бұл саған кең!— деді.
Шынына келсеңіз,
Кигізіп өлшеңіз.
Кең емес ішігім,
Мен өзім кішімін!
Еліктеу
Сыйласаңыз адамды,

Сыйлаңыздар атамды.

Тал шашы жоқ, содан ба,

Үлкен ғалым атанды.

Сұрамай-ақ жасымды,

Көрші менің басымды.

Мен де ғалым болсам деп,