Файл: 3 дегей паренхималы дистрофия кезінде мшелерде болатын морфологиялы згерістер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.03.2024
Просмотров: 202
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қан элементтерінің регенерациясы осы жасушалар үшіп жалпы болып саналатын бағандық (стволовые) жасушалар есебінен жүреді. Туылғаннан соң, негізі қан жасау ағзасы сүйек майы болып есептеледі. Сүйек майында бағандық жасушалардың барлық түрлері бар. Қалыпты жағдайда қан элементтері белгілі бір мерзімнен кейін (мысалы, эритроциттер 100–120 күн, лейкоциттер 8–10 күн) жойылып жаңарып отырады (физиологиялық регенерация)
39.Бауырдың,ұйқы безінің,бүйректің,ішкі секреция безінің,өкпенің, миокардтың,бпм миының жіне жұлынның,шеттік нервтердің регенерациясы
Нерв жүйесінің регенерациясы Орталық нерв жүйесінің, нерв жасушаларының бөлініп көбею өте сирек кездесетін құбылыс. Ми зақымданғанда нерв жасушалары, глия, аралық тін бүтіндей жойылып, ыдырап, орнында сұйықтықпен толған кисталар қалады. Ал зақымданған жасушалар қызметінің калыптасуы сау жасушалардың жасушаішілік ультрақұрылымдарының гиперплазиясы арқылы, яғни жасушаішілік репарациялық регенерация жолымен жүзеге асады. Нерв жасушасының регенерациясы нейронның тек ядросы жəне цитоплазмасымен ғана шектеліп қалмай, нерв ұштары мен синапстарды да қамтиды. Нерв ұштарының гиперплазиясы əрі физиологиялық, əрі репарациялық регенерацияға тəн құбылыс. Синапстардыңжаңара алатындығы, тіптіжаңадан пайда болатындығы электронды микроскоптық зерттеулер нəтижесінде дəлелденген. Вегетативтік нерв түйіндерінде регенерация үдерісі жасушаішілік ультрақұрылымдардың гиперплазиясы, ішінара бөлініп көбейген жасушалар есебінен жүреді.
Шеткі нерв жүйесінің регенерациясы тек орталык кесінді тарапынан ғана іске асады. Кесілген жердің төменгі жағындағы нерв талшықтары оның миелинді қабықшасы бұзылып, шванн қабығындағы жасушалар жəрдемімен ыдырайды. Нервтің орталық кесіндісі (аксоны) ескі нервті бойлап өсе бастайды. Аксонның өсуі леммоциттердің (шванн жасушаларының) гиперплазиясымен жəне гипертрофиясымен қатар жүреді. Нерв қызметінің қалпына келуі ұзақ созылатын, тек орталық жəне шеткі кесінділер бір-біріне өте жақын, 2–5 мм қашықтықта жатқанда ғана іске асатын жағдай. Егер орталық кесінді жолында кедергі пайда болса немесе нервтің шеткі бөлігі бүтіндей кесіліп тасталған жағдайда (ампутация) өсе бастаған нерв талшықтары сол жердегі жаңа пайда болған дəнекер тінге бойлай кіріп, түйінденіп қалады, мұны ампутациялық неврома деп атайды. Клиникада фантомдық аурулардың (яғни, кесіп алынып тасталған аяқ-қолдың ауыру белгілерінің) пайда болуы осы патологиямен байланысты.
40. Меланин түзуші жүйенің қатерсіз және қатерлі ісіктері.Невус,меланома.
Алғашкы меланин түзуші жасушалар (меланоциттер) теріде, көздің нұрлы кабыкшасында жэне ми кабықтарында дамиды. Теріде эрбір он негіздік (базалык) жасушаға бір меланоцит жасушасы тура келеді. Мелаңин түзуші жасушалардан: пигменттік невустар (тума акаулар) жэне меланомалар (нағыз ісіктер) дамиды.
Пигменттік невустар балалардағы ең көп кездесетін тума ақаулар катарына жатады. Олар теріде жекелеген немесе өте көп, коңыр түстегі жалпак кейде азырак томпайған кал (мен) түрінде көрінеді. Микроскоптық кұрылымына карап невустың төмендегі түрлерін ажыратады:
• шекаралық невус;
• дерма ішілік невус;
• аралас(күрделі) невус;
• эпителиоидтық немесе ұршык тэрізді жасушалык невус;
• баллонға ұксас жасушалардан түзілген невус;
• галоневус;
• көгілдір невус.
Шекаралык невус эпидермис пен дерманың шекарасында ірі, домалак немесе көпбұрышты, цитоплазмасы түссіз, ядросы көпіршіктенген невус жасушаларының топталуымен сипатталады. Бұл жасушаларда пигмент көп болмайды.
Дерма ішілік невуста невус жасушалары тек дермада жайғасады, оларда пигмент көп.
