Файл: 3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.03.2024

Просмотров: 204

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Деструкциялы (қатерлі) қағанақ кезбесі кезінде харион бүрлері жатыр мен кіші жамбас қуысының веналарына жайылады. Сөйтіп жатыр мен басқа мүшелерде (қынап, өкпе) ісіктің жаңа ошақтары қалыптасады. Хорионның бүрлері ұсақтау, ал трофобластының құрамында синцитийлік жасушалар басым болады және олар көбейеді. Деструкциялы қағанақ кезбесінің тең жартысындайы хорионэпителиомаға айналады. Хорионэпителиома (хорионкарцинома) түсіктен, түтіктік жүктіліктен, босанғаннан кейін қалған бала жолдасы қалдықтарынан, әсіресе деструкциялы қағанақ кезбесінен жиі дамитын трофобластылық қатерлі ісік. Ісік – тарғыл түсті, кеуекті түйін; миометрийге жайылады.

Терінің ісіктері неше түрлі және олар эпидермистен де, тері қосалқылары: тер безі, шаш фолликулының безі мен май безінен де дамиды. Олардың қатерсіз, деструкциялы және қатерлі түрлері болады. Тері ісіктерінің ішінде ең маңыздылары: сирингаденома, гидраденома, трихэпителиома және базал-жасушалық карцинома (базалиома).

Сирингаденома – тер бездері өзекшелерінің эпителийінен өнетін қатерсіз ісік. Сирингаденоманың бүрлі және тубулалық түрлері болады. Ісіктің бірінші түрінде эпителийдің қос қабатымен астарланған бүрлер түзілсе, екіншісінде, қосқабатты эпителий ретсіз жайғасқан түтіктер қалыптасады. Гидраденома – тер бездерінің секрет түзетін эпителийінен дамитын қатерсіз ісік. Эпителийден бүрлі өсінділер пайда болады. Трихэпителиома – шаш (түк) фолликулдарынан немесе олардың эмбриондық элементтерінін өсетін қатерсіз ісік; оған ақаулы шаш фолликулдары, жайпақ эпителийлік кисталар мен ол кисталарға қасаң зат жиылуы тән.

Базал-жасушалы карцинома (базалиома) – теріде ең жиі кездесетін ісік. Ол деструкциялы өсетін, қайталанғанмен, метастаз бермейтін және мойын мен бетте жиірек кездесетін түйін немесе ойық жара тәрізді (ulcus rodens). Бұл карциноманың біразы көптүйінді. Микроскопты қолданғанда, оның эпидермистің базал жасушаларына ұқсағанмен, жасушааралық жалғамдары жойылған, жұқа ғана цитоплазмасы базофилді (қоңыр жасушалар), бітімі жұмыр, сопақша немесе ұршық тәрізді ұсақ жасушалардан құрылғаны көрінеді. Жасушалардан тізбектер мен мультицентрлі ұялардың біразы қалыптасады. Ісік жасушаларының арасында тері қосалқыларына ұқсайтын құрылымдар пайда болуы мүмкін.

Тері қосалқыларынан тер безінің карциномасы мен май безінің карциномасы және шаш фолликулдарының карциномасы дамиды. Аталған ісіктер сирек кездеседі.

34. Нерв жүйесі мен ми қабықшаларының ісіктері: нейроэктодермалық, мидың жұмсақ қабықшаларының , вегетативті және шеткі нерв жүйесінің қатерсіз және қатерлі түрлері


Орталық нерв жүйесінің құрылысы өте күрделі, сондықтан оның құрамындағыбарлық элементтер ісік көзі бола алады. Орталык нервжүйесінің жасушаларынан ісік ете сирек өседі, негізгі ісік көзі – нейроэктодерма. Нерв жүйесі ісіктерінің ерекшеліктері: 1. Нерв жүйесінде кездесетін көптеген қатерсіз ісіктер айналасындағы тіндергеенешекарасызөседі. Экспансивтікөсутеккейбірмиқарыншаларының ішіне қарай өсетін (эпендимома, хориоидпапиллома) үшін ғана тəн. 2. Белгілі бір көлемге жеткен соң ісіктер қатерсіз, қатерлі екендігіне қарамастан бір типтегі клиникалық белгілер береді. 3. Нерв жүйесінің қатерлі ісіктері негізінен ми көлемінде ғана метастаздар береді. 4. Орталық нерв жүйесі ісіктерінің көпшілігі камбиалдық элементтерден дамитын дизонтогенездік ісіктер тобына жатады. Дегенмен, бұл ісіктерді гистологиялық тұрғыдан тексергенде олардың қатерсіз немесе қатерлі екендігін анықтау клиника үшін өт маңызды, себебі ісік қатерлі болса операциядан кейін қосымша емдер, мысалы, химиотерапия жүргізу қажет.