Аралас невус невус жасушаларынын эрі эпидермисте, эрі дермада орналасуымен сипатталады.
Эпителиоидтық (немесе ұршык тэрізді жасушалы) — невус балаларда жэне жасөспірімдерде кездеседі. Сондықтан оны ювинилдік невус деп те атайды.Ол теріде коныр-кызыл түсті түйін түрінде көрінеді. Микроскоппен карағанда невус ірі, цитоплазмасы әлсіз боялған, көбінесе ұршык тэрізді жасушалардан түзілген, олардың арасында митоздар көп.
Галоневус невус айналасында пигментсіз аймактың пайда болуымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте жойылып орнында пигментсіз акшыл дак қалады.
Көгілдір невус бетте, кол-аякта, жамбаста, белде көгілдір түстегі, тегіс дактар немесе катты, қатпарлы табақша тәрізді ісіктер түрінде көрінетін невустың ерекше бір түрі. Көгілдір невус дерма ішінде ұзынша келген, меланинге өте бай, эр түрлі бағытта жайғаскан жасушалар тобынан кұрылған. Көгілдір невус дерманың ең терең кабаттарында жатады, ал эпидермис пен невус арасында өзгермеген дерма бар, невустың көгілдір түсі осы жағдайға байланысты.
Меланома аса катерлі ісіктер катарына жатып, меланоцит жасушаларынан дамиды. Мелонама 20 жастан кейін, әсіресе, 40-50 жаста көп кездеседі. Ол көбінесе пигменттік невустардан кейін, кейде алдын ала өзгермеген теріде де өседі. Меланоманың түсі кара-кошкыл немесе кап-кара, үстіңгі кабаты жараланып, канап тұрады. Өсу сипатына карап меланоманың: беткей, жайыла өсуші жэне түйінді түрлерін ажыртады. Меланоманың бірінші түрінде ісік жасушалары эпидермис аймағында көлденеңіне (радиалды) өседі. Ісік жасушаларының эпидермистен дермаға, одан шел кабатына ене өсіп, метастаз беруі бірнеше жылға созылады
Микроскоптык көріністеріне карап меланоманын:
• эпителиге ұксас жасушалы;
• ұршыкка ұксас жасушалы
• майда жасушалы (невожасушалы);
• алып жасушалы;
• баллонға үксас жасушалы түрлерін ажыратады.
Меланоманын клиникалык көріністері, оның жасушалык кұрамына аса тэуелді емес. Эпителийге уксас жасушалардың түзілген меланома осы ісіктің ең көп кездесетін түрі, эпителий жасушаларына уксас, ірі, эр түрлі пішіндегі, атипиялык пигментке өте бай жасушалардан кұралған. Олардың арасында митоздар көп, бірлі-жарымды бір немесе көпядролы алып жасушалар да кездеседі. Ісік жасушаларынын цитоплазмасы кейде көпіршіктеніп тұрады.
пигментсіз түрі де кездеседі. Бүл ісіктердін меланомаға тэн екендігін ісік метастаздарында меланин пайда болғанда ғана дәлелдеуге болады. Меланома — өте тез гематогендік жэне лимфогендік метастаз бергендіктен, организмде меланин мөлшері көбейіп, тері караяды (меланодермия) немесе меланин зэрмен шыға бастайды (меланоурия)
41. Қан жүйесінің аурулары және ісіктердің макро-микроскопиялық сипаттамасы
Қан жасау жүйесінін жэне лимфоидты тіннін ісіктері — гемобластоздар — екі топка бөлінеді:
• кан жасау жүйесінің жүйелі ісіктері — лейкоздар;
• аймактык ісіктер — лимфомалар.
Лейкоздар деп кан жасаушы жасушалардын жүйелі және үдемелі түрде өсіп кетуімен сипатталатын ісіктерді түсінеді.
Этиологиясы мен патогенезі. 1908 жылы Элерман жэне Банг тауыктар лейкозын вирус коздыратынын дэлелдеген. Одан кейін тышкан, кұстар, теңіз шошкасы, ит, мысык лейкоздарын да вирустар тудыратыны анықталды. Дегенмен де адам лейкозының вирустар аркылы коздырылуы элі де толык дэлелденбеген. Көптеген химиялык канцерогендер (бензпирен, холантрен, бензол, фенилбутазон, хлорамфеникол жэне т.б.) ісіктермен катар лейкозды да шакыра алады. Лейкоздардын пайда болуына гендер мутациясының, хромосомдык аберрациялардын манызы зор. Лейкоздар, баска ісіктер сиякты көп себепті жэне бір патогенезді сыркаттар катарына жатады.
Лейкоздардын жіктелуі. Лейкоздық жасушалардың морфологиялык, иммуноцитохимиялык сипатын ескере отырып олардың екі топка бөледі:
• жедел лейкоздар;
• созылмалы лейкоздар.