Астроциттық ісіктер. Қатерсіз астроцитома ересектерге қарағандажас балаларда көбірек кездеседі. Олмишықта, ми бағанындажəне 3-ші қарыншада жайылмалы немесе түйін түрінде өседі. Ісік арасында кисталар пайда болады. Астроцитоманың фибриллярлық, протоплазмалық жəне фибриллярлық-протоплазмалық (аралас) түрлерін ажыратады. Фибриллярлық астроцитома глиялық талшықтардан құралған қатты ісік, жасушалары аз. Протоплазмалық астроцитома негізінен ірі, цитоплазмасы біртекті, көп өскінді жасушалардан түзілген, кейде олардың арасында алып жасушалар да кездеседі. Гемистоцитарлы (ірі жасушалы) астроцитомада глия талшықтары мен ірі астроциттер біркелкі орналасқан. Анапластикалық (қатерлі) астроцитома жасушалар полиморфизмімен жəне митоздар санының көптігімен сипатталады. Ісікте некроз ошақтары да кездеседі. Олигодендроглиалық ісіктер. Олигодендроглиома сирек кездесетін ісік. Ол негізінен аралары өте жақын, ядросы ірі, домалақ, ал ядро айналасында түссіз аймағы бар жасушалардан түзіледі. Ісік көбінесе мидың ақ затынан, кейде 3-ші немесе капталдағы қарыншалардан өсіп шығады. Анапластикалық олигодендроглиома үшін жасуша атипизмі, митоздар тəн

Эпендимома ісігі ми қарыншаларын астарлап жатқан эпендима жасушаларынан түзілген. Эпендимома негізінен 4-ші қарыншада, өте тығыз, диаметрі 4-6 см түйін түрінде өседі. Кесіп қарағанда ақшыл сұр түсті. Эпендимоманың жасушалы, сорғышты жəне ашық жасушалы түрлерін ажыратады. Эпендиманың бірінші түрінде жасушалар қан тамырларының кемерін айнала күн сəулесі тəрізді (радиалды) жайғасып, жалған розеткалар түзеді. Эпендимоманың екінші түрі ісік жасушаларымен астарланған əр түрлі қуыстар мен өзектер түзуімен сипатталады. Оның қатерлі түрін анапластикалық эпендимома деп атайды. Хориоидтық папиллома сыртқы беті бүртіктене өскен цилиндрлік немесе текшелі эпителий жасушаларынан түзілген қатерсіз ісік. Қатерлі хориоидтық папиллома ірі, əр түрлі көріністегі атипиялық эпителий жасушаларынан түзілген, олардың арасында митоздар көп. Нейрондық ісіктер. Бұл ісіктер өте сирек кездеседі. Оларға ганглиоцитома, ганглионейробластома жатады. Ірі жетілген ганглиоздық жасушалардан құрылған қатерсіз ісікті ганглиоцитома (ганглионеврома) деп атайды. Бұл ісік негізінен 3-ші қарынша түбінде орналасады. Ганглионейробластома ганглиоздық жасушалардан дамитын қатерлі ісік,

жасушалар арасында атипизм, полиморфизм басым. Өте жетілмеген жəне эмбриондық ісіктер. Əмбрион кезеңімен байланысты ісікке медуллобластома жатады. Бұл ісік əдетте мишықтың құрт тəрізді бөлігінде орналасып, негізінен балалар үшін тəн. Медуллобластома жұмсақ, қызғылт-сұр түсті, айналасындағы тіндерге шекарасыз өсіп кіретін қатерлі ісік. Осы ісікті түзуші өте майда, ядролары домалақ не сопақша жасушалар (медуллобластар) жалған розеткалар немесе ырғақты құрылымдар түзеді. Қыздарға қарағанда ұл балаларда 2–3 есе жиі кездеседі. Нейробластома балаларда кездесетін өте қатерлі, көптеп метастаз беретін ісік. Ісік жасушалары ірі, ядролары көпіршіктенген, митоздар көп. Дифференциациясы өте төмен ісіктерге глиобластома жатады. Ол глия элементтерінен өсіп шығатын аса қатерлі ісік, 40–50 жастағы адамдарда жиі кездеседі. Əте тез өсуіне байланысты ісікте некроз жəне қан құйылу ошақтары пайда болады, сондықтан оның түсі шұбарала. Микроскоппен қарағанда ісіктің үлкендігі əр түрлі атипиялық жасушалардан түзілген, олардың арасында бірядролы немесе көпядролы алып жасушалар көрінеді, митоздар, оның ішінде атипиялық митоздар өте көп. Ми қабықтарының ісіктер