Кандағы лейкоциттер, сонымен бірге лейкоз жасушалары санының өсу дэрежесіне карай лейкоздардын: лейкемиялык, сублейкемиялык, лейкопениялык жэне алейкемиялык түрлерін ажыратады
Жедел лейкоздар. Жедел лейкоздар үшін канда жетілмеген, жас, ак кан элементтерінің көбейіп кетуі тэн. Клиникада олар жедел жүкпалы аурулар тэрізді өтіп, сыркаттың ыстығынын өте жоғары болуымен, некроздык баспа, гингивит, геморрагиялык диатез дамуымен сипатталады.
Жедел лейкоздардың негізгі екі түрін ажыратады:
• жедел лимфобластык лейкоздар (ALL);
• жедел лимфобластык емес (миелобластык) лейкоздар (ANLL);
Жедел лейкоздар жалпы лейкоздардың 2%-ын кұрайды. Балаларда лейкоздардын ішінде ең көп кездесетіні жедел лимфобластык лейкоз. Бұл лейкоз айырша бездін, лимфа түйіндерінің, көкбауырдың үлкеюімен, сүйек майында, бүйректерде, асказан-ішек жүйесінде жетілмеген лимфоциттерден (негізінен лимфобластардан) түратын жасушалар санының мөлшерден тыс асып кетуімен сипатталады.
Жедел лимфобластык емес лейкоздар (ANLL) Франко-американдык-британдык (FAB) жіктелу бойынша жедел лимфобластык емес лейкоздардын 8 түрін ажыратады:
• жетілмеген миелобластык лейкоз (МО);
• жедел жетілметен миелоцитарлык лейкоз (Ml);
• жетіліп жаткан жедел миелоцитарлык лейкоз (М2);
• жедел промиелоцитарлык лейкоз (М3);
• жедел миеломоноцитарлык лейкоз (М4);
• жедел моноцитарлык лейкоз (М5);
• жедел эритроцитарлык лейкоз (Мб);
• жедел мегакариоцитарлык лейкоз (М7).
Осы лейкоздардын ішінде ең жиі кездесетіндері Ml, М2, М4 түрлері олар жедел лимфобластык емес лейкоздардын орташа 80%-ын күрайды. Жедел миелоцитарлык лейкоз (M l) негізінен сүйек кемігінде, лимфа түйіндеріне, бауырға, өкпелерге, шырышты кабыктарға миелобласт жасушаларының сіңіп калуымен сипатталады.
Созылмалы лейкоздар лимфопролиферативті жэне миело пролиферативті деп екіге бөлінеді. Созылмалы лейкоздар бірнеше жылдар бойы моноклонды, жетілген (қатерсіз) ісік түрінде дамиды. Емделмеген аурудың өзі 10-15 жыл өмір сүруі мүмкін. Олардын тек соңғы криз кезеңі ғана катерлі ісік түрінде өтіп небәрі 3—6 айға созылады. Бүл кезде кан кұрамында жас жасушалар саны ткүрт көбейіп (бласты криз), ісік эр түрлі жасушалар жиынтығынан түратын поликлонды касиетке ие болады.
Созылмалы лейкоздар:
• созылмалы лимфоцитарлық лейкоз (CLL);
• созылмалы гранулоцитарлык лейкоз (CGL) деп бөлінеді.
Созылмалы гранулоцитарлык лейкоз (миелолейкоз) үшін лейкоздык жасушаларда Рһ-хромосоманың болуы тэн, ол 22-жэне 9-хромосомалар арасындағы транслокацияға байланысты. Созылмалы гранулоцитарлык лейкоз көкбауырдың, бауырдыц ерекше үлкеюімен сипатталады. Кокбауырдыц салмағы 6—8 килограмға, бауыр — 1,5—3 килограмға жетеді. Теріде қан кұйылу ошактары жэне лейкозды сіңбелер табылады. Көкбауырды кесіп көргенде ол кызыл түсті, онда жаңа немесе ескі инфаркт ошактары аныкталады. Бауырдағы лейкоздык сіцбелер сұр түсті ошактар немесе жолактар түрінде көрінеді. Лимфа түйіндері үлкейеді бірак бір-біріне жабыспайды. Жалпак сүйектердін майы кызғылт-сұр түсте, ал ұзын сүйектер майы — сұрғылт-кызыл, сұрғылт-сары (пиоидты) түрде көрінеді (миелоидты метаплазия).
Созылмалы лимфоцитарлык лейкоздар (CLL, созылмалы лимфолейкоз) негізінен В-жасушалардан дамиды. Созылмалы лимфоцитарлык лейкоз канда майда жетілген лимфоциттер санының өте көбейіп кетуімен, негізінен лимфа түйіндерінің, бадамша бездердін, ішектің солитарлык (жеке) фолликулалары, терінің лимфоидты фолликулалары