Олар менингиомалар немесе арахноидэндотелиомалар деп аталады. Ісік көлденеңі 5-6 см-ге жететін қатты түйін түрінде өсіп, мидың қатты қабығынан немесежұмсақ қабықтарын астарлап жатқан арахноид эндотелий жасушаларынан өнеді. Менингиомалар орталық нерв жүйесінде глия ісіктерінен кейінгі ең көп ұшырайтын ісіктер. Гистологиялық көріністеріне қарап менингиоманың төменгі негізгі түрлерін ажыратады: а) менинготелиалдық менингиома. Бұл ісік эндотелиге ұқсас майда, цитоплазмасы ашық түсті, ядросы сопақша, хроматині өте əлсіз боялған жасушалардан тұрады. Менингиоманың тек осы түрін арахноидэндотелиома деп атауға болады (74, 75-сурет): ə) Қат-қабат құрылымды менингиома. Бұл жерде жасушалар кесілген пияздың қабаттары сияқты бір-бірін айнала орналасқан. Осы құрылымдарға кальций тұздары шөгіп қалса, ол псаммоматоздық менингиома деп аталады, б) Ангиоматоздық менингиома құрамында қан тамырлары көп болады, в) Фиброздық менингиомада жасушалар фибробласт элементтеріндей əр түрлі бағытта орналасқан будалар түзеді. Сонымен қатар, атипиялық менингиоманы, папиллярлық менингиоманы ажыратады. Қатерлі түрі анапластикалық (қатерлі) менингиома деп аталады

Шеткі нерв жүйесінің ісіктері онын, қабығын түзуші Шванн жасушаларынан өседі. Оларға: нервилеммома (шваннома), нейрофиброма, нейрофиброматоз жəне қатерлі шваннома немесе нейрогендік саркома жатады.


Шваннома, неврилеммома, невринома нерв қабықтарынан өсетін, жақсы шекараланған кейде капсуласы бар, жұмсақ, созылмалы сұрғылт-сары түсті ісік. Микроскоптың көрінісіне қарап Верокаи жəне Антони типтерін ажыратады. Ісіктің бірінші түрінде жасушалар қаз-қатар, шарбақ тəрізді орналасқан ырғақты құрылымдар (Верокаи денешіктері) түзеді

Нейрофиброма нерв талшықтарынан жəне дəнекер тіннен тұратын ісік. Нейрофиброматоз (Реклингаузен сырқаты) нерв жүйесінің тума ақауларына жатады, ол шеткі немесе үлкен нервтерінен көптеген нейрофиброманың өсіп кетуімен сипатталады. Шеткі нерв жүйесінің нейрофиброматозында теріде үлкенді-кішілі түйіндер, полипке ұқсас ісіктер пайда болады. Шеткі нервтердің қатерлі ісігін неврогендік саркома деп атайды. Қатерлі шваннома - ісіктің қатерсіз түрінен жасуша атипизмімен, көпядролы симпластардың пайда болуымен, ісік қан тамырларының гиалинозымен ерекшеленеді. Вегетативтік нерв жүйесінің ісіктері Бұларға негізінен симпатикалық түйіндердің (ганглий) ісіктері кіреді. Ганглиоздық жасушалар ісіктері. Ганглионеврома негізінен симпатикалық бағанның көкірек бөлігінде ұшырайтын қатерсіз ісік. Ол қатты, созылмалы, кейде өте үлкен ісік. Ісіктің тіні жуан талшықты дəнекер тіннен түзілген, олардың арасында бір-бірлеп немесе топталып жатқан Ірі ганглиоздық жасушалар көрінеді. Осы ісіктің қатерлі түрі ганглионейробластома деп аталады. Параганглий элементтерінен өсіп шығатын ісіктер. Параганглидің екі түрі болады. 1) Хромаффинді (бұған бүйрекүсті безінің милы қабаты жəне т. б. жатады); 2) Хромаффинсіз параганглий (каротоид денешіктері жəне т.б.). Хромаффинсіз параганглий ісіктерін хемодектома деп атайды. Хемодектоманың құрамында майда қан тамырлары көп, ісік жасушалары соларды айнала орналасқан немесе олар бір-бірінен дəнекер тін қабаттарымен бөлінген альвеолалық құрылымдар түзеді. Жасушалардың пішіні əр түрлі цитоплазмасы түссіз, ядролары домалақ.

Нейробласт немесе симпатогоний жасушаларының ісіктеріне нейробласт жасушаларының эмбрион кезеңіндегі жетілу үдерісінің жəне миграциясының бұзылуына байланысты дамитын аса қауіпті нейробласто ма (симпатогониома) деп аталатын ісік жатады. Бұл ісік бүйрекүсті безінде, көкірек қуысында, құрсақ пердесінің сыртқы жағында ұшырап, жанындағы тіндерге, ағзаларға тез өсіп кіреді, көптеген метастаздар береді. Нейробластома негізінен іштен туа пайда болған ісіктер қатарына жатып, бес жасқа дейінгі аралықта анықталады